Сөйтіп белгілі нәрседегі сындық сапаның әр түрлі дәрежелік бел-
гілерін с ы н е с і м н і ң ш ы р а й л а р ы деп атайды.
Қазақ тілінде сын есімнің төрт түрлі шырайлық белгісі бар:
1) Жай шырай 2) салыстырмалы шырай 3) күшейтпелі шырай 4) асыр-
малы шырай.
1) Жай шырай. Заттың жай қалыпты түр, түс, сапалық белгілерін
білдіріп тұратын сын есім сөзінің негізгі түрін ж а й ш ы р а й дейді.
Жай шырай өзге шырайлық тұлғалардың жасалуына негіз болады. Мысалы:
көк , қоңыр, аласа, ауыр, қатты, арзан, жылы, кең, ұзын.
2) Салыстырмалы шырай. Бір нәрседегі сындық белгінің екінші
нәрсемен салыстырғанда артық не кемдігін білдіретін сын есімнің түрін
с а л ы с т ы р м а л ы ш ы р а й дейді.
Салыстырмалы шырай жай шырай тұлғасының үстіне мына жұрнақ-
тардың бірі жалғану арқылы жасалады:
а) –рақ, -рек, -ырақ, -ірек. Мысалы: қаттырақ, ірірек, кішірек,
күштірек, жасылырақ, жұмсағырақ, үлкенірек, семізірек.
ә) –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу. Мысалы: қысқалау, ірілеу,
кішілеу, жасылдау, жұмсақтау, үлкендеу, көктеу, биіктеу.
б) –ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, (шіл) -шылтым, (шілтім), -ілдір, -
аң, -қай, -ғыш, -ша. Мысалы:
сұрғылт
көкшіл
сарғылт
сұрғылтым
көкшілтім бозаң.
сұрша
көгілдір
қоңырқай.
сарғылт.
көкше
сарғыш.
90-жаттығу.Берілген сын есім сөздеріне ережедегі көрсетілген жұрнақтардың тиістісін
жалғап, салыстырмалы шырай жасаңдар.
Арық. Семіз. Ауыр. Қысқа. Сараң. Жақын. Шабан. Суық. Өткір. Қызыл.
Қара. Көк. Сары.
3) Күшейтпелі шырай. Белгілі сындық белгінің бір нәрседе не
Достарыңызбен бөлісу: |