Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


екеу, үш+еу – үшеу, төрт+еу - төртеу, бес+еу – бесеу, алты+ау=алтау



Pdf көрінісі
бет150/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

екеу, үш+еу – үшеу, төрт+еу - төртеу, бес+еу – бесеу, алты+ау=алтау, 
жеті+еу=жетеу. 
Жинақтық сан есімдер есептік сан есімдер сияқты зат есім сөзінің алдына 
тіркесе айтылып, жалғаусыз күйінде әрқашанда сөйлемнің аяғында келіп, 
баяндауыш қызметінде қолданады. Мысалы: Біздің колледжде қазақ тілі 
кабинеті жетеу. Әр кабинетте терезе төртеу 
4.Бөлшектік сан есім.Заттардың сан есебі үнемі бүтін сандар арқылы бола 
бермейді, кейде бір бүтін нәрсенің белгілі бөлшектері есептеледі. 
Бір бүтін нәрсенің белгілі бөлшектерін есепке алу үшін қолданатын сан 
есімнің түрін б ө л ш е к т і к с а н е с і м дейді .  
Бөлшектік сан есімдер есептік сан есім сөздеріне септік, тәуелдік жалғау-
ларының қосымшаларының жалғанып тіркесіп айтылуы арқылы жасалады. 
Оның жасалуының екі түрлі жолы бар: 
а) Бөлшектің бөлімін білдіретін сөз ілік септік жалғау тұлғасында , алымын 
білдіретін сөз тәуелдік жалғаудың III жақ тұлғасында тіркесіп айтылуы 
арқылы жасалады. Мысалы: ¼ төрттің бірі,2\5 екінің бесі, 6/4 төрті,5/8 
бестің сегізі. 
ә) Бөлшектің бөлімін білдіретін сөз шығыс септік жалғау тұлғасында, алымы 
жай септеудің атау тұлғасында тіркесіп айтылуы арқылы жасалады. Мысалы: 
3/5 үштен бес, 1/8 сегізден бір.1/3 үштен бір,4/2 төрттен екі,6/10 алтыдан 
он. 
Сонымен қатар бөлшектік сан есімдер жарты, жарым, ширек деген 
сияқты дара сөздермен де келе береді. 


95-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден ережеге сай 6 дұрыс бөлшек,6 аралас бөлшек 
сан тудырып жазыңдар. 
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10. 
5.Топтау сан есім. Затты даралап санамай, топ-тобымен санау үшін 
қолданатын сан есімнің түрін т о п т а у с а н е с і м дейді.
Топтау сан есімдер есептік сан есім сөздерінің бір түбірін қайталап немесе 
екі түрлі түбірін қосарлап, соңғысын шығыс септік жалғау тұлғасында 
қолдану арқылы жасалады да, нешеден?, қаншадан? деген сұрақтарға жауап 
береді. Мысалы: екі-екіден, төрт-төрттен, он-он бестен, жиырма-отыздан, 
елу-алпыстан т. б. 
Топтау сан есімдері тұлғасы жағынан қос сөз ретінде қолданылатын бол-
ғандықтан, сөзбен айтылса да, цифрмен аталса да , арасына дефис қойылып 
жазылады. Мысалы: Ұлттық Ұлан сарбаздары екі-екіден сапқа тұра қалды. 
Саптағы жігіттер 4-4-тен қатар келе жатыр. 
6. Болжалдық сан есім. Заттың дәл санын білдірмей, сандық шамасын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет