169
Сан есім. Есімдік
САН ЕСІМ
§ 67. Сан есім туралы түсінік
Тілдегі затпен байланысты айтылатын сөздердің бір тобы сан есім сөздері
болып келеді. Зат есім нәрсенің атауын білдірсе,
сан есімдер заттың сан
есебін, қатарын, бөлшегін, мөлшерін білдіреді. Мысалы: 1.
Мен мына ерекше
екі адамға қарап отырмын. (Б. М.) 2.
Екі айдан кейін мен Серёжаны
үшінші рет кездестірдім. (Ә. С.) 3.
Үштен екісін жеткізе алса да, үлкен
қуаныш болар еді. (Ғ. Мүсір.) 4.
Түстен кейін бұл араға саны екі-үш жүздей
колхозшы жиналған еді. (С. М.) Бұл
сөйлемдердегі екі деген сөз нәрсенің дәл
санын білдірсе,
үшінші деген сөз қатар санын білдіреді. Ал
үштен екісін деген
екі сөз бір бүтін нәрсенің бөлшегін білдіреді де,
екі-үш жүздей деген
сөздердің тіркесі нәрсенің сан мөлшерін білдіріп тұр.
Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын с а н е с і м дейді.
Сан есімдер –дерексіз мағыналы сөздер, олардың мағынасы зат
есіммен
тіркескенде ғана нақтыланады
. Мысалы, бес кітап, он дәптер, жүз кісі, он бес
үй, мың теңге, қырық шақырым, үш ғасыр деген тіркестерде сан есімдердің
мәнін онымен тіркескен зат есім сөздері ғана деректендіріп тұр. Осы
сандарды зат
есім тіркесінсіз, жеке алсақ,
бес, он, жүз, он бес, мың, қырық, үш
деген түрде олар жай ғана арифметикалық таңбалар болып шығар еді.
Сан есім н е ш е ? н е ш і н ш і ? н е ш е у ? қ а н ш а ? деген сұ-
рақтардың біріне жауап береді. Мысалы,
екі компьютер
, бес оқу тобы,
жиырма бес студент; төртпінші курс, бесінші семестр; жатақхана біреу,
зертхана жетеу; Оқу залына жүз шақты адам сыяды.
Сан есімдер
бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма,
отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың, миллион,
миллиард деген сияқты бір сөзден тұрған дара
сан болып та,
он бір, он екі, он
үш, он тоғыз, жиырма төрт, отыз бес, қырық алты, елу жеті, алпыс сегіз
деген сияқты ондық сандар мен бірлік сандардан құралған немесе
екі жүз, үш
жүз, төрт мың, бес миллион, алты миллиард деген сияқты бірлік
сандар мен
жүздік, мыңдык сандардан құралған күрделі сандар болып та келеді.
Он бірден жүзге дейінгі күрделі сандарға әуелі ондық сандар айтылып,
содан кейін бірлік сандар айтылады
(он бір, он бес, он тоғыз, жиырма бес, елу
алты, алпыс жеті, сексен сегіз, тоқсан тоғыз). Жузден жоғары күрделі
сандарда
әуелі бірлік сандар, содан кейін жүздік, мыңдық сандардың бірі
айтылады
(екі жүз, тоғыз жүз, үш мың, төрт миллион, бес миллиард т. б.)
Сан есімдер мен зат есім сөздері тіркесіп айтылғанда, зат есім
сөзіне көптік
жалғау қосымшасы жалғанбайды. Өйткені аталған заттың көп екендігін сан
есім сөзі көрсетіп тұрады. Мысалы: 1.
Екі әйел қалай қуанарын білмей, бірін-
бірі жұлмалап жатты. (Ғ. М.) 2. Он төрт шананы үйіре тастап, үстіне