Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 68. Сан есімнің түрлері



Pdf көрінісі
бет148/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

 
§ 68. Сан есімнің түрлері 
 
Сан есімдер тұлғалық құрылысына қарай дара және күрделі болып екіге 
бөлінетіні сияқты, мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді: 1) есептік 2) реттік 3) 
жинақтық 4) бөлшектік 5) топтау 6) болжалдық. 
1.Есептік сан есім. Бірөңкей заттарды есептеп, нәрсенің дәл санын 
көрсету үшін қолданылатын сандарды е с е п т і к с а н е с і м дейді. 
Есептік сан есімдер н е ш е ?, қ а н ш а ? деген сұрақтардың біріне 
жауап береді. Мысалы: Он бес оқушы, жиырма мектеп. 
Есептік сан есім заттың дәл санын білдіру үшін қолданылатын болғандық-
тан, зат есім сөзімен тіркесіп айтылады. Сондықтан есептік сан есім белгілі 
нәрсенің дәл санын көрсету үшін зат есім сөзімен тіркесіп айтылғанда
септелмейді, тәуелденбейді, ешқандай өзгеріссіз қалып отырады. Мысалы: бес 
оқушы, бес оқушының, бес оқушыға, бес оқушыны, бес оқушыда, бес 
оқушыдан,бес оқушымен; бір кітабым бар,бір кітабың бар,бір кітабы бар. 
Ал есептік сан есім зат есімге тіркесіп айтылмай, арифметикалық белгі 
ретінде қолданса,зат есімнің үлгісімен септеледі. Мысалы: Бір жүз елуден 
қырық бесті кемітсе,бір жүз бес қалады. Жетіні беске көбейтсе,отыз бес 
болады. 
Күрделі сан есімер бөлек жазылады: қырық алты,бір мың тоғыз жүз. 
Цифрмен жазылған сан есімдерге қосымшалар дефис арқылы жалғанады. 
Мысалы: Ол биыл 45-ке шығады. 60-ты 7-ге қалдықсыз бөлуге келмейді. 
93-жаттығу

Мына цифрмен жазылған сандарды сөзбен көшіріп жазыңдар да, олардың 
ішінен,таңдауларың бойынша,бес санды цифрмен жазып,әр түрлі қосымша жалғап 
жазыңдар. 
2,3,4,5,6,7,13,18,22,96,105,1874. 
2.Реттік сан есім.Заттың қатар санын білдіретін сан есім сөзін р е т т і к
с а н е с і м дейді. 
Есептік сан есім сөздеріне дауысты дыбыстардан кейін –ншы,-нші
дауыссыз дыбыстардан кейін –ыншы,-інші жұрнақтары жалғану арқылы 
реттік сан есім жасалады. Мысалы: алты-ншы,тоғыз-ыншы, екі-нші, бес-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет