Негізгі түбір етістіктерден және басқа сөз таптарынан жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа мағыналы етістік сөздерді т у ы н д ы е т і с т і к дейді. Туынды етістіктер қандай сөз табынан жасалуына қарай, екі түрлі болады:
а) етістік негізді туынды етістіктер; ә) есім негізді туынды етістіктер.
а) Етістік негізді туынды етістіктер Бұлар негізгі түбір етістіктерге мына төмендегі сияқты жұрнақтар жалғану
арқылы жасалады:
1) -ын, -ін, -н: жақ-жағын, ки-киін, ал-алын, тара-таран, көр-көрін. 2) –ыл, -іл: жаз-жазыл, қыс-қысыл, шеш-шешіл. 3) –т: оқы-оқыт, биле-билет, жала-жалат, тара-тарат, ойна-ойнат. 4) –тыр, тір, дыр, дір: аш-аштыр, бас-бастыр, шеш-шештір, кес-кестір, ал-алдыр, жаз-жаздыр, өн-өндір, жең-жеңдір, қон-қондыр. 5) –қыз, -кіз, -ғыз, -гіз: айт-айтқыз, жет-жеткіз, отыр-отырғыз, тер- тергіз. 6) –ыз, -із: там-тамыз, ем-еміз. ә) Есім негізді туынды етістіктер Басқа сөз таптарына жалғанып туынды етістік тудыратын жұрнақтар
мыналар:
1) -ла, -ле, -да, -де, -та, -те: балтала, шегеле, қарала, тұзда, көзде, теңде, баста, қап та, сурет те, ауыр ла, алыс та, терең де, ақ та, екеу ле, үшеу ле. 2) –ар, -ер, -р: қысқар, ұзар, көсер, жасар. 3) -ғар,-гер,-қар,-кер: суғар, теңгер, басқар, ескер. 4) -ай, -ей, -й-. азай, көбей, кеңей.