Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


VІІ м о д у л ь т е с т е р і А



Pdf көрінісі
бет162/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

VІІ м о д у л ь т е с т е р і А. 
 
( С а н е с і м )
1) Сан есім қандай сөздер: 
а) деректі заттық мағынасы бар сөздер; 
в) заттық мағынасы зат есім сөздеріне тіркесіп айтылғанда ғана
айқындалатын дерексіз сөздер;
2) Есептік сан есім: 
а) заттың, нәрсенің дәл санын көрсетеді; 
в) заттың, нәрсенің ретін, қатар санын көрсетеді; 
с) бүтіннің бөлшегін көрсетеді; d) заттарды, нәрселерді топтап көрсетеді 
е) заттың санын болжалдап көрсетеді 
3) Жинақтық сан есімді көрсетіңіз: 
а) бестерде в) бесеу с) бес-бестен d) бесінші е) бес; 
4) Сан есімге жатпайтын сөз: 
а) үшеуі, бесеуі в) жартысы, ширегі с) он үште, он жетіде; 
d) мыңдаған е) үштен екісі


185 
5) Орфографиялық нормаға сай дұрыс жазылған сөз: 
а) 2-нші қатар в) 2-қатар с) 2 қатар d) 2-інші қатар е) 2-ші қатар; 
6) Болжалдық сан есімнің жұрнағы: 
а) –ау, -еу в) -лаған, -леген с) –ншы, -нші d) –лап, -леп ; 
7) Сан есімнің негізгі синтаксистік қызметі: 
а) зат есім сөздерінің алдында келіп, толықтауыш қызметін атқарады 
в) есім сөздерінің алдында келіп, анықтауыш қызметін атқарады ; 
с) етістіктің алдында келіп, пысықтауыш қызметін атқарады
d) сөйлемнің аяғында келіп баяндауыш қызметін атқарады 
8) Қай сан есім сөзінен кейін дефис қойылатынын көрсетіңіз. 
а) 2012 ( жыл) в) 1 ( қаңтар ) с) ІІ ( том ) d) 1 ( бет ) е) І ( топ ) 
9) Сан есімнің қате жазылған нұсқасын көрсетіңіз. 
а) 8 наурыз в) 7-қабат с) ІХ – сынып d) 25-бет е) 3-курс 
10) Реттік сан есімнің жұрнағын көрсетіңіз. 
а) –ншы, -нші в) –тан, -тен с) –ау, -еу d) –лау, -леу е) –шы, -ші 
11) Есептік сан есімді көрсетіңіз. 
а) он шақты в) 8-сынып с) алтау d) екі-екіден е) қырық бір 
12) Қаншадан?, Нешеден? Сұрақтарына жауап беретін сан есімнің түрі
а) реттік в) топтау с) есептік d) жинақтық е) болжалдық 
13) Сөйлемдегі сан есімнің қызметін көрсетіңіз. Үшеуі суыт жүріп кетті. 
а) Баяндауыш в) Толықтауыш с) Бастауыш d) Анықтауыш 
е) Пысықтауыш 
14) Баяндауыш қызметінде қолданылып тұрған сан есімді көрсетіңіз. 
а) Жиналыс бестерде басталады. 
в) Қуа келгендер жетеу екен. 
с) Жетеуі де өнерлі екен. 
d) Ердің екі сөйлегені – өлгені 
е) Жеті рет өлшеп, бір рет кес. 
15) Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? 
а) 6 в) 2 с) 3 d) 4 е) 5 
16) Болжалдық сан есімді көрсетіңіз. 
а) Он бүтін бестен бір в) тоғызыншы с) Бесеу 
d) сегіздерде е) жетпіс бес 
17) Жинақтық сан есімді белгілеңіз. 
а) қырық-елу в) бестен бір с) елу екінші d) сегізінші е) жетеу 
18) Сан есім сөйлемнің қай мүшесінің қызметінде қолданылып тұр? 
Қызыл тананы екеулеп жүріп зорға жықты. 
а) Бастауыш в) Баяндауыш с) Толықтауыш d) Анықтауыш 
е) пысықтауыш 
19) Сан есім сөйлемнің қай мүшесінің қызметінде қолданылып тұр? 
Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ. 
а) Бастауыш в) Баяндауыш с) Толықтауыш d) Анықтауыш 
е) пысықтауыш 
20) Сан есім сөйлемнің қай мүшесінің қызметінде қолданылып тұр? 


Ит- жеті қазынаның бірі, 
а) Бастауыш в) Баяндауыш с) Толықтауыш d) Анықтауыш 
е) пысықтауыш 
( Е с і м д і к ) 
 
1) Есімдік: 
а) заттың, нәрсенің атын білдіреді; 
в) қимылдың сынын, сапасын, санын білдіреді; 
с) заттың, нәрсенің атын, сынын, санын білдіретін сөздердің орнына
жүреді;
2) Есімдік мағыналық ерекшеліктеріне қарай нешеге бөлінеді: 
а) 5 в) 6 с) 7 d) 8 е) 9 
3) Жіктеу есімдігін көрсетіңіз: 
а) біздікі, сіздікі в) ананы, мынаны с) кімді, нені d) әлдеқашан, кейбіреу
е) баршасы, барлығы 
4) Сілтеу есімдігін көрсетіңіз: 
а) біздікі, сіздікі в) ананы, мынаны с) кімді, нені d) әлдеқашан, кейбіреу
е) баршасы, барлығы 
5) Сұрау есімдігін көрсетіңіз: 
а) біздікі, сіздікі в) ананы, мынаны с) кімді, нені d) әлдеқашан, кейбіреу
е) баршасы, барлығы 
6) Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз: 
а) біздікі, сіздікі в) ананы, мынаны с) кімді, нені d) әлдеқашан, кейбіреу
е) баршасы, барлығы 
7) Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз: 
а) біздікі, сіздікі в) ананы, мынаны с) кімді, нені d) әлдеқашан, кейбіреу
е) баршасы, барлығы 
8) Тәуелдік тұлғада тұрған есімдікті көрсетіңіз: 
а) оны, мұны в) онда, мұнда с) онысы, мұнысы d) олар, бұлар; 
9) Септік тұлғасында тұрған есімдікті көрсетіңіз: 
а) сенікі в) сенсің с) сендер d) саған; 
10) Жіктік жалғау тұлғасында тұрған өздік есімдігін көрсетіңіз: 
а) өзім в) өзімнің с) өзіммін d) өздері е) өзгелер; 
11) «Біреуі жас, біреуі кәрі қонақ» деген сөйлемдегі «біреу» сөзі: 
а) жинақтық сан есім в) белгісіздік есімдігі с) тұйық етістік 
d) болымсыздық есімдігі е) есімше 
12) «Сол» сөзі қай сөйлемде есімдік мағынасында қолданылған: 
а) Арабша оңнан солға қарай жазады. 
в) Сол жылы қыс қатты болды: с) Шұғаның өңі солғын көрінді. 
d) Шөп басы сарғая қызырып, сола бастаған: 
13) Есімдіктер сөйлемде қандай синтаксистік қызмет атқарады: 
а) тек бастауыштың в) тек баяндауыштың
с) тек тұрлаусыз мүшелердің 


187 
d) қай сөз табының орнына жүрсе, сол сөздің сөйлем мүшесі ретіндегі
қызметін атқарады; 
14)Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз. 
а) Қайсы, қайдам, қашан в) Әркім, әлдекім, әрбір
с) Өзім, өзің, өзі d) Ол, олар, бұл е) Ешкім, ешқашан, дәнеңе 
15) Өздік есімдігінің септелген түрін көрсетіңіз. 
а) Өзім, өзіңіз в) Өздерің, өзіңсің с) Өзінікі, өзіміздікі 
d) Өзіне, өзіңізбен е) Өзгелер, өздері 
16) Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Кісі елінде күркірегенше,
... еліңде дүркіре. 
а) еркін в) туған с) өз d) жат е) азат 
17) Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз. 
а) Әлдене, кімде - кім в) Ешқайда, ешқашан с) Түгел, тегіс 
d) Өзіңіз, өзім е) қанша, неше 
18) Жіктеу есімдігін көрсетіңіз. 
а) Өзі в) оның с) мен d) барлығы е) бәрі 
19) Дара есімдікті белгілеңіз. 
а) Кейбір в) бәрі с) Ешкім d) Әрқалай е) Кейбіреу 
20) тәуелдік жалғау тұлғасында тұрған есімдікті көрсетіңіз. 
а) Мыналар в) Онысы с) сіздерде d) Ешқашан е) Содан
21) Есімдікті тіркесті көрсетіңіз. 
а) Бірнеше жауынгер в) Көп адам с) Талай жыл d) Он шақты ірі қара
е) Мол өнім 
22) Есімдік сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұр? Бұл-романның
ең бір шиеленісті тарауы. 
а) Бастауыш в) Баяндауыш с) Толықтауыш d) Анықтауыш
е) Пысықтауыш 
23) Есімдік сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұр? Бұл романды
оқып шықтым .
а) Бастауыш в) Баяндауыш с) Толықтауыш d) Анықтауыш
е) Пысықтауыш 
24) Есімдік сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұр? Барлығының
назары ауыл сыртындағы сары жазықта.
а) Бастауыш в) Баяндауыш с) Толықтауыш d) Анықтауыш
е) Пысықтауыш 
25) Есімдік сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұр? Әжей, мына
орынға отырып алыңыз. 
а) Бастауыш в) Баяндауыш с) Толықтауыш d) Анықтауыш
е) Пысықтауыш 
 
 
VІІІ м о д у л ь 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет