мағына бере алмайтын, сөйлемде өз алдына дербес мүше бола алмай-тын,
тек өзге бір толық мағыналы етістік сөзіне, кейде есім сөздеріне тіркесіп
қана айтылатын е, де, ет, жазда деген сөздерді айтады. Мысалы: Олар
кеше ғана келген екен. Мен оған бармаймын дедім. Ол өте қарапайым,
жақсы адам еді. Сен маған мықты көмек еттің. Ол жығылып қала
жаздады. Бұл сөйлемдердегі келген екен, бармаймын дедім, адам еді, көмек
еттің, жығылып қала жаздады деген есімше тұлғалы және жіктеліп
айтылған е, де, ет, жазда көмекші етістіктері өзінің алдындағы толық
мағыналы етістік және есім сөздерімен тіркесіп айтылып қана күрделі
баяндауыштың құрамына еніп түр.
Е, де, ет, жазда сөздері жеке тұрғанда толық қимылдық мағынаны
білдіре алмағанмен, бұл сөздер толық етістік сөзінің үлгісімен тұлғаланады,
яғни бұлардан етістіктің болымды, болымсыз түрі, есімше мен көсемше
тұлғалары, жақтық және шақтық тұлғалары жасалады. Сондықтан да бұларды
көмекші етістік дейді. Бұлардың барлығы да, негізінде, күрделі етістіктің
екінші сыңарында келіп, негізгі сөзге жақтық, шақтық граммати-калық мағына
беру үшін қолданылады. Сонымен қатар де көмекші етістігі төл сөз бен
автордың сөзін байланыстыратын дәнекер ретінде де қолданылады.
Мысалы:—Жолың болғырдың о несі-ай!—деп, Қайырбек қарт мүлде
тықыршып тұр. (Ғ. Сл.)
193
ә) Ауыспалы көмекші етістіктер деп бірде негізгі етістік мағынасы-
нда, бірде көмекші етістік мағынасында қолданылатын етістіктерді
айтады. Қазақ тілінде жеке тұрғанда толық мағынасы бар негізгі түбір
етістіктердің көпшілігі-ақ өзге бір есімше және көсемше тұлғалы етістікке
тіркесіп айтылып, ауыспалы көмекші етістік қызметінде қолданыла береді.
Көбіне ауыспалы көмекші етістік қызметінде қолданылатын етістіктерге мына
сияқты сөздер жатады: отыр, жатыр, тұр, жүр, ал, бол, қал, сал, көр, бер,
қой, кел, түс, қара, баста, жібер, айнал, таста. Мысалы: 1. Бала керуетте
Достарыңызбен бөлісу: |