аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис
3. Күрделі етістіктер. Бірнешеетістіктердің, я есім сөздірі мен етістік сөздерінің тіркесіп айтылып, белгілі бір қимылдық ұғымды білдіретін тұрақты сөз тіркестерін к ү р д е л і е т і с т і к дейді. Күрделі етістіктер тілде өте көп. Олардың негізгі түрлері: 1) тіркесті
күрделі етістіктер 2) біріккен күрделі етістіктер 3) құранды етістіктер
4) тұрақты тіркесті құранды етістіктер.
1. Тіркесті күрделі етістіктер екі лексикалық мағыналы етістіктен құралып,
бір күрделі қимылды білдіреді. Мысалы, Ертең ауылға барып кел дегендегі
барып кел етістігі екі лексикалық мағыналы етістіктен жасалып, әрі бару, әрі
келу қимылынан құралған бір күрделі қимылды білдіріп тұр. Бұларды
тіркесті күрделі етістіктер дейді. Оларға: алып бер, кіріп шық, көріп кел, сұрап ал, алып қал сияқты күрделі етістіктер жатады. 2. Біріккен түбір етістік екі етістіктен бірігіп, бір лексикалық мағынаны
білдіреді. Мысалы: апар- алып бар, әкел-алып кел, әкет-алып кет, сөйт – солай ет, бүйт – бұлай ет. Бұлардың түрі көп емес.
3. Құранды етістіктер есім сөздерге ет, қыл, бол, қақ, ал, қой, сал көмекші
етістіктерінің тіркесіп келуі арқылы жасалады. Мысалы, қол қой, телефон соқ, адам бол, құлақ сал, қабыл ал, сәлем бер т.б. 4. Тұрақты тіркесті етістіктер есім және етістік сөздерінің бір мағынада
қолданылып, тұрақтануы арқылы жасалады. Мысалы, көз салды, міз бақпады, ауыз жаласты, бетке шіркеу болды, арам тер болды, ауыз салды, құр қалды, таяқ жеді, жан алқымға алды т.б. Келіп қалды, тани кетті, тұрып қалды, құлап қала жаздады, бара алмады, кетіп бара жатыр дегендер екі не үш етістік сөзінің тіркесіп
айтылуы арқылы бір қимылдық ұғымды білдіріп тұрған күрделі етістіктер; ал
құлақ салды, көз тікті, дем алды, бас салды, ер жетті дегенде есім сөзі мен
етістік сөзі бір қимылдық ұғымды білдіріп, күрделі етістік ретінде
қолданылып тұр. Бұларды бірінен-бірін айырып қарауға болмайды. Күрделі
етістіктің негізгі лексикалық мағынасына ие болатын бірінші сыңары негізгі
етістік деп аталады да, екінші сыңары көмекші етістік деп аталады.