Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет173/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 76. Қимыл атауы 
 
Іс, қимыл, амалдың шағын, жағын көрсетпей, тек сол қимыл, 
амалды атап қана қоятын етістіктің түрі қ и м ы л а т а у ы деп 
аталады.
Қимыл атауы  етістіктің негізгі түбірі мен туынды түбірінежұрнағы 
жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жаз-у, бар-у, ал-у, ұйымдастыр-у, 
сырла-у, ақта-у т. б. 
Қимыл атауы - етістіктің грамматикалық категорияларының ішіндегі бір 
ерекше түрі. Қимыл есімдері өзінің грамматикалық қасиеттері мен 
тұлғалану белгілері және синтаксистік қызметі жағынан етістіктерден гөрі 
есімдерге бейім болып келеді. Олар есімдерше тәуелденеді, септеледі. 
Мысалы: баруым, баруың, баруы, баруымыз, баруыңыз; 
Осы ерекшеліктеріне қарай қимыл атаулары сөйлемдегі орнына
морфологиялық тұлғасына байланысты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері де, 
тұрлаусыз мүшелері де болып келе береді.
Сөйлемнің басында атау тұлғада келіп, бастауыш болады: Мысалы: 1)
Ерте тұрып, дене шынықтыру, таза ауада серуендеу - денсаулық кепілі. 
Ілік септік тұлғасында келіп, анықтауыш қызметінде қолданылады:
Білмегеніңді сұрап, біліп алудың  еш ұяттығы жоқ. 
Ілік пен атаудан басқа септік тұлғаларында келіп, толықтауыш болады: Ол 
оқуды қойып, жазуға кірісті. 
Сөйлемнің аяғында атау және жатыс септік тұлғаларында келіп, баяндауыш 
та болады:  Бізідің алдымыздағы негізгі міндет- еңбек өнімділігін арттыру. 
Алматыда дүние жүзі қазақтарының құрылтайы өтуде.
Қимыл атауынан  кейін тиіс, керек сияқты модальдық сөздер тіркесе 
айтылса, үнемі баяндауыштық қызмет атқарады: Мысалы: Бұл жұмысты 
бүгін бітіру керек.
§ 77. Көсемше 
 
Етістіктің лексика-семантикалық категорияларының бірі-көсемше. 
Көсемше етістік өз алдына тиянақты қимылдық процесті білдірмей, екінші 
бір ашық райлы етістіктегі қимылдың сапасын көрсетіп тұрады.Мысалы: кір-
ді-қалай кірді? Сөйлей кірді.Сөйледі-қалай (қайтіп) сөйледі?Асығып сөйледі. 


197 
Келді-не мақсатпен (не істегелі) келді?Оқығалы келді. Бұл мысалдардағы 
сөйлей, асығып, оқығалы деген сөздер ашық райлы етістіктегі қимылдың 
сапасын, белгісін сипаттайды. 
Сонымен қатар көсемше сөйлемде жеке тұрып, өз алдына тиянақты баян-
дауыш бола алмайды, өзге бір ашық райлы етістікке тіркесіп айтылады да, 
күрделі етістік тудырады. Мысалы: оқып болды, санай бастады, келе берді, 
айта салды, келіп қалды. Бұл күрделі етістіктердің бірінші сыңарындағы 
оқып, санай, келе, айта ,келіп көсемшелері өзінен кейінгі көмекші етістік-
терсіз сөйлемнің тиянақты дара баяндауышы бола алмайды, лексикалық 
мағыналары олқыланып, қимылдың ұғымы тиянақталмай тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет