Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


і к немесе е т і с т і к т і ң б о л ы м с ы з т ү р і дейді



Pdf көрінісі
бет172/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

і к немесе е т і с т і к т і ң б о л ы м с ы з т ү р і дейді.
Етістіктің болымсыз түрі етістіктің түбіріне –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе 
жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: бар-барма, кел-келме, жаз-жазба, 
кез-кезбе, айт-айтпа, жет-жетпе. 
Етістіктің болымсыз түрі аналитикалық тәсіл арқылы жасалғанда
өткен шақтық есімшеден кейін жоқ деген модальдық сөз немесе емес көмекші 
етістігі келеді де, жіктік жалғау қосымшасы сол сөздерге жалғанады.Мысалы: 
Мен барған жоқпын, барған емеспін, сен барған жоқсың,бараған емессің, ол 
барған жоқ, бараған емес. 
Етістіктің болымды не болымсыз түрде қолданылуы сөйлемдегі сөздердің 
синтаксистік байланысына ешқандай әсер етпейді.Сондықтан етістіктің бол-
ымды, болымсыз түрі деген термин грамматикалық категорияны емес, семан-
тикалық категорияны білдіреді.Мысалы: Шәрипа кеше экскурсияға 
барды.Шәрипа кеше экскурсияға бармады.Бұл екі сөйлемнің біріншісінің 
баяндауышы барды деген болымды етістік, екіншісінің баяндауышы – барма - 
ды деген болымсыз етістік. Екінші сөйлемдегі етістік баяндауыштың мор-
фологиялық тұлғасына өзгеріс енгенмен, грамматикалық мағынасына өзгеріс 
енген жоқ, тек лексикалық семантикалық мағынасына аздаған өң берілді. 
Біріншісінде қимылдың орындалғандығы айтылса, екіншісінде сол қимыл-дың 
орындалмағандығы айтылып тұр. 
111--жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп, болымды етістікті бір, болымсыз етістікті екі 
сызыңдар да, болымсыз етістіктің қалай жасалғанын айтыңдар, яғни синтетикалық тәсілмен 
бе, аналитикалық тәсілмен бе? 
1.Алуа осылайша боратып хатты жаза берді. 2.Біз бұл жерге ақша іздеп
атақ іздеп келген жоқпыз.(С.Б.) 3. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен
Ерназар үйінде қалыпты.4. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз 
кетеді, айлар өтеді, келмейді, жылдар өтеді, келмейді.("Қ.Е.") 5.Дос-жар, 
қонағуар үйдің іші әзірлігін жасай бастаса да, Әбіштің бұларды шығындат-
қысы келмеді.(М.Ә.) 6. Жанбота көп ойланды.(Ғ.М.) 7. Ешқайсысы сезген 
жоқ.(Ғ.М.) 8. Күштің тең емес екенін генералдың өзі де біледі. 
112--жаттығу. Болымды етістіктерді тауып, олардың жасалу жолына түсінік беріңдері


1.Нанарын да, нанбасын да білмей, аңырап қалды бәрі ( Ғ. Мұст. ).
2. Күздігүні жыртып тастауға қол босамады ( Ғ. Мұст. ). 3. Еріншектің ертеңі 
бітпес ( Мақал ). 4. Жылқыда өт болмайды, құста сүт болмайды ( Мақал. ).
5. – Абайжан, осы сен түні бойы ұйқтамағанбысың?- деп, баласының бетіне 
қарады ( М. Ә. ). 6. Астыңғы үйдегі бапты аспазшы пісірген ыстық самсаны да 
жеген жоқ ( М. Ә. ). 7. Еденін қи аралас балшықпен майдалап сылаған үйдің 
тап ортасына келіп, сұлық тұрып қалған Балзия үн қатпады ( С. Ж.). 8. Келген 
адам шайға отырмай, не шұбат ішпей кетпейді ( Ғ. М. ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет