110-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп, негізгі түбір,
етістіктің астын бір, туынды
етістіктің астын екі, күрделі етістіктің астын ирек сызықпен сызып жазыңдар.Күрделі
етістіктің құрамындағы көмекші етістіктің түрін ажыратып айтыңдар.
Қорадан үшеу ғана болып шыққан Бейсендер тобына жолдан адамдар
қосыла берді. (С.Б.) 2. Дәл үстімізден танкінің ең үлкендері өтіп барады екен.
(Ғ.Мүсір.) 3. Менің де ойым осы. Ауыл шаруашылық бөлімімен алдын ала
келісіп, Баршагүлді шақыртқанмын. (Ғ.Сл.) 4. Ержан жүрелеп отырды.(Т.А.) 5.
Баян бәйбіше бір жапырақ қағазды жүрегіне қысып келе жатыр.(Ә.Ә.) 6. Мен
Михаил Ивановичтің осы бір сөзіне әбден сеніп алған едім, сондықтан да
әкемнің амандығына да, өзіміздің апат құшағынан құтылатындығымызға да
бұдан былай ешбір шек келтірмедім. (Ә.С.) 7.
Әбдірахманның бұл сөзіне
Дмитриев таңданғандай, жүзіне қадала қарады.(Х.Е.) 8. Мен генералға рақ-мет
айтып, бұрынғы орныма отырдым.(Б.М-ұ.) 9. Шығанақ бәсеңдеп сала
берді.(Ғ.М.) 10. – Дәрмен аға, атама сіздерді айтайыншы-деп, сылтауратып,
үйге қарай жүгіре жөнелді.(М.Ә.) 11. Қырықтықшы жас бала бастыққа
аңтарыла қарап қалды.(Б.К.)
Достарыңызбен бөлісу: