Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет209/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

133- жаттығу.
 
Мына сөйлемдерді көшіріп, үстеулердің  астын сызыңдар. Оларды 
мағыналық түріне қарай ажыратыңдар

1). Ертең олардың жатаханасына барып, өз алдына әңгімелесерміз. (Қ.әд)
2) - Шүкір , сегіз жүз саулықты жасына , тұқымына қарай өңкей егізден 
табатынын іріктеп кеттім,- деп, Қайрекең миығынан күліп , қомақталып алды 
. (Ғ.С) 3) Әдейі өзіміздің жақтың әндерін салдым . 4) - Советский солдат , 
содан сақ болыңдар деген Хожа Насреддин , - деп жартысын орысша. , 
жартысын өзбекше сөйлеп, Самед ағай да мені қытықтап қояды (Ғ.Мүсір). 
5) Бүгін ғана емес , бұл сөзді ол көптен бері мәтел етіп алған-ды. 6)
Оспанмен оңаша сөйлесті. 7) Бір бұралқы сөзді әнеугүні естіп ем .
8) Ендеше дәл осы Оразбайға істеген істі мен сені сынау үшін істедім
(М. Ә.). 
134-жаттығу. Үстеулердің мағыналық, морфологиялық ерекшеліктеріне, синтаксистік 
қызметіне 
талдау жасаңыздар.
1) 
Орнымнан шұғыл тұрдым ( З.Ш.). 2) Әрқашан да осылай, ешкім 
сенбейді маған. 3) Кеше жауабын беремін деп уәде еткен едім. 4) Жолшыбай 
соғып қайтармын. 5) Қадиша киініп те үлгерген, қайтуға әзір тұр екен. 
6)Ертең, бүрсігүні не бітіресіз. 7) Міне, бүгін келді. 8) орға шыдап, қиналып 
жатқан адамның кейпі бар. 9) «Кейін, кейін» деп, қабылдамайды. 10) Манадан 
бері неге айтпадың ? 11) Бұл әншейін жол-жөнекей айтылған сөз. 12) Мен 
балаша сақ-сақ күлдім. 13) Қасына қайта отырғызды. 14) Ыза кернеп зорға 
тұрмын
Шылау 


233 
 
§ 95. Шылау туралы түсінік 
 
Тілде жеке тұрғанда толық лексикалық мағыналары жоқ, өздігінен 
сөйлемге дербес мүше бола алмайтын сөздер бар. Мысалы: дейін, шейін, соң, 
кейін, ғой, ғана, үшін, арқылы, туралы, мен, және, да, бірақ, өйткені, не, 
немесе, әрі, я, яки, сайын, ау, ақ. т. б. 
Бұлар сөйлем ішінде өзге бір толық мағыналы сөздердің, сөз тіркесте-
рінің, не тұтас бір сөйлемнің мағыналарын толықтыру, дәлдеу, тиянақтау 
үшін, оларға ерекше мағыналық өң беру үшін, немесе сөйлемнің бірыңғай 
мүшелерін және сөйлемдерді өзара байланыстыру үшін қолданылады.
Бұлардың бірқатарының сөйлемдегі атқаратын қызметі қосымшаларға ұқсас 
болады. Өйткені олар толық мағыналы сөздердің лексикалық, грамматикалық 
мағыналарын түрлендіру үшін, дәлелдеу, толықтыру үшін қолданылады. 
Бұлар жеке тұрғанда толық лексикалық мағынасы болмағанмен, өзге 
мағыналы сөздерге тіркесе айтылғанда белгілі дәрежеде мағыналары болады, 
бірақ ол мағыналары өзге дербес мағыналы сөздермен тіркесті түрде ғана 
көрінеді. Бұл сөздердің атқаратын қызметі мен мағыналарын айқынырақ 
түсіну үшін бірнеше сөйлем алып талдап көрелік. 1) Олар тек орыс 
мәдениетінен мол суарылу арқылы өз заманындағы алдыңғы қатардағы 
мәдениеттің биік шыңына шықты. (С. М.) 2) Екеуміздің де құлағымыз 
көшедегі үлкен репродуктордан алысқа кетіп жатқан назқоңыр, мұңды әнде. 
(М. И.) 3) Өзіне ере шыққан Бөрібасарды Сәтжан ауылдан ұзаған соң ғана 
көрді. (С. Бег.) 4) Тәкежан мен Әзімбай ризалығын білдірсін. (М. Ә.) 5) 
Шалтай жайында бұл күдік Сәуледе де бар едібірақ ол Күлтайды қостап 
ілесе жөнелген жоқ. (Ә. Ә.) Бұл сөйлемдердегі арқылы, де, соң, ғана, мен, 
бірақ сөздерінің жеке тұрғанда беретін толық лексикалық мағынасы жоқ. 
Сөйлем ішінде суарылу арқылы, екеуміздің де, ұзаған соң ғана күйінде өзде-
рінің алдындағы толық мағыналы сөздерге тіркесіп айтылып, сол сөздердің 
грамматикалық мағыналарын дәлдеп, тиянақтап, өзге сөздермен байланысу-
ына себепші болып тұр. Бұл тіркестердегі арқылы, де, соң, ғана сөздерін 
сөйлемнен алып тастаса, олардың алдындағы толық мағыналы сөздердің өзге 
сөздермен грамматикалық мағыналары не мүлде бұзылады, не солғындайды. 
Ал мен, бірақ сөздері сөз бен сөзді; сейлем мен сөйлемді байланыстыру үшін 
келіп тұр. ^ 
Сөйтіп, өз алдына толық лексикалық мағыналары жоқ, сөйлемде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет