Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 94. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі



Pdf көрінісі
бет208/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 94. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі. 
 
Үстеулер сөйлемде негізінен пысықтауыштың қызметін атқарады. 
Мысалы: Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым (Абай); Әлібек 
амалсыздан тоқтады (Ғ.Мұст.) деген сөйлемдердегі ерте, амалсыздан 
деген үстеулер етістіктен болған баяндауыштарды пысықтап тұр. 
Үстеулер етістіктен болған басқа мүшелерді де пысықтайды.Мысалы: 
Оның еміс-еміс білетіндері – қызыл балықтар ғана (Ғ. Сланов) деген 
сөйлемдегі еміс-еміс үстеуі білетіндері деген етістіктен болған бастауышты 
пысықтап тұр. 
Үстеулер етістіктен болған баяндауыштарды да пысықтайды. Мысалы, 
Бозбаламын мен де енді (Жамбыл): Бүгінгі жастар шетінен сауатты
( Ғ. Мұст.) деген сөйлемдерде енді үстеуі бозбаламын деген баяндауышты, 
шетінен үстеуі сауатты деген баяндауышты пысықтап тұр. 
Кейбір үстеулер өздерінің семантикалық мағынасына қарай , әдеттен тыс, 
сын есімді де, үстеудің өзін де, зат есімді де айқындайды. Мысалы: Мен бүгін 
сонша шаршадым (Ғ.Мұст.); Ол сонша өрескел сөз айтты (Ғ. Мұст.) 
Сонша алтынды қайдан алдың? (С.М.) деген сөйлемдерде сонша деген үстеу 
бірінші сөйлемде етістікті (шаршадым) айқындаса, екінші сөйлемде сын 
есімді (өрескел), үшінші сөйлемде зат есімді (алтынды) айқындап тұр. 
Кейбір үстеулер жіктеліп баяндауыш та болады. Мысалы: Мен мұндамын. 
Мен сенімен біргемін. 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Үстеулер қандай мағыналық топтарға бөлінеді ? 
2) Мезгіл үстеулері нені білдіреді ? Мезгіл үстеулеріне қандай сөздер 
жатады? 


3) Мекен үстеулері нені білдіреді? Мекен үстеулеріне қандай сөздер 
жатады? 
4) Мөлшерлік үстеулер нені білдіреді? Мөлшерлік үстеулерге қандай сөздер 
жатады ? 
5) Сын-қимыл үстеулері нені білдіреді? Сын-қимыл үстеулеріне қандай 
сөздер жатады? 
6) Мақсат үстеулері нені білдіреді? Мақсат үстеулеріне қандай сөздер 
жатады? 
7) Себеп-салдар үстеулері нені білдіреді? Себеп -салдар үстеулеріне қандай 
сөздер жатады? 
8) Топтау үстеулері нені білдіреді? Топтаул үстеулеріне қандай сөздер 
жатады? 
9) Күшейткіш үстеулерге қандай сөздер жатады? Топтау үстеулері іс, 
қимыл, әрекетті қалай көрсетеді? 
10) Үстеулер сөйлемде негізінен қандай сөйлем мүшесінің қызметін 
атқарады? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет