Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


айтылуын с а н д ы қ (көптік) қ и ы с у дейді



Pdf көрінісі
бет229/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

айтылуын с а н д ы қ (көптік) қ и ы с у дейді. 
Баяндауышты бастауышпен сандық (көптік) мағына жағынан 
қиыстыратын, әрі жақтық грамматикалық мағынаны, әрі сандық 
грамматикалық мағынаны көрсететін жіктік жалғаулары болып келеді. 
I жақта -мыз, -міз, -пыз, -піз, -быз, -біз (бұлар етістікте көсемшенің -
а,~е,-й және -ып,-іп,-п жұрнақтарынан кейін жал ғанады да, ауыспалы осы 
шақ не өткен шақ ұғымын тудырады. Есім сөздеріне жалғанып, 
баяндауыштық қызмет атқарады); -ды+қ, -ді+к, -ты+қ, -ті+к (бұл 
қосымшалардың бірінші бөлімі шақтық, екіншісі жақтық ұғымды білдіреді) 
;-йық,-йік, -лық, -лік (ұйғарынды бұйрық рай ұғымында жұмсалады). 
Мысалы: Біз(дер) жазамыз, біз(дер) келеміз, біз(дер) барып-пыз, біз(дер) 
келіппіз, біз(дер) баламыз, біз(дер) кішіміз, біз(дер) студентпіз, біз(дер) 
агрономбыз, біз(дер) үлкенбіз, біз(дер) барайық, біз(дер) баралық. 
II 
жақта баяндауышты бастауышпен көптік мағына жағынан 
қиыстыратын арнаулы жіктік жалғау қосымшасы жоқ. Екінші жақтық
-сың, -сің, -ң, -ың, -ің, -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз, -сыз. -сіз 
қосымшаларының үстіне -дар, -дер көптік жалғауы қосылады да, екінші 


жақтық баяндауыштарды көптік тұлғада айтылған бастауышпен 
қиыстырады: 
Сендер жазасыңдар, санаңдар, айтыңдар; 
Сендер келесіңдер, сөйлеңдер, келіңдер; 
Сіздер санаңыздар, барыңыздар, жазасыздар; 
Сіздер сөйлеңіздер, келіңіздер, келесіздер. 
ІІІ жақта етістіктен болған баяндауыштар бастауышпен көптік тұлғада 
бірдейлесіп қиыспайды. Тек есім сөздерінен болған баяндауыштар ғана 
көптік жалғауы арқылы бастауышпен қиыса алады. Бірақ есімдерден болған 
баяндауыштардың да III жақтық бастауышпен көптік жалғауы арқылы 
қиысуы тұрақты құбылыс емес, кейде бұлар қиыспай да айтыла береді. 
Олар — студенттер. Олар — атақты адамдар. Олар — институттың
студенттері. Олар — біздің мектептің оқушылары. Олар — біздің 
көмекшіміз. 
146-жатшығу. Төмендегі мысалдардан киыса байланыскан сөйлем мү-шелерін көшіріп 
жазыңдар, олардың қалай қиысқанын ауызша түсінді-ріңдер.
Осы қалаға біз қараша айының бірі күні бардық. Оған жету оңай болған жоқ. 
Ол — Қостанай облысының Солтүстік Қазақстан облысымен астасқан
жеріне орнаған совхоз. (С. М.) Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге 
ықыласпен тоқылық. (Ы.А.) –Сен о жақты тоқтатқанша ора бересің бе? - Ора 
беремін. Мен бұйрық орындаушымын. Ол — ата бұйрығы.Мен пішенді 
орғызамын. (М. Ә.) Сіздер көріп тұрсыздар. Ол кісі ертеректе оқыған. Мен 
совет тұсында ғана рабфакты бітірдім. Екеуміз де коммуниспіз. Біріміз өлкелік 
комитетте, әйелдер бөлімінде, істедік, біріміз халық комиссары болдық. (Ғ. М.) 
2. Меңгеру. Бірі басыңқы, екіншісі бағыныңқы болып сабақтаса 
байланысатын сөз тіркестерінің ең жиі ұшырайтын түрі — меңгеру. 
Меңгеруде де сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары, киысудағы сияқты, басыңқы 
мүшенің ыңғайына еріп белгілі жалғауда тұрады. Бірақ меңгеру мен 
қиысудың арасында үлкен айырмашылық бар. Егер қиысуда бағыныңқы сөз 
(баяндауыш) басыңқы сөздің (бастауыщтың) грамматикалық мағынасы мен 
морфологиялық тұлғасына қарай ыңғайлас болып (бір жақта және жекеше не 
көпше) тұлғаланса, меңгеруде бағыныңқы сөз бен басыңкы сөздің арасында 
тұлғалық ыңғайластық болмайды, тек меңгеретін сөз меңгерілетін сөздің 
белгілі септік жалғауын-да тұруын талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет