Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


болып ыңғайласып жалғануын б у ы н ү н д е с т і г і дейді



Pdf көрінісі
бет29/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

болып ыңғайласып жалғануын б у ы н ү н д е с т і г і дейді.
Әдетте буын құрайтын дауысты дыбыстар болатындықтан, түбірдің соңғы 
буыны-ның жуан не жіңішке болуы сол буындағы дауысты дыбыстың жуан я 
жіңішке болуына байланысты. Сондықтан буын үндестігі дегенді дауысты 
дыбыстардың үндесуі деп те атауға болады. Сөз ішінде дауысты 
дыбыстардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін тіл 
ғылымында с и н г а р м о н и з м немесе с и н г а р м о н и з м з а ң ы дейді. 
Дауысты дыбыстардың осындай үйлесіммен жуан, жіңішке болып
жұпталып айтылуынан сингармонизм заңы туады да, қазақ тіліндегі түбір 
сөзге жалғанатын қосымшаның бәрі де жуанды, жіңішкелі болып жұпталып 
қолданылады. Сондықтан түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымша жуан 
болып жалғанады да, түбірдін соңғы буыны жіңішке болса, қосымша да 
жінішке болып жалғанады. Мысалы: кітап — кітап + тар— кітап+қа; 
қызмет — қызмет+ші — қызмет+ке; Әлімқұл — Әлімқұл + ға — 
Әлімқұл+да; Ақтөбе — Ақтөбе + ге — Ақтөбе + де. 
Бірақ қазіргі қазақ тіліндегі сөздерге жалғанатын косымшалардың 
барлығы бірдей буын үндестігіне бағынып, сөздің соңғы буынының жуан я 
жіңішкелігіне сәйкес не жуан, не жіңішке болып құбылып отырмай, кейбір 
қосымшалар қазактың байырғы сөздеріне де, термин сөздерге де бір калыпты 
жалғанады. Ол қосымшалар мыналар: 
1. Көмектес септік жалғауының - мен, -бен, -пен қосымшалары — сөздің 
соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да — осы күйінде жалғанады. 


Мысалы: Сия-мен жаздым. Ат-пен келді. От-пен ойнама. Ағашты ара-мен 
кестім. Ораз-бен бірге келдім. Сен Үмбет-пен кездестің бе? 
2. Меншіктік ұғым беретін -нікі, -дікі, -тікі құрамды қосымшалар да 
буын үндестігіне бағынбай, сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса 
да, осы күйінде жалғанады. Мысалы: Кабинет біз -дікі. Кітап Марат- тікі,
кезек се-нікі, мал баққан-дікі.. 
3. -паз, -қор, -қой, -гөй, -кер, -кеш, -хана, -ист, -изм жұрнақтары да 
сөздің соңғы буынының қандай болғанына қарамай, сол күйінде жалғанады. 
Мысалы: өнер-паз, бейнет-қор, әзіл-қой, ақыл-гөй, жұмыс-кер, арба-кеш дәрі-
хана, коммун-ист, катпал-изм. 
4.  х әрпіне біткен сөздерге қосымшалар әрқашан да жуан турде 
жалғанады. Мысалы: цех-тан, тарих-тың. 
5. рк,нк,кс,кт дыбыстарының тіркесіне біткен орыс тілінен енген 
сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: парк-тен, танкі-ні,
бокс-ке, пункт-ке. 
6. ль әріптерінің тіркесіне біткен бір буынды орыс тілінен енген 
сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: ролъ-ді, роль-дер; 
нүлъ-сіз, нулъ-ді, рулъ-ді, руль-де. 
Қазақ тілінде, өзге түркі халықтарының тіліндегі сияқты, ерін үндестігі 
жоқ. Сөздің басқы буынында еріндік дауысты дыбыс бола тұрса да, соңғы 
буындарда еріндік дауысты дыбыс жазылмайды. Соңғы буындардағы 
дүдамал естілген еріндік дыбыстардың орнына езулік дауысты дыбыстар
жазылады. Мысалы: құлұн, жұлұн, бұрұн, күңгүрт, орұн, тоғұз, күрөк, жүрөк, 
бөлмө, төбө сияқты естіле тұрса да, орфографиялық ережеге сәйкес құлын, 
жұлын, бұрын, күңгірт, күндіз, орын, тоғыз, күрек, жүрек, бөлме, төбе 
болып жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет