Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


қ, к дыбыстарының бірі болса, айтылуда екінші сөздің басындағы қатаң қ, к



Pdf көрінісі
бет34/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

қ, к дыбыстарының бірі болса, айтылуда екінші сөздің басындағы қатаң қ, к 
дауыссыз дыбыстары ұяң ғ, г дыбыстарына айналып естіледі. Жазуда бұл 
дыбыстык өзгеріс ескерілмей, сөздердің бастапқы тұлғалары сақталып 
жазылады. 
Ж а з ы л у ы А й т ы л у ы 
қара көз қара гөз 
ала қарға ала ғарға 
бөз көйлек бөз гөйлек 
атың қайда атың ғайда 
 22-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, қара әріптермен жазылған сөздер мен сөз 
тіркестерінің айтылуы мен жазылуын салыстырыңдар да, дыбыстық өзгерістің себебін 
түсіндіріңдер. 
Бір банды өлді де, үш банды тұтқын болды. Оспанқұл, Жәнібек барлық 
қызыл әскерлер байлаулы жылқыларға беттеді. 
Бекбол Александрды құшақтап Сәтбекке алып кеп, қашқын шонжардың 
көзіне нұсқап тұрып, әуелі қазақша: 
— Мынау— Сәтбек! Мен туған жылы бірге туып, совет орнағанша 
сақалымның ағына шейін мойныма мініп, қанымды сорып келген еді. Сәтбек 
атын менен көп естімеп пе едің?— деді.
— Көп естігем. Жақсы білем,—деді Александр. 
— Ендеше сол Сәтбек осы!—деп, Бекбол Александрдың өзіне бұрылды да, 
қуана күліп, енді орысша таза сөйлеп қоя беріп: 
— Осымен нешінші қашқынды ұстап тұрмын, Александр?— деді. 
Алсксандр Бекболды қолтығынан алып, оңашарақ шыға беріп: 


41 
— Ну, Бекбол, құтты болсын. Бұл сен ұстаған он тоғызыншы нарушитель!— 
деп, кәрі аңшы досының қолын қатты қысып, ұзақ тұрды. (М. Ә.) 
 
§ 18. Кейінді ықпал 
 
Сөздің түбірі мен қосымшаның жігінде, біріккен сөз және сөз тіркестерінде 
қатар айтылған екі сөздің аралығындағы алдыңғы дыбыстың соңғы дыбысқа 
әсерін тигізгені сияқты, көршілес айтылған соңғы дыбыс өзінен бұрынғы 
дыбысқа да әсерін тигізіп, жасалуы, айтылуы жағынан өзіне жақын дыбысқа 
айналдырады. Мысалы, сеп деген етістікке көсемшенің -е жұрнағы жалғанса, 
қосымшадағы дауысты дыбыс түбірдің соңындағы қатаң п дыбысына әсер 
етіп, оны ұяң б дыбысына айналдырады (себеді). 
Сөйтіп, сөздің түбірі мен қосымшаның жігіндегі, сөз аралығындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет