Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет313/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

г
 ащыны білер 
ме едік. (Ғ. М.) деген сейлемнің алдынан егер сөзін қосып айтуға келетін 
болғандықтан, бұл сөйлем — шартты ба-ғыныңқылы сабақтас сөйлем. Жалма-
жан, түра-сала далаға шықсам, сәске түс болып, күн ыси бастаған екен. (Б. 
М.) деген сөйлем — мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем, өйткені оның 
алдынан егер сөзін келтіріп айтуға келмейді. 
Бағыныңкы сөйлемнің баяндауышы шартты райлы етістік болып келгенде, 
бағыныңқы сөйлем мен басыңқысөйлемнің арасындағы шарттық қатынасты 
білдіру үшін, бірі бағыныңқының құрамында, еқіншісі басыңқының 
құрамында айтылатын неғүрлым-соғұрлым, қалай-солай, қандай-сондай, 
кімді-соны деген сияқты жұп сөздер де қолданылады. Мысалы: 
Арқасын жапқан қалың шашы күннен қандай қорғаса, ардақтап сақтаған ар-
ұяты жамандықтан сондай қорғап тұр. ( Ғ. М. ). 
2. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің болымсыз түрі болып, 
оның үстіне -йынша, -йінше жұрнағы жалғанып айтылса да, бағыныңқы 
сейлем басыңқы сөйлемдегі ойдың шартын білдіреді. Мысалы: 
1) Мектепте саналы тәртіп болмайынша, сапалы білім болмайды. («X. 
мұғ.»)
 3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы өткен шақтық есімшенің жатыс 
септік жалғау тұлғасында және -й жұрнағы жалғанған көсемше тұлғасында 
айтылса да, бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың шартын білдіреді. 
Мысалы: 
1) Осы интернаттар ашылмағанда, консерваторияға скрипкашы, 
пианист қазақ балаларын даярлап беру мәселесі шешілмек емес. («К- әд».)
2) Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай. (А. Қ.) Бұл сөйлемдердің 
екеуі де шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер. Бірінші сабақтас 
сөйлемнің шарттық ұғым беретін бөлімі — Осы интернаттар 
ашылмағанда... деген бағыныңқы сейлемі. Екінші сабақтас сөйлемнің 
шарттық ұғым беретін бөлімі —... бәйгеге түсіп жарыспай деген бағыныңқы 
сейлемі (бұл — өлеңді сейлем болғандықтан, бағыныңқы сөйлем басыңқы 
сөйлемнен кейін айтылып тұр). 
201-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар да, шартты бағыныңқылы сөйлемдердің
астын сызып, баяндауышының қандай тұлғада тұрғанын айтындар. 
1) Мен, бәлкім, кешіксем, қасқырлар айғырды талап жейді екен. (С. М.)


339 
2) Ал жергілікті жермен байланыс мықты болса, онда жұмыс істеу жеңіл әрі 
көңілді болар еді. (К. Т.) 3) Өзінің бостандығын алмайынша, бүкіл Африка 
халқы қанаушыларға қарсы азаттық күресін тоқтатпақ емес. («0. К») 4) 
Күштілерім сөз айтса, бас изеймін шыбындап. (А. Қ.) 5) Жел тұрмай, шөп 
басы қимылдамайды. («М. М.») 6) Осы ұқсастықтар орысшаға аударылғанда,
бадырайып қөрініп тұратын сияқты» («К. әд».) 7) Құдай жазып осы бала тез 
келмесе, сені бүйтіп көрмес те едім, Тоқашжан! 8) Әр адам күніне алты 
кубометр топырақты шығарып отырса, жұмыста қаншалықты қарқын 
болатындығы Әсетке түсінікті. (3. Ш.) 9) Қолыма қару берсе, қарауылымның 
ұшында тек немістер болар деп кеткен." (Әб. Нұр.) 10) Басқа кісілер өзін 
көлденең сөзден қорғауға тырысса, Иванов өзін қосыла жамандауға бейім 
тұратын. (Әб. Нұр.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет