«Қазақ тілі» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы



Pdf көрінісі
бет9/25
Дата09.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#464417
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
1 ¦Ю¦и ¦б¦Ю¦з ¦Ъ¦-¦¬¦-TЕTБ¦¦¦¬¦¦ TП¦¬TЛ¦¦ ¦в1 10¦¦¦¬ ¦Х¦Ь¦Э

 
 
2-мәтін 
Отандық өнім - ол біздің өнім. Отандық өнімді қолдау арқылы ғана біз елдегі 
экономикалық ахуалды жақсартып қана қоймай, әлеуметтік проблемаларды да шеше 
аламыз. Әлемде күштілері ғана жеңіске жететін өндірісшілердің көзге көрінбес «соғысы» 
жүріп жатыр. Соғыста күштілер жеңетіні ақиқат болса, нарықта кімнің өнімі бәсекеге 
қабілетті, бағасы мен сапасы тұтынушының көңілінен шықса, соның өнімі өтімді болмақ.
Заманауи технология өмірдің барлық салаларын біртіндеп қамтып жатқаны айдан 
анық. Бүгінгі таңда білім беру саласынан бастап өндіріс секторына дейін жасанды 
интеллект енгізуде. 
ХХІ ғасырдағы индустриялық революция металлургия және кен-тау өндірісіне жаңа 
леп әкелуде. Бұл сала жаңашылдыққа бет бұрмаса, оның нарықтағы жағдайы мүшкіл 
болады дейді сарапшылар. Дегенмен өндірістік секторды цифрландыру мәселесі көп 
адамның күдігін тудырып отыр, өйткені олар компьютердің адам орнын басатынына 


 
17 
сенімсіздік танытуда.
«Еуразиялық Топтың» (ERG) еншілес компаниясы ЖШС BTS осы жаздан бастап 
кен өндірісінде жасанды интеллекті қолдана бастады. «Өндірістік интеллект» 
басқармасының басшысы Д.Карбасовтың айтуынша, жасанды интеллект, яғни виртуалды 
датчиктер қазір Ақсу ферроқорытпа зауыты, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік 
бірлестігі мен Қазақстан электролиз зауытында пайдаланылып жатыр. «Еуразиялық топ» 
бұған дейін «Халықтық бақылау» деп аталатын пилоттық жобаны бастаған болатын. Бұл 
жоба аясында Ақтөбе ферроқорытпа зауытында ақылды камералардың көмегімен 
өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылау жүйесі құрылды. Оларды мүмкіндігі шектеулі жандар 
үйде отырып қадағалайды. Компания «бақылаушыларға» тиісті жабдықтарды беріп, 
жаттығулар өткізген. Қазірдің өзінде бұл жоба оң нәтижелерге қол жеткізді: онлайн 
режимде техникалық ақаулықтар анықталып, апатты жағдайлардың алды алынды. 
(216 сөз)
https://inbusiness.kz/kz/news/kazakstannyn-ondiris-salasynda
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет