«Қазақ тілі» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы


  2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет8/25
Дата09.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#464417
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
1 ¦Ю¦и ¦б¦Ю¦з ¦Ъ¦-¦¬¦-TЕTБ¦¦¦¬¦¦ TП¦¬TЛ¦¦ ¦в1 10¦¦¦¬ ¦Х¦Ь¦Э

 


 
13 
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
 
Жиынтық бағалауға шолу 
 
Ұзақтығы: 45 минут
Оқылым – 20 минут
Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі 
Балл саны: 30 
 
Тапсырмалар түрлері 
Көп таңдауы бар сұрақтар 
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар 
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар 
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі - 
тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл 
нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.


 
2-тоқсан. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тап
сыр
ма
Қамтылатын 
мақсаттар 
Тапсырмал
ар түрлері 
Тапсырмалар 
сипаттамасы 
Орындау 
уақыты, 
мин 
Бал
л 

10.1.4.1 - мәтінде 
көтерілген мәселеге 
автор мен 
оқырманның қарым-
қатынасын ескере 
отырып, сұрақтар 
құрастыру және 
бағалау. 
Толық 
жауапты 
қажет ететін 
сұрақтар 
Тапсырма жеке
орындалады. 
Оқушыларға 180-220 
сөзден тұратын 
тақырыпқа қатысты мәтін 
тыңдатылады. Оқушылар 
мәтінді жалпы сыныппен 
бірге (аудио арқылы 
немесе мұғалімнің 
оқуында) тыңдайды.
Тыңдау барысында 
мәтіннің мазмұны, 
көтерілген мәселеге 
автор мен оқырманның 
қатынасы бойынша 
сұрақтар құрастырады. 
Бұл тыңдалым бойынша 
тапсырма жазбаша 
орындалады. Одан кейін 
әр оқушы мұғалімге 
мәтінде көтерілген 
мәселені талдап, баға 
беріп, пікірін жеке-жеке 
ауызша айтады.
Оқушы жауаптары 
қайталанбас үшін 
оқушыларды топқа бөліп, 
әр топқа үлгідегідей әр 
түрлі мәтін тыңдатуға 
болады. 
Тыңдалы
м мен 
айтылым 
сабақтан 
тыс, 
қосымша 
уақытта 
өткізіледі 
(әр білім 
алушыға 
2-3 минут 
беріледі) 
10 
2-4 
10. 2.1.1 - әртүрлі 
графиктік 
мәтіндердегі (кесте, 
диаграмма, 
сызба, 
шартты 
белгі) 
мәліметтерді талдау, 
негізгі 
үрдістерді 
анықтау; 
Көп 
таңдауы 
бар, қысқа 
және толық 
жауапты 
қажет ететін 
сұрақтар 
180-220 сөз көлеміндегі 
мәтін беріледі. Графиктік 
мәтіндердегі 
мәліметтерді оқып, 
мәтіндер мазмұны 
негізінде берілген 
сұрақтарға жауап береді 
және мәтіндердегі 
мәліметтерді анықтап, 
салыстыра талдау 
жасайды, үдерістерді 
сипаттап жазады.
20 
10 

10.3.6.1- жазба 
жұмысын абзац пен 
бөліктерге бөлу, 
ойын (ақпарат, идея) 
дұрыс жүйелеп, 
логикалық және 
Жазбаша 
толық 
жауапты 
қажет ететін 
сұрақтар 
Оқушылар ұсынылған 
тақырып бойынша 150-
180 сөзден тұратын жазба 
жұмысын орындайды.
Жазылым жұмысында 
абзацтар мен бөліктерге 
25 
10 


 
15 
стильдік түзетулер 
енгізу, редакциялау. 
10.4.3.1- белгілі бір 
тақырып аясында 
сөздерді іріктеп, 
түрлендіріп,
талғаммен қолдана 
білу. 
бөліп, ойын логикалық 
тұрғыдан жүйелі жазып, 
тиісті стильді ұстанады. 
Жазып болғасын қайта 
тексеріп, түзетулер 
енгізеді, редакциялайды.
Жазылым барысында 
тақырыпқа сай сөздерді 
іріктеп, түрлендіріп, 
талғаммен қолданылуы 
бағаланады. 
Барлығы 
45 минут 
30 


 
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
2-тарау. Индустрияландыру: ұлттық өндіріс 
 
Тыңдалым мен айтылым 
 
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңда. Тыңдау барысында мәтіннің мазмұны, онда көтерілген мәселеге 
байланысты автор мен оқырманның қатынасы бойынша 2 сұрақ (жазбаша) құрастыр.
2. Мәтінде көтерілген мәселені талдап, баға беріп, пікіріңді білдіре отырып баянда 
(ауызша).
[10] 
 
1-мәтін 
Кез келген елдің экономикасын дамытатын сол елдің төл өнімі екені – дәлелдеусіз-ақ 
түсінікті нәрсе. Ең алдымен өндірілген өнім сол шығарған елдің талабын 
қанағаттандырып, толық қамтамасыз етіп қана қоймай, өзге елдерге шығарылып пайда 
әкелсе ғана өндірісті дамытатыны белгілі.
Елімізде алты автозауыт 9 әлемдік брендтің 167 түрлі жеңіл көлігін құрастырып 
шығарады екен. 2002 жылы құрылған «АЗИЯ АВТО» АҚ қазақстандық автоқұрастыру 
зауыты – Қазақстанда жеңіл автокөлік шығаратын ірі өндіруші. Бұл компания жылына 60 
мың автокөлік жасап шығарады. Қазақстанда отандық деп саналатын алғашқы автокөлік 
2003 жылы шығарылды.
Еліміздегі ең ірі көлік құрастыру зауытының бірі оңтүстік кореялық Hyundai болып 
саналады. Ол 2011 жылдың қаңтарында Алматы қаласында, халықаралық әуежай маңында 
Hyundai маркалы жүк автомобильдері мен автобустарын құрастыратын зауыт ретінде 
ашылды. 
Отандық өнім туралы сөз болғанда, бір қарағанда елімізде ештеңе жасалмай 
жатқандай болып көрінгенімен, зерттеп қараған адамға көп нәрсе белгілі. Кейбірінің тіпті 
әлемдік маңызы бар деуге болады. Мәселен, елімізде өзге елдердің сұранысына орай 
шығарылатын уран таблеткалары, заманауи соғыс құралдарының бірі «Шағала» дроны, 
ковидке қарсы жасаған QazVak вакцинасы секілді жаңалықтар – нағыз мақтаныш етуге 
тұратын отандық өнімдер. Әрине, елімізде жаңалық ашып жатқан ғалымдар, инженерлер, 
әскери мамандар, медиктер аз емес, тек соларды дәріптеп, жаңалықтарын қолдау жағы аз. 
Болашақта осы секілді мәселелер шешімін тапса, Made іn Kazakhstan деген белгісі бар 
брендтердің күллі әлемді аузына қаратуы сөзсіз. (203 сөз) 
https://turkystan.kz/article/153370-el-ekonomikasynyn-kushi-otandyk-onimde/
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет