«Қазақ тілі» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата09.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#464417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
1 ¦Ю¦и ¦б¦Ю¦з ¦Ъ¦-¦¬¦-TЕTБ¦¦¦¬¦¦ TП¦¬TЛ¦¦ ¦в1 10¦¦¦¬ ¦Х¦Ь¦Э

Оқылым
Тапсырма 
1-тарау: Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті.
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап бер.
[10] 
Мәдениет пен өркениет хақында 
Кез келген қоғам өркениетке ие бола алмайды, тек рухани-практикалық биік 
деңгейді игерген, біртұтас, толық қанды қоғам ғана өркениетке ие бола алады. Қоғамдық 
жүйесі қалыптаспаған қоғам өркениетті қалыптастыра алмайды, өйткені ол «әлеуметтік 
денесінің» ғана тұтастығына жетті, ал рух пен тәннің тұтастығына жете алған жоқ. «Ал 
өркениет дегеніміз – ол қоғамдық-рухани мегасистема, ол қоғамдық болмыстың барлық 
сфераларына ықпал жасайды, оған өркениеттік сипат береді, - дейді С.Соколов (Қараңыз; 
«Свободная мысль», 2006, №7-8, 158 б.). 
Профессордың пікірінше, өркениет нендей бір атақты этностың (ұлттың) 
мәдениетінің биік деңгейін көрсетеді, кейін бұл мәдениет басқа халықтарды да рухани-
практикалық жағынан тұтастырып, солардың игілігіне қызмет етеді. Мәселен, ежелгі грек 
мәдениетінің жаңашыл үлгілері (көзқарасы, институттары, қоғамдық болмыс сфералары, 
өмір салты) басқа этностардың ортақ игілігіне айналып, өркениеттік сипат алды. Соның 
нәтижесінде өркениет этностан, ұлттан жоғары тұрып, интеграциялық күшке айналып, 
этникалық және ұлттық оқшауланушылықты болдырмауға көмектеседі. 
Өркениет – үнемі қозғалыстағы феномен. Ол қалыптасу, дәуірлеу, күйреу, жойылу 
немесе басқа өркениетке ұласу кезеңдерін бастан кешіреді. Өркениеттің қалыптасуы 
адамдардың бірқатарының өмір салтын өзгертумен, жаңа құндылықтардың пайда 
болуымен, харизматикалық көсемдердің сахнаға шығуымен және өркениеттік 
доктринаның (қасиетті дін кітаптары, партияның программалары және т.т.) дүниеге 
келуімен басталады. Өрлеу кезеңі – өркениеттің көзқарасы, менталитеті, институттық 
жүйелерінің жақсы жұмыс істеуінің жемісі. Ал күйреу – өркениеттің идеясын 
жақтаушылардың азаюымен бірге келеді. (195 сөз) 
Әбдеш Қалмырзаев, философия ғылымдарының докторы, профессор
1. Мәтіннің ғылыми-көпшілік стильде жазылғандығын дәлелдеу үшін стильдік 
ерекшелігін тауып, тұсына + белгісін қой. 


 
10 
[3] 
2. Мәтінде айтылу мақсатына қарай қандай сөйлемдер жиі қолданылған? Мәтіннен 
мысалдар келтіріп дәлелдеп жаз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ 
[2] 
3. Мәтінде көркем әдеби, публицистикалық стиль және ауызекі сөйлеу элементтері 
кездесе ме? Егер өзге стиль элементтері кездессе, мәтіннен мысалдар келтіріп жаз. 
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ 
[2] 
4. Мәтіндегі 3 терминнің мағынасын түсіндіріп жаз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет