8
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-тарау: Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті.
Тыңдалым мен айтылым
(*Үлгіде екі мәтін ұсынылады. Әр мұғалім сыныптағы оқушы санына орай тақырыпқа
сай мәтін сандарын көбейте алады.)
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шық. Мәтінде көтерілген мәселені талдай отырып, негізгі ойды анықта
және ғаламдық мәселелермен байланыстырып айт. Сөйлеу барысында әуен, әуез, тембр,
қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдануды ескер.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңда. Оның мәтінінің мазмұны, көтерген мәселесі, негізгі ойы
бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қой. [10]
1-мәтін
Құндылықтарға салғырт қарамауымыз керек
Менің ойымша, құндылық – жоғары категория. Адамзат, табиғат,
қарым-қатынас,
көңіл-күй, мәдениет, жан тыныштығы тұтас құндылықты құрайды. Қарапайым тілмен
айтар болсақ – қоршаған орта. Адам баласының жеке басы, денсаулығы, отбасы құндылық
болып есептеледі. Өкінішке қарай, оны жеке түсініп, ой қорытпағаннан кейін
құндылықтармен іс-әрекет қабыспай жатады. Тазалық, ауа, денсаулық құнды, қоршаған
ортадағы барлық дүние құнды. Соны біле тұра қоқыс тастайтындар бар. «Бірінші байлық –
денсаулық» деп жүріп, оған зиянды фаст-фуд тағамдарын тұтынып, алкогольді ішімдіктер
ішіп қоятындар бар. Түйткіл осында.
Үлкен әлеуметтік жүйені, мемлекетті айтар болсақ,
көп жайтқа салғырттық
танытамыз. Мәселен, мегополистердегі экологияның нашарлығы. Сәл биікке көтерілсек,
түтінге жұтылып жатқан қаланы көреміз. Оның денсаулыққа кері әсер беретінін сезінсек
те көз жұма қараймыз. Тіптен бұл – мемлекеттік емес, адамзаттық деңгейдегі жайттар. Не
істемек керек?! Адам құндылықтары мен іс әрекеті бір мүддені көздеуі үшін саналық
деңгейде ой қорытуымыз керек. Сананың өзін үшке бөліп қарастырамыз. Тайпалық-
рулық, ұлттық-мемлекеттік және адамзаттық сана. Мәселен, Абай атамыздың
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дегені – адамзаттық сана деңгейінде айтылған ой.
Ол заманда ру-тайпалық кикілжің, қарым-қатынас кезінде ол кісі адамзаттық сананың
ойын айтты, әрине ешкім қабылдамады. Қазір де сондай ой айтсаң,
сені ұлттан безінген
қылып жіберетіндер табылады. Сондықтан сана өсуі керек. Ал сана қалай өседі? Қоғам өз
қателіктерінен сабақ алғанда ғана сана өседі деп ойлаймын. (199 сөз)
https://turkystan.kz/article/76211-ndyly-y-ym-i-ash-o-am/
2-мәтін
Мәдениетті өмір сүруге деген саналы ұмтылыс – адам табиғатына тән ерекшелік.
Сондықтан да адамзат тарихында орын алған сан алуан қоғамдық құрылыстардан түрлі
деңгейдегі мәдениеттің нышандарын байқауға болады. Десе де, адамның шынайы
мәдениетке қол жеткізуі өз бойындағы адами қасиеттердің мәніне терең бойлап,
мағынасын түсінген кезеңдерде ғана жүзеге асқан.
Өркениетті өнеркәсіптің шарықтап дамуы, ғылыми-технологиялық прогресс, шойын
табанынан шоқ шашыраған жүрдек пойыздар, құс қанаты жетпейтін құрлықаралық ұшақ-
тар, ғарыштық технологиялар, орасан үлкен қалалар мен зәулім ғимараттар, ғаламат су
бөгеттері, алып зауыт-фабрикалар, атомдық станциялар, т.б. деп түсінетіндер де
баршылық. Осындай материалдық игіліктерге қол жеткізген
елдерді өркениет өркешіне
9
шыққан ел ретінде қарастырып жүрміз. Әйтсе де, аталған технологиялық жетістіктер адам
тұрмысын жеңілдетіп, жайлы өмір сүруіне дәнекер болғанымен, адамгершілік
құндылықтармен бір арнада тоғысып, адам өмірінің материалдық-рухани тамырына
бойламайынша өркениеттің негізі бола алмайды.
Өркениет адамдық қадір-қасиет пен қарым-қабілеттің бүршік жарып бой түзеуіне
ыңғайлы жағдай туғызады. Ал адам баласы осындай қолайлы жағдайда адамдық қасиеттер
мен құндылықтарды меңгеріп, жеміс беретін миуа ағашындай жайқала түседі. Осылайша,
адам қоғамда өзіне тиесілі құрметті орнын табады. Адамдағы өркениеттіліктің нышанын
ой-пікір мен сана-сезімнің қазыналы қойнауынан іздеген жөн. Әйтпесе, өркениеттілікті
жанға жайлы кең сарайлар мен шалқыған байлық секілді
тән құмарлығынан, өндіру мен
тұтынуға негізделген нәпсілік көрсеқызарлықтан іздеу бекершілік. (190 сөз)
Фетхуллаһ Гүлен
Достарыңызбен бөлісу: