«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары


Ресми стиль, ауызша , жазбаша түрі, этикасы, прагматикасы мен тактикасын салыстырып анықтаңыз



бет10/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

11. Ресми стиль, ауызша , жазбаша түрі, этикасы, прагматикасы мен тактикасын салыстырып анықтаңыз.
Қанабековадан: Өткен ғасырдың 20-30 жылдарынан қазақ әдеби тілінің әр стильдік жүйесінің: публицистикалық стильдің, көркем әдебиет стилінің, ресми стильдің, ғылыми стильдің сараланып, жекежеке қалыптасып, дами бастағаны әдеби тіл тарихынан белгілі. Сонау XVІІІ ғ. ІІ жартысында негізі қаланған ресми-іскери стиль бүгінде тілі байып, стильдік дәрежесі жетіле түсті, зерттеу нысанына алынып, ғылыми тұрғыдан біршама игерілуде. Ресмиіскери стиль, оның қалыптасу тарихына қатысты ой-тұжырымдар І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Б.Әбілқасымов, Н.Ерғазиева, А.Алдашева, З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменова, С.Ережепова, Л.Дүйсембекова, Б.Әбілмәжінова, А.Дуанбекова, т.б. ғалымдар еңбектерінде негізделіп қарастырылды. Ресми-іскерлік стиль өзге жазба стильдерге қарағанда, ертерек қалыптасты. Оның басты себебі – ол мемлекет өмірінің негізгі санаттарында (сыртқы қарым-қатынас, жеке меншікті бекіту, сауда т. б.) қызмет етті. Келісім-шарт, заңдар, қарыз, мұрагерлік және тағы басқа жазбалар жаңа, ерекше «тілді» қа- лыптастырды. Ол даму, қалыптасу барысында бірқатар өзгерістерге ұшырағанымен, өзінің негізгі белгілерін сақтап қалды. Академик Рәбиға Сыздық қазақ жазба әдеби тілінің ұлттық кезеңіне дейін ресми іс-қағаздар стилі және эпистолярлық (хат-хабарлар) стилі болғанын айта келіп: «Хан жарлықтары, өзге елдермен арадағы қарым-қатынас қағаздары, тарихи шежірелер сияқты жазба дүниелердің қажетін ортаазиялық түркі әдеби дәстүрлеріне негізделген қазақтың ескі әдеби тілі өтеп отырды. Қазақ хандарының канцеляриясы ресми хат-хабарларын, іс-қағаздарын, үкім-жарлықтарын осы тілде жүргізді» – деп жазады. Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 2005, 43-б.
ХХ ғасырда жаңа мемлекеттік құрылым, саяси, құқықтық, шаруашылық қатынастар ресми-іскери стильге бірқатар өзгерістер әкелді. Жеке адамдар, мекемелер арасындағы қатынас, мемлекетаралық қатынас жазбаша құжаттарды, хат, куәлік, тағы басқаларды қажет етті. Бұларда ресми-іскери стиль көрініс тапты. Ресми-іскери құжаттардың тілі – клише, стандарт, шаблон құрылымдардың жиынтығы екенін еске алсақ, өзінің қалыптаса бастаған кезінен бастап іскери стильдің бүгінгі таңда біршама жетілгенін, әрі онда тұрақты сөз орамдарының, стандарт тілдік бірліктердің орныға түскенін байқауға болады: тұрақтанған үлгілердің, қысқартулардың мол болуы, материалдың белгілі бір тәртіппен орналасуы, құжаттың белгілі бір қалып, үлгі бойынша толтырылуы, ақпаратты ықшам да дәл бере отырып, белгілі бір тілдік құрылымдарды орнықтыра түседі. Стилистикаға арналған еңбектерде ресми стильдің екі түрлі қызмет атқаратындығы түсіндіріледі: бірі – информативтік (ақпарат беру) қызмет; екіншісі – волюнтативтік (іске итермелеу) қызмет. Мәселен, анықтама үлгісінде ақпараттық немесе хабар беру қызметі басым көрінсе, бұйрықта бір іске итермелеу не болмаса сол істі орындауға міндеттеу қызметі анық байқалады; ал хаттама құжатында әрі ақпараттық (тыңдалды), әрі бір іске итермелеу (қаулы қабылданды, шешім шығарды) қызметтері қатар жүзеге асады. Стилистика русского языка. Л., 168 б
Ғалым Л.Дүйсембекова «Қазақ ресми іс қағаздары» атты зерттеу еңбегінде: «Іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктердің қалыптасуы мен қолданысы сөздердің грамматикалық тұрғыдан да, стильдік тұрғыдан да қатесіз тіркесуімен тығыз байланысты. Ресми-іс қағаздар стилінің талабы ойды дәл, анық, қысқа, нақты жеткізу болса, онда қолданылатын стандарт тіркестер үшін грамматикалық тұлға мен мазмұнның сәйкестігін сақтау – негізгі талаптардың бірі», – деп жазады. Ресми стильдің үш шағын түрі айқындалып қалыптасқан: - әкімшілік-кеңсе (іс қағаздары) шағын стилі (анықтама, өтініш, өмірбаян, түйіндеме, мінездеме, арыз, хаттама, хабарландыру, бұйрық, жеке іс парағы). Бұдан басқа азаматтық қатынастарды реттейтін сенімхат, қолхат, келісімшарт, тапсырыс қағаздары, еңбек келісімі, т. б. - таза заң шағын стилі (заң, қаулы-қарарлар, жарлық, жарғылар, азаматтық, қылмыстық істер актілері,т.б.); - дипломатиялық шағын стилі (келіссөз, мемлекетаралық шарттар, іскери хат, үндеу, нота, мазмұндама, меморандум, конвенция, т.б.). Ресми-іскери стильдің ауызша түріне түрлі жиналыстардағы, салтанатты мәжілістер мен құрылтайлардағы сөздерді, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің баяндамаларын, жарыссөздерді, мерейтойға байланысты ресми құттықтауларды т.б. жатқызуға болады. Ауызша сөйлеу әсіресе елшілік кездесулерде, мемлекет, мекеме қызметкерлерінің іскерлік қарым-қатынасында маңызды орын алады. Сондай-ақ қазіргі таңда ауызша ресми стиль жанрларының қатарына іскери әңгіме, қызмет бабымен телефонда сөйлесу, жұмыс барысы туралы ауызша есеп беру де жатқызылып жүр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет