Қадір: Е, шырағым, не оқу жоқ, не жұмыс жоқ әдейіленіп сән құрып жүрген бос мойын, бота тіркестер аз ба? Ал саған сауал қойғаным-дүдәмалданып отырғаным ғой
Қадір: Е, шырағым, не оқу жоқ, не жұмыс жоқ әдейіленіп сән құрып жүрген бос мойын, бота тіркестер аз ба? Ал саған сауал қойғаным-дүдәмалданып отырғаным ғой ... . Аман: «Дүдәмал» деген не? Сіз осы непонытый сұрақтарды көп қоясыз. Миымды хомпосар қылмаңыз, онсыз да шаршаған ми. Қадір: Дүдәмал дегеніміз – күмінда ну, секем алу, саған сеніңкіремей отырмын, балам. Аман: Маған қалайша сенбейсіз, ата? Қадір: Саған бір әңгіме айтайын. Баяғыда мен сияқты бір шалдың шалдуар, шатақ қызы болыпты. Қызы бой жетіп, оны күйеуге ұзатып жатқанда анасы егіле жылапты бейшара, ананың аты ана ғой. Әкесі де еңірепті. Қызын ұзатып салған соң оңашада: «Ей, шалым-ау, сен қызыңа мұнша егілмеуші едің ғой» депті ана. Әкесі: «Сен қызың кетті деп жыладың, ал мен болсам қызым қайтып келеді-ау деп жыладым» деген екен. Адам өзін қоршаған ортаға немқұрайлы қарай алмайды: ұнатады немесе жек көреді, риза немесе наразы болады, қуанады, қынжылады, т.т. Өмірді тануда сезім үлкен рөл атқарады, қарым-қатынаста пайда болатын жағымды, жағымсыз сезімдер де сыртқа тіл арқылы шығады. Тіл білімінде осындай мәнге ие сөздерді эмоционалды-экспрессивті сөздер деп атайды.Б.Құлжанова еңбегінде көрсетілгендей, тілші ғалымдар эмоционалды сөздердің барлығында экспрессивті сипаттың жарыса жүретіндігін бір ауыздан мойындайды. Сондықтан мұндай сөздерді эмоционалды-экспрессивті сөздер деп атайды. Алайда соңғы кезде кейбір зерттеушілер эмоционалды сөздерде көңіл күй, ішкі сезім, бағалауыштық қасиет басым болса, таза экспрессивті сөздерде мәнерлілік, көркемдік, әртүрлі рең, өң, әр, суреттілік ерекше байқалатынын пайымдай бастады.
Мәтіннен табылған эмоционалды-экспрессивті сөздер: Қуана қутыңдап Желпініп қалды? Қызара бөртіп? Ойлы көз Балам Шырағым Шалым Бос мойын? Бота тіркестер? Дүдәмал Шалдуар Шатақ Егіле жылапты, егілмеуш едің ғой Бейшара Мәтінде жеке тұрып-ақ эмоционалдық мағына беретін немесе оған атау бола алатын сөздерді байқаймыз: дүдәмал, шалдуар, шатақ, бейшара. Қызық сөзінде логикалық-заттық, эмоционалдық мағынасы жарысып жүреді. Ойлы көз сынды ауыспалы мағынада қолдану арқылы эмоционалдық мән жамылған тіркестер де бар.
Шындық өмірдегі затты, құбылысты, қимыл әрекетті білдіруге қатысы болмағанымен, сөйлем мүшелерімен байланысқа түспегенімен, одағайлар адамның сезімін, көңіл-күйін өз дәрежесінде жеткізе алады.Берілген мәтінде е, ей деген эмоционалды мағынаға ие одағай сөздер кездеседі. Сонымен қатар, әр түрлі еркелету мәнін үстейтін балам, шырағым, шалым деген сөздер де эмоционалды-экспрессивті сөздер тобына жатады.