«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары



бет29/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

Алкебаева: Стиль- тарихи категория. Тарихи көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп, мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функциональдық стильддердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді.
Стиль жазба әдеби тілдің толыққанды орнығу процесінде бірге жасасып, өзінің ғылыми мәніне толық ие бола алады. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсете, ол стилистиканың негізгі ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік белгілерінің нәтижесінде стильдің салалары бөлініп шықты. Стиль- қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық, ғылыми стильдердің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетеді. Бұл функциональдық стильдің экстралингвистикалық факторларға да тәуелді екендігіне байланыстылығына әкеледі. Стиль тілдік құралдардың қалай болса солай тіркескен тобы емес, шартты түрде тұйықталған тобы деген анықтамасының бір тармағына басқаша қарауға тура келеді. Мәселен, белгілі ғалым Р. Сыздықова «Тілдік норманы функционалдық стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталатын сипаты жоғын білу керек. Нормалардың бір функциональдық стильдің өз ішінде ғана емес, азды-көпті стильаралық «ауыспалы тіркестер» жүріп жатады» ,-дейді. Мысалы публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны белгілі стильдердің басты кағидаларының бірі екені оның сол стильге тән лингвистикалық белгілерін толық қамтитын бөлігіне байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді.


15. Тілдік норма туралы ұғым мен стилистикалық норма туралы салыстырып баяндап,шешендік сөз және оның түрлерін бүгінгі публицистикалық стиль түрлерімен арақатынасы туралы ғылыми мәтін құрастырыңыз.
Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты. Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде. Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде Тіл мәдениеті дамиды.
(ХҮІІІ ғасырдағы ағылшынның атақты теңізшісі. Ол оңтүстік материк (Австралия) жағалауын, Үнді мұхитын зерттеп, көптеген аралдар ашты. Кук 1728 жылы Йоркшир ауданында туған. 17 жасында Кук балық аулайтын кемеде шәкірт болып қызмет істейді. , онда қожайынымен келісе алмай, тас көмір таситын Ағалшындардың кемесіне қызметке орналасады. Екі жылда ол белгілі көмірші болды. Кукке Голландиядан, Норвегиядан шәкірттер келіп, одан білім алатын болған. Бұдан кейін Кук Балтық теңізіне жүзіп, Петербургке барады. Оны бұрынғы кеме иесі шақырып алып, кеме командирінің орынбасары етіп тағайындайды. Жеті жылға созылған ағылшын-француз соғысы кезінде Кук өзі сұранып, бір әскери кмеге матрос болып орналасады, бұл кеме командирі Хью Паллиесер еді. Ол білгір матросқа назар аударып, кейіннен оған офицер шенін береді де, она Канаданың Лаврентий өзені бойында француздарға қарсы жүріп жатқан Соғыстарға жібереді. Ол бұл өзеннің тереңдігін өлшеп, кеме жүзуге болатындығын дәлелдейді. Бұл соғыста ағылшындар жеңіп шығады да Кук кемесі 1759-1760 жылдары жағада тұрады. Бұл кезде Кук геометрия, астрономия ғылымдарын үйренеді. 1762 жылы Куктың Ньюфаундленд аралының оңтүстік-шығысын зерттеуге жібереді. Ол бұл жұмысты ойдағыдай орындайды. Сөйтіп, 1764 жылы Ньюфаундленд аралының бас гидрографы болып, мұнда 1767 жылға дейін жұмыс істеді. 1768 жылы Британия империясы оңтүстік материкті зерттеуге экспедиция ұйымдастырды. Жеті жылдық соғыстан кейін Англияның Атлант мұхиты мен Үнді мұхитында үстемдігі басым болды. Ал француз кемелері үлкен экспедиция жіберді. Бұл кезде Тынық мұхитта испан кемелері де жүзе бастаған, өйткені олар жеті жылдық соғыста француздар жағында болып, ағылшындарға қарсы соғысқан болатын. 1768 жылы 20 ақпанда Кук тынық мұхитқа шығып, оны зерттей бастайды. Кук экспедициясында – географ, гидрограф, астроном тағы басқа ғалымдар бар еді. Кук жаңа Зеландия, Австралия жағалауларын тағы да басқа көптеген аралдарды ғылыми тұрғыдан жан жақты зертттеді. Ол ашқандарын картаға түсіріп отырды. Оның кемесі 1771 жылы 12шілдеде Англия жағалауына келіп тоқтайды. 1772 жылы Кук жер шарын айналып шығуға екінші рет аттанады. 1773 жылы 17 ақпанда Кук тұңғыш рет 3935’шығыс бойлықтағы Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. Оңтүстік жарты шар суын зерттеп 58 – 60 градус оңтүстік ендік бойымен 97 – 147 градус шығыс бойлыққа жетті, содан кейін Жаңа Зеландияға келді. Кук тағы да үшінші рет оңтүстік экспедицияға аттанды. 1773 жылы 18 желтоқсанда Ол Антарктида материгіне қарай екінші рет, Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. 67 21′ Оңтүстік ендікте болды. 1774жылы 26 ақпанда Оңтүстік поляр шеңберінен үшінші рет өтіп барып Антарктидаға жақындады. 30 ақпанда ол Антарктидаға жақындап барды, бірақ Д.Кук оны жер шарының алтыншы материгі екенін білмеді, «бұдан әрі жер жоқ, онда адам тұра алмайды» деген оймен Англияға оралды.)
Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:
тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);
этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);
коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
В) Қазақ халқы сөздің құдіретіне табынып, тоқсан ауыз сөзге тобықтай түйін жасаған. Ұшқыр да ұтымды, мағыналы сөздерді негізгі ойдың арқауы еткен. Ел ішіндегі түрлі дау-жанжал, шешімін таппас мәселелерді де осы сөз арқылы, көрегендіктерімен, тапқырлықтарымен шешіп, әділ бағасын беріп отырған.
Бүгінге дейін жалғасын тауып отырған асыл қазынамыз – шешендік сөздер тарихи оқиғаларды, халықтың тұрмыс-салты мен тіршілігін,оның ішінде жер дауы мен жесір дауын, мінез-құлқын, тайға таңба басқандай дәл, әрі шебер, әрі мәнді бейнелеуімен ерекшеленеді.
Шешендік сөз – тілдік, коммуникативтік, философиялық, логикалық, этикалық, психологиялық, тарихи-мәдени т.б. көпқырлы ерекшеліктері бар классикалық формадағы сөз өнері
Бізге мәлім, өнердің бірнеше түрі болса соның бірі – киелі де қасиетті сөз өнері. Шешендік өнер өнердің падишасы ретінде саналған.Римдіктер сөз зергерлерін төрт топқа жүйелеген. Олар: шешендер, философтар, ақындар, тарихшылар. Мысыр, Вавилон, Ассирия,Қытай, Үндістан елдерінде шешендік өнер айрықша дамыған. Осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады.
Атамзаманда адамзаттың рухани болмысының негізгі арналары – риторика мен философия саналған. Әу баста бұл әдебиеттің ми-тамыр жүйесі болып есептелген. Асылы, шешендік өнер және оның теориясы – ұлттық мәдениеттің бөлінбес бөлшегі.
Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі:
1. Саяси тақырыпта сөйлеу.
2. Салтанатты мәслихатта сөйлеу.
3. Сотта сөйлеу.
Саяси тақырыптағы шешендік, алдымен, тыңдаушыларды сендіруге ұмтылады. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушылардың көңілінен шығуға әрекет жасайды. Алдыңғысына тегеурінді күш, соңғысына әсемдік тән. Шынайы шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта әділеттілік пен әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты негізге алады.
Шешендік өнер үш қайнар бұлақтан нәр алып сусындайды. Біріншісі, табиғи қабілет пен дарын, екіншісі, теориялық қисындармен қаруландыру, үшіншісі, тынымсыз, толассыз еңбек, жүйелі жаттығу.
Және де шешендік өнер үш мақсатты көздейді: 1. Сендіру; 2. Рахаттану, ләззатқа бөлеу; 3. Толқытып тебіренту. Риторика 5 бөліктен тұрады: 1) материал іздеп табу, 2) материалдарды орналастыру, жайғастыру, 3) сөзбен уиіндіру, 4) есте сақтау, 5) айта білу шеберлігі. Бірінші бөліктің өзі: а) нақты істер мен ә) жалпы мәселелерге тармақталады. Нақты істер мекен-жайға, уақытқа, кейіпкерлерге қатысты. Жалпы мәселелердің өзі теориялық және іс-тәжірибелік болып бұтақталады. Екінші бөлік бес қабаттан тұрады: 1) кіріспе, 2) мазмұндау, 3) тақырыпты айқындау, 4) дәйектемелер, 5) түйіндеме.
1. Кіріспеде негізгі мәселенің мәнін түсіндіру, тыңдаушылардың ынта-зейінін аудару, көңіл-күйін бөлісу қарастырылады.
2. Мазмұндамада пән туралы сатылап әңгімелеленеді. Мазмұндамаға анықтық, қысқалық, шындыққа сәйкестік тән.
3. Көркем тіл саласында а) тілдің грамматикалық және лексикалық нормасын мұқият дұрыс сақтау, ә) сөзді жалпыхалықтық мәнде, сонан соң табиғи тіркесімді бұзбай қолдану, б) асқақ һәм құбылыстарға лайық өзіндік стиль таңдау, в) көркем тілдің әуезділігі мен суреттілігі, мұның өзі екіге бұтақталады: 1) асқақтық пен 2) жағымдылық.
– Ыбырай Алтынсарин. Ол өзінің Қазақ хрестоматиясына, Ізбасты, Байұлы, Жәнібек батыр, Жиренше шешен дейтін тапқырлық-шешендік сөздерін енгізіп, оларды оқуға ұсынды.
Осы сияқты қазақтың шешендік-тапқырлық сөздерінің алғашқы қағазға түскен нұсқаларын А.Васильевтің, А.Диваевтың, М.Көпеевтің т.б. қолжазбаларынан, кейбір мерзімді баспасөздердің беттерінен кездестіруге болады. Алайда революцияға дейін шешендік сөздер арнайы жиналған да, зерттелген де емес. Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде бөле зерттеуді М.Әуезовтің жиырмасыншы жылдардағы еңбектерінен кездестіреміз. Шешендік сөздердің қайсысы қай уақытта шығып, қалай қалыптасқанын кесіп-пішіп айту қиын. Біз білетін қазақ шешендерінің атасы Жиренше шешен және ел аузында сақталған шешендік сөздердің ең көнесі де Жиренше атымен байланысты сөздер.
Публицистикалық стильдің шағын түрлері: саяси-насихаттық шағын публицистикалық стилі; таза публицистикалық шағын стилі; газет шағын публицистикалық стилі; газет тілінің өз ішіндегі жүктелетіндігі (бас мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, т.б.)
Публицистикалық стиль (бұқаралық ақпарат құралдарының тілі) – функционалдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль қоғамдық өмірдің алуан саласында, саяси, мәдени экономикалық қарым-қатынастарды көрсетуге қызмет етеді. Публицистикалық стильдің екінші бір ерекшелігі бар: ол – ұлттық әдеби тілдің толығуына зор ықпал етеді әрі әдеби тілдің лексикалық- грамматикалық жүйелеріндегі даму ерекшеліктерін көрсете алады.
Публицистикалық стильге газет, журнал, радио, теледидар, деректі фильмдер тілі жатады.
Публицистикалық стильдің тақырыптық диапазоны өте кең: саясат, идеология, философия, экономика, мәдениет, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің проблемалары, қазіргі уақыттың кезектегі міндеттері, ағымдағы саясат мәселелері, әлемдегі, қоғамдағы жаңалықтар мен өзгерістер (публицистиканы “қазіргі кезең жылнамалары” деп бекер айтпайды) т.б.
Публицистикалық стильдің негізгі мақсаты өмірдегі оқиғалар мен фактілерді бағалау, философиялық дүниетанымдық көзқарас тұрғысынан пайымдау мен түйін жасау болып табылады.
Публицистикалық стиль тілдің екі қызметін атқарады, бірі – хабар беру, екіншісі ықпал ету. Тілдің екі қызметі, ортақ прагматикалық “әрекеті” публицистикалық стиль тілдің құрылымдық жүйесінің ерекшелігін құрайды.
Публицистикалық стильдің хабарлама функциясы тілдің құрылымдық жүйесінің, бейтарап сөздердің қабатын құрайды. Олар – ұлттық тілдің сөз байлығы, стандарт сөздердің лексикалық қатарлар тізбегі. Мәдени коммуникацияда стилистикалық амал-тәсілдер хабарлама жеткізу үшін ауызша және жазбаша тілмен берілетін шығарманың стилистикалық нормасы жасалу қажеттігі бірінші орынға қойылады. Тілдің стилистикалық әсер ету және прагматикалық мақсат ету функциясынан концептуалды сөздер (бағалаушы лексика), көркемдік тәсіл, сөйлем құрамы, сөйлемдердің компоненттерінің құрылымдық ерекшеліктері айқындалып отырады. Хабарламалық және әсер ету функциясының өзара ортақ қызмет бірлігінен сөздің экспрессивтігі және стандартты сөз үлгілері публицистикалық стильдің негізгі стильдік базасын құрайды, оның жазылуын тездетеді және қоғамдық қызметінің әмбебаптық ролін арттырады.
3-ші блок


1. Берілген мәтін қай стильге жатады, оны анықтап әдеби тілдік норма, лексикасы, грамматикасы, жанрлары, прагмастилистикалық аспектілеріне осы стильдің өзіне тән стилистикалық ерекшеліктеріне таладу жасаңыз. Жалпы , сан ұғымы мұнымен шектеліп қана қоймайды , сандар өте көп әрі шексіз. Рационал сандар жиынына бүтін сандар , оң бөлшек және теріс бөлшек сандар жататыны белгілі. Кез келген рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшекпен жазуға болады. Шектеусіз периодсыз ондық бөлшек түрінде өрнектелген санды иррационал сандар деп атайды. Рационал және иррационал сандар жиындарын нақты сандар жиыны құрайды. Иррационал сандарға және тағы басқа сандар жиынына алдағы уақыттарда толығырақ тоқталып осы баяндаманы әрі қарай жалғастырамыз деген мақсаттамыз.
Жіберген жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет