«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары


Сөз экологиясы және сөз мәдениеті туралы, тіл саясатының қазіргі сөз мәдениетіне ықпалы атты мақала жаз



бет38/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

28. Сөз экологиясы және сөз мәдениеті туралы, тіл саясатының қазіргі сөз мәдениетіне ықпалы атты мақала жаз.
Бүгінгі уақытта сөз экологиясы мəселесінің қоғамда орын тебуі экстралингвистикалық факторлардың əсерінен көкейкестілігі күрделене түсуде. Бұл мəселе тек қазақ тіліне ғана тəн құбылыс деп айтуға болмайды. Бұл мəселе тіпті дамыған, мемлекеттік статусы əлемдік дəрежеде мойындалған тілдерге де тəн.
Саяси-экономикалық, саяси-əлеуметтік жағдайлар, қазіргі қоғамдық, саяси – идеологиялық міндеттердің сипаты, мəдени-тарихи құндылықтарды бағамдау мəселесі, əлеуметтік топтардың əлеуметтік-психологиялық жағдайлары, этнопсихологиялық үрдістер т.б. толып жатқан тілден тыс тұратын факторлардың сөз экологиясының дамуына, өсуіне, керісінше, тоқталуына немесе тұрақтанып қалуына белгілі дəрежеде үлкен ықпал етіп отырады. Сондықтан тілдің толып жатқан мəселелерін экологиялық тұрғыдан қарастыра отырып анықтаудың мəні айрықша.
Сөз экологиясы дегеніміз – ойлау-сөйлеу мəдениеті, сөйлеу тəртібі, лингвистикалық дəстүрге тəрбиелеу, ұлттық тілді қорғау жəне «тазалау», ұлттық тілді меңгеру, сөз сапасын арттыру, функционалды стильдердегі байланыстарды сақтау, сөз эстетикасының жолдарын анықтау деген ұғым түсініктердің кешенді мəселелерін қарастырады.
Сөзтану ғылымының əрі сөз мəдениетінің негізгі қағидаларын толық орнықтыру бүгінде қазақ тілі ғылымында сөз экологиясы мəселесімен тығыз байланысты. Сондықтан сөз экологиясы деген сөз ауызға ілінгенде астарына, қыры мен сырына тереңірек үңілгенде оның зерттелінер бағыты, мақсаты мен міндеті өте көкейкесті екені бірден байқалады. Лингвистикалық экология туралы басқа ұлт тілдерінде көкейкесті мəселе көтерілуде, осыдан келіп «неге?» деген қисынды сұрақ туындайды. Басқа ұлт тілдерінде мемлекеттік тілге қысым көрсетілмеген, ұлт тілінің мемлекеттік статусы толық сақталған, ұлттың тілге қоғамдағы əлеуметтік топтардың саналы көзқарасы толық орныққан, олардың өз мемлекеттерінде ұлт тілінде мектеп ашу, балабақша ашу мəселесі туралы сөз де қозғалмайды. Бірақ тіл жанды құбылыс болғандықтан, оның өмір сүруіне кедергі келтіретін құбылыс, əрекеттер барлық ұлт тіліне төнетін қауіп екені шындық. Ал, қазақ тілінің бүгінгі жағдайына келетін болсақ, сөз экологиясы туралы мəселелерді, факторларды анықтап береді, сондықтан Қазақстан Республикасындағы қазақ мемлекеттік ұлттық тіліне қатысты бұл мəселе əлдеқайда күрделі.
Сөз экологиясының көптеген қоғамдық – əлеуметтік жəне саяси жағдайлармен байланыстылығы басты назарға алынып отырады. Сөз экологиясының тууына немесе оған қолайлы жағдай туғызуына себепкер – тілдік саясат мəселесі. Тілдік саясат дегеніміз не?
Тілдік саясат дегеніміз – белгілі мемлекет немесе коғамдағы тілдік мəселелерді шешудің практика-лық шаралары мен идеологиялық ұстанымдарының жиынтығы. Тіл саясаты кейбір мемле-кеттердің ғылыми əдебиеттерінде «тілдік жоспарлау» деп аталынады.Қазақстан халықтары Ассамблеясында Н.Назарбаев: «қоғамда біздің тіл саясатымыздың мəнін тереңірек жəне дəлірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі», – деген еді. Тіл саясатының өзегі, яғни, орталық кіндігі болып табылатын тіл саясатын қазақ елі үлкен тарихи кезеңдермен өткізді. Атап айтсақ, 1921 жылғы 2 ақпанда Қазақстан автономиясы халық комиссарлар кеңесінің 10 тармақтан тұратын деректері (мемлекеттік мекемелерде қостілділік жүйені сақтау), 1923 жылдың 23 қарашасында құжат, 1924 жылғы, 1958 жылғы республика Министрлер Кеңесі қабылданған ережелер, 1989 жылғы 22қыркүйектегі құжаттар жəне т.б. бұған дəлел бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет