22. Мәтін қай стилистикалық категорияға жатады? Лондон мешітінің бас имамы Мирза Тахир Ахмад дүниеден озғалы он жыл өтті. Мен ол кісінің жазған кітаптарының бәрін оқыдым. Өлерінің алдында жазған «Ислам отвечает на вопросы совремменности»кітабынан «Аманат»журналынан да басқанмын. Бабур бабамыздың ұрпағы осал аадам бола ма екен? Стилистикалық категориялардың қатарына бағалау категориясы, акценттік категория, гипотезиялық категория, диалогтік категория, «автор бейнесі» категориясы, мəтін категориясы, т.б. жатады. Акценттік категория (баса көңіл аударатын) – мəтіндік категориялардың бірі. Акценттік категория концептуалды тілдік бірліктердің мағыналық жақтан көңіл аударуын қажет етеді, адресат автордың көзқарасына көз жеткізу сенімділігін көрсетеді, сол арқылы қабылдаушы мен тыңдаушының ортақ түсінікке ие болуын қамтамасыз етеді. Адресант өзінің басты мəтіндік мəліметінің ақиқатына тыңдаушының көзін жеткізеді. Мəтіндік акценттік категорияны реттеудің тəсілдері сөздің стилистикалық қызметіне байланысты əрі соған тікелей тəуелді. Мысалы, Ахаң – біз үшін əлі оқылмаған дастан (Ə. Қайдар). Ана тілі Ахаң түрлеген сайын шынында да түрлене түсті (З. Қабдолов). Гипотезиялық категория сөздің стильдік аспектілерінде пайдаланылады, бірақ оны барлық мəтінге қатысты деп айтуға болмайды, тек ғылыми мəтінге ғана тəн. Ендеше гипотезиялық категория ғылыми стильдің жəне көркем əдебиет стилінің кейбір жанрларына тəн (атап айтқанда, фантастикалық шығармаларға). Бұл категорияның экстралингвистикалық негізі ғылыми танымның өзіндік ерекшелігіне жəне ойлау үдерісіне байланысты болса, фантастикалық шығармаларда қиял сияқты сезімнің ерекше сəтінен туындайды. Гипотеза – білім формаларының бірі жəне жаңа білімнің өндірістегі үдерісінің таным əдісі ретінде көрінеді. Гипотезияны жаңа ғылыми көзқарастардың синонимі ретінде алуға болады. Гипотезиялық категория ғылыми стильдің барлық жанрларында кездеседі. Гипотезиялық құбылыс мəтіннің «гипотеза-болжам» деп аталатын өрісінде номинативтік атау ретінде байқалады. Олардың қатарына жататындар: идея, жорамал, болжам, долбар, ниет, тапқырлық, күдік, алдын ала болжау, ықтималдық теориясы сияқты, бəлкім, сондай-ақ модаль сөздер, шылаулар, қыстырма сөздер қатысып отырады: демек, алайда, əйтсе де, егер де, олай болса т.б. Гипотезиялық категориялардың грамматикасы көбінесе шартты рай тұлғаларымен, келер шақ, етістік формаларымен келеді. Ғылыми мəтінде олар бір-бірінен бөлшектенбей, бірлескен, маркерленген сөздер жиынтығы ретінде кездеседі. Гипотезиялық категорияның негізгі орталық өрісінде сұрақ- жауап топтамалары, проблемалық сұрақтар мен тізбектелген сұраулы сөйлемдер, синтаксистік конструкциялар бағыныңқы сөйлеммен аяқталып отырады. Стилистикалық категорияның тағы бір саласы – «бағалауыштық». Бағалауыштық – философиялық-əлеуметтік əдебиеттерде кең қолданылатын термин ретінде философиялық категорияның құрамында айтылады. Кез келген ғылыми мəтін оқырманның атынан «бағалау» тұрғысынан қаралмаса, оның мамандықты керек ететін ғылыми білімі негізделмейді. Бұл арада мынаған айрықша мəн беру керек, автордың өз сенімділігіне көп нəрсе байланысты. Оқырманның объектіге қарым-қатынасы белгілі бағалау тұрғысынан айқындалады. Егер ғылыми стильде автор өзінің зерттеуіне сенімді болса, онда тыңдаушы тұрғысынан толық бағалана алады. Стилистикалық категориялардың қатарына жататын бағалау категориясындағы модальдық өріс элементтерінің бірі – субъект, объект жəне предикат. Субъект – бұл жеке тұлға немесе социум, бағалау объектісі – тұлға, зат, т.б. Ғылыми стильде бағалау категориясы ғылыми рецензияда жан-жақты көрінеді. Олар жалпы аксиологиялық баға, ментальді баға, тəжірибелік баға (нормаға сəйкес келуі) жəне эмоционалды баға беру, т.б. деп бөлінеді. Ғылыми стильдегі бағалаудың түрлері: – аксиологиялық баға: тамаша идея, жоғары деңгей, ғажайып үлгі; – ментальді баға: маңызды үлес, рационалды ыңғай; – тəжірибелік баға: ұтымды классификация, (нормаға сəйкес), академиялық еңбек; – ғалымды бағалау: үлкен ғалым, білікті маман, жоғары білікті маман. Ғылыми стильде бағалау категориясының қатарына жағымды бағалау лексикасы жатады: (жоғары сатыға көтерілген, дұрыс қорытынды жасалынған, рационалды (ұтымды қолданыс), нəтижелілік, алдыңғы қатарлы, қанағаттанарлық), т.б. Бағалау сипатына жағымсыз бағалаушы лексикалар да кіреді: диспропорция, кешірілмейтін, жарамайтын, дəлелсіз, қисынсыз. Ғылыми мəтінде рационалды-бағалаушы коннотациялар да көптеп кездеседі: жоспарлы даму, икемді құрылым, т.б. Ғылыми стиль мен ресми стильде бағалаушы тілдік бірліктер іс жүргізу мен ғылыми мəтінді құраудың тəжірибесі арқылы белгіленеді, олардың қатарына көбінесе клише – стандартты құрылымдар қатысады: толық қанағаттанарлық, түбегейлі жақсарту, аса қанағаттанарлық, т.б. Ресми стильдің кейбір жанрларында заң, бағдарлама, ереже, келісім, т.б. бағалау категориясы ашық түрде жазылып, адресат жазылған мəтіннен ресми стильдің негізгі мазмұнын қабылдау үшін прагмастилистикалық бағдар жасай алады. Публицистикалық стильде бағалау категориясы əлеуметтік болып саналады. Публицистикалық стильде бағалау категориясы полемика, теледебат, прения сияқты бұқаралық-ақпараттық жанрларда жиі кездеседі. Ауызекі сөйлеу стиліне рационалды, объективті-логикалық бағалау тəн емес. Ауызекі сөйлеу стилінде бағалау интонациямен, эмоционалды, одағай сөздермен, эмоционалды-экспрессивті лексикамен, т.б. бейнелі сөздермен келеді: сұмдық, қорқынышты, өте жаман, жаман-жақсы, қатты мақтайды, өлердей сұлу, т.б. Кейде ол сол, сондай деген есімдіктермен қосылып айтылады: сондай сұлу, сондай ақылды, сондай білгіш, сондай жолы болғыш. Ауызекі сөйлеуде бағалау категориясы жаргон сөздермен де айтылады. Көркем əдебиет стиліне де рационалды, логикалық-объективті бағалау категориясы тəн емес. Көркем əдебиет стилінде бейтарап лексика да бағалау коннотациясымен жиі көрінеді. Стилистикалық категориялардың қатарына автор бейнесі категориясы жатады. «Автор образы» категориясы жазушының өз дəуірінің əдеби тіліне, оны түсініп сезінуіне, поэтикалық сөз өрнектеріне деген қарым-қатынасына тікелей қатысты. В.В. Виноградов автор образы категориясын диахрондық жəне синхрондық жүйеде өз замандастарының шығармашылық əлемімен салыстыра зерттеуді айтады. Қазіргі қазақ стилистикасында автор бейнесі категориясын келешекте жаһандану үдерісімен жан-жақты талдап оқытуды талап етеді. Мәтін бағалауыштық категорияға жатады.Дүниеден озған имам Мирза Тахир Ахмадтың өзін және кітабын бағалап тұр.Кітаптарының керемет , жоғары деңгейде жазылғанын «кітаптарының бәрін оқыдым»деген жолдан анық байқай аламыз.Ал бас имамның өзін «Бабур бабамыздың ұрпағы осал адам бола ма екен?» деген сұраулы сөйлем арқылы жеткізіп тұр.Яғни ол кісінің тегін адам емес ұлы тұлға екендігін меңзеп тұр.