Қатарыменстол қойылып, оған «маман» оқушылар орналасады. Куверткалар ескерілу керек. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп отырады. Модератор – жүргізуші, сөз беріп отырады.
ПОПС- формула
ПОПС –формуласы
(1.Позиция, 2.Объяснение, 3.Пример, 4.Суждение)
1. «Мен балаларды шетелдіктерге беруге қарсымын....»
2.«Себебі балалар –біздің болашағымыз….біз - санымыз аз халықпыз…»
4. «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...Балалар өз елімізде тәрбиеленуі керек…»
Тақырыптар: 12 жылдық білім беру
Метептегі жаңашылдықтар
Шетелдіктердің жұмыс істеуі
Түнгі клубтарға тыйым салу
Қазіргі кезеңде бизнестің қандай түрі тиімді?
Отбасында нашақор баласы бар ата-аналарға қалай көмектесуге болады?
Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз не?
Туристерді елімізге қалай қызықтыруға болады?
Мектепте оқушылармен қандай шығармашылық топтар құруға болады?
Ми шабуылы
Мақсаты - мәселені шешу үшін аз уақыт ішінде жеткілікті ұсыныстар жинау.
Алгоритмі:
Мұнда бір топ идеяларды тудырушы (генераторлар) болса, екінші топ – сараптау тобы. 20-40 минут идеялар жинақталады;
Екі кезеңнен тұрады:
1) оқушылардың белгіленген мәселелер жөніндегі ойлары мен идеяларын жинақтау;
2) идеяларды “сарапшы” тобының талдауы, негізгі ойлардың іріктелуі;
(дауысты шығармау -лайк, дизлайк)
Ереже: - пікірлер сыналмайды, - әртүрлі мазмұндағы пікірлер неғұрлым көп болса, соғұрлым мақсатты айқындау мүмкіндігі мол болады, идеяларды мақтап-мадақтап отырады.