Аймария (қ-а). Закияның Аймария мен Әбілтайы мектепте оқиды, кішкентай Арыстаны қолда
(Т. Ысқақов).
Мария. Мәрия. Мария мәз болып, сыңғырлай күлді («Жалын»). Жазушылар кеп тұрады кезек-кезек, Сәбит, Мұхтар, Мәрия жыл құстай боп (К. Әзірбаев).
Мәрияш (а-қ) — Мария есімінің еркелете айтылу түрі. Мәрияш келген кісілерге қымыз құйды
(«Л. Ж».).
مزيد (мазид — арту, көбею, қосылу). Мәзит. Ақтыға қол қойып жатқанда, сиыр күтуші Мәзит ту ала сиырдың құйрығындағы жүрген ала жіпті шешіп әкелді (Ғ. Мүсірепов).
مساعد (муса ‘ид — жәрдемші, көмекші; ыңғайлы). Мұсағыт. Ей, сендер Мұсағыттың өлең айтқанын есіттіңдер ме?— деді (І. Жансүгіров).
Мұсайыт, Мүсәйіт. Мұсайытқа көрші Рабиға апаның үйіне түссең,—деді Жампейіс (С. Мұқанов).
مسافر (мусафир — 1) саяхатшы, жиһанкез, жолаушы; 2) қонақ, мейман; 3) ауыс. бейшара). Мүсәпір. Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббатындағы» Мүсәпір... («Қ. Ә».).
مسالم (мусалим — 1) бейбітшіл; 2) шапқатты; 3) ымырашыл). Мұсалим. Маған Ұлы Отан соғысына қатысқан әрбір қарапайым азамат батыр сияқты көрінеді. Жуырда сондай ардагерлердің бірі Хисмет Масалимовтың (дұрысы Мұсалимовтың — Н. О.) жауынгерлік жолы туралы әңгімесін қызыға тыңдадым (Ж. Садықов).
مستقيم (мустақим — 1) тура, түзу, тегіс; 2) ақиқат, рас, шын; 3) әділ, адал, таза). Мұстақым, Мұстахым. Мұстақым Малдыбаев — революциядан бұрын басылып шыққан оқулықтың авторы
(«Қ. С. Э».). Мұстахым бізге әр қаулыға жеке карточка ашылатынын айтты (С. Абрахманов).
مستورة (мастура — адал). Мәстура. Мәстура мен Пәрманның махаббаты трагедиямен аяқталады («Қ. Ә. Т».). Мәстура сынды періштедей қыз тудым,— деді Зейнеп (Ә. Тәжібаев).
مسجد (масжид — мешіт). Мешітбай (а-қ). Мінезі Мешітбайдың шадыр келді, Айқайлап ақын салды сарынды әнді (К. Әзірбаев).
Мешітқұл (а-қ). Мешітқұлға сауғызып алты бие, Қатар жүр сусын тасып екі бала (К. Әзірбаев).
مسعود (мас уд — бақытты). Масғұт. Мен баратын болыстың жұмысын тәртіпке қою жөнінде жәрдем көрсету үшін, ояздық Ревком қасыма Әбутәліп Масғұтов деген инструкторын қосты (С. Мұқанов).
مسلم (муслим — мұсылман). Мүсілім. Мүсілім — әңгіме тыңдауға құмар жан («Л. Ж».).
Мүсілімхан (а-қ). Бұл бір Мүсілімхан үшін куанышты күндер еді («Жалын»).
مسلمة (муслима — мұсылман әйел). Мүслима, Мүсілима, Муслима. Өз басыңа ие бол, балам. Араласпа бұлардың шатағына,— деді Мүслима (Ә. Тәжібаев). Қарт анасы — Муслима, қарындасы — Хәкима... Бәрінің қуат жүрегі, Төлеген ер ед тірегі (Н. Баймұратов). Бұл Мүсілима үшін күтпеген сұрақ болды («Л. Ж».).
مشاق (машақ — қиындық, ауыртпалық). Машақ. Машақов Сәду (Сәдуақас) Қалиұлы — қазақ ақыны («Қ. С. Э».).
مشائق (машаик — ақсақалдар, басшылар, рухани көсемдер; ғалымдар, ұстаздар). Машайық. Контордағылар Машайықов келеді деп ала шапқын («Жалын»).
مشتاق (муштақ — аса ынтызар болушы, аңсаушы, құмартушы). Мұштақ. Ғ. Мұштақов— 1911 жылы Уфада басылып шыққан «Тумыш» атты оқулықтың авторы («Қ. С. Э».).
Маштақ. Маштақ және басқалар әмәнда көш бастаушы болады («Л. Ж».).
Мұстақ. Аршабай шаршамай, Арызын бастыққа берді, Бастық басбухқа берді, Басбух — хатшы Мұстаққа берді, Мұстақ — шкафқа берді. Шкаф — тышқанға берді, Арыз қызығын тышқан көрді
(Шона Смаханұлы).
مشرب (машраб — бейімділік, мінез-құлық; дәм). Машырап, Машірап. Машырап дуана Хорезм падишасының қолынан қаза тапты (О. Постанов). Мәшірап, Айқожа, басқа содыр-сойқандарын айдап салады (С. Ләмбеков).
مشهود (машһуд— 1) ұмытылмас, ұмытылмайтын, есте қаларлық; 2) назар аударарлық). Машғұт. Күлман Сатиева, Мейрамгүл Машғутовалар да Ботакөз дауысына үн қосқандар (Б. Ырғызбаев).
مشهور (машһур — 1) белгілі, әйгілі, даңқты, атақты). Мәшһүр. Мәшһүр көзі жеткен шындығын айтады, өресі жетпесіне өлсе де жоламайды (Д. Әбілев).
Машур. Ғайникамал Байқошқарова, Рахима Машурова, т. б. айтуға болады (М. Өтекешова).
مشهور يوسف (машһур иусуф; машһур — қар. مشهور; иусуф — қар. يوسف ) — б. т. е. Мәшһүр + иусуф: Мәшһүр-Жүсіп. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев (1857-1931) — қазақ ақыны, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы («Қ. С. Э».).
مشى (маши — жүріс, жүру). Мәшібай (а-қ). Мәшібай күндегі жұмысын атқарып жүр («Л. Ж».).
مصر (миср — 1) үлкен қала, үлкен қаланың теңеуі; астана; 2) ауыс. нұр жауған, берекелі, жарылқаған өлке). Мысыр. Радист Орынкеш Мысырова сияқты көптеген қаһарман қазақ қыздары Отан үшін жанқиярлықпен шайқасты (Е. Ыбыраев).
مصرف (мусриф — 1) шашқыш, ысырапшыл; 2) кассир; 3) мөлшерден шыққан). Мүсіреп. Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы — қазақ жазушысы, қоғам қайраткері («Қ. С. Э».).
مصطفى (мустафа — 1) таңдалған, сайлап алынған; 2) жалқы есім). Мұстафа, Мустапа. Мұстафин Ғабиден — қазақ жазушысы, қоғам қайраткері... («Қ. С. Э».). Қолында тәспі, қасында Қадиша, Мұстапа шықты үйден (Ғ. Мұстафин).
مصيب (мусиб — дұрыс, түзу, дәл, тура, шындыққа лайықты). Мүсіп. Төңіректі басына көтерген Мүсіп екен («Жалын»).
مطالب (муталиб — 1) өндіруші (қарызды); талап етуші, талапкер, үміткер). Мүтәліп. Мүтәліп екеуі шүйіркелесе кетті («Л. Ж».).
مظفر (музаффар — жеңуші, жеңімпаз). Мұзаффар. Мұзаффардың егістікке асығып келе жатқан беті екен («Л. Ж».).
Мұзафар, Мұзапар.— Жоқ. Сөйлескен емес,— деді Мұзапар («Қ. Ә».). Әлімбаев Мұзафар — қазақ ақыны, публицист, аудармашы («Қ. С. Э».). Өлеңіне елі ғашық, өлеңді өзі де ғашық жарындай сүйетін лирик — Мұзафар (Т. Молдағалиев).
معاش (ма ‘аш — 1) өмір, тұрмыс; 2) өмір сүру үшін қаражат; 3) еңбек ақы, пенсия). Мағаш. Maғаш, шалқи бер, Не десең де сөгем бе? (Абай).
Мақаш. Асудағы Мақаштың қыстауына кешкі апақ-сапақта жетті («Жұлдыз»).
Мақашбай (а-қ). «Тоғыз тарауға» ұқсас әсерлі күйдің жазылып алынбағаны өкініш. Осы сарындас бір күйді Шолаққорғанда тұратын Мақашбай тартады (Т. Әлімқұлов).
Мақашбек (а-қ). Колоннаны орта жолдан Мақашбек қарсы алды («Л. Ж».).
معاملة (му амала — іс, келісім, бітім, шарт). Мәмилә. Мәмилә да жүзі албырап, Асанбайының иығына артыла келіп тұрды (С. Әдетов).
معاوية (муауииа— жалқы есім). Мағауия. Мағауия Абайұлы Құнанбаев (1870-1904) — қазақ ақыны, қазақ әдебиетінің классигі Абайдың баласы («Қ. Э. Т».).
معدن (ма дан — 1) геол. кен орны, рудник, шахта; 2) металл; 3) минерал). Мадан. Ақырында, Мадан хан ұтылады да, айыбын мойнына алып, Аяз бидің алдына бас иеді (М. Ғабдуллин).
معرفة (ма рифа — 1) ғылым, білім, мағлұмат; өнертану; 2) ағарту, оқу, білім беру). Мағрифа, Мағрипа. О не, aпa,— деді Мағрифа басын көтеріп (Р. Тоқтаров). Мағрипа құрбыларымен бірге мемлекеттік емтихандарды түгелдей сәтті тапсырып шықты (М. Қасенов).
Мағыш (а-қ). Ал, Мағышқа осы жазда үміт беріп, серт байласып кет (М. Әуезов).
معزة (ма азза — сүйіспеншілік, махаббат, көңіл ауу, ұнату). Мағаз. Толыбаев Мұрат Мағазұлы (1904-67) — қазақ әншісі («Қ. С. Э».).
معزوم (мае зум — шақырылған; қонақ, мейман). Мағзом. Сүндетов Мағзом Бижанұлы — қазақ жазушысы («Қ. С. Э».). Мағзұм. Мағзұм қинала отырып осылай деді («Жалын»).
Мағзұмбек (а-қ). Ұйқылы-ояу отырған Мағзұмбек селк ете түсті («Л. Ж».).
معصوم (ма сум — 1) сақталатын, қол сұқпайтын; 2) таза, күнәсіз; қателеспейтін, жаңылыспайтын; 3) айыпсыз). Мақсым. Ескінің көзіндей, ерліктің ескерткішіндей тарихи мекен-жайларды көздің қарашығындай сақтап, оны жете насихаттағанымыз абзал,— дейді Мақсым. («Қ. Ә».).
Мәсім. Артымызда шоқаңдап Мәсім келеді («Жалын»).
Мәсімхан (а-қ). Мәсімхан орнына отыра салып, жұмысқа қызу кірісіп кетті («Қ. Ә».).
معقول (ма құл — 1) ақылды, есті; қисынды, орынды, қонымды, келісімді; 2) саналы, түсінгіш). Мақұлбай (а-қ). Үйге иығында сулық орамалы, қолында легені мен құманы бар Мақұлбай енді
(Т. Дәуренбеков).
Мақұлбек (а-қ). Мақұлбек қияға беттей, аң аулай кетті (Д. Досжанов).
معلم (му аллим — 1) оқытушы; 2) ұста; ұстаз, шебер).
Мұғалімбай (а-қ). Мұғалімбай баласының оянуын күтіп отыр («Жұлдыз»).
معلمة(аллима — оқытушы әйел). Мұғалима. Мұғалиманың орманнан қайтқандағы ермегі - ағаш басындағы ақ тиіндерді санау... («Жалын»).
معلوم (ма лум — белгілі, анық). Мәлім.— Үйлену оңай, үй болу қиын ғой,— деймін мен, белгілі нақылшы Мәлімнің сөзін қайталап (Ә. Нұршайықов).
Мәлімбай (а-қ). Тоғыздың төртеуі бір семьядан екен. Олар — Мәлімбаевтар (Ж. Молдағалиев).
Мәлімбек (а-қ). Қартайғанда қатарым ақын болсын, Хат жазып, хабарласар жақын болсын. Атаңда ақын, әнші болмаушы еді, Талабың Мәлімбек мақұл болсын (К. Әзірбаев).
معمور (ма мур — гүлденген). Мағмұр. Мағмұр шыңылтыр аязды күні жол жүрді («Жалын»).
مغنى (муғанни — 1) әнші, өлеңші, жыршы; 2) музыкант). Мұғни. Мұғни жас кезінде көргендерін қаз қалпында тізе беріпті (Қ. Исабаев).
مفتوحة (мафтуха — 1) ашық, ашылған; 2) жеңіп, жаулап алынған (жер, ел); 3) ауыс. табыс, тартыспен жеткен табыс). Мафтуха. Жеңгейдің аты Мафтуха боп шықты (С. Мұқанов).
مفتى (муфти — мүфти). Муфти. Лейтенант Муфтиев гүлденген жас бақтың ұзын аллеясымен жай басып келеді («Л. Ж».).
مقدس (муккадас — қадірлі, қасиетті, ардақты). Мұқадес. Мұқадес Есламғалиевтің бағзы заман тақырыптарына жазған «Дайрабай», «Ақшолақ» әңгімелері әсерлі оқылады (О. Сәрсенбаев ).
مقصد (мақсат — мұрат, нысана; талап, үміт). Мақсат. Қолында билеті, Мақсат шыр қағып жүгіріп жүр («Қ. Ә».).
مقصود (мақсуд— 1) күткен, үміт еткен; 2) мақсат; 3) сүйікті). Мақсұт. Мақсұт пен Хисамеддин тауға маңдай тіреп келіп аттан түсті (Д. Досжанов).
Мақсұтбай (а-қ). Бұл күні Мақсұтбай палуанның бағы аспандады («Жұлдыз»).
Мақұтбек (а-қ). Біраз жылдардан бері сыралғы дос боп қалған Мақсұтбек жаңағы бір сәтте берген сауалына жауап күтіп, өзінің сабырлы, байыпты қалпынан жазбады (И. Жақанов).
Мақсұтхан (а-қ). Мақсұтхан шаруашылық жайлы жақсы біледі екен («Л. Ж».).
مكان (макан — 1) орын, жай; 2) дәреже; 3) адамгершілік, абырой, ар, намыс). Мәкен. Мағыш тәрізді Мәкен де көп тыңдаған, көп ұққан, жаттаған өлеңдері бар (М. Әуезов).
Мекен. Мекен темір пешке кыздырып, балаларына тамақ берді («Л. Ж».).
Мекенбай (а-қ). Дереу алдырыңыз! Мына арызды берген кісіні де келтіріңіз!—деді Мекенбай
(І. Жансүгіров).
مكيتب (мактаб — 1) оқу орны; 2) жазу столы; 3) оқу кабинеті; 4) бөлімше, бюро, контор). Мектеп.— Мектепов жолдас, енді қалай өтеміз,— деді серігі («Жұлдыз»).
مكرم (мукаррам — өте жоғары, сыйлы, қадірлі, құрметті). Мүкарам, Мүкәрам. Мүкарам, Саламат қыздарыңыз он жылдықты тамамдады,— деді балалары үйіне келе жатқан әкесіне (Ә. Омаров).
مكرمة (мукаррама — сыйлайтын, қадірлейтін, құрметтейтін). Мүкәрама. Баяғы ең ілкі көрінгеніндей, ұзын кірпіктерін қақпастан Мүкәрама көздерін Хакімнен асыра қарап тұр (X. Есенжанов).
مكة (макка — қаланың аты). Мекебай (а-қ). Мекебай норма тапсыру кезінде ерекше спорттық бабымен көзге түсті («Л. Ж».).
Мекетай (а-к,). Сендерге дес бермей жүрген Мекетайдай қарынбайларды сөзбен сілейтті
(М. Хасенов).
ملا (мулла — молда, сауатты). Баймолда (қ-а). Құрылыс біткенше Баймолданың жарғақ құлағы жастыққа тимеді («Л. Ж».).
Бекмолда (қ-а). Бекмолда қолы қалт еткенде қолғабыс тигізіп жүр,— деді («Жалын»).
Қарамолда (қ-а). Қарамолда Қартекеңнің үлкен ұлы екен (Ә. Әбішев).
Молдабай (а-қ). Капитан Уәли Молдабаев — батальон командир! (Т. Ахтанов).
Молдабек (а-қ). Баспақбай, Сыздық, Молдабек... Атақты неше ер келді... (О. Шипин).
Молдаберген (а-қ). Судың құлағын ашқан Молдаберген кетпенін иығына салып, ізінше кері қайтты («Л. Ж».).
Молдағұл, Молдақұл (а-қ). Молдағұлова Әлия Нұрмұхамедқызы (1924-43) — қаһарман қазақ қызы («Қ. С. Э».). Молдақұл музыкалық мектептің домбыра класында оқиды екен («Л. Ж».).
Молда Ораз. Молда Ораз (Ораз Молда) (1814-68) — қазақ ақыны, «Шаһнаманы» парсы тілінен қазақ тіліне бірінші аударушы («Қ. С. Э».).
Молдахан (а-қ). Сәрсекең Әдебиет Молдахановқа: «Сенің батырлар жырынан тілін зерттеуге бейімділігің байқалады, осы жағын ойластырып, үйірмеге жақсылап баяндама жасап берсең қайтеді? — деді (Ә. Нұрмағамбетов).
Молдаш (а-қ). Молдабай, Молдабек сияқты кісі аттарының қысқа, еркелетіп айтылу түрі. Молдаш. өтініш айтқалы вокзал бастығының кабинетіне кірді (С. Алдабергенов).
Сарымолда, Сарымолла (қ-а). Тек соңғы күндерде Сармолла десе тұтана жөнелетін, белгілі халфе, қары, мөзін қысқа ғана бір-бір ауыз сөзбен Сармоллаға лағнет айтысты (М. Әуезов). Сарымолдаев Қабылбек (1898-1938) — Қазақстанның партия, совет қызметкері, Әулиеата уезінде Совет өкіметін орнатуға белсене қатысушы, 1918 жылдан КПСС мүшесі («Қ. С. Э».)
ملا جبار (мулла жаббар; мулла — қар. ملا; жаббар — қар. جبار ) — б. т. е. мулла + жаббар: Молдажаппар, Молда-жаббар. Комсомол қамқорлығы аудандық комсомол комитеті мен шаруашылық арасындағы байланыстың жарқын көрінісіне айналған, — деді Молдажаппар («Л. Ж».).
ملا حسن (мулла хасан; мулла — қар. ملا ; хасан — қар. حسن ) — мулла + хасан. Молдасан. Молдасан бізге қарсы жолықты («Жалын»).
Молдахасан. Молдахасан Мирбабаев — ауыз әдебиетін жинап бастырушы («Қ. С. Э».).
ملا عظيم (мулла ‘азим; мулла — қар. ملا ; азим қар. عظيم ) — б. т. е. мулла + ‘азим: Молдазім. Молдазім министрлікке жауапты жұмыспен бара жатыр («Л. Ж».).
ملا على (мулла ‘али; мулла — қар. ملا ; али — қар. على ) — б. т. е. мулла + али: Молдағали. Молдағалиев Жұбан — қазақ ақыны («Қ. С. Э».). Молдағалиев Тұманбай - қазақ ақыны («Қ. С. Э».). Молдағалиев Жайсанбек — қазақ жазушысы («Қ. С. Э».).
ملا عين (мулла ‘айн — білім бұлағы) — б. т. е. мулла + айн: Молдағайын. Молдағайын айыбын мойындады («Л. Ж».).
ملا غازى (мулла ғази; мулла — қар. ; ملا ғази غازى) — б. т. е. мулла + ғази: Молдағазы. Молдағазы айтқандай, атты қинамай, аян-жортақпен жылжи бердік (С. Мұқанов).
ملا قاسم (мулла қасим; мулла — қар. ملا ; қасим — қар. قاسم ) — б. т. е. мулла + қасим: Молдақасым. Молдақасым қол жүгін алып, вокзалға кетті («Л. Ж».).
ملا موسى (мулла муса) — б. т. е. мулла + муса: Молда Мұса. Мұхтар Әуезов Молда Мұсаның ақындығын жоғары бағалаған («Қ. С. Э».).
ملك (малик — патша, король). Мәлік. Мәлік деген батыр келіпті («Қ. С. Э».).
Мәлікбай (а-қ). 1918 жылы Шаржауда түрікмен, қазақ жастары Қызыл әскерге кіріп, жас өкіметті жаудан қорғады, сол жасақта Мәлікбай болды (С. Балғабаев).
ملك (мүлк — 1) меншік, иелік, дәулет, байлық; 2) патшалық; мемлекеттік). Мүлік. Сүртібаев Мүлік — қазақ актері («Қ. С. Э».).
ملك حيدر (малик хайдар — арыстан патша) — б. т. е. малик + хайдар: Мәлікайдар. Борандатып жүрген Мәлікайдар шал екен («Л. Ж».).
ملكة (малика — ханша, ханым). Мәлике, Малика. Қош алдық сәлеміңді, Мәлике айым, Мазалы сөзіңізді қылдық пайым (Аймағамбет).
مناجة (мунажа — құпия әңгіме, құпия кеңес). Мінажат. Мінажат — балалар бақшасында тәрбиеші болып жүрген («Л. Ж».).
منار (манар — 1) жарық шығатын жер, белгі-қарақшы; 2) маяк). Манар. Манар әрегіректегі дүбірді анық айыра алмай, басын көтеріп отырып тыңдады (X. Есенжанов).
Манарбек (а-қ). Манарбек үстіндегі ішігін шешіп, Төлеубайды соған орады (Т. Тілеуханов).
مناسب (мунасиб — келісімді, үйлесімді, сайма-сай). Мұнасып. Бесінде өттік гулеп Тағашыдан, Көн менен Жалғыз Кірен арасынан. Бұрылып Баймағамбеттен жөн сұрадық, Ер Ісмембет Мұнасыптың баласынан (Мұрат).
Мінәсіп. Бұл ортақ іске Мінәсіп еселі үлес қосқан («Л. Ж».).
مناف (маннаф — 1) аса басымдық, артықтық; 2) көне феодалдық-рулық қоғам кезіндегі үстем тап өкілі, ақсүйек). Манап. Ауыз әдебиеті дәстүрі үлгісінде терме, жыр айтатындардың тобына Манап Көкеновті жатқызуға болады (P. Бердібаев).
Манапбай (а-қ). Манапбай қорасындағы малдың бағушысы Манекеңнің қызы Жамал болатын
(С. Бегалин).
منان (маннан — шапағатты, қайырымды, махаббатты, рақымды; жомарт). Маннан. Арыслан мен оның құрметіне жиналған жұрт келесі күні... Маннанның үйінде болды («Б. О».).
Манаш — Маннан есімінің еркелетіп айтылу түрі. Аздан соң ентіге басып, тапал, қара мұртты Манаш келді («Жұлдыз».).
Мәнен. Мәнен бүгін ешнәрсеге алаңдамады («Л. Ж».).
منذر (мунзир — 1) ескертуші, сақтандырушы; 2) жалқы есім). Мұнзир. Мұнзирұлы Нұғыман ақылды еді... Дүниеде білмесі жоқ батыл еді («Ә. X. Д».).
منذورة (манзура — уәде, ант; серт). Манзура. Біздің үлкен ағамыз Дүйсеннен үш ұл, Зұбайра, Манзура, Гүлжан деген үш қыз қалды («Қ. Ә».).
منزلة (манзила— 1) дәреже, атақ. 2) әлеуметтік орны). Манзила. Киген киімі Манзиланың бойына жарасып тұр («Л. Ж»).
منسية (мансииа — ұмытылған). Мәнсия. Үлкен жүректі ананың өмірге деген сеніміне риза болып, бұдан былай ана мен баланың шат күлкілі, бақытты болуын тілейміз — деді Мәнсия («Қ. Ә».).
Мәншүк. Мәметова Мәншүк (шын аты — Мәнсия) Жиенғалиқызы (1922-1943) — Кеңес Одағының Батыры («Қ. С. Э».).
منصور (мансур — 1) жеңген, жеңісті тойлаушы; 2) жеңімпаз). Мансұр, Мәнсүр. Нартайдың бауыры — Мансұр ақын: «Ақындық деген адамның тілінде емес, ділінде болса, тілге тиым бермес», — деп тауып айтқан (Т. Әлімқұлов). Алматыда ертіп шыққан досы Мәнсүрге бір қарап қойып, басын төмен салды (Қ. Түменбаев).
منور (манаууар — 1) нұр шашушы; сәулелі, жарық; 2) Мәдина қаласының теңеуі). Мінуар. Мінуар ымырт жабылып, Шыңғыс тауын түн шымылдығы бүркей бастаған шақта ғана отарды тапты (Ә. Нілібаев).
منورة (мунаууара — нұр шашушы; сәуле, жарық көзі). Мунаууара. Мунаууара үйде аспазшы ноғай кемпірге тамақ әзірлетумен болған (Д. Әбілев).
Мінәуара. Мінәуара — еңбек ері, ел еркесі (Меңдібек).
منى (манан — тағдыр, жазмыш). Мана. Манаев Нұғман Сәрсенұлы (1894-1942) — Қазақстанның партия қайраткері.
منيرة (мунира — 1) нұр шашушы; 2) жайнаған, жарқын, жарқыраған, жайнап тұрған). Мүнира. — Содан бері де он жыл өте шығыпты-ау! — деп күрсінді Мүнира («Жалын»).
مهدى (маһди — 1) сыйлыққа берілген; 2) басқарушы 3) ауыс. тура жолдағы кісі). Мәди. Мәди Бәпиұлы (1880-1921) — қазақтың белгілі композиторы, әнші, ақын («Қ. С. Э».).
Мәдихан (а-қ). Көптен бері булықтырған көп сөздерді көмейіне сақтап келген Мәдихан біраз жайдың бетін ашып салды (С. Бақбергенов).
Мәді. Бір атаң жұрт ұстаған Мәді сұлтан, Қарашы, қара қазақ болған ұлтан. Шұбар төс, шынжыр балақ тұқымыңнан, Кеткен жоқ бар мұсылман уысыңнан (Шернияз).
Мәдібай (а-қ). Өсірген бітік егіс Дәндібайым, Деп отыр қойын-қоншың дән қылайын. Ал сіздің Мәдібайыңыз жоңышқаны, Сиырға жегізіп ап қылды уайым («Айтыс»).
Мәдібек (а-қ). Мәдібектің киіз үйлері ақ жұмыртқадай көк шалғынды жайлаудан кеткісі жоқ еді («Жұлдыз»).
Мәдіғұл (а-қ). Мәдіғұл пішен дайындау жоспары едәуір асыра орындалуына өз үлесін қосты
(М. Жылқыайдаров).
موسم (маусим — 1) мерзім, жыл мерзімдері; 2) мейрам, мереке; 3) айдың аты). Маусым, Мәусім. Күдерин Жұмақан Маусымұлы (1891-1928)—қазақтың алғашқы биолог-ғалымдарының бірі («Қ. С. Э».).
Достарыңызбен бөлісу: |