Қазақ тілінде кездесетін шығыс тілдері элементтерінен қатары молырағы араб текті сөздер. Соның бір саласы кісі есімдері



бет17/21
Дата24.04.2016
өлшемі2.09 Mb.
#78152
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Маусымбай (а-қ).— Мен Маусымбай деген шалмын, сүйегім Найман (Ғ. Мұстафин).
موسى (мусажалқы есім). Мұса. Жаяу Мұса (1835-1925) — қазақтың атақты халық композиторы, ақын («Қ. С. Э».).

Мұсабай (а-қ). Мұсабаев Ғайнетдин Ғалиұлы (1907-81) - ғылым қайраткері («Қ. С. Э».).

Мұсабек (а-қ). Мұсабек ел ішінде «Молда Мұса» деп аталып кеткен, әдебиетке көркем мұра қалдырған ақындардың бірі (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров).

Мұсақұл (а-қ). Осындай соғыстар бұрынғы жер дауы тұсында да, Бөжей кыстауы мен Мұсақұл соғысы кезінде де болған еді (М. Атымов).

Мұсатай. Мұсатай бізбен бірге оқиды (Е. Тұрысов).

Мұсахан (а-қ). Мұсахан — менің құдайы көршім (Ғ. Қабышев).

موسى على (муса ‘али; муса — қар. موسى ; али — қар. على ) — б. т. е. муса + али: Мұсағали. Қой, мұның Мұсағалидың баяндамасына ұқсап кетті,—деді Қаумен (I. Жансүгіров).



Мүсәлі. Әлденеге Мүсәлінің көңілі тасып отыр («Л. Ж».).
موكل (муаккил — 1) қорғалушы; сенім беруші; 2) ауыс. періште, қорғаушы періште). Мәукіл. Кешегі қырсықтығынан айрылған Мәукіл Иіспайдың үйіне салқындау басып кіре бергенде, қарындасы алдынан шықты (С. Бегалин).
مولان (маулан1) ие, қожа; 2) жарылқағыш). Мәулен. Сырбай Мәуленов — қазақ совет ақыны («Қ. С. Э».).
مولد (маулид1) туған жер, Отан; 2) туу, дүниеге келу). Мәуліт. Сұлтанмахмұт Зайсанда Мәуліт Шамсутдинов дегеннің үйінде екі ай шамасы жатқан кезінде «Әжібай» немесе «Кім жазықты?» деп аталатын көлемді көрнекті шығармасын аяқтады (Ы. Дүйсенов).

Мәулет. Орнына Мәулет тұрды Жарқымбайдың, Шақылдап түсі суық, ызғарлы айдын

(І. Жансүгіров).



Мәулетбай. Жұмысты звенолық-мердігерлік әдіспен істеуге бірінші болып Мәулетбайлар көшті

(«Л. Ж».).

Мәулетқұл (а-қ). Құспан қарт, Мәулетқұл, Жаңқаш үшеуі кетеді (Б. Ыбырайымов).
مومن (мумин1) мұсылман, дінге сенуші; 2) ауыс. жуас, көнгіш, мүләйім). Момын. Майдан дәрігері Роза Момынова сияқты көптеген қаһарман қазақ қыздары Отан үшін жанқиярлықпен шайқасты

(С. Ыбыраев).

Момынбай (а-қ). Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қарып-қасер, жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен («Қ. Ә».). Момынбай ашуланған болып, кемпірдің артынан қуа шығады

(«Қ. Ә».).

Момынбек (а-қ). Момынбек — ел арасында еңбегімен сыйлы азамат («С. Қ».).

Момынқұл (а-қ). Әже өзінің сүт кенжесі Момынқұлдан гөрі немересі Бауыржаннан көбірек үміттенеді (Р. Тоқтаров).

Момыш Момынқұл есімінің еркелете айтылу түрі. Момышұлы Бауыржан (1910-83) — Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, қазақ жазушысы («Қ. С. Э».).
ميراث (мирасатадан балаға, баладан немереге қалатын үлес, сыбаға, мал-мүлік). Мирас. Мирас ауылға кештете оралды («Л. Ж».).
ميزان (мизан1) таразы; 2) астр. Таразы шоқжұлдызы). Мизам. Мизан. Жараным, бұл Дайрабай алжыған ба, Тақалып қылыпсыз ғой жан шығаруға. Мизамға барып ертең жүгінейік, Ауыздық салсын мықтап қан құмарға (С. Омаров). Мизан мен Алуа — шығарманың өн бойындағы оқиғаны толықтырып, ширата түсу үшін алынған жанама бейнелер (Т. Дәуренбеков). Мизан қарт облыс орталығына қатынайтын автобустың алғашқы аялдамасынан түсті (Б. Әбдіразақов).

(ن)

نادر (надирсирек, сирек кездесетін, таңқаларлық, бұрынды-соңды болмаған). Надырбай (а-қ). Надырбайды ортаға алып, май бүлкілімен жүріп кетті (Қ. Бекбаев).



Нәдір. Нәдір мырс етті де:—Жоқ, шырағым. Қайдан бұрыннан болсын. Былтырдан бергі өзгерісі...

(Б. Тоқтаров).

Нәдірбай (а-қ). Мектеп шеберханасындағы сабақты бүгін Нәдірбек жүргізді («Л. Ж».).
نادرة (надирасирек, сирек кездесетін, таңқаларлық, таңғажайып). Надира. Надира күн өткен сайын өзінің өсіп келе жатқанын аңғарды («Қ. Ә».).
ناشر (нашир1) таратушы, жариялаушы; 2) баспагер). Нәшірбек (а-қ). Біржан Нәшірбекке жарықты жақ дегендей белгі берді . Талдыбаев).

ناصر (насир 1) жәрдем беруші; 2) жәрдемші; 3) жақтаушы, біреудің жолын қуушы). Насыр. Жауапқа жауап берем, Насыр ақын, Жөнің жоқ артық сөйлеп тасынатын (Қалмахан).


ناظم (назим1) тәртіпке келтіруші; 2) ұйымдастырушы; 3) өлең жазушы, ақын). Назым. Ноғайлы жұртындағы Әзімбай байдың Назым деген қызы Қамбарға ғашық болады Қ. Ә. Т».).

Назымбек (а-қ). Назымбектің бірге оқыған, сұлу қызы бар (І. Жансүгіров). Жамбылдағы Назымбектің баласы бар ма?—деді (Қ. Түменбаев).
ناظمة (назима1) тәртіпке келтіруші; 2) мектеп тәртібін басқарушы әйел; 3) өлең жазушы, ақын әйел). Назима. Өте ерте келген сайлаушылардың бірі — Назима («Л. Ж».).

(наһиабұйрық; арыз; өсиет). Нахия. Екі аттың бұл кішісі Нахияға арналған, жалғыз қызының төл аты (X. Есенжанов).


نـائلة (наила1) талаптанушы, ізденуші, мақсатына жетуші (әйел); 2) сый, сыйлық). Нәйлә, Нейлә. Базанова Нәйлә Оразғұлқызы — көрнекті физиолог, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері («Қ. С. Э».).
نبى (набидіни пайғамбар, елші). Нәби. Нәбидің ауылы темір жолдан едәуір бұрыс («Жалын»).

Нәбихан (а-қ). Мынау - Нәбихан отары,— деді директор (Ә. Сәр­сенбаев).
نبى اللـه (наби-ул-лаһ; наби — қар. نبى ; аллаһ — қар. اللـه ) — б. т. е. наби + аллаһ: Нәбиулла. Сол жылдың 3 июлі күні горновой Ахмет Нәбиулланың бригадасы тұңғыш Қазақстан Магниткасының шойынын берді («Л. Ж».).
نبية (набиа — білімді, оқымысты әйел). Нәбия. Сәрсенғалидың сол күзде Нәбия деген қызбен бірге жүргенін көретін едік («Л. Ж».).
نجم (нажмжұлдыз.) Нәжім. Нажым. Мұрнын тарта түсіп, Нәжім әлі күнге протоколын жазып бітіре алмай отыр (Ғ. Мұстафин).
نجم الدين (нажм-уд-дин; нажм — қар. نجم ; дин - қар. دين ) б. т. е. нажм + ад-дин: Нәжімеден. Нәжімеденов Жұмекен — қазақ совет ақын-жазушысы («Қ. С. Э».).
نجمة (нажма жұлдыз, жұлдызша). Нәжімет. Нәжімет бесжылдықтың айқындаушы жылының биік белестерінен көрінді («Л. Ж».).
نجمى (нажмижұлдызды, жұлдыздық). Нәжми. Қасына бала-шағалар ертіп алып, тау бауырындағы тоғайдан дәрі шөп - адыраспан жинауға баратын,—деді Нәжми («Қ. Т. Т. С».).
نجيب (нажиб1) асыл текті, ақсүйек; 2) қабілетті, ақылды, дарынды). Нажиб, Наджип. Наджип Әмір Наджипұлы — совет түркологы, филология ғылымдарының докторы («Қ. С. Э».).
نجية (нажииаең жақын дос; оң көз; сенімді кісі). Нажия. Нажия ананың үйінің қасына парторгтің жеңіл машинасы келіп тоқтай қалды (Қ. Аманжолов).
نحو (наху1) грамматика; 2) бейне, үлгі). Наку. Станцияға жеткенше Наку әзер шыдады

(«Л. Ж».).
نذير (назирнасихаттаушы; үгіттеуші; 2) жаршы, алғашқы хабарлаушы, алдын ала білдіруші). Нәзір. Нәзір бір-беткей, оқымысты кісі екен Л. Ж».).
نسحة (нусха1) дана, нұсқа; 2) ауыс. үлгі; түп, негіз). Нұсқабай (а-қ). Біз Нұсқабай екеуміз қосылып, ауылдың алты ауызын айттық Л. Ж».).
نسل (насл1) ұрпақ, әулет, жұрағат; 2) ауыс. тек, тұқым). Нәсіл. Ұзақ жылдар бастауыш класс бүлдіршіндерін тәрбиелеген Нәсіл әпкем өткен жылы демалысқа шыққан («Л. Ж .).
نسور (нусурбүркіттер). Нүсір.— Рахмет сендерге, аяулы абзал жандар!—деді Нүсір («Л. Ж».).
نسيم (насимжеңіл, жұмсақ; жел, самал, леп). Нәсім. Махмұт пен Нәсімнің күресі болды

(І. Жансүгіров).


نسيمة (насимажеңіл, жұмсақ; жел; самал, леп). Насима. Отан-анаға атылған оққа көкірегіңді тос деп, батырын жауға аттандырып, Насима жөргектегі Жылқыайдарын құшақтап қала берген (X. Рахметуллин). Сағит әлдеқалай ыңғайсыздана берді, өзін Насима алдында күнәһардай көрді (К. Қамбаров).
نصب (нусбстатуя, сымбат, ескерткіш, монумент). Нүсіп. Тауып айтқан тапқыр сөз еттен өтіп, сүйекке жеткендей, Нүсіптің еңсесін көтертпеді (К. Сейдеханов).

Нүсіпбай (а-қ). Жұрқабай, Нүсіпбай мен Қырғызбайлар Болысқа қарсы тұрды көпті бастап

(К. Әзірбаев).

Нүсіпбек (а-қ). Нүсіпбектің баласымен көрші тұрады екен («Жалын»).

نصب على (нусб ‘али; нусб — қар. نصب ; али — қар. على ) — б. т. е. нусб + али: Нүсіпәлі. Нүсіпәлі бейнесі толыққанды болып шыққан («Л. Ж».).


نصر (наср1) жәрдем; 2) жеңіс, табыс). Нәсір. Нәсір балаларға жазуды қойып кетті

(Т. Молдағалиев).
نصرة (нусра1) жәрдем, көмек; 2) жеңіс, асқан жеңіс, салтанат, триумф). Нүсірет. Нүсірет жайшылықта болса, Уәлидің қазіргі сыйқына бір теңеу тауып айтар еді (Ғ. Сыланов).
نصوح (насухшын, адал, ақжүрек). Нәсу. Ғалым мен Нәсудің үйлену тойы барша ауыл адамдарының есінде қалды (М. Сатыбалдиев).
نصيب (насиб1) сыбаға, үлес; 2) тағдыр, жазмыш, сәт). Нәсіп. Нәсіп еңбек жолын салтанатты жағдайда аттады (К. Ба­тыров).

Нәсіпбала (а-қ). Нәсіпбала енесінің орамалын әкеп берді (Б. Әдетов).

Несіп. Шыжыған ыстықта Несіп ары-бері шапқылаудан-ақ шаршады («Л. Ж».).

Несіпбай (а-қ). Несіпбай өзінің ұстаздық жолында талай-талай шәкірттер тәрбиелеп шығарды

(С. Раханов).

Несіпбала. Несіпбала мақталықта жүр екен («Л. Ж».).

Несіпбек (а-қ). Тәжірибесінің аздығына қарамастан, бұл ретте Несіпбек шалымдылық танытқан

(М. Сқақбаев).

Несіпқан (а-қ). Несіпқан намысқа тырысып, ел сенімінен шығуға барын салды («Л. Ж»).

Несіпті (а-қ). Асығыс екендерін Несіпті отырар-отырмастан-ақ аңғарды (Б. Нұржекеев).
نصيب اللـه (насиб-ул-лаһ; насиб — қар. نصيب; аллаһ — қар. اللـه ) — б. т. е. насиб + аллаһ: Насибулла. Насибуллина Халида Садыққызы — халыққа еңбегін сіңірген дәрігер («Қ. С. Э».).
نصبية (насибасыбаға, үлес, нәсібе, тағдыр, жазмыш, сәт). Нәсиба. Біздің Нәсиба бөлімшеміздегі бетке ұстар жастарымыздың бірі,— деді (Б. Қожамқұлов).

Несібе (а-қ).Одақ көлемінде әйгілі болған қарт анамыз Несібе Тайманованың аузынан тастамай айтып жүретін тағы бір шумақ өлеңі еске түседі: «Ұршық пенен адарғы Киіндірген бабамды. Бәсен ине, кесте біз Келістірген ажарды» (С. Қасиманов).

Несібелді (а-қ). Несібелді — кілемші, сұлу қыз (Ә. Тәжібаев). Несібелі (а-қ). Несібелі жеңгесінің ыстық бауырсағын сағынатын (Ғ. Мүсірепов).
نصيحة (насиха кеңес, ақыл, өсиет, уағыз). Насихат. Балтабектің қызы Насихат биыл бірінші класқа барады («Л. Ж».).

Насиқа, Насиха. Жата бердім үйімде қадам баспай, Ағайын мен көршіге араласпай. Газет, журнал, кітаптар досым болды. Жайлы, төсек, Насиқа жастық жастай (К. Әзірбаев). Насиха осы ауылдың жұмысын істеп қартайды (С. Ләмбеков).
نظام (низам1) тәртіп, заң, жүйе; 2) құрылыс, режим). Низам. Венера Низамова алғашқы сабақтарын жоғары дәрежеде өткізді (Ш. Әмірәлиев).
نظر (назар1) көру; 2) көзқарас; қарау, көз тастау). Назар, Мынау келген Назар ма? Ақсақалды ауыл азар ма? Сұрағаның бір-ақ тай, Бермейді деп сазарма (Абай).

Айназар (қ-а). Айназар мен Айсұлу жүріп отырып, парктің жоғары жақ шетіндегі, шығар аузындағы бір орындыққа келіп, кейін қалған Әшір мен Раданы тосып отырды (С. Сейфуллин).

Байназар (қ-а). Бағанағыдай емес Байназардың қабағы ашылайын деді (Ш. Әбілтаев).

Ерназар (қ-а). Мұхтар Әуезов Елтай Ерназаровтың бейітін көріп: «Бізде халықтың арасынан шыққан атақты адамдардың еңбегін қадірлеу жағы әлі де болса кем жатыр-ау» деп аса терең тұжырым айтқан (Р. Бердібаев).

Есназар (қ-а). Есназар мен Күлән қайықпен көл бетінде ұзақ серуендеді («Л. Ж».).

Қосназар (қ-а). Келдібай, Кішкенебай һәм Қосназар, Білетін азаматтар атын алаш (Шораяқтың Омары).

Құлназар (қ-а). Белгілі Құлназар ақын: «Таласып одан ешкім аса алмайды, Тең келмес бүгінгі адам Базекеңе. Болмаса Жиренші мен Асан Қайғы», — дейді («Қ. Ә».).

Назарбай (а-қ). Бригада тәлімгері Назарбай — тәжірибелі жан («С. Қ».).

Назарбек (а-қ). Назарбек - үлкен кісілер жұмсағанда елпілдеп тұратын тілалғыш бала («Жұлдыз»).

Назарқұл (а-қ). Назарқұл жүріс-тұрысы, киім киісі келісті, сырбаз кісі екен («Л. Ж».).
نظر على (назар али; назар — қар. نظر ;али — қар. على ) — б. т. е. назар + али: Назарәлі. Кезекші Назарәлі бұрғылау жұмысын бастады («Л. Ж».).
نظيرة (назира1) ұқсау, ұқсас; 2) үлгі, мысал; бір шығармаға еліктеу). Назира, Нәзира. Назира — немере қарындасым (С. Мұқанов). Соғыс болмағанда, он екіде бір гүлі ашылмаған Нәзира сүйген жігіті Тоқтарынан айырылар ма еді (Б. Сарбалаев).

نظيفة (назифатаза, саф). Назифа, Нәзипа. Назифаны бір күні көрермін-ау, мойныма мінгізіп ойнатармын (3. Шүкіров). Шолпанның өлеңдерін жинап бастырған Сара Есова мен Нәзипа Құлжанова



(«Қ. Ә. Т».).
نعرة (на pa 1) айқай; 2) шуыл; 3) ауыс. қызу сөз, көтеріңкі дауыс (қаландарлардың); 4) жариялау, хабарлау). Нағира. Марғаудың балалардан қалмай қалаға келуі, ондағы бастан кешкен оқиғалар (көршілермен әңгіме, Қанат пен Нағираның иттен құтылу жолын іздеуі, т. б.) тым шұбалаңқылау тәрізді

(С. Қирабаев).
نعل (на ‘л таға, нәл). Нәлқара (а-қ). Жауынгер Нәлқара Сабалақов — романдағы ең қызықты тұлғаның бірі (Р. Бердібаев).

Нәлібай (а-қ). Кеше Нәлібайды шығарып салыпты («Жалын»).

Нәліқұл (а-қ).Нәліқұл,—деп қолын ұсынды (С. Досымов).

Нәліхан (а-қ),— Нәліхан Асқарды телефонмен өзіне шақырды («Қ. Ә».).
نعمان (ну ман 1) бот. қызғалдақ; 2) қызыл; 3) қан; 4) жалқы есім). Нұғман, Нұғыман, Нығман. Нұғман Сәрсенұлы Манаев — Еділ аңғарын мекендеген қазақтар арасындағы револю­ция толқынының алғашқы қарлығаштарының бірі (Ә. Сәрсенбаев). Нұғыман жаралы жауынгерге көмек көрсетіп, жай таппай жүр екен (X. Бекишев). Білалжан төбемізде ойнаса да көтердік? Тек кегімізді алып берсе болғаны! — деп Нығман жүгіне отырды (Ғ. Мұстафин).
نعمة (нима1) береке, рақат, бақыт, бақытты өмір; 2) ауыс. тәтті тағам; дәулет, байлық). Нағымет. Суыр Ахмет пен Нағымет келді (Ә. Нұрпейісов).

Немат. Нематтың атының шабысы дала төсін дүбірлетті (Ә. Сәрсенбиев).

Нығымет, Ниғимет. Нығымет сырт киімдерін ашаға ілді де, жай басып келіп, Мараттың қасына отырды . Жұмақанов). Жарыс жалауын көтеру құрметі Ниғиметтің үлесіне тиді (Ш. Айдаров).
نعمة اللـه (ни мат-ул-лаһ; ни + мат — қар. نعمة ; аллаһ — қар. اللـه )б. т. е. ни ма + аллаһ: Нығматулла, Нығметулла, Нығметолла. Әсіресе, өзін көп түрткілеген Нығматулла сияқтыларды мұқағанда, Ғанидың айызы қанды . Арыстанов). Бақытбек пен Нығметолла жоғары көрсеткішке ие болды (Қ. Айтікенов).
نعيم (на им 1) бақытты өмір; амандық, есендік, саулық; 2) тәттілік, шырындық; шаттық, рахат, ләззат, бақыт). Нағым. Жақын жерден жекжат табылғанына Нағым қуанды (Ш. Құма­рова).

Нағымбек. «Менің қызым баталы жеріне бармай отырғаны болмаса, әдепсіздіктен ада ғой»,— деп Нағымбектің жараланып келгенін бірде Қаратайдан көре бастап еді, Бәдиша (С. Жүнісов).

Найым. Найым — тік мінез, қатты адам (Ә. Нәбиев).
نعيمة (на има бақытты өмір; сұлулық; рахат, ләззат).

Нағима. Арықова Нағима Ыдырысқызы (1902-56) — Қазақстан партия қызметкері, коммунистік әйелдер қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің бірі («Қ. С. Э».).
نفيسة (нафиса1) қымбатты, бағалы (зат); 2) құндылық, бағалылық, қазына, байлық; 3) көркем, әдемі). Нәфиса. Осындағы Нәфиса дейтін нағашы апасын сағалап келіпті (С. Омаров).
نقش (нақш1) сурет, әшекей, нақыш; 2) ойып жазылған жазу, ою). Нақыш. Топты Сатай мен Нақыш бастап келеді («Л. Ж».).

Нақысбек (а-қ). Нақысбек пен Маржангүл жаңағы көштің бел ортасындағы сары атанның үстінде, көздері жәудіреп өтіп кетті (Ә. Көшімов).

Нақышбек (а-қ). Нақышбектің арманы архитектор болу еді («Л. Ж».).
نقيب (нақиб аға; басшы, бастық). Нақып. Нақып Кенесарыұлы (1872-1918) — қожа әулетінен шыққан ақын, әнші, жырау («Айтыс»).

Нақыпбек (а-қ). Нақыпбек мынадай келеңсіз іске қатты назаланды (Қ. Тәттібаев).
نوبة (наубакезек). Нәубет. Құсекең бұл тойда өзін ғана қызықтамады, аяулы әріптестері Хамидолла Нәубетовтің және басқалардың сонау қиын-қыстау кезеңдегі сауатсыздықты жою жолындағы ересен еңбектерін ыстық ықыласымен есіне алды (М. Сатыбалдиев).
نور (нуржарық, сәуле). Нұр. Ол да Нұр деген кісіден таралған ұрпақ,—деді (С. Бақбергенов).

Айнұр (қ-а). Бұл істің катерлі екенін Айнұр біле тұрса да, бірақ баласының қарулылығына, айлакерлігіне сенімі мол еді (А. Хангельдин).

Нұрай (а-қ). Өзіңе тапсыратын бір жұмыс бар еді, — деді Нұрай (І. Жансүгіров).

Нұрбай (а-қ). Сұлтекеңді ертемен Нұрбай шақырған (А. Бақтыгереева).

Нұрбала (а-қ). Бір тойда Нұрбала Сиыршының Әбдуәли, Ноғайбай деген екі жігітімен айтысып, екеуін де жеңіп шығады («Қ. Ә. Т».).

Нұрбек (а-қ). Қаратай, Нұрбек пенен кетті Қамбар, Таусылды танитұғын ұзын аңғар (Әріп).

Нұрберген (а-қ). Маңғыстаудағы архитектуралық ескерткіш — 1900 жылы тұрғызылған Нұрберген Құлышұлының мазары («Қ. С. Э».).

Нұрбике (а-қ). Нәзік денелі Нұрбике мың бұрала билегенде, көрген жұрт таңдай қағады

(Б. Үсенбаев).

Нұрбол (а-қ). Асыр салып ойнап жүрген Гүлдана, Гүлнәзира, Нұрболдар — үйдің сәні (Б. Мекеев).

Нұрбосын (а-қ). Нұрбосын қойқаңдап жұрттың алдында келеді («Л. Ж».).

Нұржау (а-қ). Нұржау Жомарт пен Дәуітәліден бөлініп кеткеніне көндіге алмай жүр (С. Жапаров).

Нұрқызар (а-қ). Сауранбай, Нұрқызардың есімін Тарбағатай тауының ойы мен қырын мекендеген аудан халқы тегіс біледі (С. Байқадиев).

Нұржігіт (а-қ). Нұржігіт — ақ тақырда асық ойнаған балалардың ең кішісі (Д. Намазбаев).

Нұркелді (а-қ). Ел іші қымбат қазына, әлі де болса іздестірер інжу сөздер көп, — дейді Нұркелді

Қ. Ә».).

Нұркенже (а-қ). Нұркенже әжесіне қарап талпынды («Л. Ж».).

Нұрлан (а-қ). Нұрлан екеуміз таныстықтан соң қызу әңгімеге кірісіп кеттік (С. Парманқұлов).

Нұрлыбай (а-қ). Лукац-Крейц қаласының іргесінде болған кескілескен шайқаста капитан Нұрлыбаев асқан ерлікпен қаза тапты («Қ. С. Э».).

Нұрлыбек (а-қ).Нұрлыбек ағама барамын, — деді («Жа­лын»).

Нұрлыхан (а-қ). 1917 жылдың 2(15) декабрінде қала мен Бөкей даласы еңбекшілерінің бас қосқан үлкен митингісіне Астраханнан С. Нұрлыханов бастаған Қызыл гвардияшылар отряды келді («С. Қ».).

Нұрмақ (а-қ). Аңшылық қызығына түскен Нұрмақ кеш батқанын байқамай қалды («Жұлдыз»).

Нұрсәуле (а-қ). Сөмкесін асынып, мектептен Нұрсәуле оралды (Ш. Бәтеев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет