Қазақ тілінде кездесетін шығыс тілдері элементтерінен қатары молырағы араб текті сөздер. Соның бір саласы кісі есімдері



бет13/21
Дата24.04.2016
өлшемі2.09 Mb.
#78152
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

Айтмағамбет. Айтмағамбетов Боран (1901-38) — социалистік құрылысқа белсене қатысушы, қайраткер («Қ. С. Э».).
عيسى(иисажалқы есім). Иса. Иса Байзақов (1900-1946) — аса дарынды халық ақыны.

(С. Бегалин).

Айса. Айса бұл бағалы бастаманы одан әрі жалғастырды (Қ. Жүнісов).

Исабай (а-қ). Онда Әтікенің Исабай деген жақын туысы бар (Б. Нұржекеев).

Исабек (а-қ). Исабек өмірдің өтпелілігін, тұрақсыздығын ойлады («Жалын»).

Исақұл (а-қ). Ассалаумағалайкүм, Исақұл қарт! Түріңнен тұр даланың исі аңқып-ақ... Күлкіңнен көрінеді күні өлкеңнің, Даусыңнан дабылдайды күй саңқылдап (Ж. Молдағалиев).

Исатай (а-қ). Исатай менен Махамбет Ханға қарсы көрінді, Кеткесін асып шамадан (Ығылман).

Исахан, Исақан (а-қ). Ұлы Отан соғысының мүгедегі Исахан қария да келіпті («Қ. Ә».).

Қайса. Мол денелі қарт Қайса ақсақал болып шықты (С. Асланов).

Қиса. Жұрт Қисаны — лауреаттығымен құттықтап жатыр («С. Қ».).
عيسى احمد(ииса ахмад; ииса — қар. عيسى ; ахмад — қар. احمد )б. т.е. ‘ииса + ахмад. Исахмет, Исақмет. Бақыш Ырашқа бір, Исахметке бір қарап мүдірді (М. Сүндетов). Исақмет қаладан шығып алғасын-ақ, Есеней жолына түсті (Ғ. Мүсірепов).
عيسى عادل (ииса адил; ‘ииса — қар. عيسى ; адил — қар. عادل ) — б. т. е. ииса + адил: Қисәділ. Бұл келген ферма бастығы Қисәділ екен («Л. Ж».).
عيسى على (ииса али; ‘ииса — қар. عيسى ; али — қар. على) б. т. е. ‘ииса + али: Исағали. Шәріпов Исағали (1905-76) — Қазақстанның қоғамдық қызметкері Қ. С. Э».).

Айсағали. Кең ашылған қақпадан атарбамен Айсағали шөп алып кірді Жұлдыз»).

Қисағали. Түнгі сағат бірде Батқаш пен Қисағалидың үйінің есігінен су cap ете түсті (Т. Тәнәлиев).

عيش(аишөмір). Айыш. Ақылым айтатұғын, келін Құрметтеп қатарыңды талдай майыс ұрмағамбет.).



Ғайыс. Ғайыстың құю цехына ауысқанына көп өтпепті («Л. Ж».).
عين(‘айн1) көз; 2) бұлақ; 3) мән, маңыз, ең тәуір). Ғайын. Зияда, Хорлы-Ғайын, Фархат-Шырын, Бұл күнде хабарым сондай жолдан (Әріп).
عين الدين (‘айн-уд-дин; ‘айн — қар. عين ; дин — қар. دين ) б. т. е. айн + ад-дин: Ғайнетдин. Мұсабаев Ғайнетдин Ғалиұлы (1907-1981) — қазақ тіл білімінің маманы, Қазақстанның ғылым қайраткері («Қ. С. Э».).
عين اللـه (‘айн-ул-лаһ; ‘айн— қар. عين ; аллаһ — қар. اللـه ) б. т. е. ‘айн + аллаһ: Ғайнолла. Көкбай деген Ғайнолла көпестің көшір жігіті ән салып жатыр (І. Жансүгіров). Ғайнулла. Аэропортқа Ғайнулла да келіпті («Л. Ж».).
عينى (‘айни1) көз, көздікті; 2) бұлақ; 3) өте маңызды, елеулі; 4) мәнді). Ғайни. Ботакөз бен Еркеш, Әділжан мен Ғайни - мұның бәрі жастық өмірдің қызығына құлшына құмартқан адамдар

(«Қ. Ә. Т».).
عينى جمال(‘айни жамал; ‘айни — қар. ; عينى жамал — қар. جمال) б. т. е. айни + жамал: Ғайнижамал. Сол отрядта қазақтың Ғайнижамал деген қызы болды (С. Хайдаров).
عينى كمال (‘айни камал; ‘айни — қар. عينى ; камал — қар. كمال ) — б. т. е. ‘айни + камал: Ғайникамал. «Қыз көрелік» шығармасының бас кейіпкері Ғайникамалдың іс-әрекеттері... («Қ. Ә. Т».).
(غ)
غازى (ғази жауынгер, жаулап алушы, басып алушы, басқыншы). Байғазы (а-қ). Дөненбаева Камшат Байғазықызы — атақты механизатор («Қ. С. Э».).

Ерғазы. Ашық алаңқайға шыққан Ерғазылар демалуға аялдады («Л. Ж».).

Темірғазы (қ-а). Темірғазы сияқты өнер иелерінің орындауындағы әсем әндер құлақ құрышын қандырады («С. Қ.»).
غناء (ғана1) байлық; 2) жеткіліктілік). Қанабек (а-қ). Байсейітов Қанабек — қазақ әншісі, артисі, режиссер, киноактер, драматург, қазақ музыкалық театрының негізін салушылардың бірі («Қ. С. Э».).
غائب جمال (ғаиб жамал; ғаиб — жоқ, көрінбейтін; غائب ; жамал — қар. جمال ) — б. т. е. ғаиб + жамал: Қайыпжамал. Қайыпжамал — соғыс зардабын, жоқшылық тауқыметін, өмірдің ащы-тұщысын көп тартқан адам (Ш. Уәлиханов).
غائب على (ғаиб ‘али; ғаиб — жоқ, көрінбейтін; ; غائب ‘али — қар. على ) б. т. е. Қайыпқали. Есімов Қайыпқали (т. ө. ж. белгісіз) — Кіші жүз сұлтаны («Қ. С. Э».).
غزال (ғазал1) киік, киіктің лағы; 2) ауыс. сұлу, әдемі, көрікті, сүйкімді). Ғазел. Ғазел қазір Алматыда тұрады (М. Бейсенбаев).
غفار(ғаффаркешіруші, кешіргіш). Ғаффар. Ғаффар — ол кезде трикотаж фабрикасының мастерінің көмекшісі болатын («С. Қ.»).

Қапар. Байжүніс пен Қапар да озат шопан, Қолайлы шаруаға қандай маман (К. Әзірбаев). Қапар малды ауылдарға пенсионерлердің маусым кезінде көмектесу бастамасын қызу қуаттады

(Ә. Аймағамбетов).

Қапбар, Қаппар, Ғаппар. Қапбар бұл сөзден кейін арыны басылып, ойланып қалды («Л. Ж».). Айтуар Қаппарды өзінің үйіне әкелді (І. Әлімқұлов).
غفور(ғафуркешіруші, барлығын кешіруші). Ғафур. Қалбен Ғафур (1827-1880) — 1870 жылғы Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісіне қатысушылардың бірі («Қ. С. Э».).
غفورة(ғафуракешіруші, барлығын кешіруші әйел). Ғафура. Ғафура Жексенбина өз ауылын, туған анасын, еңбекші жастарды жыр етеді (Қ. Бекхожин).
غلمان (ғилманжас жігіттер; малайлар, құлдар). Ғылман, Ығылман. Сейілхан Динаның шәкірті - Ғылман Әлжановқа көбірек жүгінді (М. Сатыбалдиев). Ығылман Шөреков — XX ғасыр басындағы әдебиетімізде өзіндік орны бар, белгілі ақындардың бірі (Б. Кенжебаев).

غنى(ғанибай, ауқатты, күйлі). Ғани. Мұратбаев Ғани (3. 6. 1902-15. 4. 25) — Орта Азия мен Қазақстан комсомол ұйымдастырушыларының бірі («Қ. С. Э».).



Байғани (қ-а). Байғанин Нұрпейіс (1860-1945) — халық ақыны әрі жырау, Қазақстанның өнер қайраткері («Қ. С. Э».).

Ғанибек (а-қ). Бұны көрген Ғанибек шыдап тұра алмады. («Л. Ж».).

Қаныбай (а-қ). Көзілдірігі мұрнының ұшына ілініп, Қаныбай әлденелерді жазып отыр («Жалын»).

Қаныбек (а-қ). Қаныбек Әбіл Халықович пен Сабыровқа қолдасып амандасты (3. Шүкіров).
غنيمة(ғанима1) олжа; 2) ауыс. сәт, бақыт). Қанима. Ол аң-таң боп, Қанимаға қарады

(«Л. Ж».).
غياث (ғиасжәрдем, көмек, медет; құтқару). Қияс. Қойшы сонымен, бір жыл ішінде балдызым Жөңкебайды қоймашы, інім Қиясты кассир, Бекберген ағайды приемщик етіп орналастырдым да қойдым (Ж. Алтайбаев). .

Қиясбай (а-қ). Бұған Дәркембайдың Меккеге жүргелі тұрған Құнанбайға Қиясбайды ертіп барып айтқан сөзі дәлел («Қ. Ә. Т».).

Қиясбек (а-қ). Қиясбек қылаң атты барлаушы боп, Кез еді жіберілген отрядтан (С. Мәуленов).
غياث الدين(ғиас-уд-дин; ғиас — қар. غياث ; дин-қар. دين ) б. т. е. ғиас-ад-дин: Қияседен. Қияседен ғылыми жұмысын аяқтауға жақын («Л. Ж».).
غيرة(ғайра1) қызғаныш, берілушілік; 2) ынта, жігер құлшыныс). Қайрат. Сен документсіз де алақанымдай анықсың, — деді Қайрат (Ә. Тәжібаев). Қызыл белбеулі көк «Газ-69» машинасы Қайраттың үйінің алдына тоқтай қалды (А. Сатаев).

Жасқайрат (қ-а). Жасқайрат совхоз бөлімшесіне сәскеде жетті («С. Қ».).
(ف)
فاتح (фатих1) ашушы; 2) бастаушы; 2) жаулаушы, жаулап алушы; 4) аққұба, ақшыл). Фатех, Батих, Патық. Фатехты Батих деп айта береміз ғой,—деді Нұрила (Ж. Арыстанов). Патық «шайтан арба» (велосипед) жасаймын деп әуре (Ғ. Мұстафин).
فاتحة (фатиха1) ашу (кітаптың бетін); 2) кіріспе; 3) ауыс. алғыс, бата, бата беру). Фатиқа, Фатиха. Фатиқа — қаңқу-саңқудан аулақ өскен, оңаша елдің ер қызы (Н. Әбуталиев).

Батиха, Бәтиха. Батиханы өлгенше сабап тастапты (Ә. Тарази). Надежда Михайловна мен Бәтиха Байғалиевна есіктен енді ғана кірген еді (Қ. Жұмаділов).
فاروق (фарукдана, данышпан). Фарух. Бірінші үлгілі қазақ атты әскер полкінің Қызыл Армияның алдыңғы қатарлы жауынгер тобы болып қалыптасуына Оспан және Фаух (дұрысы: Фарух

Н. О.) Әзірбаевтар үлес қосты («Қ. С. Э».).
فاضل(фадилтұрарлық, лайықты, асқан, абзал). Фазыл. Фазыл вагон терезесінен сағым ойнаған далаға қарап отыр («Л. Ж».).

Базылхан (а-қ). Базылхан Бұхатұлы «Монғол-қазақ тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады («Қ. Ә».).

Пазыл. Пазылдың үйі қасап бетте (X. Есенжанов).

Пазылбек, Фазылбек (а-қ). Пазылбек - совхоздың қарт күрішшісі (Т. Ыдырысов). Фазылбектің кабинетінің терезесі алдында үлкен қарағаш өсуші еді («Жалын»).
فاطمة(фатимажалқы есім). Фатима. Жасымнан сүйіп алған, Жазық жаным, Өлеңін естіп пе едің Фатиманың (Саяділ).

Бәтима, Батима. Бәтиманың ағасына, ағасының қарындасына хаттары екен Қ. Ә. Т».).
فانى(фани1) көне, тозған; 2) опасыз; 3) ауыс. тұрақсыз). Пәни. Дүмі жуан Қақабай бір атадан жалғыз туған Мәдидің соңына Пәни деген тоқалынан туған Айтмағамбет, Ахметбек ұлдарын, басқа да содыр-сойқандарын айдап салды (С. Ләмбеков).
فتاح (фаттах1) ашушы (бақыттың есігін); 2) шауып алушы; 3) игілік беруші). Фаттах. Фаттах Қарағанды ет комбинатына мал тапсыруға кеткен екен (Қ. Исабаев).

Батақ. Баласы мен Батақтың атым — Сары, Дейді ғой жұрттың бәрі Сары; Сары (Батақтың Сарысы).
فتان (фаттан1) қызықтырушы; 2) ғажайып, сүйікті, демі тамаша, ең жақсы, өте әдемі;

3) арбағыш, еліктіргіш, сиқыршы, азғырушы, өсекші, шағымшы). Патан. Елді аштықтан алып қалған, бәрімізді осы күнге жеткізген ақ күріш қой бұл,— деп бастаған Патан әңгімесін (А. Бақтыгереева).
فتح اللـه (фатх-ул-лаһ; фатх — жаңалық; 2) жеңіс, жаулап алу; فتح; аллаһ — қар. اللـه ) — б. т. е. фатх + аллаһ: Фатхулла. Фатхуллин әл-Фарабидің философия, психология, әдебиет және өнер саласындағы еңбектері жөнінде ғылыми баяндама жасады Л. Ж».).

Фатхолла. Отан алдындағы жемісті еңбектері кезінде жоғары бағаланғандардың арасында Фатхолла да бар («С. Қ».).
فحر الدين (фахр-уд-дин; фахр — мақтаныш, даңқ; дин — қар. دين) - б. т. е. фахр + ад-дин; Бақыратдин. Бақыратдин — белгілі халық ақыны Қуаныш Баймағамбетовтің ұлы («Қ. Ә».).

Пахриден. Бар деген соң бар, мазамды енді алма! — деді Белгібай Пахриденге. («А. Т».).

Пахритден. Осы бір күндері лагерьде өне бойы дал-дұл, бет-аузы парша-парша жаралы Пахритден пайда болды (3. Шашкин).
فداء احمد (фида ахмад; фида — құтылу, азат болу; فداء; ахмад — қар. احمد ) — б. т. е. фида + ахмад: Пидахмет. — Бұл неғылған тас,—деді Пидахмет (І. Жансүгіров).
فرض (фард1) шамалау, болжау; 2) міндет, парыз, борыш, қарыз). Парыз, Фариз. Парыз бен Сүндетті ұрлық үстінде бір топ комсомол жастар ұстайды («Қ. Ә. Т».).
فريد (фариджалғыз ғана, теңі жоқ, сирек). Фарид. Бұл үйде біздің Фарид те тұрады екен

(М. Қожахметова).
فريدة (фарида1) інжу; моншақ; 2) сирек, теңі жоқ зат, өте сирек, бірден-бір (уникум). Фарида. Совхоздың механи­заторы Фарида мақта жинауда алдына жан салмай келеді («Л. Ж».).
فريضة (фарида1) міндет, парыз, борыш; 2) бұйрық, жарлық). Фариза. Жеке билеп жатқан бір жазираны, Көмекке шақыр досың Фаризаны (Д. Стамбеков). Фаризаның көзінен жас шығып кетті, бірақ жылап-сықтамай, тәкаппарлана тұрып қалды (Е. Ибра­гимов).
فضيلة (фадиларақымшыл, адамгершілігі аса күшті, жақсы қылықты). Бәзила. Бәзила қария бақытты ана еді (Б. Сарбалаев).
فهم (фаһимтапқыр, зерек, зейінді, түсінгіш, көреген). Бәйім. Маған қарсы жауап айт, Болсаң жүйрік Табындай. Танымайсың Молда Бәйімді! Ежелгі жұртқа мәлімді (Молда Бәйім).
فيصل (файсал1) төреші; 2) жалқы есім). Байсал. Бұл дәуір — Демеқұлдың Байсал деген атышулы сары балақ байдың қозысын баққан дәуірі (С. Ерубаев). Құнанбайға қарсы белдесуге шыдап, қол жиғызып отырған Байдалы, Байсал болды (М. Әуезов). Қожабек Байсалды Қамқамен таныстыру үшін ілестіріп келді (С. Еркебаев).
فيض (файд1) толу; тасып төгілу, кемерінен шығу, молшылық; 2) жомарттық, мырзалық, қолы ашықтық). Байыз, Пайыз. Байыз директорлыққа сол жолы тағайындалған («Жұлдыз»). Пайыздың осыны айтуы мұң екен, дәрігердің сүйкімді жанары жалт-жұлт ете қалды («Л. Ж».).
فيض اللـه(файд-ул-лаһ; файд — қар. فيض ; аллаһ — қар. اللـه ) — б. т. е. файз + аллаһ: Файзулла. Өтемін дәйім әлдилеп, Ғажабы ғарыш ғаламды. Кеудемді іңкәр ән билеп, Жырлаймын дарқан даламды,—дейді Шәлила Файзуллина («Л. Ж».).

Файзолла. Файзолла, неде болса кездестік қой, Өзіңді нөсер сөзбен құйып өтем (Әбілақат).
فيض رحمان (файд рахман; файд — қар. فيض ; рахман — қар. رحمان ) б. т. е. файд + рахман: Файызрахман, Пайыз-рахман. Әріптің Исламшайық, Файызрахман атты ұлдары болды («Қ. Ә».).
فيضى (файдижомарт, мырза, қайырымды). Файзи. Осы күні Файзиевтің жарыс барысындағы көрсеткен төзімділігі мен шыдамдылығы ерекше аталып өтті (М. Сергеев).
(ق)
قابل (қабил1) қабылдаушы, қарсы алушы; 2) келешек, болашақ; 3) жарайтын; 4) ауыс. қабілетті, талапты, ақылды). Қабыл. Сеңсең тон киіп, Қабыл күзетке шықты («Жалын»).

Байғабыл, Байқабыл (қ-а). Венгрияның Балатон көлі маңында 1945 жылғы көктемде қатты ұрыста менің қарулас досым Байғабыл Ермеков ерлікпен қаза тапты (Е. Баймұқанов). Елімнің мүсәпірге қайыры мол, Бар шығар бұл жерде де бізді білген. Ac қылдық Байқабылға ат шаптырып, Жүз жылқы айдап қайтқан Кәлмен деген (Ашубай).

Қабылбай (а-қ). Қабылбайдың астындағы аты сүріншек ( «Жұлдыз»).

Қабылбек (а-қ). Қабылбек келген кісілерді жылы жүзбен қарсы алды (Ә. Сәрсенбиев).

Қабылқан (а-қ). Қабылқан атының төсайылын бекітті («Л. Ж».).

Тілеуғабыл, Тілеуқабыл (қ-а). Тілеуғабыл бұл күндері екінші жарты жылдық есебіне еңбек етуде («С. Қ».). Және бар Тілеуқабыл, Үсембайым, Сөйлейді шаршы топта бұлбұлдайын. Алма тартқан кісіге ат береді, А, Жамбыл, білуші ме ең мұның жайын? (Құлмамбет).
قابل احد (қабил ахад; қабил — қар. ; قابل ахад — қар. احد) — б. т. е. қабыл + ахад: Қабылахат. Қабылахат түнімен мазасызданып шықты («Л. Ж».).

قابل حق (қабил хаққ; қабил — қар. قابل ; хаққ — қар. حق ) — б. т. е. қабил + хаққ: Қабылхақ. Қабылхақ кеткелі жалғызсырайтынды шығарды («С. Қ»).


قادر (қадир1) күшті, құдіретті; 2) қабілетті). Қадыр. Қадыр Мырзалиев өлеңдері оқушы жұртшылығына салиқалы ойымен, тамаша тапқырлығымен, түйдек түйіндерімен қымбат (С. Мәуленов).

Балақадыр (қ-а). Үлкен тонды айқара жамылып, Балақадыр терлеп-тепшіп шәй ішіп отыр («Жалын»).

Қадір. Қадір, Нәдірді көрсең, іздегенің табылады («Жұлдыз»).

Қадірберді (а-қ). Аласа бойлы, адырақ көз Қадірберді науаның жанында тұр (Қ. Сәттібаев).

Кәдір. Кәдірдің үлкен баласы Сонабайдың үйінің сыртында төрт-бес кісі отыр еді (С. Сейфуллин).

Кәдірбай (а-қ). Келеріңізде біздің қадірлі жиен Кәдірбайдың атын атап келіңіз («Қ. Ә».).

Қәдірбек (а-қ). Кәдірбек бүркемесі жоқ адал кісі екен («Л. Ж».).

Қәдіржан. Қәдіржан астындағы асауды айдауға салды («Л. Ж».).

Кәдірқұл (а-қ). Жалықсам балаларға сайратамын, Әуезін бір бұлбұлдың таңдай қаққан. Сол бұлбұл Кәдірқұлдың Ыбырашы, Сөзімнің әзілі жоқ қанағаттан (Рахымжан).

Кәдірхан (а-қ). Кәдірхан, Жасында Батырхан... Қарабек батыр»).

Қадырбай (а-қ). Жазушы кейін Сабырбай есімін Қадырбай деп алыпты (Р. Бердібаев).

Қадырбек (а-қ). Қадырбек сыртқа шықса, аспан қою бұлттан айығып, күннің көзі көрініпті («Жұлдыз»).

Қадырқұл (а-қ). Қадырқұл басқаратын автоклуб өз жұмысын үлгілі ұйымдастырып келеді («Л. Ж».).

Қадырхан (а-қ). Иланшы Қадырхан еңсесін көтерген (Д. Досжанов).

Қадір. Қолды болып кетті ғой Мүкәм-малың, Қайтейін қой бағып жүр Қадір әкең («Қарабек батыр»).

Қадірбай (а-қ). Әділқазылар алқасы Қадірбайды жеңімпаз деп тапты («Л. Ж».).

Қадірберген (а-қ). Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы (1873-1923) — қазақ халық ақыны («Қ. С. Э».).
قادر على (қадир али; қадир — қар. قادر ; али — қар على ) — б. т. е. кадир + али: Қадырғали. Қадырғали — Қадырғалибек, т. б. атпен де белгілі («Қ. С. Э».). Қадырғали Көшімбеков — Орта Азия мен қазақ даласының тарихы туралы XV ғасырда жазылған «Жамиғат-тауарих» деген құнды еңбектің авторы («Л. Ж».).

Қадірәлі. Игенбайдың үзеңгілесі Қадірәлі де сол пікірді құптап, біраз дәлел келтірді (А. Жолдасбеков, С. Жолдасов).
قارون (қарун1) құранда айтылатын жаман атты миф есім; 2) ауыс. қанағатсыз, қайырымсыз, сараң бай). Қарынбай, Қарымбай (а-қ). Қарынбай — қазақ фольклорындағы көзі тоймайтын сараң, қарау байдың бейнесі (А. Машанов). Кетпесе Қарымбайдай жерге түсіп, Кетпесе жын-шайтан боп аспанға ұшып (К. Әзірбаев).
قاسم (қасим1) бөлуші, ортақтасушы (қайғыға); 2) матем. бөлгіш, ортақ бөлгіш; 3) жалқы есім). Қасым. Аманжолов Қасым Рақымжанұлы (1911-55) — қазақ совет ақыны («Қ. Ә. Т».).

Қасымбай (а-қ). Қасымбайдың мінезі бригадирлікке қолы жеткеннен соң-ақ, шайтандап кеткен

(«Л. Ж».).

Қасымбек (а-қ). Қасымбек, Бөлтірікті білмеймін деп, Тағы да сөзден танып кылды шатақ (Майкөт).

Қасымхан, Қасымқан (а-қ). Сонан өнерлі жігітпен танысып, жөнін білгенімізде, Сабырбай ақынның немересі Қасымхан екен (С. Бегалин). Жалғыз жолаушы Қасымқанның ойына қайдағы-жайдағы түсті («Жалын»).

Қасымтай (а-қ). Қармақшылықтар... жасанды аяғымен трактор басқарған Қасымтайды ерекше құрметпен еске алады («С. Қ».).
قاسم على (қасим ‘али; қасим — қар. قاسم ; али — қар. على )б. т. е. қасим + ‘али: Қасымәлі. Осы бір кештің қалай тез өткенін Қасымәлі сезбей де қалды («Л. Ж».).
قاضى(қадиби, қазы, судья). Байқади (қ-а). Байқадидың ащы айқайы — ауылды шырт ұйқысынан шошытып оятты («Жалын»).

Қази. Қази Қойшығұловты білемін (С. Мұқанов).

Қазихан (а-қ). Сен сияқты жігіттерден қашқан ғой,— дейді Қазихан (Ә. Нұршайықов).

Қазы. Қазының сөзі әділ, өзі шешен, Қадірлі Жалайырға батыр, көсем (К. Әзірбаев).

Қазыбай (а-қ). Осы совхоздың директоры Қазыбай еді (І. Есенберлин).

Қазыбек (а-қ). Қазыбек би (1665-1765) ел арасында Қаз дауысты Қазыбек атанған («Қ. С. Э».).

Қазығұл (а-қ). «Қайрат», қайратыңды таныт! Артыңда үлкен үмітпен біз тұрмыз, соны ақтағайсың!— дейді жанкүйерлер атынан Қазығұлов («Л. Ж».).

Қазықан, Қазыхан (а-қ). Қазықан неге шайға келмейді,— деді Дәндібай (І. Жансүгіров). Қазыхан Хайруллаевич,— деді екінші сарапшы (3. Мұсаев).
قدم (қадам1) қадам; 2) ауыс. бағыт, беталыс). Байқадам (қ-а). Досбол би қосып берді бір жігітті, О да тәуір бала екен сондай епті. Екі шекті қарағай қолға алып, Байқадамның Сейілін іздеп кепті (Құлтума).
قدس(қудусәулие, шарапатты, қасиетті (орын, жер). Құдас. Құдас баланы үйіне әкеліп салды («Жұлдыз»).

Құдыс. Түстен кейін күннің ыстық аптабы қайтқан соң, Құдыс жұмысын жалғастырды («Л. Ж».).
قربان (қурбан1) бір нәрсенің жолына бағышталған садақа, пида; 2) ауыс. белгілі бір мақсатты орындау жолында жан қию, қаза болу). Құрбан. Құрбановтың үйіне бұрылғанда, Хакім «Мұқараманың бөлмесіне кіріп, бұрыштағы шар айнасына бір қарар ма еді» деп арман етіп еді (X. Есенжанов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет