Әкбар, Әкпар. Әкбар мен Жақып... күнкөрісі арқылы қарапайым көшпелі ауылдағы әлеуметтік тартыс ашыла түседі (Е. Байтоқов). Әкпар-ау, қалдырамын жолда сені, Қорғалжың сан байлықтың орда кені (Бикен).
إكرام (икрам — ізет, құрмет, сый). Икрам. Аудан жұртшылығы Қапсалам Икрамовтың есімін жақсы біледі («С. Қ».).
اكرام (акрам — өте жомарт, мырза). Әкрам, Әкірам. «Адам жанын ауылдасы білмейді, істесі біледі» дегендейін, істес болған кісілерімнің ішінде Әкрам мырза сирегірек қолға түсетін бір асыл зат еді (С. Торайғыров). Ғалимов Әкрам (1892—1913) — поэзиямен қатар, проза жанрында да қызмет еткен ақын-жазушылардың бірі («Қ. Ә. Т».). Әкірәм танаптың шетінде егістікке көз салып тұр («Л. Ж».).
الف (алиф — араб алфавитінің бірінші әрпінің аты). Әліп. Әліп шөп шабуда алдына жан салмай келеді («Л. Ж».).
Әліпбай (а-қ). Бүйткен мұсылманшылығыңыз бар болсын! — деген еді, жаны әбден күйінген Әліпбай (3. Жәкенов). Әліпбек (а-қ). Әліпбек бұл жөнінде нағыз энтузиастың өзі көрінеді (Ә. Жәмішев).
الفة (улфа — достық, махаббат). Ұлпа. Есімі Ұлпа екен жаңылмасам, Анық ұқтым атын да аңғармасам (Е. Бердин).
الفية (алфийа — 1) мың жолды дастан, поэма; 2) мың жылдық; 3) ауыс. мәңгілік. Әлфия, Әлпия. Әлфия бар ма? — деп сұрады (Ә. Көпішев). Әбдімолда мен Әлпия жетті ентігіп («Қ. Ә».).
الـله (аллаһ — алла, құдай).
Алдабек (а-қ). Әкем баланың атын Алдабек деп өзі қойыпты (Қ. Байсейітов).
Алдаберген (а-қ). Алдаберген артына көп қарайлады («Л. Ж».).
Аллаберген (а-қ). Аллабергенді өрісте жолықтырдық («Л. Ж»).
اللـه جمان (аллаһ жуман; аллаһ-қар. الـله ; ’жуман — қар. جمان ) — б. т. е. аллаһ+жуман: Алдажұман. Ғылыми қызметкер Алдажұман бұл араға кеше кешкісін келіп жетті («С. Қ»).
الـله نظر (аллаһ назар; алла — қар. الـله ; назар — қар. نظر) — б. т. е. аллаһ+назар: Алданазар. Алданазаров Адамқұлды білесің бе? — деп сұрады (С. Мұқанов).
الماس (алмас — 1) мөлдір, түссіз, аса қатты қымбат тас (оның қырылған түрі — бриллиант); 2) шыны кесетін өткір құрал). Алмас. Екінші біреуінің аты Алмас екен («М. Б. Т».). Үлкен ұлы Алмас Армия қатарынан оралып, қазір еңбек майданына араласты («Қ. Т. Т. С»).
Алмасбек (а-қ). М. Әуезов «Өскен өркен» романында бұрын белгісіз жаңа әдеби образдар тауып бейнелеген. Соның бірі — обкомның екінші секретары Алмасбек Жайлыбеков («Қ. Ә. Т».).
الياس (илиас — жалқы есім). Ілияс. Жансүгіров Ілияс (1894—1938)—қазақ жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі («Қ. С. Э».). Есенберлин Ілияс — қазақ жазушысы. («Қ.С.Э.»).
امام (имам — алда тұрушы, басшы, бастық, көсем, имам). Имамбек (а-қ). Имамбек барынша көшелі, ақылды кісі екен (Ш. Айдаров)
امام اعظم (имам а‘зам — бас, ұлы, имам)—б. т. е. имам + азам: Имамағзам. Имамағзам Әлібеков 1906 жылы Семейдегі семинарияға түскен (К. Mұхаметханов).
امان (аман — 1) қауіпсіздік, тыныштық; 2) аяушылық, есіркеу, рақымдылық; 3) ауыс. сау, есен). Аман. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейініндегі» Аман әдебиеттегі күрескерлер тұлғаларын көбейте түсті
(«Қ. Ә. Т».).
Аманбай (а-қ). Аманбай отарына шөп шашып жүр екен («С. Қ».).
Аманбек (а-қ). Аманбек өткен қыстың бір боранды күні табиғаттың дүлей күшін жеңіп шықты
(Б. Мекеев).
Амандық (а-қ). Бұл қыстауда өткен күзге дейін Амандықтың үйі отырды (К. Сәттібаев).
Аманжол (а-қ). Қасым Рақымжанұлы Аманжолов (1911-17. 1. 53) — дарынды қазақ совет ақыны
(«Қ. С. Э».). Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы (27. 12. 1903—28. 1. 58)— қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог («Қ. С. Э».).
Аманкелді (а-қ). Аманкелді Үдербайұлы Иманов (3. 4. 1873 — 18. 5. 1919) — қазақ халқының батыры, Қазақстанда 1916 жылы өpic алған ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы, совет өкіметін орнату жолында белсене күрескен қайраткер, 1918 жылдан Компартия мүшесі (« Қ. С. Э».).
Аманқос (а-қ). Аманқос, Виктор, Жамал — бәрі де өңшең жастар (Ф. Оңғарсынова).
Аманқұл (а-қ).— Аманқұл, сені ертіп барамын (X. Есенжанов).
Амантай (а-қ). «Ботакөздің» басты қаһармандарының бірі — Амантай тұлғасы сенімді жасалған
(«Қ. Ә. Т».).
Аманхан (а-қ). Сәлден соң шырағданды сөндіріп, Аманхан орнына жатты («Л. Ж».).
Аманша (а-қ). Аманшин Беркайыр Сәлімұлы — қазақ жазушысы («Қ. С. Э».).
Әман. Қайдаров Әман Әбжанұлы — қазақ совет суретшісі, график, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері («Қ. С. Э».).
Әмен. Әмен ауылы күздікке екі бөлініп қонды («Жалын»).
Баяман (қ-а). Баяман жиналыстан өте шаршап шықты («Жалын» ).
Еламан (қ-а). Еламан мына үйдің сәні мен салтанатына қайран қалса да, сыртына шығармады
(Ә. Нұрпейісов).
Есенаман (а-қ). Сырым бірде ел аралап жүріп, Еділ бойында жайлап отырған елдегі Есенаман деген кісіге сәлем беріпті («Қ. Ә».).
Жоламан (қ-а). Гүлжан, Жоламан, Қазималар кеп, Ақтаңдар қатарынан орын алды (Е. Домбаев).
امان على (аман ‛али; аман-қар. امان; али — қар. على )— б. т. е. аман+ ‘али: Аманалы. Аманалы — мақта теру науқанына белсене араласты («С. Қ».).
Аманәлі. Аманәлі қалаға бүгін жүрмек («Жұлдыз»). Аманғали. Шұғылдан басқа кісі баласын орысша оқытпасын деген қан лұғатта жазылған, Жүнісеке, — деді Аманғали (X. Есенжанов).
امة (уммат — 1) ұлт, халық; 2) қауым). Үмбет. Ал, Үмбет, аламысың келді кезек, Домбырам жұлқынады сені көздеп (К. Әзірбаев).
Үмбетай (а-қ). Кішкентайынан мұның әкесі мені бағып-қағып адам еткен,— деді Үмбетай
(Ө. Қанахин).
Үмбетбай (а-қ). Сматай Үмбетбаевтың шеберлігі ғажап (Т. Әлімқұлов).
Үмбетей (а-қ). Үмбетей Тілеуұлы (1706—1778) — қазақ жырауы. Кедей семьяда туған. Жырау атанған кезден бастап ол әйгілі Бөгенбай батырдың сенімді серігі, жалынды жыршысы ретінде көзге түседі («Қ. С. Э».).
امة على (уммат ‘али; уммат — қар.; امة ; ‘али— қар. على )— б. т. е. уммат + ‘али. Үмбетәлі. Нұрила, жек көремін осыныңды, Таныдым келген жерден қалыбыңды. Асықпа айтқанымша, аптықпағын, Шығарар Үмбетәлі жалыныңды (Үмбетәлі).
آمن (амин — қауіпсіз, қатерсіз). Әмін. Әмін арабша, парсыша, оның үстіне орысша оқып, жақсы білім алған (3. Ақышев).
امير (амир — 1) әкім, бастық, басшы, басқарушы; 2) жарлық, бұйрық беруші, әмір етуші). Әмір. Абай мен Әмір Құнанбайдың теріс батасын алумен тынады («Қ. Ә. Т».). Әмір бүгін отарын «Қызылсайдың» дөңіне қарай қаптата жайды («Л. Ж».).
Әмірбай (а-қ). Бұл күндері өзіне жаңадан мекен-жай салдырып жатқан Әмірбай жұмыс адамдарымен қыстауының басында отырған-ды (К. Оразалин).
Әмірбек (а-қ). Әмірбек,— деді аздан соң Қылышбай,— бүгін неменеге өң-түсің қашып отыр, ұйықтамағаннан саумысың? (Ә. Әзиев).
Әмірқұл (а-қ). Әмірқұл бүгін өте көңілді («Қ. Ә».).
Әміртай (а-қ). Әміртай мұрнының астынан бірдеңе деп міңгірледі де, ары қарай аяқ баспады
(Б. Тоғысбаев).
Әмірхан (а-қ). Ақбөпе Әмірханды бұрын білген, Көрмей-ақ өткен қыста даңқы келген. Өнерін Әмірханның көрген жастар, Сыпаттап Ақбөпеге айтып берген (И. Байзақов).
امير سيد (амир сайид; амир-қар. امير; сайид — қар. يعقوب) — б. т. е. амир + сайид: Мырсейіт. Мырсейіт Шәкішев — Ұлы Отан соғысының ардагері, бірнеше жауынгерлік ордендеріне қоса «Еңбек Қызыл Ту» орденін кеудесіне таққан адам (А. Шатаев).
امير على (амир ‛али; амир — қар. امير ; ‘али— қар على . ) — б. т. е. амир- ‘али: Әмірәлі. Айым — колхоз бастығы Әмірәлінің ерке, шолжаң өскен қызы, басқа қыздарға қарағанда еркін, батыл-тын
(М. Сералиев).
Әмірғали. Әмірғали — колхозымыздың озат комбайншысы («С.Қ.»).
امير كمال (амир камал; амир — қар. امير; камал — қар. كمال )—б. т. е. амир + камал: Міркемел. Міркемелдің ойы осы сапарға баласын ала кету еді («Жұлдыз»).
امير يعقوب (амир иа қуб — әмір Жақып) — б. т. е. амир-иа қуб: Әміржақып. Бригада мүшелерінің бірі Әміржақыпты құрылыс басында жолықтырды («Л. Ж».).
امين (амин — 1) шын берілген, сенімді адал, ең анық; 2) қауіпсіз, сәтті). Әмин. Әмин Тұяқов, Ғұсман Қосанов сияқты желаяқ ағаларымның қасиетті жолын қуып, спортшы болсам,— дейтін Мәлік
(К. Айтжанов).
امينة (амина — сенімді, адал (әйел); қауіпсіз, сәтті). Әмина. Үй иесінің әйелі Әмина болар деп ойламаған едім (Ә. Сәрсенбиев).
إنكار (инкар— 1) мойындамау, қабыл алмау; іңкәр қылу, іңкәр ету; 2) ауыс. күдік, күмән, шүбәлі;
3) ауыс. құмар, ынтық, ынтызар). Іңкәр. Аққұмның бір қызы бар Іңкәр атты, Сөзі бар алуа-шекер балдан тәтті («Қаз. әнд.».).
Іңкәрбай (а-қ). Іңкәрбай мен Қилыбайлар Молда мен Бүлдіршінді ертіп келді (С. Керімбеков).
Іңкәрбек (а-қ). Әйелі Бодау деген жақсы кісі, Кермиық, маңдайының бар жұлдызы. Рабиға үлкен қызы, бірі Іңкәрбек (Әшім).
انوار (ануар — нұр сөзінің көпше түрі; қар. نور). Әнуар. Әлімжанов Әнуар Тұрлыбекұлы — қазақ совет жазушысы, Қазақ ССР Мемлекеттік және Үндістандық Джавахарлал Неру атындағы сыйлықтардың лауреаты («Қ. С. Э».).
Әнуарбек, Әнуәрбек (а-қ). Әнуарбек біз келерден аз ғана бұрын аттанып кетіпті («Л. Ж».). Әнуәрбек ыңғайсызданып, сәл кідірістеді (P. Ниязбеков).
انيس (анис— 1) дoc; 2) достық). Әнес. Әнестің «Жұлдызды жөн», Софының «Алау» повестері өнеркәсіп саласында жүрген замандастарымызға арналған (Ж. Молдағалиев).
اول (аууал — 1) бірінші, тұңғыш; 2) басы, басталуы). Әуел. Болсаң, Әуеловтей бол! — деді баласына («Жалын».).
Әуелбай (а-қ). Әуелбай бригадаға өз адамындай болып, жылдам сіңісіп кетті («С. Қ».).
Әуелбек (а-қ). Қостағы жігіттердің ұйқысы сергегі - Әуелбек («Жалын»).
اولاد (аулад — 1) уалад — бала сөзінің көпшесі; 2) туыс, жамағат, ұрпақ). Әулет. Повестің бас кейіпкері Әулет — басынан бірталай қиын-қыстау хал кешкен, теперіш көрген, өмірдің кермек уын тартқан адам (Н. Ғабдуллин).
اية (айат — 1) белгі; 2) ғажап, тамаша, керемет; 3) құранның сүрелерінің аты, құранның аяты). Аят. Аят орта мектепті бітіргелі екі жыл өтті (Ж. Алтайбаев).
Аятбай (а-қ). Осы жүргендердің бір-бірінен бөтен сөзі болмайтынын сіз сықылды ескі кісілер түсінсе керек еді,— деді Аятбай (I. Жансүгіров).
Аятбек (а-қ). Өзен жағасына тоқтағандардың арасында Аятбек те бар (С. Дүйсенов).
Аятхан (а-қ). Әкесі Аятхан болса, енді екі жылдан кейін құрметті демалысқа шығады («Л. Ж».).
ايقان (иқан — сенушілік; нану, сену). Иқанбай (а-қ). Қара жолдың май топырағын борпылдатып, Иқанбай айлы түнде айдалада ыңылдап келеді («Жалын»).
أيمان (айман — ант, серт). Айман. Айманов Шәкен Кенжетайұлы (1914 —70) — қазақ совет актері, режиссер, СССР халық артисі, СССР және Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты («Қ. С. Э».).
إيمان (иман — 1) наным, сенім; 2) ар, ұят, ұждан). Аманкелді Имановтың ұлы — Рамазан Аманкелдиев ерлерше күрес жүргізді («Қ. К».).
Иманбай (а-қ). Шолпан Иманбаева (1904-1926) — қазақ қыздарынан шыққан ақын, кедей табының ақыны («Қ. Ә. Т».).
Иманбек (а-қ). Иманбек жүрді жолдас қасына алып... (Шеген).
Иманберді (а-қ). Белді актив ауылыңыздағы Иманберді, Қалайша Перузаңнан таяқ жеді (Тілеген).
Иманқұл (а-қ). Арғын асыл сөздің зергері Иманкұлдың Абдрахманын шығарды (М. Қаратаев).
Имантай (а-қ). Геологпен Қаныштың әкесі Имантай ұзақ әңгімелесті (М. Қаратаев).
Имаш (а-қ). — Иман сөзінің еркелетіп айтылу түрі. Қамқа шайды бірге әзірлесіп, ақ құманды демдеп, жайнаған шоққа қоя бергенде, есіктен Имаш пен өкіл кіріп келді (Б. Майлин).
إيمان شريف (иман шариф; иман — қар. إيمان ; шариф — қар. شريف ) — б. т. е. иман + шариф: Иманшәріп. Иманшәріп — батыр тұлғалы, еңгезердей адам (Б. Ырзабаев).
إيمان على (иман 'али; иман — қар. إيمان; али—қар. على) — б. т. е. иман + ‘али: Иманалы, Иманәлі. Иманалының Байыры, Құрманның Мұқаты топ алдына шықты (М. Сатыбалдиев). Иманәлі!—деді ол, оның атын сұраған кісіге (Ж. Арыстанов).
Иманғали. Әр жыл сайын қадам басқан ілгері, Үлгі болған мал бағуға еңбегі. Иманғали, Мырзағали — Еңбек Ерлері (Рамазан).
إيمان غازى (иман ғази; иман — қар. إيمان ; ғази — қар. غازى)— б. т. е. иман + ғази: Иманғазы. Әлекең жарыстасы Иманғазыдан озыпты (С. Буратаев).
إيمان يوسف (иман иусуф; иман — қар. إيمان; иусуф — қар. يوسف) — б. т. е. иман + иусуф. Иманжүсіп. Иманжүсіп Құтпанұлы (1863-1929) — қазақ халық композиторы, әнші-ақын («Қ. С. Э».).
ب
باب (баб — 1) есік, қақпа; 2) тарих, бабилар, бабидтар мазһабының негізін салған Әли-Мұхаммед Ширазидың лақап аты). Бап. Рамазан Бапов — Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі, халықаралық конкурстың жүлдегері («Қ. Ә».).
Баби. Төл алудан ауданымыздың чемпионы Баби деген дәуіміз осы,— деді Нұрекең («Қ. Ә».).
Бәпи. Мәди Бәпиұлы (1881-1921) — қазақтың белгілі композиторы, әнші, ақын («Қ. С. Э».).
بارئ (бари —жаратушы). Бари, Бәри. Бари сөзіне отырғандардың баршасы да қол соғып, ризашылық білдірді (Ә. Дәуітов). Бәри - ұзын бойлы, батыр тұлғалы, қара көз, қызыл шырайлы, еңгезердей дәу жігіт (Ж. Арыстанов).
باقى (баки —мәңгі). Бақи. Бақи тап сол күні ессіз-түссіз күйі тілге келместен дүние салды...
(X. Есенжанов).
Бақия. Бақия, Барлыбектей шенді төрешіктерді Жамбылдың кісі құрым көрмейтіні сол (М. Әуезов).
Бақы.— Әкем аты Бақы,— деді бала (X. Есенжанов). Бахи.— Бірақ өз халімізді де ойлау керек емес пе?— деп, Бахи өз халдерінің мүшкілдігін аңғартты (Қ. Жұмалиев).
بدر (бадр — 1) толық ай (он төрт күндік); 2) ауыс. жетілген, маңдай алды). Бадыр. Елге саудамен шыққан бақалшы Бадыр бір сапарында ауылдан малайлыққа бала алып қайтқан (Ж. Жұмақанов).
Бедер*. Аталған жастан аты мырза Бедер, Мәрттіктің сақилыққа қосқан төлін (Кете Жүсіп).
بديعة (бади — 1) таңданарлық, ғажап, жарқын, тамаша; 2) тілмәр; 3) жасаушы, жасап шығарушы, жаратушы). Бәдиға. Бәдиға апай:— Білмесең, неңді айтасың? (С. Абдраманов).
Бәти.— Бәтиді мен ұстазым деп есептеймін,— дейді жас сауыншылардың бірі («С. Қ»).
بديع الجمال (бади-ул-жамал — асқан көркемдік)—б. т. е. бади +альжамал: Бәдіғұл — Бадіғұлжамалдың қысқа түрі. Бәдіғұл шырағым, өзің жоқта ауылымызға айтпай келген құтты қонағымыз, өзіңдей ел азаматтарының аман-есен оралуына жоралғы болған жолдыаяғымыз — Өмірбай дейтін балаң, міне, осы деді (Ш. Құмарова).
برات (барат — шағбан айының он төртінші күні). Барат. Барат әйеліне машинаның кілтін берді («Жалын»).
Баратбай (а-қ). Қалижан Бекхожиннің тұңғыш поэмасы «Көктің» бас кейіпкері Балтабай Баратбаевтың бүгінгі ұрпақтарымен дидарласуы өте әсерлі өтті («Қ. Ә».).
براق (баррақ — жайнаған, жарқыраған, жанып тұрған, нұр шашушы, жарқырау, жалтырау). Барақ. О, Барақ жас, Барақ жас, Жегенге тоқ, ішсең мас, Жақсы болса ұлығы, Өз елін жаудай таламас (Дулат жырау). Баласы Шуақтының білмеуші ме ең? Датқасын Ошақтының батыр Барақ (Майкөт).
Байбарақ (қ-а). Ол күні жетпеген соң қона кеттік, Сол жерде Байбарақтың ауылына-ай (Мұрат). Байбарақ бабам айтатын еді деуші еді үлкендер,— біздің тұқымнан әр кезде бір жақсы адам шықпай қоймайды»,— деп (С. Мұқанов).
Барақбай (а-қ). Көп уақыт өтпей-ақ мектеп директоры Барақбай келді (Н. Домбаев).
Құлбарақ (қ-а). Құлбарақтың даңқына, Халық құлағы қанықты (Тұрмағамбет).
بركة (барака — 1) бата, бата беру; 2) ауыс. құт, молшылық, бақыт; 3) ауыс. мейрам, той). Берекехан (а-қ). Абайдың көптеген немере, шөберелері Ұлы Отан соғысы майданында үлкен ерлік көрсетті, солардың ішінде Берекехан бар еді (М. Бейсенбаев).
Мереке. Мерекенің баласы жұрт көзіне жастайынан шалынды («Л. Ж».).
بشر (башар — адам, адамзат; адам, адамдар). Башар. Ей, өзің неменеге әлдеқандай бола қалдың? Бастықтың қолын қайырма,— деп Хасен де Башарды бастырмалата жөнелді (С. Адамбеков).
بشير (башир— 1) қуанышты хабар жеткізуші; 2) хабаршы, жаршы). Бәшір. Болыстық жер бөлімінің меңгерушісі — Шуаип Бәшіров (С. Мұқанов).
Бәшірбек (а-қ). Повестің негізгі кейіпкері— Бәшірбек (Н. Мұраталиев).
بصير (басир — 1) жақсы көруші, айыра білуші; көргіш, байқағыш, көреген; 2) ақылды, есті. Басыр. Тайыр ағайым Басырмен бірге бір институтта оқиды екен. Бір күні оған еріп үйге келді
(М. Жарақова).
Бәсир. Меңдіхан Бәсиров орындаған халық әні «Япурай» және басқа әндер көрермен қауымды қатты сүйсіндірді (А. Уахитов).
بصيرة (басира — 1) ақыл, ес; 2) саналылық; 3) көрегендік, көргіштік, болжағыштық). Басира.— Нәзипа жұмыста...— Онда Басирасы (Ә. Сәрсенбаев).
بطل (батал — батыр, батыл, ержүрек). Баттал. Жаудың 15 солдатын жойып, серігі Жұмажан Батталұлы тағы басқалармен бірге он солдат, үш жау офицерін тұтқынға алды (Б. Момышұлы).
Батталхан. Батталхан қар аралас жауынның астында қалып, қатты тоңды («Жалын».).
بقاء(бака — мәңгілік, тұрақтылық). Бака. Бакаев бастаған студенттер отряды совхоздың үш тұрғын үйін салды («Л. Ж».).
بكر (бакр — 1) бота, жас түйе; 2) жалқы есім). Бәкір. Оқушы қауым, тыңдаушы жұртшылық әндері арқылы да, өлеңдері арқылы да Бәкір Тәжібаев есімімен көптен таныс (Д. Стамбеков).
Байбәкір (қ-а). Байбәкір де отар аралап жүрген (С. Адамбергенов).
بلبل(булбул — бұлбұл, сандуғаш). Бұлбұл. Міне, арада төрт жыл да өте шығып, ұстаздық ету жолындағы алғашқы қадамымызды сынайтын күн де келіп жетті,— деді Бұлбұл («Л. Ж».).
بناء احمد (бина ахмад — мақтаулы бейне; Ахметтің бейнесі, суреті)— б. т. е. бина-ахмад: Бинахмет. Бинахмет шыққан топырақты аулақ лақтырып, бұрғыны ауық-ауық ұзартумен тұр («С. Қ.»).
بهاء الدين (баһа-уд-дин; баһа — сұлулық, әдемілік; ад-дин — қар. دين) — б. т. е. баһа-ад-дин: Баһаутдин. К.П.Персидскийдің жан-жақты қызметін Совет өкіметі жоғары бағалады, — дейді
Г. Баһаутдинов («Л. Ж».).
بياض (байад— 1) аппақ; 2) ауыс. аса жақсы). Баязи. Баязи Шөкеев ұстаздық қызметін 1927 жылы Жылойдағы мектептен бастаған (Қ. Ыбырайұлы).
بيان (байан — 1) айқындық; 2) декларация; 3) манифест; 4) көркем жазу, сөйлеу). Баян. Баян Байғожина ұрыс майданындағы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» және «Даңқ» ордендерін алды (Е. Ыбыраев).
Баянбай (а-қ).— Кеш жарық!—деп Баянбай кіріп келді («Л. Ж».).
Баянбек (а-қ). Елдің соңын ала Баянбек те қозғалды («Жұлдыз».).
Баянды. Баянды жастарға комбайн жүргізудің қыр-сырын үйретуден жалыққан емес («Л. Ж».).
بيان على (байан-’али; байан — қар. بيان; 'али — қар. على)— б. т. е. байан+ ’али: Баянғали. Көптеген әңгімелерден ой-өріс тарлығы аңғарылды,— дейді Баянғали («Қ. Ә».).
ت
تأب (таабин — мақтаныш; тәкәппарлық). Тәби. Б. Тәбиевтің суретшілік мәнері, С.Айтбаевқа қарағанда, басқаша (К. Ли).
تبرك (таббарук—1) бата сұpay; 2) аса құрметті, қадірлі (қарт кісі, кітап); 3) есте қалатын зат, бұйым). Теберік. Роза Теберікпен әңгімелесіп отыр («Л. Ж».).
تحكيم (тахким — 1) арбитраж (келісім бойынша тағайындалған төреші, аралық сот); 2) ауыс. нығайту, бекіту, күшейту). Тәкім. Дүйсенбаев Ысқақ Тәкімұлы — қазақ совет әдебиетшісі... Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері («Қ. С. Э».).
تراب (тураб — шаң, тозаң, топырақ). Тұрап.— Тұрап — осы совхоздың озат механизаторы
(«С. Қ»).
Достарыңызбен бөлісу: |