Қазақ тілінде кездесетін шығыс тілдері элементтерінен қатары молырағы араб текті сөздер. Соның бір саласы кісі есімдері



бет9/21
Дата24.04.2016
өлшемі2.09 Mb.
#78152
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

Шәріп, Шәріпов Әди — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері... («Қ. С. Э».).

Шәріпбай (а-қ) Шәріпбай мақташының бозала таңнан тұру әдетіне айналған («Л. Ж»).

Шәріпбек (а-қ). Шәріпбек қасындағы жолдасына қарап күлімсіреді («Л. Ж»).

Шәріпқан, Шәріпхан (а-қ). Бала күннен тай-құлындай тебісіп өскен кластасым Шәріпханды осы арадан жолықтырамын деген ойымда жоқ еді («Жалын»). Шәріпқанды алдында бұдан да ауыр күндер күтіп тұр еді («Жұлдыз»).
شريف جمال (шариф жамал; шариф — қар. شريف ; жамал — қар. جمال ) — б. т. е. шариф + жамал: Шәріпжамал. Дауысың Шәріпжамал таудан биік, Жалғаннан кім безіп жүр нәсіп тиіп. Каңлының барлық қызы ақын шығып, Тұсыңа жаңа келдім кезек тиіп (Әжек).
شريف على (шариф ‘али; шариф — қар. ; شريف али — қар. على ) — б. т. е. шариф + али: Шәріпқали. Мұнда келші өзің, Шәріпқали екеуіңді екі жағыма алып жатайын,— деді Жанқия апай

(Ә. Сәрсенбаев).
شريفة (шарифаатақты, мейірімді, қайырымды, рақымды әйел). Шарипа, Шәрипа. Шарипа Қасболаттың басын кеудесіне басып, шашынан сүйді, жасқаншақ ұзын саусақтары мейірленіп, бетінен сипады (Т. Ахтанов). Күніне екі реттен концерт беріп отырдық, әсіресе, Шәрипаға қиын болды

(Е. Өмірзақов).
شريك (шарикжолдас; әріптес; сыбайлас). Серік. Ұста Серіктің жасаған терезелері осы ауылдағы үйлердің көбісінде бар («Л. Ж».).

Серікбай (а-қ). Серікбай тракторшы совхоз орталығынан саңғыраған төрт бөлмелі үй алды («С. Қ».).

Серікхан (а-қ). Кешке дейін Серікханның келгені жөнінде бүкіл ауыл құлақтанды («Жалын»).
شريك على (шарик ‘али, шарик - қар. شريك ; али — қар. على ) — б. т. е. шарик + али: Серікқали. Ержүрек ақылды да айлалы чекистердің бірі Серікқали Жақыпов болғаны тарихтан жақсы белгілі (М. Бекбергенов). Серікәлі. Серікәлі отарын жайлауға айдап барады («С. Қ.»).
شريك غازى (шарик ғази; шарик — қар. شريك ; ғази - қар. غازى )— б. т. е. сарик + гази: Серікғазы. Екі-үш күн бойына үнсіз жүрген Серікғазы сырын кешқұрым білдірді (Т. Қаупынбаев).
شعبان (ша бан араб ай жылнамасының сегізінші айының аты). Шағбан. Кеңсуаттан Кенейдің немерелес туысы Шағбан деген шал келді (С. Омаров).
شغل (шуғл1) кесіп, іс, жұмыс, 2) ауыс. кенет, тез, жедел). Шұғыл. Мысқылшыл Шұғыл оны «мысық мұрын» деп тауып та қойған ба қалай? (X. Есенжанов).
شفاء (шифа 1) сауығу, жазылу, ем болу; 2) емдік заттары, дәрі-дәрмек). Шипа. Шипин Омар (1879-1963) — халық ақыны, ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысып, көтеріліс жаршысы болды

(«Қ. С. Э».).

Шипабай (а-қ). Шипабай үзеңгіге аяғын салды («Л. Ж».).

Шипабек (а-қ). Шипабек ауыр жараланды («Л. Ж».).

Шипағұл (а-қ).— Кәкімжан, Қабидолла, Шипағұл, Мырзағұл өзімнің шәкірттерім,— дейді Кәрекең («С. Қ».).
شفاعة (шафа aаяу, жаны ашу, есіркеу). Шапағат. Мен Шапағаттың қызыл атын қинағым келмей, аяңмен ғана келе жатырмын (Ғ. Сыланов).

شفق (шафақкешкі, ертеңгі күннің сәулесі). Сапақ. Сапақ егінге түскен малдарды айдаумен әлек... («Жалын»).


شكر (шукр1) мақтау; 2) алғыс айту; 3)құрметтеушілік, қадірлеушілік, сыйлаушылық). Шүкір. Шүкіров Зейнолла — қазақ ақыны, жазушы («Қ. С. Э».).

Шүкірбек (а-қ). Осыдан былай ол Шүкірбек атанды («Жалын»).

شكورة(шакураалғыс айтушы), Шәкура. Шәкураның сөзін Ақтай жалғастырды



(Н. Жүнісбаев).
شكيمة (шакима1) күшті, қуат; 2) мақтаныш, абырой). Шәкима. Шәкиманы вокзалда күткен кісілер көп екен (А. Бекенов).
شمال (шамалсолтүстік салқын желі, самал жел). Самал. Самалдың махаббаты бүтін болса, бір күні Беренге сағынышты сәлемі құстай ұшып барып қалар (А. Нұрмаханова).
شمس (шамскүн). Шәмші. Ән шығаруда өздерінің айта қалғандай қабілеттері бар, жаңа тіл, үн іздеуде көрнекті табысқа жетіп жүргендердің ішінен ауыз толтырып айтатынымыз — Шәмші Қалдаяқов («Қ. Ә. Т».).
شمس الدين (шамс-уд-дин) шамс — қар. شمس ; дин — қар. دين ) - б.т. е. шамс + ад-дин: Шамсутдин. Майра Уалиқызы Шамсутдинова (1896-1926) — қазақтың халық компози­торы, әншісі

(«Қ. С. Э».).

Шамшадин. Шамшадин, Мырзекеңмен, Дәулетназар һәм Әлібай, Қожекең, Алдашекең Шаймағамбет (Ы. Ержанұлы).

Шамшиден. Мырзағалиев Шамшиден (1922-43)— шахматшы, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан

(«Қ. С. Э».).
شمسية (шамсийақолшатыр). Шамсия. Көлбеңдеп қыз Шамсия көз алдымда, Секілді құрмет еткен өз алдына... Есімі Шамсияның жер жүзінде, Жынысы қол жетпейді жоғарыда (Рахымжан).

Шәмшия. Біздер ерлік іздейміз мүлде бөлек, Бұйығы өмір, бос тірлік кімге керек. Диқан ерлік жасайды еңбегімен Туған елдің құшағын гүлге бөлеп,— дейді Шәмшия Жұбатова («Л. Ж»).
شمس قمر (шамс қамаркүн мен ай) б. т. е. шамс + қамар: Шамшиқамар. Шамшиқамар мектебінен өткен жастар саны қырықтан асып барады,— дейді Иван Владимирович (Қ. Закенов).
شمس نور (шамс нур; шамс — қар. شمس ; нур — қар. نور) — б. т. е. шамс + нур: Шамсинұр. Жүзімдей боп өскен соң сорып жұтар, Гүлдей боп өскеннен соң қолда тұтар, Имамы «Шамсинұр» деп атағанмен, Бар ұйғыр касиеттер,— дейді «Жұпар» (С. Мұқанов).

Шәмшінұр. Шәмшінұр орден алыпты деген хабар ауылға тез тарады («Б. О».).
شمع على (шам ‘али; шам — шырақ, білте; شمع ; али — қар. على) — б. т. е. шам + али: Шамғали. Сарыбаев Шамғали Харесұлы (1893-1958) — қазақ педагогы, қазақ тілі методикасының негізін салушылардың бірі («Қ. С. Э».).

Шәми... Атап айтқанда: Саттаров, Камалов, Шәмиев тағы басқалары... (Қ. Әміров).
شهاب (шиһабақпа жұлдыз, метеор; алау, алау жарығы). Шияп. Кейде фамилиясын жазбай, есімдерін қоя салатын болған — «Балқай», «Елтоқ», «Шияп», «Шолпан». Бұл есімдер сол кездегі белгілі журналист әдебиетшілер: Балқай Байтоғаевтың, Елтоқ Дінмұхамбетовтің, Шияп Қожахметовтің, Шолпан Иманбаевалардың өз есімдері (Т. Жанұзақов).
شهادة (шаһадакуәлік, аттестат, диплом). Шаһадат. Хұлнардың не себепті медицинаны таңдағаны бізге мәлім: оның шешесі Шаһадат қылтамақ боп өлді де, сол сырқаттың емін табуды ол арман етті (С. Мұқанов).
شهرة (шуһра — даңқ, даңқтылық, белгілілік, атақ). Шұһрат. Шұһрат — жоғары білімді архитектор (Ә. Рахманов).
شهلاء (шаһла1) көк көз; 2) сұлу, ботакөз). Сағила. Бұзауды ерте оттықтырудың пайдасын Сағила бұл арада әдейілеп тоқтап айтты (М. Иманжанов).
شهيد اللـه (шаһид-ул-лаһ; шаһид — құрбан, шейіт; شهيد ; аллаһ — қар. اللة ) б. т. е. шаһид + аллаһ: Шәйдолла. Шәйдолланың ғылыми еңбегі жоғары бағаланды (М. Мәжитов).
شوال (шаууал араб ай жылнамасының оныншы ай аты). Шабал. Шабал өз алдына жүріп өткен жолын ешқашан да Күләшсіз елестете алмас еді (О. Тұрғалиева).
شوق (шауққұмарлық, ынтызарлық, әуесқойлық). Сауық. Сауықтар кеткен соң Күләй үйде отыра алсайшы («Жалын»).

Сауықбек (а-қ). Шоқыдан: Бейсенбек, Бөлебек, Сауықбек, Жаймағамбет деген төрт ұл туады

(«Қ. Ә».).
شيخ (шайх1) қария, құрметті адам; 2) ақсақал, басшы; 3) рухани көсем; 4) ғалым, ұстаз). Шайқы, Шайхы. Шығанақ Жақып, Айт, Жүсіп, Шайхы дейтін ұлдарымен таныстырды (F. Мұстафин). Ауыл үлкені — Шайхы («Қ. Ә. Т».).
شيخ الاسلام (шайх-ул-исламислам дін иелерінің бастығы)б. т. е. шайх + аль-ислам: Шайхулислам, Шайхолислам, Шайхыислам, Шайхыслам. «Сейфүлмәлік» қиссасының алғашқысы — Радлов жинағында басылған нұсқа, оны Жүсіп Шайхулисламов... 1903, 1908 жылдары бастырған

(«Ғашық-Наме»).
شيخ الدين (шайх-уд-дин дінбасы ) б. т. е. шайх + ад-дин: Шайхуддин. Шайхуддинов Еренғайып Мәлікұлы — қазақ химигі («Қ. С. Э.»).
شيخ منصور (шайх мансур; шайх — қар. ; شيخ ; мансур — қар. منصور )б. т. е. шайх + мансур: Шайхымансұр. Шайхымансұр — ақын Әріптің баласының аты («Қ. Ә. Т».).
شيق (шаииқтаңдаулы; қызық). Шайық. Шайықов Зәдаш Шайықұлы — қазақ дәрігері

(«Қ. С. Э».).
(ص)
صابر (сабиршыдамды, төзімді; берік, табанды). Сабыр. Шарипов Сабыр (1882-1942) — жазушы, қоғам қайраткері («Қ. С. Э».).

Сабырбай (а-қ). Сабырбай ақын Тойбала қызбен жігіт кезінде тынымсыз айтысады (М. Әуезов).

Сабырхан (а-қ). Ол Сабырханның мына қылығына таңданып отыр («Л. Ж».).
صابر على (сабир али; сабир — қар. صابر ; али қар. على ) — б. т. е. сабир+али: Сабырғали. Сабырғали Доссорға жетті (С. Хайдаров). Сабыралы. Сабыралы таңертең қаладан келді («Л. Ж»).
صابرة (сабиратөзімді, шыдамды, сабырлы әйел), Сабира, Сәбира. Сабира Майқанова — қазақ актрисасы, халық артисі («Қ. С. Э».). Сәбира мұздай сумен жуынғанда, бір сәтке болса да бойы сергіп, ширап қалғандай болды (М. Дүйсенов).
صاحب (сахиб — 1) серік; 2) жолдас, дос, тамыр; 3) қожа, ие, мырза). Сахиб. Сахиб сиыршы табынды күндегіден ауылға ерте әкелді («Жалын»).

Сайып. Сайып келгенде, мамам мені шақырды (С. Омаров).

Сақып, Сахып, Сахип. Сақып есік жақтан бір етікті әкеліп, Ақанның алдына алып ұрды

(Ғ. Мүсірепов). Сахиповты кабинетінде жолықтырдық (М. Сатыбалдиев).
صاحب جمال (сахиб жамал; сахиб — қар. صاحب ; жамал — қар. جمال ) — б. т. е. сахиб + жамал: Сақыпжамал, Сахыпжамал. Сол отрядта қазақтың екі қызы болды, бірі — Сақыпжамал Есмағамбетова (С. Хайдаров).

Сәйіпжамал. Саған, анам, көпсінбес ем, Ешқашанда мың жасты — дейді Сәйіпжамал («Л. Ж».).
صاحب نظر (сахиб назар; сахиб — қар. صاحب ; назар — қар. نظر )б. т. е. сахиб + назар: Сайыпназар. Сайыпназар спорт бұйымдарының тапшылығын сөз етті (Ф. Сахиев).
صالح (салих1) жақсы, игі, ізгі, мейірбан, әділ, тақуа: 2) пайдалы; мүдде; жақсы іс, игілік;

3) жалқы есім). Салих. Әріптестерін көзінің астымен бір назарлап қойды да, іске қайта кірісті,— дейді

Е. Салихов («Қ. Т. Т. С».).



Байсалық (қ-а). Нұрмақ Байсалықов — «он төрттің хатына» қол қойғандардың бірі (С. Мұқанов).

Салық. Жаяу Мұса сүйікті жұбайы Сапардан Салық атты бір ұл, үш қыз көреді («Қ. Ә. Т».). Салықбай (а-қ). Сырт киімін шешкен Салықбай төрге озды («Жалын»).
صالحة (салиха1) жақсы, игі, мейірбан, әділ; 2) пайдалы, жарамды; 3) жалқы есім). Салиқа, Салиха. М. Әуезов суреттеген Тоғжан, Салтанат, Салиқа, Үмітай секілді сұлу қыздардың портреті біркелкі емес, алуан түрлі («Қ. Ә. Т».). Бар еді Салиха атты жалғыз қызы, Артылған өз тұсында тәрбиесі (Әсет). Үйренген ер әдісін әйелдерден, Салиха, Нұрипадай ерді көрдім (К. Әзірбаев).
صائم (саим1) ораза тұтушы; 2) жеңіл тамақ ішуші). Сайым, Сайм. Осыны айтып, ана ашты арманын, Ана үні елжіретті Сайым жанын (С. Бегалин). 1916 жылы 12 шілде күні Қарабалық болысы Сайм өлтірілді, сол жазда, осы оқиғаға байланысты он сегіз кісі дарға асылды (Ж. Молдағалиев).
صائن (саин1) сақтаушы; 2) қорғаушы; 3) қамқоршы). Саин. Жұмағали Саин (1912-61) - қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі («Қ. Ә. Т».).

Сайын. Өнер сүйген қауым Сайынды айрықша қадір тұтады (М. Сатыбалдиев).
صبورة (сабурааса шыдамды, аса төзімді, өте тұрақты). Сафура, Сапура. Жасы елуден асса да Сапураға... Небір қиын шатқалды асуларда, Шаруасының ұйтқысын шайқатпайды (А.Тоқмағамбетов). Сафураның қолына жолаушылардың бірінен ұмыт қалған мұқабасыз, шет-шеті шала түтілген журнал түскен-ді (Р.Үбитәліпов).
صبى (сабиеркек бала; жас жігіт; шәкірт). Саби. Қоғамдық қызметке белсене араласып жүрген студенттердің бірі — Сабиев («Л. Ж.»).

Сәби облыстың таңдаулы тарлан ақыны екендігін әбден көрсетті (“Қ. Ә. Т”.).

صدر (садр1) жүрек, кеуде; 2) алдағы (бірінші бастық). 3) құрметті орталық орын). Садыр. Сауық қып Садыр — Матай жиылысып, Аулына алдырыпты Тұрысбектің... (Ж. Шайхолисламов ).



Садырбай (а-қ). Садырбай бір тылсымда мүйіз шақшасын өкшесіне қағып, насыбай атты

(Қ. Исабаев).

Садырбек (а-қ). ...Садырбек қолын сермеп-сермеп қояды. («Л. Ж».).

Садырқұл. Шеткері отырған ауыл ақсақалы Садырқұл қартқа қарап тіл қаттым... (3. Тамшыбаева).

Сәдір. Сәдір дейтін батырын ала келді (Ғ. Мүсірепов).

Сәдірбек (а-қ). Сәдірбек бурыл атты алып келді («Л. Қ.»).

Сәдірхан (а-қ). Сәдірхан орта жолда қалмасам қайтсін, — деп уайымдады («Жалын»).
صديق(садиқдос, шыншыл). Садық. Садық телефонмен әлдекімдерге тапсырма беріп жатты («Жұлдыз»).

Садықбек (а-қ). Көрші үйдің үлкен ұлы Садықбек шабандоз жан болатын («Л. Ж».).

Сыдық. Сыдық қала тіршілігіне бейімделіп кете қоймаған кезі еді («Л. Ж».).

Сыздық. Сыздық та қыр басына таяды («Жұлдыз»).

Сыздықбай. ...Бекен көз ұшында кетіп бара жатқан Сыздықбайды нұсқады («Жалын»).
صرف(сарфбарлық өмірін, дүниесін белгілі бір іске арнау). Сарыпбек (а-қ). Сарыпбек сияқты үгітшілердің теміржолшылар арасында өткізген тартымды, терең мазмұнды саяси әңгімелері коллективтің өндірістік тапсырмаларды асыра орындауына ұйтқы болуда («С. Қ».).
صغير (сағир1) кішкене, кішкентай; 2) жас, жас бала). Сағыровтың звеносы совхозда әуелгілердің бірі болып мердігерлік жұмысты қолға алған екен («Л. Ж».).

Сағырбай (а-қ). Құрманғазы Сағырбайұлы (1806-79) — қазақ композиторы («Қ. С. Э».).
صغيرة (сағира1) кішкене (қыз); кішкентай; 2) жас, жас қыз бала). Сағира. Ол біздің колхозда көрінеді,— деген Сабыр сөзі Сағираның ойын бөліп жіберді (С. Алдабергенов).
صفاء(сафа1) тазалық, адалдық; 2) ауыс. заттың, құбылыстың тек өзіне ғана тән қасиеті). Сапа. Сапа бірінші немісті атып түсіргенде... оны «Жауынгерлік еңбектері үшін» медалына ұсынды

(Ә. Нұрпейісов).

Сапабек (а-қ). Апа, сүйінші, Сапабектен телеграмма келді!— деді Ділдаш (Ә. Айдаров).

Сафа. Ерсайын Есжанов, Сафа Зейнуллин — Қызыл командирлер... («Қ. Ә».).

صفة (сифа1) сапа, қасиет; 2) ауыс. сымбат). Сипат. Нартәуекелге бел буған Сипат ағынды суға бірінші болып түсті. («Л. Ж»).



Сымбат. Арман Сымбатты өзінін туған қызындай көріп кетті. (Ә.Әбішев).

صفو (сафутазалық; ашықтық, анықтық, айқындық; мөлдірлік, тұнықтық). Сафуан. Жазушы Сафуан Шаймерденовтің «Болашаққа жол» деген романынан да тіліміздегі жаңалықтың лебі еседі



(Қ. Сағындықов).
صفى (сафитаза, анық, жылтырақ). Сапи, Сәпи, Сафи. Сапи ғылым қуамын деп қалаға кетті... («Жалын»). Сабыралы мен Сәпидің құдайы көрші болғанына талай жылдың жүзі болды («Л. Ж».).

Сапия. Сапия көрер көзге тым ұсақ, тым елеусіз (Т. Тоқбергенов).

Сәпі. Өткен жаз Әлти байдың балалары мен Сәпі байдың балалары болыстыққа таласыпты

(С. Мұқанов).

Сафихан (а-қ). Ыдырысова Сафихан — бүгінде аты белгілі қобызшы (У. Бекенов).
صلاح(салахжақсылық, игілік, жарамдылық). Салах. Салах ату әдісін көрсетті де, мылтығын Тәніге берді (С. Мұқанов).
صمد (самадтұрақты, өзгермейтін; мәңгі). Самат. Самбырлап ауыз жаппай келе жатқан жалғыз Самат қана («Жалын»).

Самет, Сәмет. Саметтің жарылған снаряд пен минаның астында... үзілген телефон сымын жалғайтынынан да ол хабарсыз (Ә. Нұрпейісов). Сәмет батыр, Тоғанас Солардан да өткен сұм дүние... (Базар жырау). ...Жазушы Сәмет образы арқылы өмір сүрудің, сол өмірдің өзін пайдалы енбекпен өткізудің мағыналы екенін дәлелдейді («Қ. Ә. Т».).
صندوق (сундуқсандық). Сандықбай (а-қ). Сауыншылар зоотехник Сандықбаев келді десіп жатыр («Л. Ж».).
صوفى (суфитақуа, сопы). Софы. Бұл үйдегі жеңгеміз де батыр екен,— дейді Софы

(Ж. Әбдірашев).

Қарасопы (қ-а). Қарасопы мазарын жергілікті халық қорымға ертеректе жерленген адамның атымен Қарасопы деп атап кеткен («Қ. С. Э».).

Сопы. Сопы жүгерішінің ішіне қан қатты («Жалын»). Сопыбек (а-қ). Сопыбек жаңа келген кітаптарды іріктей бастады («С. Қ».).
صوفى على (суфиали суфи — қар. صوفى ; али على) б, т. е. суфи + ‘али. Сопығали. Сопығали шопан биыл құрметті демалысқа шықпақ екен («Л. Ж».).
صولة (саула1) қуат, күш, айбындылық; 2) салтанат, көрік). Сәулет. Сәулет мектепті күміс медальмен бітіріпті («Л. Ж».).

Сәулетбек (а-қ). Шәмші ауылдағы жас ақынымыз Дүйсентайдың өлеңіне келісті музыка жазып беріп, Сәулетбекке орындаттырған («М. Ж. Т».).

صياد (саййадаңшы, сонаршы; балықшы). Саят. ...Отыр ма, әлде, сонда Саят жыршы, Жарына аққу жырын наз ғып айтып (Қ. Бекхожин). ...Жанар, Ғалия, Асқар, Саят есімді төрт баласы бар



(А. Тегінбаев).
(ض)

ضبير (дабир1) қатты, табанды; 2) күшті, құдіретті) Забир. Зейнеп Забирова — алдыңғы шепте аса қауіпті медициналы қызметін атқарып, талай рет ажалмен арпалысқан жандардың бірі



(Е. Ыбыраев).

Зәбира. Зәбира халықтың музыкалық аспаптарына зор құрметпен қарайды («Л. Ж».).
ضرور (даруркерек, қажет). Зәру. Перде ашылғанда сырттан үрке қараған Зәру кірді

(Ә. Тәжібаев). Шығанақ таныстыруды кемпірі Зәруден бастады (Ғ. Мұстафин).

Зәрубай (а-қ). Түсіме Зәрубай жиі кіретін болып жүр — деді Қалибек (Ж. Кәрменов).
ضعيف(дай ифәлсіз, күшсіз, нашар). Зайып. Зайып қалқима кенеп қостың жапсар есігінен әлсін-әлі сыртқа сұғына қарайды («С. Қ».).
ضعيفة (да ифа1) әлсіз, нашар; 2) ауыс. әйел). Зағифа, Зағипа. ...Бәлкім, махаббат деген осы шығар?! — дейді Зағифа («Л. Ж».). Ал қағаз, ұста, қолым, қаламыңды. Зағипа, саған арнап хат жазайын... (Ақан сері). Жүсіп үйіне келген соң Зағипаны асықтыра киіндіріп, арбаға отырғызды (Ғ. Мұстафин).
ضمير (дамир1) ар, ұят, ұждан; 2) ақыл, ой, ес; 3) құпия, сыр, ой, пікір; 4) грамм, есімдік). Дамир. ...Дамир бұл күннің жолдарын түзу сызықпен тартып өткен (С. Бердіқұлов).

Зәмір. Қазір бұл маңайды Зәмірдің жүгерілігі деп атап кеткен (А. Мұхамеджанова).
ضميرة (дамираұждан; 2) ақыл). Дамира. Алматыда тұратын ұл-қызы Марат пен Дамира екен (К. Нүсіпәлиев).
ضياء(диажарық, сәуле, шұғыла). Зия. Зия Шайгелдинов – 1941 жылы лейтенант, взвод командирі («С. Қ».).

Зиябек (а-қ)... Зиябек маңызды рейдтердің бірде-бірінен бой тартқан емес («Л. Ж».).

Зияш. Зияш — тәжірибелі дәрігер («С. Қ.»).

Зиялы... Зиялы, Айбектің өкіл әкесі Матвей шал — өз бойларына лайық іс-әрекетімен, мінез-құлығымен көрініп жатады (Д. Досжанов).

Күнзия (қ-а). Күнзия бір үйдің кенжесі еді, бір Отанның еркесі еді (3. Шүкіров).

Ханзия, Қанзия, (қ-а). Ханзия комбинатқа алғаш келгенде ұялшақ қыз еді («Л. Ж».). Қанзиямен арадағы әңгіме көпке дейін ұмытылмай мазалай берді («С. Қ.»).
ضياء الدين (диа-уд-дин; диа — қар. ضياء ; дин – қар. دين) — б. т. е. диа + ад-дин: Зиядин. Зиядин соңғы бір-екі жыл бойы бұдан сәл озып жүр (Е. Шілдебаев).
(ط)
طابية (табиақамал, бекініс, қорған). Тәбия. Ақбала, Тоғжан, Сара... Тәбия, Мақта, Айсұлу, Айкүміс атақты ақын қыздар («Қ.Ә. Т».).
طاعة (та ат 1) мойынсыну, құлақ салу; көңгіштік, тілалғыштық, бағыну; 2) тәртіп, тағат). Тағат... Жайғасып жатады екен Обломовша, Тағат жыр жазады екен іші пысса (Ә. Тәжібаев).
طالب (талиб ізденуші, оқушы, студент). Тәліп. Сойған түлкідей ырсиып Тәліп кірді («Жалын»).
طائر (таир1) ұшушы; 2) құс). Тайыр. Тайыр — әсерлі сезім шаттығының ақыны, көтеріңкі пәрмен, асқақ лебіздің ақыны (Ә. Тәжібаев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет