Қазақ тілінде кездесетін шығыс тілдері элементтерінен қатары молырағы араб текті сөздер. Соның бір саласы кісі есімдері



бет6/21
Дата24.04.2016
өлшемі2.09 Mb.
#78152
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

خ))

خاتمة (хатима1) соң, соңы, ақыр, қыры, аяғы; 2) қорытынды (сөздің). Қатима. Қатимаотты көсеп, үстіне қу бұтақ тастады («Жалын»).


خاص على (хасс ‘али; хасс — ерекшелік; خاص; али — қар. على) - б. т. е. хасс + али: Қасғали. Ақай ауылына, қастарында Ақбайдың ең кенже баласы Қасғали бар, мылтық асынған бір топ салт атты сау ете түсті (С. Бақбергенов).
خاصة (хассаерекшелік, айырмашылық). Қасабай (а-қ). Қасабай ағай семинар сабақты өткізуге ерекше мән береді (Т. Көлбаев).

Қасабек (а-қ). Қасабек бір түнде көрші ауылға көшіп кетті («Жалын»).

خاطر(хатир1) ой, идея, пікір, түсінік, ойлау; 2) ақыл, ес; 3) жан; 4) тілек, ықылас). Қатер. Қатер белін қатайта буып, жәшіктегі балықтарды тиеп жатыр (Н. Жүсіпбаев).


خاطرة (хатира1) пікір, идея; 2) еске түсіру; 3) сувенир (есте қалатын сыйлық заты). Хатира, Қатира. Көкериді Хатираға үйленді (С. Мұқанов). Иса... жетімдік қатал сынына ұшырайды, жеңгесі Қатираның, соңынан нағашы шешесі Жанбаланың қолында өседі Қ. Ә. Т.»).
خافية(хафиақұпия, жасырын). Қапия. Сары кәріш көйлекті төгілтіп, Қазықанның келіншегі Қапия да кірді (I. Жансүгіров).
خالد(халидмәңгі, өлмейтін, өлмес). Халид, Халит. Ақботин Халид Сейітқалиұлы (1902-38) — социалистік құрылысқа белсене қатынасқан партия, совет қызметкері («Қ. С. Э».). Халит сияқты өнер иелерінің орындауындағы әсем әндер құлақ құрышын қандырады («С. Қ».).
خالدة (халидамәңгі, өлмейтін, өлмес). Халида, Қалида. Халида атан түйедей атпал азаматты жамандыққа қимады («Жалын»). Қалида өзінен-өзі мырс күліп жіберді («Л. Ж.»).
) خالصхалис1) таза, табиғи, шын, адал; қалыс; 2) ерікті, азат). Халес. Олар қойды бірігіп бағайық деп әдейі қосқан ғой,— дейді Халес (3. Жұманова).
خبير (хабирбілетін, хабардар, білгір; 2) маман, сарапшы). Хабир, Қабир. Аздан соң трактор таянып қалды да, оның шамдарының жарығында Хабирдің қарасы көрінді («Қ. Ә».). Қабир келе сала жұмысты қолға алды («Л. Ж».).

Қабира, Хабира. Қабира апайдың даусынан біліп жатырмын (3. Жұманова). Хабира сияқты совет қыздары өмірдің қызығын бастан кешіру үшін, шыжығанынан да жалтарған жандар емес (X Ерғалиев).
خدمة (хидма1) қызмет ету, жұмыс; лауазым, мансап; 2) көмек). Қызмет. Қызметтің үй бетін көрмегеніне үш күн болды («Жұлдыз»).
خديجة (хадижажалқы есім). Хадиша, Қадиша. Хадиша Ханкелдінің құлқын сезгендей болды («Жұлдыз»). Топ көрсе қарқындайтын біз бір тұлпар, Бұлбұл құс қызыл гүлге болып іңкар. Қадиша, Ғалия мен Нұркүләндам Сіздерді неге ұмытсын көрген сұңқар (Ақан сері).

Қатша. Биенің ішін жарған соң да, Қатша қатты көмек етті (М. Әуезов). — Жазған, ерні кезеріп шөлдейтін болды-ау,—деп соңынан Қатша аяушылық білдірді (М. Құлкенов).
خرينة (хазина1) асыл, қымбат заттар; 2) қойма, көмбе, қазына, байлық; 3) асыл дүние;

4) қымбатты асыл заттарды сақтайтын орын). Қазина, Қазине, Қазына. Қазина өз ойын ақтарды, әрі Шелпекке үлкен қолқасын да артты (С. Сарғасқаев). Бізді нашарсынады ғой хазірет жарықтық,— деді Қазине (Д. Әбілев). Пьесада Жалбыр бастаған игілікті істі қостаушы Мұқыш, Таңсық, Қазына Дүйсен сияқты ұнамды кейіпкерлердің іс-әрекеттері суреттелінеді («Қ. Ә. Т».).
خضر(хидрІлияс пайғамбардың лақап аты). Қыдыр. Бір танысы арқылы Қыдыр молдамен кездеседі де, Сұлтанмахмұт бұл жолы бала оқытуға Тарбағатай тауына шығып кетеді (Ы. Дүйсенбаев).

Қыдырбай (а-қ): Колхоз председателі Қыдырбай шотты бір жағына қоя салып, балықшылардың сөздерін ұйып тыңдап отыр (С. Хайдаров).

Қыдырбек (а-қ). Біраз демалған соң Қабдолла, Қыдырбек үшеуміз тауға шығып серуендедік

(Н. Мырзаханов).

Қыдырқұл (а-қ). Қыдырқұл биыл да жарыстың алдыңғы шебінде келеді («Л. Ж».).
خضر على (хидр ‘али; хидр — қар. خضر ; али — қар. على) — б. т. е. қидр + али: Қыдыралы. Қыдыралы — ағайынына сыйлы азамат («Жұлдыз»).

Қыдырәлі. Қыдырәлі есігінің алдында құстарға жем шашып, апыл-тапыл басып жүрген немересінің қылығын қызықтап отыр («Жалын»).

Қыдырғали. Баламды ажалдан арашалап алып қалған Құрық пен Қыдырғалиға әкелік жүрегімнің алғысын газет арқылы жолдағанды жөн көрдім («С. Қ».).
خضرملا (хидр мулла; хидр — қар. خضر; мулла-қар. ملا ) — б. т. е. хидр + мулла: Қыдырмолда. Қыдырмолда осы тойға құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылған (Н. Хасенов).
خط (хатт1) сызық; 2) жазу). Жолхат (қ-а). Жолхат биыл төлді түгел аман сақтады

(О. Еркінбаев).
خطيب (хатиб1) шешен; 2) уағызшы; мешітте құтпа оқушы). Хатиб. Павлодар тоғыз жолдың торабында тұрған экономикалық орталық,— дейді Хатиб (Қ. Ыдырысов).
خلق (халқхалық). Халық. Билік құр, осы ойыма тауып Зәкір, Ілияс, Бөкенбай мен Халық батыр Ұлбай қыз»).

Халығұл, Қалықұл (а-қ). Осыдан енді сонау сары күзге дейін Халығұлда тыным болмайды

(«Л. Ж».). Қалықұл балықшы теңізден бүгін олжалы оралды («Жалын»).
خلفة (халфа1) ұстаның шәкірті; 2) тарих. медреседегі аға шәкірт молданың көмекшісі;

3) жетекші, оған берілетін атақ). Халфе. Халфе оларға Мұса дінінің бас кітабы - «Тауратта» айтылатын әулиелердің аттары «Құранда» өзгеріңкіреп қайталанатынын баяндап берді (С. Мұқанов).

Қалпе. Асырып Атымтайдан жомарттықты, Мақтааралдан Қалпе шықты (А. Тоқмағамбетов).
خلوة (халуат1) жалғыздық; 2) құпия орын, оңаша тұруға арналған бөлме). Қалует. Қалуеттің Баршагүл жайында сөз қосуында да бір астар жатыр (Ғ. Сыланов).
خليفة (халифа1) мирасқор; 2) орнын басушы; 3) тарих. халифа (Мұхаммедтің мирасқоры, мұсылмандардың діни және өкімет билігін басқарған әкім атағы). Халифа. Екінші көп іздейтін адамым — шешем Халифа (3. Шүкіров).

Қалипа, Халипа. Қалипаның қарт әкесі Мамырбай шал келгенде, Тұрар оның бауырына тығылатын (Ш. Мұртазаев). Халипа — облыста қыз-келіншектер ішінен трактор тілін алғашқы меңгергендердің бірі («С. Қ».).
خلقة (халиқа1) жаратылған; 2) табиғат; 3) жәндік; 4) ауыс. халық, жұрт, көпшілік). Халиқа. Айғыз бенен Халиқа бір тостаған қымыз жұтқызса, «құлқының құрғыр» — деп, сұғын қадап тұрып, зәрін қоса жұтқызды,— дейді Бүркітбай (М. Әуезов).

خليل (халилсүйікті; дос тамыр, ашына). Халил мақтаның әр гектарынан 35—40 центнер өнім алуға міндеттеме алды («Л. Ж».).



Халел. Халел — мұнайлы Маңғыстаудың мұрындығы (3. Қабдолов).
خليل اللـه(халил-ул-лаһ; халил — қар. خليل ; аллаһ — қар. اللـه) — б. т. е. халил + аллаһ: Халилолла, Қалиолла. Азғырған әлде әкесі құлқын үшін, Әлде өзі, кім тінтіпті оның ішін. Халилолладан Жақыпты артық көріп, Сүйгені таң қаламын қандай пішін (С. Торайғыров). Жастайынан суретші болуды армандаған Қалилоллаға Дәулетбайдың ықпалы көп тиді (Э. Орманова).

Халиулла. Халиуллин Хаби (1912-42) — әскери-саяси басшы... («Қ. С. Э».).
خليلة (халиласүйікті; көңілдес әйел). Қалила. Ғашығы Қалилаға қалай сыр шерткенін баяндаған... (Ғ. Қабышев).
خمير (хамирқамыр). Қамырбай (а-қ). Жаманқараның тұсындағы қалың тоғайға мал түсірмей, бейсауат адам жібермей, қорықшы қоюға мәжбүр болды колхоз бастығы Қамырбай (С. Адамбеков).
خنيثة (ханисанәзік, жұмсақ; ерке). Ханиса. Ханисаның көз қуанышы — осы немересі («Жалын»).
خيال (хайал1) елес, арман; 2) қиял; 3) көлеңке, кескін, бейне). Қиялхан (а-қ). Біз үшін ең қымбаты — Қиялхан жанының мөлдірлігі, сезім тазалығы, қоғам үшін, тіпті бүкіл планета тыныштығы үшін күйзелісі (Ә. Бөпежанова).
خير (хайржақсы, хайыр). Хайыр, Қайыр. Хайыр бүлдіршіндерге білім нәрін беруден асқан бақыт жоқ деп біледі («Л. Ж».). Қайыровтар шұғыл көмекке аттанды (Қ. Ғабдешев).

Қайырбай (а-қ). Бас бәйгені алған құла аттың иесі — Қайырбай қарт («Жұлдыз»).

Қайырбек (а-қ). Қайырбектің әр кезде бұған көрсететін ілтипат, жылы шырайын елестетіп, Баршагүл жымиып күліп қойды (Ғ. Сы­ланов ).

Қайырберді (а-қ). Басын көтеріп, Қайырбердіге қарап оқыранып қойды (Т. Ізбасаров).

Қайыркелді (а-қ). Тоқалдан жалғыз туған Қайыркелді, Би түгіл қуантып ед барлық елді

(И. Байзақов).

Қайырқан (а-қ). Қайырқан: «Ассалаумағалейкум», — деп табалдырықтан аттады (Е. Әзімбаев).

Қайыржан (а-қ). Қайыржан жалма-жан көйлегін шешіп, жар-қабақтан суға қарғыды («Жұлдыз»).

Қайырлы (а-қ). Қашан көрсең, егіс басында Қайырлы жүреді («Л. Ж.»).

Қайыртай (а-қ). Баймолданың екінші ұлы — Сүбіхан, бұдан кейін — Қайыртай (Ғ. Қаллемов).
خير الدين (хайр-уд-дин; хайр — қар. خير ; дин — қар. دين) — б. т. е. хайр + аддин: Хайрутдин. Хайрутдиннің жемісті істері оның жарыстастарын бұрынғыдан да ширата түсті (Қ. Закенов).

Хайреден. Бүгінгі тойдың қос гүлі — Бақытжан мен Хайреден («Л. Ж»).
خير اللـه (хайр-ул-лаһ; хайр — қар. خير ; аллаһ — қар. اللـه ) — б. т. е. хайр + аллаһ: Хайрулла. Кенші болсаң тілегім, Көмірді мол бере көр. Мені сүйсең тілегім Хайруллинге ере көр («Шахтер жыры»).

Қайролла, Хайролла. Берен жағындағы ұнамды кейіпкерлер: Құрымбай, Жәуке, Қайроллалар

(«Қ. Ә. Т».). Жаңылмасам, сіз Хайролла дейтін кісі шығарсыз,— деді Хакім (X. Есенжанов).
خير جمال (хайр жамалмейірімді, рақымды Жамал) б. т. е. хайр + жамал: Хайржамал. Біздің Мұхаметжанның Хайржамал деген қызы болған (С. Мұқанов).

Қайыржамал. Ауылға бармақ болып жиналған Қайыржамал балаларын күндегі мезгілінен ерте оятты (Ш. Айдаров).

خير على (хайр ‘али; хайр — қар. خير ; али— қар. على )— б. т. е. хайр-али: Қайырғали. Смағұлов Қайырғали — Совет Одағының Батыры («Қ. С. Э».). Қайырғали — Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының қаһарманының шын аты («Л. Ж.»).


خير غازى (хайр ғази; хайр —қар. خير ; ғази — қар. غازى ) б. т. е. хайр + ғази: Қайырғазы. Қайырғазы сырын ішіне бүкті («Жалын»).
خيرنساء (хайр ниса; хайр — қар. خير ; ниса — әйелдерنساء ) — б. т. е. xaйp + ниса: Хайырниса, Қайырниса. Әкеден ерте айырылдық. Анам Хайырниса бес баламен қалғанда ең үлкені — мен бар болғаны он екі-ақ жаста едім (Г. Ысмайылова). Қайырниса бірнеше ән орындады («Л. Ж».).
خيرة(хирасұрыпталған, таңдаулы, іріктелген). Қирабай (а-қ). Қирабай орнына сілкіне келіп отырды («Жалын»).

(د)
داهى (даһиақылды, қу, айлакер, айлашыл). Дахи. Бұл Дахиевтің өміріндегі бұдан жарты ғасырдай бұрын болған оқиға еді (Р. Сабыров).
داود (дауд1) тау; 2) жалқы есім). Дауыд. Апалы-сіңлілі Дауыдовалар келді («Қ. Ә».).

Дәуіт. Дәуіт кешке кешкісін апақ-сапақта өте асығыс аттанды («Жалын»).

Дәуітбай (а-қ). Жалғыз бұлақ—мөлдір көз, Дәуітбай сайы алдында. Сол арада болдың кез Шөліркеген жас тырнаға (С. Мәуленов).

Дәуітбек (а-қ). Дәуітбек — жастардың ұстаз-жетекшісі («Л. Ж».).

Дәуітқұл (а-қ). Дәуітқұл ғылыми атақты өткен жылы алды («С.Қ.»).
داود على (дауад ‘али; дауад — қар. داود ; али— қар. على) б. т. е. дауад + али: Дәуіталы. Кісі екен қабырғалы Дәуіталы, Сәмбеттің ат түгіндей айғыр жалы (Сүйінбай).

Дәуітәлі. Үш айлық курсты аяқтап, Дәуітәлі Торғай облысына кетті («Л. Ж».).
در (дурінжу). Дүр. Аманкелді Дүров Үлкен Сарысуға ара қонып жететін бір көшке ілесті

(Б. Әбдіразақов).

Дүрбай (а-қ). Ағыл-тегіл терлеп, Дүрбай деген артист досым келіншегімен шай ішіп отыр

(М. Тұраров).
درية (дуррийа 1) матаның аты; 2) жарқыраған, жалтыраған, жалтылдаған, жайнаған, жайнап тұрған (зат). Дүрия. Дүрияны қайтарып алуы да қызық (Б. Сарбалаев).

دعوة (дауа1) талаптану, талап ету; 2) шағым, іздену; 3) даушар, айтыс-тартыс). Даубай



(а-қ). Арада көп уақыт өтпей Даубай да жұмысынан келді (Н. Төлепбергенов).
دكان (дуккан — ұстахана ста жұмыс істейтін орын; 2) түрлі бұйымдар сататын сауда орны). Дүкен. Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) — қазақтың белгілі күйші қобызшысы, композиторы, қыл қобызда ойнаудың асқан шебері («Қ. С. Э».).

Дүкенбай (а-қ). Үлкен атасы Дүкенбай атақты шабандоз, көкпаршы болыпты (Б. Үсенбаев).
دليل (далил1) ыспат, айғақ, дәлел); 2) таңба, белгі; 3) бетпе-бет мойындасу). Дәлелхан (а-қ). «Шын жүйрік өрге салса өршеленер» демей ме, оның шығар шыңы әлі де алда,— деді Дәлелхан («Л. Ж».).
دهش (даһш1) таңырқаған, аң-таң қалған, ғажайыптанған; 2) сый, сыйлық; 3) мырзалық, жомарттық, кішіпейілділік). Дәкіш. Дауылбаев Ахмет Дәкішұлы (1903-54) — Қазақстанның көрнекті партия, совет қайраткері Қ. С. Э».).
دور (дауруақыт, мезгіл; дәуір, мерзім, заман). Дәуір. Маңдай алды екпінді, белсенді комсомолец, партия мүшесі, институтты ең жақсы бітірушілерден Рахмет Дәуірұлы сыйлыққа ұсынылды (С. Ерубаев).

Дәуірхан (а-қ). Киномеханик Дәуірхан ыңғайсыз жағдайда қалды («Л. Ж».).
دوران (дауаран1) айналыс, бұрылыс; 2) шеру). Дәурен. Сүйіп бастаған ісіңнің аяқталғаны да дұрыс қой,— деді Дәурен (Ә. Тәжібаев).

Дәуренбай (а-қ). Нәзік бел, қасы қара, қызыл жүзді, Балдызы Дәуренбайдың нағыз өзі (Иманжан). Астында жартылай подва­лы бар, үстіне баспалдақтап шығатын Дәуренбай үйі де осындай кербездің бірі секілді (Ғ. Сыланов).

Дәуренбек (а-қ). Тасмағамбет, Дәуренбек шабандарым, Қашаннан қойды баққан мамандарым ұмабай). Дәуренбек баласының жауабына мырс етті (С. Бақбергенов).
دولة (даула1) мемлекет; 2) үстемдік; 3) династия; 4) ауыс. құбылмалы (та, дыр); 5) ауыс. байлық, құдірет; игілік, ырыс, бақыт). Дәулет. Дастарқандағы тағамдардың көпшілігінен Дәулет үйінің ауқаттылығын аңғару қиын емес (С. Бақбергенов).

Байдәулет (қ-а). Олар аттан түсіп, сыртта жүргендермен амандасып жатқанда іштен Байдәулет шықты жүгіріп (Қ. Исабаев)

Дәулетбай (а-қ). Дәулетбай төрт атанды қарына ілді, Еліңнен тапшы өзің сондай ерді (Ажар).

Дәулетбек (а-қ). Орталық Қазақстанда, Атбасар жағында болған жарлыққа қарсы көтерілісті Жақып, Иса Дәулетбеков деген кісілер бастайды (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров).

Дәулеткелді (а-қ). Әбілмансұр (Абылай) Қарауыл руынан шыққан Дәулеткелді дейтін байға жылқышы болады (С. Мұқанов)

Дәулетхан (а-қ). Дәулетханның бұл жобасы - өзінің істеп жүрген жұмысын оңайлату, үнемді ету турасындағы ұзақ та, қинала да ойлағаннан туған (Ж. Жұмақанов).

Есдәулет (қ-а). Ауан Дидарбек, Боран, Есдәулет сияқты жаңа достар тапқанына риза (Л. Байтанаев).

Қосдәулет (қ-а). Қосдәулет тракторын егістікке жете бере тоқтатты («Л. Ж».).

Шындәулет (қ-а). Шындәулет — ойға алғанын орындамай тынбайтын бірбеткей, намысшыл кісі («Жалын»).
دولة على (даулат али; даулат — қар. دولة; али — қар. على )— б. т. е. даула + али: Дәулетқали. Дәулетқали қарттың, «жеке-жеке ғаріп болдық, колхоз болдық, қарық болдық»— деген сөзі есімнен кетпейді (М. Сатыбалдиев).
دولة غازى (даулат ғази; даулат — қар. دولة ; ғази — қар. غازى) б. т. е. даула + ғази: Дәулетқазы. Дәулетқазы малды ауылдағы пенсионерлердің маусым кезінде көмектесу бастамасын қызу қуаттайды (Ә. Аймағамбетов).
دولة كريم (даулат карим; даулат — қар. دولة ; карим — қар. كريم) б. т. е. даула + карим: Дәулеткерім. Дәулеткерім ауыл иттерін шуылдатып келіп аттан түсті («Жалын»).
دولة نظر (даулат назар: даулат — қар. دولة ; назар — қар. نظر)б. т. е. даулат + назар: Дәулетназар. Шамшидин, Мырекең мен ақын Садық, Қалжекең, Дәулетназар һәм Әлібай — Ақылдың даналары, міне, осылар (Н. Ержанұлы).
دوم (даум1) тұрақтылық; 2) мәңгілік). Дәуімбай (а-қ). Күн ыстық, жаз, күн шілде, «Дәуімбай қыз ұзатып, той қылады»— деп, Құлаққа хабар тиді пәлен жерде (Иманжан).
ديار (диардардың (пәтер, үй, ғимарат) көпше түрі) Дияр. Күтпеген орайда Нәргүл, Жанболат, Диярбай үй ішімен түп-түгел сау ете жетіп келді (А. Байтанаев). Кәрі әже бар білгенін немерелері - Құмар мен Диярға үйретіп бағады (Ө. Әлімгереев).
دين (диндін). Дина. Дина Нұрпейісова (1861-1955) - қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, халық күйші — композиторы, Қазақ ССР халық артисі («Қ. С. Э».).

دين احمد (дин ахмад: дин — қар. دين ; ахмад احمد ) — б. т. е. дин + ахмед: Дінахмет. Қысқы балық аулау маусымы да басталды,— деді Дінахмет («Л. Ж».).


دين اسلام (дин ислам ислам діні) б. т. е. дин-ислам: Тереңөзек ақыны Бермен Дінісләм ақынмен айтысының кезегінде колхоз өміріндегі толғағы жеткен мәселелерді көтереді (Р.Бердібаев).
دين اصيل (дин асил; дин — қар. دين; асил — қар اصيل ) б. т. е. дин + асил: Дінасыл. Дінасыл молырақ қосқызып, бірер шыны шай ішті де, асығыс сыртқа шықты (Қ. Оразалин).

Дінәсіл. Мұхтар атасы Әуез бен әжесі Дінәсілдің қолында тәрбиеленді («Қ. С. Э».).
دين بيان (дин байан; дин — қар. دين ; байан — қар. بيان)— б. т. е. дин + байан: Дінбаян. Қазақ халқының ардагер ұлы халық батыры Исатай Таймановтың Жақия, Оспан, Досмағамбет, Дінбаян деген төрт ұлы болған (Ш. Дәулетияров).
ذ))

ذاكر (закиреске алушы). Зәкір. Қадірлі Кітабайдың тұқымы едің, Оңласын Зәкір батыр, айтып ақыл (Ұлбай қыз).



Зәкірбай (а-қ). Зәкірбай қалаға екі үйір жылқы айдатты («Жалын»).
ذاكرة (закира1) жад; 2) еске түсіру, еске алу). Бәріміз де сол жолға ұмтылсақ,деді Зәкира («Л. Ж».).
ذخيرة (захира1) қазына; асыл, қымбат; 2) қасиетті; 3) қор; 4) оқ-жарақ). Зағира. Зағира бұл ауылға өткен жылы ұзатылып келген («Жұлдыз»).
ذكرية (зикрййа1) есте қалған; 2) еске түсіру, есте ұстау; 3) жалқы есім). Зікрия. Көңілде көп Марғұба зарығып көрген, Көп сәлем Зікрия мен Шалабайға (Нұрғожа).

Закария, Зәкария, Зәкәрия. Закария Белгібаев — Совет Одағының батыры («Қ. С. Э».).

Зікірия. Зікірия зор, балуан денелі, үлкен мұрынды, ақбұжыр кескінді, көздері алақандай, түсі қаһарлы жігіт еді (С. Мұқанов).
ذكى (заки1) көргіш, байқағыш, көреген, өткір; 2) зерек, ақылды, қабілетті). Зәки. Бұл келе жатқан Зәкилер болатын («Жалын»).

Закаш, Зәкеш Зәки есімінің еркелете айтылу түрі. Закаш, айналайын, енді қашан келмексің?! («Л. Ж».).
ذكية (закийа1) көреген; 2) ақылды, қабілетті әйел). Зәкия. Зәкия атының жалын тарады («Жалын»).

ذهن (зиһн1) ақыл, ес, сана; ұғым, зейін; 2) жад). Зейін. Зейін Шашкин (912-66) — қазіргі қазақ прозасының дамуына, оның профессионалдық биіктерді алуына елеулі үлес қосқан жазушылардың бірі



(«Қ. Ә. Т».). Зейінбек,— деді Еркінбек, маған иек қағып (З.Мұсабаев).
ذوالخير (зу-л-хайржақсылық иесі). Зұлхайыр. Сол кезде театрдың директоры — Зұлхайыр Байсейітов (Қ. Байсейітов).
ذوالفقار (зу-л-фақарӘзірет Әлінің екіжүзді, айыр ұшты қылышының аты). Зульфиқар. Талғар ауданының колхоз-совхоздары мен өнеркәсіп орындарында бір топ жазушы-ақындар болды, олардың ішінде М. Зульфиқар бар («Қ. Ә».).

Зұлпықар, Зулфұқар. Зұлпықар аты жақсы екен (К. Әзірбаев).

ذوالقرنين (зу-л-қарнайнекі мүйізді, қос мүйізді; екі мүйіздің, қос мүйіздің иесі. Александр Македонскийдің, яғни Ескендірдің арабша лақап аты). Зұлқар Зұлқарнайынның қысқа түрі. Кадр бөлімінің бастығы Зұлқар осы заводтың байырғы жұмысшысы боп, қатардан өскен адам еді (А. Байтанаев).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет