Қазақ тілінде кездесетін шығыс тілдері элементтерінен қатары молырағы араб текті сөздер. Соның бір саласы кісі есімдері


Зейне. Шаруа қамына күйгелектеніп жүрген Зейнені



бет8/21
Дата24.04.2016
өлшемі2.09 Mb.
#78152
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

Зейне. Шаруа қамына күйгелектеніп жүрген Зейнені Сәтжанның орамдылығы сергітіп жіберді

(С. Бегалин).

Зейнет. Зейнет - атақты шопан, қаймықпайтын нағыз дала батыры («Л. Ж».).

Зейнеш. Ілгегін шұқылап отырып, көзінің астымен Зейнеш Асылбек жаққа қарады (Б. Майлин).

Зина. Зина ертерек жатып калғанымен, ояу екен (Ә. Шәріпов).
(س)

ساعة (са ‘асағат, уақыт). Сағат. Қос құрбы Мұқажан мен Сағат қартты қуантып тұрғанда, даладан дабырлай кірген шешесінің дауысын естіді (Қ. Бекетаев).



Айсағат (қ-а). Оқу ісінің меңгерушісі Айсағат орнында екен («Л. Ж».).

Сағатбай (а-қ). Ағымдағы жаңалықтар мен саясат мәселесін де Сағатбай ұғымымызға лайықтап, миымызға құйып отырады (Б. Соқпақбаев).

Сағатбек (а-қ). Сағатбек — жастар бригадасының ұстаз-шопаны («Л. Ж».).

Сахат. Өткен жылы шеберлер қатарына Гүлнар Сахатова мен Таһир Хасановтың қосылғаны мәлім (А. Жанғожин).
ساع (сакурьер, жедел тапсырмалармен жүріп-тұратын кісі). Сағи. Сағи, сенбісің, айналайын? — деді ол (Р. Әутәліпов).

Төлеусағи (қ-а). Аурухананың бас хирургі Төлеусағи жұмысына ерте келді («Л. Ж».).
سامع اللـه (сами ‘ул-лаһ: самитыңдаушы; سامع; аллаһ-қар. اللـه) — б. т. е. сам + аллаһ: Самиғолла. Жұрт өз ісінің шебері Самиғолланы «Жайықтың тамыршысы» деп айтады («С. Қ».).
سامعة(самиатыңдаушы, оқушы әйел). Самиға. Самиға да ерінің балажан көңіліне көлденең тұрғысы келмеді ме... Тәлімнің бетіне жел болып тимеді (М. Ізімов).

Сәмия. Есікті зайыбы Сәмия ашты (М. Рахманбердиев).
سامى(сами1) биік, асқар, сәулетті; 2) жоғары мәртебелі (уәзірлерге қатысты); 3) семит, семиттік). Сами, Сәми. Топ комсоргі алдымен Самимен таныстырды (Т. Жанғалиев). Шешең сені күтіп, кешіккесін үрейі ұшып отырған шығар, үйіңе бар,— деп Әбдірахман Сәмиді иығынан қақты

(X. Есенжанов).
سبب (сабаб сылтау, дәлел, себеп). Себеп. Себеп конференцияға кетіп бара жатыр («Л. Ж».).
سبحان(сухбанмақтау, даңқ). Сұбханберді (а-қ). Ү. Сұбханбердинаның «Айқап» журналында және революцияға дейінгі қазақ баспасөзінде жарияланған материалдардың мазмұндалған көрсеткішін жасауы - құптарлық іс («Қ. Ә».).

Сүбіхан. Мен — Рафиқ Қуанбаймын, Сүбіханмен қызметтес болғаныма қуанбаймын (Ғ. Қаллемов).
سبيلة (сабила 1) жол; 2) бұлақ; 3) ауыс. молшылық). Сәбила алғаш мұнда келгенде сауатсыз қыз еді («Л. Ж».)

ستار (саттар 1) қамқоршы; 2) кешіруші). Саттар. Қазақстан өндірісі өмірінің жанды суреттерін жазушы Саттар Ерубаевтың (1914-1937) аяқталмай қалған «Менің құрдастарым» (1934-37) деп аталатын романынан айқын көруге болады («Қ. Ә. Т».).



Саттарбек. Саттарбектің тәрбиелі семьяда өскені байқалып тұрады («Л. Ж».).
سحى (сахи1) жомарт, мырза, қолы ашық; 2) ақкөңіл, қайырымды). Сахи, Сақи, Сәки. Романов Сахи — халық суретшісі («С. Қ».). Іңкәр Сақиды көрген соң, батылдана түскендей...(Ғ. Сыланов).

Сәкиев Шәрінбай Қашқынбайұлы — қазақ актері, халық артисі («Қ. С. Э».). Сақы. Теріскейде – жылқышы Жомарт, Күнгейде — қуанышы Сақы (Т. Әлімқұлов).
سر (сирр 1) құпия; 2) жүрек, жан). Сырбай (а-қ). Мәуленов Сырбай — қазақ совет ақыны

(«Қ. С. Э».).
سراج (сираж1) шырақ; 2) жарық, сәуле). Сираж. Ұлағат айтудан танбаған Сираж ағайдың жасы жетпістің желкесіне шықты (Т. Иманбеков).
سعادة (са ‘ада 1) бақыт, амандық, табыс; 2) жоғары мәртебелі). Сағадат. Сағадаттар және басқа да осылар тәрізді жаны бай, жүрегі ізгі адамдар моральдық жағынан сілікпесі шыққан отсыз, ойсыз тірлік иелерінен мөлшерсіз жоғары («Қ. Ә. Т».).
سعة (са ‘а 1) кең, байтақ; 2) молшылық, байлық). Сиғат. Төртінші кластағы балалардың алды Сиғат деген әке-шешесі, туысқан-туғаны жоқ, 12-13 жасар бір панасыз бала еді (С. Мұқанов).
سعد (са ‘д бақыт, табыс). Сәт. Арқадан ауып келген ақтабансың, Елді алдап ақынмын деп мақтанғансың. Дүйсенбай, Сәт, Меңке жанын беріп, ақтап алсын (Жамбыл).

Сәдібек (а-қ). Сәдібек Сайрамдағы оқуға түсті (Е. Әшенов). Шопанның кенже ұлы Сәдібек те отар басына келіп, әке қуанышына ортақтасуда («Қ. Ә».).

Сәтбай (а-қ). Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) — аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері... («Қ. С. Э».).

Сәтбала (а-қ). Сәтбала сыңарынан қалыспауға бар ыждаһатын салып-ақ баққанды (Ғ. Сыланов). Есепсіз дүние бар дейсің бе?— деді Тәжидің шешесі Сәтбала (І. Жансүгіров).

Сәттібек (а-қ). Ысмағамбеттің әкесі Ыдырыс деген кісі - Сәттібектің Жантайымен ауылдас

(С. Сейфуллин).

Сәттіғұл (а-қ). Дастан көп қой Мұрын, Жібек, Қашаған, Сәттіғұл неше ғасыр жасаған (X. Ерғалиев).
سعد محمد (са ‘д мухаммад; са д — қар. سعد ; мухаммад — қар. محمد) — б. т. е. сад + мухаммад: Сәтмағамбет. Сәтмағамбеттің әндері ғой,— дейді қария Әкімжан (А. Сатаев).
سعيد (саид1) бақытты, қолайлы, сәтті; 2) аман-есен). Сағит, Сағид. Сағид көршіміздің үйіне көкпар әкеп тастады («Жалын»). Сағит ән-күй, музыкаға өте ықыласты және оларға қызу қанды жігіт еді

(С. Мұқанов).
سعيد اللـه (са ид-ул-лаһ); са ид — қар. سعيد ; ал-лаһ — қар. اللـه) — б. т. е. са ид + аллаһ: Сағидулла. Завод мақтанышы Сағидулламен кездеспей жатып-ақ сырттай ризалық оянғаны айқын еді

(Ж. Кемелов).

Сағидолла. Қойды қыста қоздату деген бұрын-соңды жұрт естімеген жаңалықты Сағидолла ағай және сол кісінің зайыбы... мықтап қолға алды (М. Сатыбалдиев).

Сәйдолла. Роза Рымбаева композитор Сәйдолла Байтерековтің «Әлия» атты әнін орындады

(Р. Құнақова). Сейділда. Сейділда қорыққанынан көзі бақырайып, қатты да қалды («Л. Ж»).

سعيدة (са ‘идабақытты әйел, ханша, ханым). Саида, Сәйда. Әсия жылаған әйел Нұрбүбіні, жас қыз Айсұлуды және өзі айтып отырған мұғалима Мәдинаны, Саиданы және комсомолка қыздарды бар еркектерден артығырақ, сенімдірек көреді (М. Әуе­зов). Қайыспай ауыр сындарға, Жасампаз мынау жылдарда, Тер төккен Сәйда қарындас Барады қызыл қырманға (М. Хұсайынов).


سفر (сафарсаяхат жасау, жиһан кезу, жорық, жүріс). Сапар. «Алаудың» да кейіпкері — жас металлург Сапар (Ж. Молдағалиев).

Сапарбек (а-қ). Уақытша тоң-торық болған Сапарбек пен Қадырбектің іс-әрекеті көңілге жылы ұшырайды (Б. Бекмұратұлы).
سفر على (сафар али; сафар — қар. سفر; али — қар. على) — б. т. е. сафар + али: Сапарәлі. Сапарәлі - мал бригадасының жетекшісі («С. Қ».).

Сапарғали. Сапарғали Ысқақұлы Бегалин — қазақ әдебиетінің ақсақалы, бәріміздің арқа тұтар ағамыз, халқымыздың қалаулы перзенті (С. Омаров).
سلام (салам 1) бейбітшілік, тыныштық; 2) амандасу түрі). Сәлембек (а-қ). Сәлембек қайда? Неге хат жазбайды (Т. Түсіпбаев).
سلام خط (салам хатт; салам — қар. سلام ; хат — жазу; сызық خط )б. т. е. Салам + хатт: Сәлемхат. Комбинатқа Сәлемхаттың директор болып тағайындалғанына бірнеше жыл болды («Л. Ж.»).
سلامة (салама 1) бейбітшілік, тыныштық; 2) қауіпсіздік). Саламат. Саламат қашан келген? — деді көрші қыз («Жалын»).
سلطان (султан 1) өкімет, үстемдік, билеп тұрушылық; 2) тақсыр, патша). Сұлтан. Сұлтан Баймағамбетов — атындағы жүлде үшін жарыс басталып кетті («Л. Ж».).

Бексұлтан (қ-а). Бексұлтанның құрылысқа кіргеніне жарты жыл болыпты («Л. Ж».).

Ерсұлтан (қ-а). Ерсұлтан қол сағатына қараса, тоғыздан жиырма бес минут өткен екен (Е. Жүсіпов).

Сұлтанбай (а-қ). Сұлтанбайдың баласы үшеу екен (Ә. Дүйсенбиев).

Сұлтанбек (а-қ). Сен жауап жаза алмай, Сұлтанбек жыршыға бардың (С. Бақбергенов).

Сұлтанқұл (а-қ). Сұлтанқұлдың қалада оқитын баласы демалысқа келіп жатыр («Л. Ж».).

Сұлтанхан (а-қ). Сұлтанхан әйелінің жан-дүниесіндегі өзгерісті сезді (Ә. Нұрмаханова).

Хансұлтан (қ-а) Хансұлтан халық күйлерін нәшіне келтіре тартады («Л. Ж».).

سلطان على (султан али; султан — қар. سلطان ; али — қар. على )— б. т. е. султан + али: Сұлтанәлі. Сұлтанәлі әңгіменің майын тамызып айтады («Қ. Ә».).



Сұлтанғали. Сұлтанғали қарт белінің шойырылмасы ұстап, төсектен тұрудан қалды («Л. Ж».).
سلطان غازى (султан ғази; султан — қар. سلطان ; ғази — қар. غازى ) б. т. е. султан + ғази: Сұлтанғазы. Султанғазы бейнесін хикаяға автор орынды кіргізген (К. Уәлиев).
سلطان محمد (султан Махмуд Махмуд султан). Сұлтанмахмұт. Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893-1920) — ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, демократ-ақын, жазушы, қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі ірі тұлға («Қ. С. Э» )
سلطان مراد (султан мурад; султан — қар. سلطان мурад — қар. مراد ) — т. е. султан + мурад: Сұлтанмұрат. Сұлтанмұратов Әміре (1870-1950) — қазақ ақыны, 1916 жылы патша өкіметіне қарсы өлең шығарғаны үшін жер аударылған («Қ. С. Э».).
سلطنة (салтана1) сұлтандық, сұлтан билеген ел. 2) мәліктік (корольдік); 3) ауыс. айбындылық). Салтанат. Салтанаттың мінезі мен парасаты, кайраты сай туған сияқты (М. Әуезов). Тіпті, Салтанат дұрыс байлам жасаған болар? («Л. Ж».).
سليم (салим1) cay, дені cay; 2) нағыз, шын; 3) аман; 4) азат). Сәлім. Нұрқия апай Сәлімнің жұмыста жұрт аузына ілініп, мадақталып жүргенін одан бұрын да естіп, риза болып отыр еді. (А. Оразалин).

Сәлімбай (а-қ). Бестеректен шыққан Сәлімбай, Пендеден тілін тартпаған... (Сарбас). Қыз ағасы Сәлімбай, Өткір жігіт жалындай (К. Әзірбаев).

Сәлімбек (а-қ). Нәзира ауылдағы ағайындарын Сәлімбек пен оның әйелі Ақкүміспен таныстырды

(Т. Тоқбергенов).
سليمة (салима1) cay, дені cay (әйел); 2) нағыз, шын; 3) аман; 4) азат). Сәлима. Сәлима, Шайзат деген қыздармен орысша сөйлесе алмадым (Ғ. Мүсірепов).
سليمان (сулайманжалқы есім). Сүлеймен. Сүлеймен образының көркемдік мотивировкасы нанымды («Қ. Ә».).

Сүлейменқұл (а-қ). Сіздер сөз етіп отырған Сүлейменқұл сонау қырық жетінші жылдан колхозда істейді,— дейді Мәкен, (Ж. Сәтібеков).

Салман. Мұнара басында жүрген Салман ауыл жақтан келетін қара жолға ауық-ауық көз салып қояды («Жалын»).

Сәлмен. Бізде қақыларың кетпес,— деді Сәлмен жиналып қал­ған кедейлерге (Б. Тілегенов).
سليم غازى (салим ғази; салим — қар. سليم ; ғази — қар. غازى ) — б. т. е. салим+ғази: Сәлімғазы. Сәлімғазы төбеден түскендей дүңқ ете қалды («Жалын»).
سنبل (сунбулбот. гиацинт, сүмбілгүл (хош иісті пияз текті өсімдік). Сүмбілшаш (а-қ). Қазан қайнады, не саламын?— деді Сүмбілшаш (М. Дәулетбаев).
سنة (суннарәсім, әдет, дәстүр, заң). Сүндет. Сақанның ізімен лап қойып, үлкен дүрмекті толқынға көтерілгеннің бірі Сүндет болды (М. Сатыбалдиев).
سنة على (суннат ‘али; али-қар. سنة ; суннат — қар. على ) — б. т. е. сунна + али: Сүндетқали. Егістіктен қайтқан Сүндетқали жол-жөнекей конторға соқты («Л. Ж».).
سنة اللـه (суннат-ул-лаһ суннат — қар. سنة ; аллаһ — қар اللـه ) — б. т. е. сунна + аллаһ: Сүннәтіллә. Озаттардың арасында Сүннәтіллә бар («С. Қ».).
سوية (сауийабірдейлік, теңдік). Сауия. Содан кейін Сауияның өтініші жөніндегі әңгіме қозғалды (Б. Ойшыбаев).
سيد (сайид1) қожа, ие, тақсыр, мырза; 2) қолбасшы, әкім, бастық). Сейіт, Сейт. Сол бала болмай, бірақ, енші алыпты, Төлдерге жаңа туған ен салыпты. Атанып Сейіт Сақпан колхозында, Қойы мен қозыларын тең бағыпты... (Қ. Бекхожин).

Байсейіт (қ-а). Күләш (шын аты — Гүлбаһрам) Жасынқызы Байсейітова (1912-1957) — қазақтың атақты әншісі, қоғам қайраткері, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, халық артисі Бексейіт (қ-а). Шу бойында Жайлаукөлде тұратын Бексейіт домбырашы да Сүгір мұрасынан құралақан емес

(Т. Әлімқұлов).

Ерсейіт (қ-а). Ерсейіттің денесі құсеттеніп шыға келді. («Жалын»).

Есенсейіт (қ-а). Кенші Есенсейіттің қосқан үлесі зор (Ш. Жандаев).

Жолсейіт (қ-а). Жолсейіт—шопандардың Бүкілодақтық слетінен оралды («Л. Ж».).

Саид. Саид облыс орталығына барған сайын театрға кірмей қайтқан емес («Жалын»).

Сейітбек, Сейтбек (а-қ). Сейітбектің орындау шеберлігі көптің көңіл-күй кернесін дөп басты

(Ж. Жүнісов).

Сейітхан, Сейтхан (а-қ). Сейітхан — Тәттімбеттің күй тарту мектебін дамытушы шәкірттерінің бірі, дарынды күйші (Б. Ысқақов). Сейтхан су болған киімін кептірмек болды («Жалын»).

Сейіткүл (а-қ). Торғайда ел арасынан егіншілікке бет бұрған қыпшақ Сейітқұл сияқты талапкерлерді бай-болыстар қолдай қоймады («С.Қ.».).

Хансейіт (қ-а). Хансейіт астанадан облыс орталығына жұмыс ауыстырды («Л. Ж».).
سيد احمد (сайид ахмад Ахмет мырза) — б. т. е. сайд + ахмад: Сейдахмет, Сейдақмет. Сейдахмет Бердіқұлов — қазақ жазушысы («Қ. С. Э».). Бар! Жүре бер!—деді Сейдақмет (І. Жансүгіров).
سيد بطل (сайид батал; сайид — қар. سيد ; батал-қар. بطل) б. т. е. сайд + батал: Сайдбаттал. «Вольно, вольно», - деп полк командирі подполковник 3.Сайдбатталовтың өзі келді (Т. Суратаев).

Сейітбаттал, Сейтбаттал. Сейітбаттал мен Әтікенді итжеккенге айдатпасам, Жайту атым өшсін!

(Б. Нұржекеев). Сейтбаттал өзіне ұнаған тұстарға белгі соғып, кітап оқып отыр («Қ. Ә».).
سيد رحمان (сайид рахман; сайд — қар. سيد ; рахман-қар. رحمان ) б. т. е. сайд + рахман: Сейдрахман. Сейдрахман,— деді Тәңірберген — мынау байлықты осы тулап жатқан күйінде апарып тапсыру керек шығар (Н. Жүнісбаев).
سيد على (сайидали; сайид — қар. سيد; али — қар. على ) — б. т. е. сайид + али: Сейітқали, Сейтқали. Сейітқалидың онда сегізінші класта оқитын кезі еді («Л. Ж».).
سيد غازى (сайид ғази; сайид — қар. سيد ; ғази — қар. غازى ) — б. т. е. сайд + ғази: Сейітқазы, Сейтқазы. Сейітқазы үйі күткен қадірлі кісі уақытында келді. («Жалын»). Сырлыбек менің сыралғы досым, — дейді Сейтқазы («Л. Ж».).
سيد قادر (сайид қадир; сайид — қар. سيد ; қадир — қар. قادر ) — б. т. е. саид + қадир: Сейітқадыр. Қазір бізде орысша жазатын бір топ қазақ жазушыларының қатарында А. Сейтқадыров бар («Л. Ж».).
سيد قاسم (сайид қасим; сайид — қар. سيد ; қасим — қар. قاسم ) — б. т. е. сайд + қасим: Сейітқасым. Сейітқасым орылған жоңышқаны баулап жүр («Л. Ж».).
سيد كريم (сайид карим; сайид — қар. سيد ; карим — қар. كريم )б. т. е. сайид + карим: Сейіткәрім. Сейіткәрім ағай орнынан тұрды (Ә. Бейсебаев).
سيد كمال (сайид камал; сайд — қар. ; سيد камал كمال ) — б. т. е. сайид + камал: Сейіткамал. Сейітқамал, жас инженер Тәнірберген, Осылар бұл толқынды бастап келген (А. Тоқмағамбетов).

Сейіткемел.— Үйге Сейіткемел аталарың келмекші,— деді балаларына («Л. Ж».).
سيد نظر (сайид назар; сайид — қар. سيد ; назар — қар. نظر) — б. т. е. сайид + назар: Сейітназар. Сейітназар бүгін бір түсініксіз алаңмен оянған, сол алаң көкейінен кетпей қойды (Ә. Тарази).
سيدة (сайидаханым, ханшайым). Сайда. Сайда да, Бекзат та музыкаға бейім (3. Тамшыбаева).
سيف (сайфқылыш). Сайф. Шеру басында қасқа алмауытқа салт мінген, жұмыр басын сертке тіккен, түсі суық түнеріңкі қолбасшы Сайф... (Д. Досжанов).
سيف الدين (сайф-уд-дин1) дін қылышы: 2) ауыс. сенімді қару) — б. т. е. сайф + ад-дин: Сайфуддин, Сейфуддин, Сайфутдин. Менің взвод командирім Мансұр Сайфуддинов деген жігіт еді

(Ш. Смаханұлы). Жастардың болашағы алда,— дейді Сейфуддин қарт («Қ. Ә».). Машинист Сайфутдин сменасын аяқтап, жұмысын тапсырып жатыр («Л. Ж».).
سيف اللـه (сайф-ул-лаһалланың қылышы) б. т. е. сайф + аллаһ: Сайфолла, Сейфолла. Бөлімше бастығы Сайфолланың үйіне келдік («С. Қ».). Ахмет Сейфолланы колтығынан демеген күйі ішке беттеді («Л. Ж».).

Сейфулла, Сейпулла. Сейфуллин Сәкен (1894-1938) — қазақ жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін салушы... мемлекет және қоғам қайраткері («Қ. С. Э».). Әкесінің ағасы Сейпулланың есімімен жазылды

(Д. Досжанов).
سيف ستار (сайф саттар; сайф — қар. ; سيف саттар — қар. ستار )— б. т. е. сайф + саттар: Сейфсаттар. Айғанымға олардың бәрінен Сейфсаттардың өзі ұнады (С. Мұқанов).
سير(сайрсеруен, көңіл көтеріс, қыдырыс). Сейіл. Ер Сейіл — XVIII ғасырда болған «Ақтабан шұбырынды» кезінде елін жаудан қорғау үшін қалмаққа қарсы шабуылда ерлік істеп көзге түскен белгілі қазақ батыры («Айтыс»).

Сейілбек (а-қ). Майданнан жаралы қайтса да, жаумен күресін тоқтатпаған Сейілбек те көзге жылы ұшырайды (Б. Әлімжанов).

Сейілхан (а-қ). Туыстары Сейілхан, Есман боп, жалғыз қалған жетім баланың дүниесін бармақ басты, көз қысты қып түгескен еді («А. Т».).

(ش)

شاعر (шаирақын, шайыр). Шайыр. Шайыр осындағы мектептің тәжірибелі мұғалімдерінің бірі екен («А. Ж».).



Шағыр. Әдетте, нарттай жайнап жүретін, еңгезердей Шағыр қазір өңсіз жатыр, екі беті аппақ қудай, көзі тас жұмулы (М. Ғабдуллин).
شاغلة (шағила1) шұғылданушы (бір нәрсемен); ықыласты, ұқыпты, ілтипатты, зерделі (әйел); 2) іс, жұмыс, қызмет, кәсіп; 3) мәселе). Шағила. Радист Шағила Құсанова сияқты көптеген қаһарман қазақ қыздары Отан үшін жанқиярлықпен шайқасты (Е. Ыбыраев).
شافع (шафиқорғаушы, қолдаушы). Шапиғ, Шафиғ. Шапиғ — Жапармен айтысқан ақын («Айтыс»). Осы мақала авторы - мен, Ж. Тоқмамбаев, Мақсұт Шафиғовтың IV класқа арналған араб тілі оқу құралы өткен жылы шәкірттердің қолына тиді (Ә. Дербісәлиев).

Шәпи. Мәдидің үлкен ағасы Қақабай, одан кейінгі Шәпи бай болыпты (С. Ләмбеков).
شاف (шафи1) шипалы, ем болатын; 2) нанарлық; сенерлік). Шапи. Қатарласа берген Ашкиннің оң жақ беті мен иығын көргеннен кейін ғана Шапиевтің кеудесіне ұстаған екі қолы ақырын төмен сырғып, оған жол беріп, өзі кейін кетті (Ә. Нұршайықов). Боз үйге ай сәулесі нұрын төгед, Шапи қыз сәлем айтып келсін деп ед... Қ. Ән».).
شاكر (шакиралғыс айтушы, сыйлаушы). Шәкір. Төбесі көктеректің көкке жеткен, Ерінбай ел қамы үшін еңбек еткен. Он үш жыл бір орында тапжылмастан Атақты келе жатыр Шәкір көптен (Ңұрқан).

Шәкірбек (а-қ). Мінбеге озат күрішші Шәкірбек көтерілді («С. Қ».).
شاكرات(шакиратшакирдің көпше түрі). Сержан Шәкіратов, Өмірзақ Айтбаев — өзіндік кескін-келбеті бар күйшілер («Қ. Ә».).
شاكرة (шакираалғыс айтушы, құрметтеуші, қадірін білуші (әйел). Шәкира. Есігінің алдында көлбеңдеп жүрген Шәкираны алыстан байқап келеді Жалын»).
شامل (шамил бәрін тегіс қамтушы; толық, жалпы, әр жақты). Шамил, Шәмил, Шамиль. Клара қолындағы микрофонын Шамилге ұсынды (Н. Жүнісбаев). Шәмил — техника тілін жақсы менгерген механизатор («С. Қ.»). Соңғы буын деп аталатын ақындар ішінде Шамиль де бар Қ. Ә».).

Шәміл. Сол заманда Отырарды Шәміл деген дихан жайлапты (Д. Досжанов).
شاهد (шаһид1) қараушы, қарап тұрушы; 2) куәлікке жарайтын мәліметтер; 3) поэт, сүйікті, аса сұлу, көркем, әдемі). Шаһид. Өзінің замандасы әрі досы Шаһид Салхидің өліміне байланысты жаман бір ауыз өлеңін «Ойлап тұрсам, ол өлген соң ақылдың кенересі орта түсті қаншама» деп түйіндейді (Р. Бердібаев).

Шәді, Шәһді. Шәді төре Манат қызбен дидарласқан ба, ол екінші мәселе (Р. Бердібаев). Шәһді Жәңтіров (1865-1931) — Түркістан жерінде туған, төре тұқымынан шыққан ақын (Б. Кенжебаев).
شرافة (шарафадаңқ, атақ, абырой). Шарапат, Шарафат. Ал, тындадық, Шарапат!—деп Жақсылық жымиды (Ғ. Сыланов).
شربات(шарбаттәтті сусын, сироп). Шарбат. Қалған өмірім хасіретпен өтсе де қабырғам бір қайыспас еді, хабарым елге бір жетіп, ата-анам мен Шарбатым қуанышпен күлсе,— деді (Ә. Әбішев).
شرف الدين (шараф-уд-дин; шараф — 1) намыс, ар, абырой; 2) адамгершілік; дин — қар. دين ) — б. т. е. шараф + ад-дин: Шарафутдин. Шофер Шарафутдин алыс сапардан автобазаға қайтып келеді («С. Қ».).
شرفى (шарафиқұрметті, қадірлі; намысты; даңқты). Шарафи. Шарапи, Шәрапи. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қолжазбаларын жинауда үлкен еңбек сіңірген - өзінің туған жиені Жолмұрат пен үлкен баласы Шарафи (3. Ақышев). Балықшы Шарапи жолдастарымен теңізге шығып барады екен («С. Қ».). Ақ қазақтар Мырзатайды Шәрапи өткелінде найзалап кетіпті (С. Хайдаров).
شرف (шариф1) атақты; 2) қасиетті; 3) ақсүйек). Шарип. Шарипов Сабыр (1882-1942) — жазушы, қоғам қайраткері... («Қ. С. Э».).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет