Дайьф, Даир. Әуелгі кезде Дайыр Зәурешті бағып-қаққансыды (С. Сарғасқаев).
Дайырбай (а-қ). Дайырбай — Тәттімбеттің күй тарту мектебін дамытқан шәкірттерінің бірі
(Б. Ысқақов).
Дайырбек (а-қ). Дайырбек әріптестерінен озып шықты («С. Қ».)
طاهر (таһир — таза, бұзылмаған, мінсіз, адал). Тахир. Бұл келген қазақ жігіті Тахир болып шықты (Д. Исабеков).
Тәкір. Әкесі Тәкір көп жыл қой бақты («Л. Ж».).
طبل(табл — дабыл, барабан). Дабыл. Бала оған жаңағы өзінің өгіз сұраған Дабыл байдың ауылынан қалай кеткенін баян етті (X. Есенжанов).
طلب(талаб — 1) іздену, оқу, үйрену; 2) талап). Талап. Күзде Талап қарт ақ таяғын ұлына ұстатты («С. Қ.»).
Жасталап (қ-а). Шопандар бригадасында Жасталапқа жолықтық (Қ. Хасанов).
Талапбек (а-қ). Талапбектің звеносы жүгеріден биыл мол өнім алды («С. Қ».).
Талапты. Жеткерсін әр пендені мұратына Талапты, қылған тойың құтты болсын (Нұрила).
طلب على(талаб али — талапшыл, ізденгіш Әли) — б. т. е. талаб + али: Талапәли. Талапәли құдық басында айналшақтап қалды («Жалын»).
Талапғали. Отын жаруға Талапғалиға көмектеспек болды («Л. Ж».).
Талапқали. Ұялшақтай басып сахнаға Талапқали шықты («Жалын»).
طلعة(тал а — тұлға, мүсін, келбет, пішін; сұлулық). Талғат. Бигелдинов Талғат — авиация подполковнигі («Қ. С. Э.»).
Талғатбек (а-қ). Талғатбек М.О.Әуезов музей-үйін аралады («Қ. Ә».).
طمع(тама — 1) зор тілек; зор ықылас; 2) ауыс. үміт ниет). Дәме. Біздегі Перне, Дәме, Күләйналар, Табыстың өзі оларға шыр айналар (Тілеген).
Дәмелі (а-қ). «Жомарттың кілеміндегі» Дәмелі кемпірдің өнеріне күш берген бақыт күйінің сазды сарыны болады («Қ. Ә. Т»)
Дәмет (а-қ). Дәмет құрбыларымен жылдам тіл табысып кетті («Жалын»).
Дәметкен (а-қ). Дәметкеннің қарамағындағы сиырлар шетінен қоңды («С. Қ».).
Дәметхан (а-қ). Ұлтуған мен Дәметхан шығар деп ойлайды («Л. Ж».).
Дәмеш (а-қ). Қалқам, Дәмеш! — деп Шырынкүлдің даусы қаттырақ шықты (Б. Майлин).
Дәмеқұл (а-қ). Дәмеқұлдың әкесі Таңсық деген кісінің қырық тесік, ырымға бір бүтін жері жоқ, кішкене ғана қарашық үйі болады екен (С. Ерубаев).
طور محمد(тур мухаммад: тур — таудың аты; طور ; мухаммад — қар. محمد ) — б. т. е. тур + мухаммад: Тұрмағамбет. Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882—1939) — қазақ ақыны, аудармашы («Қ. С. Э».).
طوفان(туфан — сел, тасқын). Топан. Зейнепті жұрт шешесі Топанға тартқан еді дейді
(С. Мұқанов).
طومار (тумар — тұмар). Тұмар. — Малға бүгін Тұмар кетті (А. Шоранов).
Тұмарбай. Бұл — Тұмарбайдың еңбек жолындағы бір үзік сыр («Л. Ж».).
Тұмарбек (а-қ). Тұмарбек ескекті жанталаса есіп келеді (Қ. Сәрсенов).
(ظ)
ظاهر (заһир — анық, ашық; көрнекті). Зайыр. Зайырдың табиғат сыйлаған дарыны бірден-бірге нағыз шеберліктің айдынына құлаш ұрған («Л. Ж».).
ظاهرة (заһира — анық, ашық, көрнекті). Заһира. Заһираны көрген жанда қалмайды ес, Қара қасы қиылған, көзі нәркес... («Қ. Т. Т. С».).
Зағира. Қазір Зағира осы заводта жұмыс істеп жүр (Ж. Тілеков).
Зайра. Шәйін ағайдың ержетіп келе жатқан Зайра атты қызы бар (С. Мұқанов).
ظريف (зариф — 1) сұлу, әдемі, көркем; кербез, сыпайы; 2) тапқыр, ақылды; 3) күлкілі (оқиға). Зарип. Зарипқа өлеңмен хат жазып жіберіпті (М. Жаракова).
ظريفة (зарифа — 1) сұлу, көркем; кербез, сыпайы; 2) ақылды). Зарипа. Сыпайылық сақтап, сөзге көп араласпай, аққудың көгілдіріндей болып Зарипа отыр («Жалын»).
Зәрипа, Зәрифа. Зәрипаның белі кілт ете түсті («Жалын»). Алдынан кішкене қызы Зәрифа жүгіріп шықты («Л. Ж».).
ظهور (зуһур — көріну, біліну; пайда болу). Зәуірбек (а-қ). Базда Зәуірбектің кезек күтіп жатканына үш күн болды («Жұлдыз»).
(ع)
عابد (абид — 1) бас июші; 2) табынушы). Абыт. Абыт Нұркенов — Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының тұрғыны, әдебиет мұраларын жинаушы («Айтыс»).
Абитбек (а-қ). Абитбек алыс мал жайылымындағы еңбеккерлер арасында жиі болады (Қ. Байжолов).
Ғабит. Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы — қазақ жазушысы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі («Қ. С. Э».).
Ғабитхан (а-қ). Ғабитханның тәпсіріне қарап, бұрынғы білген тілдерін қайта құрастырды
(М. Әуезов)
عابد اللـه (‘абид-ул-лаһ; ‘абид — қар. عابد ; аллаһ — қар. اللـه ) — б. т. е. абид + аллаһ: Ғабидолла. Ғабидолла дейтін кісімін, — деді ол (X. Есенжанов).
Қабидолла, Хабидолла. Кәкімжан, Қабидолла, Шипағұлдар менің шәкіртім,—дейді Кәрекең
(«С. Қ».).
Хабидолла қағаздан басын көтеріп, терезеге қарап, ойланып қалды («Л. Ж».).
عابد دين (‘абид дин; абид — қар. عابد; дин — қар. دين ) — б. т. е. абид + дин: Ғабиден. Ғабиден (Мұстафин — Н. О.) өмірді суретшідей ғана емес, тарихшыдай зерттейді (Ә. Тәжібаев).
Қабден... Малды қыстатуды табысты өткізуде Қабден сияқты механизаторлардың да үлесі аз емес
(С. Шүкіров).
Қабиден. Ашығын айтқаныма ренжімес, бұл мәселеде Қабиденнің де кінәсі бар (С. Қасымбекова).
عادة(ада — дағды, үйреншікті салт). Әдет. Сыры кетсе де, сыны кетпеген мейірбан жүзі аса нұрлы, ризашылық кейіпте еді,— деді Әдет («С. Қ.»).
Әдетбай. Оқуын бітіргелі Әдетбайдың туған ауылына ат ізін салғаны осы («Л. Ж».).
Әдетбек (а-қ). «Ер Тарғын» операсында бұл жолы Ақжүністі әнші Т. Әдетбекова орындауында тыңдадық (О. Сағынаев).
عادل (‘адил — тура; шыншыл). Әділ. Әділдің құлаштай сермеген кетпені күнмен шағылысады. («Жалын»).
Әділбай (а-қ). Әділбай — жауап күтіп, күпті болып жүр («Л. Ж».).
Әділбек (а-қ). Әділбек Майкөтов (1869-1919) — Қазақстанда тұңғыш марксистік үйірмені ұйымдастырушылардың бірі, Ақмолада жаңа өмір орнату үшін белсене күрескен. («Қ. К».).
Әділқан, Әділхан (а-қ). Оған да ризамын,— деді Әділқан (Ә. Тәжібаев). Әділхан суға түсіп кетті
(А. Бақтыгереева)
Әділшін (а-қ). Aт маңдайын Әділшіннің кеудесіне тіреп, жер тарпыды («Қ. Ә».).
Баяділ, Байәділ (қ-а). Әбуғали Баяділов ақсақал — тоғызқұмалақ ойынының әліппесін алғаш үйреткен ұстаз (Д. Таукенов)
Байеділ (қ-а). Қоспан Байеділ сөзінің ар жағын тыңдаған жоқ... (Т. Ахтанов).
Ғадылбек (а-қ). Мұғалім Бөстекбаев, ферма бастығы Ғадылбектер әдебиетте тым тұяқкешті болған, әншейін әбіл-себіл елестер дәрежесіндегі бейнелер (Ә. Кекілбаев).
Қадылбек (а-қ), Өзімнен кейін Қабдықайыр, Қадылбек деген егіз қозыдай екі інім болды
(Қ. Қайсенов).
عادل غازى(адил ғази; адил — қар. عادل ; ғази қар. غازى ) — б. т. е. адил + ғази: Әділғазы. Әділғазы — бойшаң, кең маңдайлы, қыр мұрынды, науша жігіт (Б. Абдуллин).
عار(ар — ұят, намыс). Арбек. Ш. Арбекова — үгіт бригадасының мүшесі еді («Л. Ж».).
عارف (‘ариф — білгір, білетін, дана). Әріп... ақындығы, шешендігі, тапқыр тілдігі бар ірі ақынның бірі (М. Әуезов).
Әріпбай (а-қ). Қызыларайдың ақиығы Әріпбай жаңа сапарға аттанып кетті (Б. Мекеев).
Әріпхан, Әріпқан (а-қ). Әріпхан мақтаның әр гектарынан 35—40 центнерден өнім өндіруге міндеттеме алды («Л. Ж».). Әріпқан бұл жаққа ұнатпай, қырыстап қарағандай болып еді (Р. Тоқтаров).
Ғарип, Ғариф. Қилыбай... Ғарипты ренжітіп тастап кетуді орынды таппады (Б. Шаханов).
Ғариф деген жиені бар (С. Мұқанов). Ғалымбаева Айша Ғарифқызы — халық суретшісі («Қ. С. Э».).
Ғарып. Құрбы-замандастары Мұхаметғарыпты әуелі Ғарып, кейін Әріп деп атап кетеді («Қ. Ә. Т».).
Кәріп. Сәкен отырған сандықтас,— дейді Өмір Кәріпов («Қ. Ә. »).
عارف اللـه(‘ариф-ул-лаһ; ‘ариф — қар. عارف ; аллаһ — қар. اللـه ) — б. т. е. ариф + аллаһ: Ғарипулла, Ғарифолла. Ғарипулла — совхоздың озат механизаторы («С. Қ».). Ғарифолла — қазақ әншісі (тенор), халық артисі («Қ. С. Э».).
عارفة(‘арифа — 1) дана (әйел); 2) сый, сыйлық). Әрифа. Бұл екі ортада Әрифа босанып, перзентханада ұл туды («Л. Ж»). Ғарипа, Ғарифа. Ғарипа Рахметқызы бастаған бір топ қыз он жылдықты бітірісімен Сталинград түбіндегі шайқасқа байланысшы болып аттанды (Ә. Нұрмаханова). Ғарифаның жайдары, кішіпейіл мінездері бізге ұнаған (С. Мұқанов).
عاشر (‘ашир — оныншы). Әшір. Топ ортасына жеңін түрінген Әшір шықты («Жалын»).
Әшірбай (а-қ). Кластасымыз Әшірбайдың үйлену тойына адам көп жиналды (Е. Байбосынов).
Әшірбек (а-қ). Жиырма қарт қатар түзеп салды шалғы, Жолдасбай, Әшірбектер бермейді алды
(К. Әзірбаев).
Әшірхан (а-қ). Әшірханның айтқандары ойланарлық нәрсе («Л. Ж. »)
عاشرغازى(ашир ғази; ‘ашир — қар. عاشر ; ғази — қар. غازى ) — б. т. е. ашир + ғази: Әшірғазы. Бұл радионы сөйлетудің бір кілтипаны бар шығар,— деп Әшірғазы орнынан тұрып, радиоға жақындады («А. Т».).
عاصف(асиф — 1) қатты (жел), қарқынды; 2) ауыс. қуатты, күшті). Асып, Әсіп. Мұқа, шаршадың ғой, біраз тынығып алсаңшы,— дейді, соңынан ілесе келе жатқан бәйбішесі Асып апа («Л. Ж»). Кеше жұмыстан шаршап келіп, кеш жатса да Әсіп бүгін күндегідей ерте оянды («Л. Ж».).
عاصم (асим — қатеден сақтаушы). Асым. ...Асым аңқылдаған ақжарқын жан еді (С. Жақыбаев).
Әсім. Төрде Әсім ешкімге сөз бермей отыр («Жалын»). Әсімхан. Ал ақындар, сендерге, Енді кезек берейін. Әсімхан, Манап сөйлеңдер, Көп алдында көрейін (М. Байбатыров).
عاصمة(асима — астана; негізгі, басты қала). Әсима. Оның жұбайы Әсима домбыра тартып, ән салады (Т. Аймұханов). Әсима іштей ғана күйініп, жүректі бітеу жараға беріп қойып, тым-тырыс жата алмады. (М. Иманжанов).
عاقبة(ақиба — салдар, нәтиже). Ағипа. Подполковник К.Э.Киттон басқаратын бөлімшедегі қатардағы жауынгер Ағипа Кенжеғалиеваның («Жауға қарсы аттан» газетінің 1944 жылғы 12 май күнгі санында суреті берілген) ерлік істері кең-молынан сөз болады (3. Қасиманов).
عاقل (ақил — ақылды, есті). Ақыл. Қыбылаңызға шүбә қылмаймын, Ақыл аға!— деді Мағаш
(М. Әуезов).
Ақылбай (а-қ), Ақылбай Абайұлы Құнанбаев (1863-1904) — талантты ақын («У. Ғ. Ж».).
Ақылбек (а-қ). Ақылбек семьясында сегіз адам дәрігерлік қызмет атқарады («Б. О».).
عاقلة(ақила — есті, ақылды (әйел). Ағила. Ағила шешей келіннің басына төгілдіріп орамал салды («Л. Ж».).
عالم (‘алим — 1) білгір; 2) ғалым). Әлім. Әлімнің алты жүйе бір баласы, Ерімбек Қарасақал ақылы кәміл (Шораяқтың Омары).
Әлімбай (а-қ). Әлімбаев Мұзафар — қазақ ақыны, публицист, аудармашы («Қ. С. Э».).
Әлімбек (а-қ). Әлімбек әдебиетке құмар, жақсы журналист еді (Қ.Бекхожин).
Әлімқара (а-қ). Түтігіп Әлімқара буырқанып, Бүлкілдеп бұлшық еттер шымырланып, Жырадан жолбарысша атып тұрды, Айбарлы ащы даусы жерді жарып (Ә. Әленов).
Әлімқұл (а-қ). ...Зеңбірек ырғақталып азар шөкті. Аулына Әлімқұлдың аузы қарап (І. Жансүгіров).
Әлімхан (а-қ). Әлімхан қазір төртінші курста оқиды («Л.Ж.»).
Байғалым (қ-а). Байғалым орнынан атып тұрып, апыл-ғұпыл киіне бастады («Жалын»).
Ғалым. Қазақтың ерлік, батырлық жорығын күймен, әнімен жеткізген күйші Ғалым ең, күй қозғап сонау әріден (А. Тоқмағамбетов).
Ғалымбай (а-қ). Ғалымбаева Айша Ғарифқызы — халық суретшісі («Қ. С. Э».).
Ғалымбек (а-қ). Ғалымбек Сәдуақас рөлін орындады («Қ. Ә.» )
Ғалымжан (а-қ).— Соңғы кезде Ғалымжан жиі келгіштеп кетті ғой,— деді Әлима («Жалын»).
Қалым. — «Шын жүйрік өрге салса өршеленер» демей ме, - деді Қалым («Л. Ж».).
عالم مراد(алим мурад; ‘алим — қар. عالم ; мурад — қар. مراد ) — б. т. е. алим + мурад: Әліммұрат. Заводты «өз өмірбаянымыз» дейтін мағыналы сөз, сірә, соларға лайықты айтылған болса керек,— деді Әліммұрат («Л. Ж».).
عالمة(алима — оқымысты, ғалым әйел, әнші әйел). Әлима. Әлима әңгімеге араласқан жоқ
(«Л. Ж».).
عالية(алийа — 1) биік, жоғары, ұлы; 2) көрнекті, атақты). Әлия. Туып еді бір бөбек Бұйығы ғана бір үйде... Атын қойды Әлия Ардақтап сүйіп ата-ана (С. Бегалин).
Ғалия. Ғалияның оны арбап, қуатын да, сана-сезімін де мұрындықтаған түйедей жетегіне алғанын абайламай отырмысың? (С. Мұқанов).
Қалия. Жүкті алып Қалия келді («Л. Ж».).
عالية نور(алийа нур; алийа — қар. عالية; нұр — қар. نور ) — б. т. е. алийа + нұр: Ғалиянұр. Көкшетауда менің Ғалиянұр дейтін жақыным тұрады,— дейді Жәмпейіс (С. Мұқанов).
عائدة(айда — 1) пайда, кіріс; 2) жалқы есім). Аида. Медаль көп бала тапқан Аида келінде де бар,— деді ол (Б. Ыбырайымов).
عائشة(‘аиша — 1) өмір, тұрмыс; 2) жалқы есім). Айша. Айша деген домбырашы оң қолын ойнату арқылы жаңылтпаш күй тартып, бір жігітті жеңіп кетеді («Қ. Ә. Т».).
Ағайша (қ-а). Ағайша өзінің хатында мектепте жұмыс істейтінін жазыпты (Ш. Бәтеев).
Ғайша. Ақсұлу мен Ғайша күні бойы уайым-қайғымен жөнді ас іше алмай, кешке екеуі оңаша мұңдасып отырған үстіне үйге бір жігіт кіріп келді (С. Көбеев).
Қайша, Хайша. Әріде Қыз Жібек, Баяндар, орта тұста Еңлік. Сара, Ақтоқтылар, тіпті күні кешегі Шұға, Қайша, Қамарлар. (Ж. Ысмағұлов).
Күнғайша (қ-а). Күнғайша — Әріптің қызының аты (Б. Кенжебаев).
Советқайша (о-а). Гүлнар мен Советқайша тағы бір жауапты сағаттан күліп шықты («Л. Ж».).
Тілеуғайша (қ-а). Тілеуғайша семинар сабақты өткізуге ерекше мән береді (Т. Көлбаев).
عباء(‘аба — жүннен тоқылған шекпен тәрізді киім). Аба. Отқа күймейтін, суға батпайтын Аба бұл құлаудан да еш жеріне жарақат түсірмеді (С. Мұқанов).
عباد (‘ибад — құлдар). Ибат. Қасында Сүйінішбайдың Ибаты бар (С. Мұқанов).
Ибатбек (а-қ). Ибатбек нағашым атқұмар, саятшы кісі болатын («Л. Ж.»).
Қибат. Өргенде жайылысқа ертемен мал, Болады ферма басы бейне базар. Күніне он литрдей сүт алады, Сауыншы Қибат пенен Кәшипалар (Қисса).
عباد اللـه (‘ибад-ул-лаһ; ‘ибад — қар. عباد ; аллаһ — қар . اللـه ) - б. т. е. ‘ибад-аллаһ: Ибадулла. Ибадулла секілді талантымен де, талабымен де танылып қалғандардың озып, оқшау көрінуі әбден заңды
(Б. Сарбалаев).
Ғибадулла. Жаңа әдісті сыннан өткізу жұмысын орындайтын - Ғибадулла (Ж. Ибраев).
Ғибатолла. Өнерсүйгіш қауым Ғибатолланы айырықша қадір тұтады (М. Сатыбалдиев).
Ибадолла. Ибадолла орындаған істер жақсы жағымен ерекшеленіп тұрады («Л. Ж».).
Ибатолла. Келе жатқан адам Ибатолла болып шықты («Л. Ж».).
Ибатулла. Үйден шәпкісін баса киген Ибатулла шықты («Жалын») .
عبادة (сибада —1) мәпелеу, шексіз қадірлеу, сыйлау, құрметтеу; 2) бас ию, тәжім ету, табыну;
3) ауыс. ар, ұждан). Қибадат. Қибадат — В. И. Ленин атындағы Қазақ политехника институтының түлегі, инженер («С. Қ».).
عباس(‘аббас —1) тұнжыраған, қабағы ашылмайтын; қатты, қатаң; 2) жалқы есім). Аббас. Заводтың өркендеуіне қосқан Аббастың еңбегі орасан зор («Л. Ж».).
Аппас, Аппаз. Әкесінің аты Аппас болса керек еді,— дедім (С. Сейфуллин).
Ғаббас. Ғаббас Тоқжанов (1900-1937) — қазақ әдебиетінің қалыптасу процесіне өзінің шығармаларымен бірқатар еңбек сіңірген белгілі сыншы («Қ. Ә. Т».).
Қабас. Шығыс жақтан келген Сүгірдің көршісі Қабас еді (М. Әуезов).
Қаппас. Мынадай жаман істен Қаппастың тұла бойы тітіркенді («Л. Ж».).
عبد (абд — құл, кіріптар). Әбді, Әбті. Менің көз алдыма Әбді секілді құрбы-құрдастарым елестейді, — деді (Ә. Бейсебаев).
Әбдібай (а-қ). Майда тіл маңайдағы болды шешен, Кең ой, кішіпейіл, мінезі әсем. Қайнарда қатар шыққан жақсылары, Шінәсіл, Әбдібай мен Тұрсын, Тәшен (Ә. Дүйсенбиев).
Әбдібек (а-қ). Әбдібек — домбыра класын үздік бітірді («С. Қ.»)
Әбдіқұл (а-қ). Белгілі айтыскер Әбдіқұл Жамбылов (Жамбылдың немересі) ана туралы тақырыпқа ұзақ, мәнді, мағыналы жыр айтып берді (М. Базарбаев).
Әбдіхан (а-қ). Әбдіхан аудандық жарыста жүлделі орынды иеленді («Л. Ж».).
Қабді. Қабекең балық аулауды әкесі Мұрат пен ағасы Қабдіден үйреніпті (О. Хайдаров).
عبد الا سلام (‘абд-ул-ислам; ‘абд - қар. عبد ; ислам — қар. إسلام) - б. т. е. абд + аль-ислам: Әбдіслам. Жыршы Әбдіслам орындауындағы «Сұраншы батыр» жыры - Жамбыл творчествосын халыққа жаңа бір қырынан танытатын дүние (Р. Сарғожин).
عبد جبار(‘абд жаббар; ‘абд — қар. ; عبد жаббар — қар جبار ) – б. т. е. ‘абд + жаббар: Әбдіжапар. Садық Әбдіжапаров батыр атанды («Л. Ж».)
Әбдіжаппар. Арада көп күн өтіп кешіккенін, Мағұмын Әбдіжаппар Махфи қылмас (Қаңлы Жүсіп). Кесу цехындағы Әбдіжаппар — көп құрметіне бөленген маман («Л. Ж».).
Көпжаппар (қ-а). Жексен Көпжаппарға соға кетпек болды («Л. Ж».).
عبد جمال (абд жамал; абд — қар. عبد ;жамал - қар. جمال ) — б. т. е. абд + аль-жамал: Әбжамал. Әбжамалдың Ишанбегіне ауданның автопаркі сеніп, жеке машина берер ме еді... («Қ. Ә».).
عبد جميل(‘абд-ул-жамил; ‘абд — қар.; عبد жамил - қар. جميل ) — б. т. е. ‘абд +жамил: Әбдіжәміл. Нұрпейісов Әбдіжәміл Кәрімұлы – көрнекті қазақ жазушысы («Қ. С. Э».).
Әбжәміл. Жас құрылысшы Әбжәмілдің есімі алғашқы екі жылдың өзінде-ақ ел аузына ілігіп үлгерді (Е. Қайнаров).
عبد حارث(‘абд харис; абд-қap. عبد ; харис – күзетші) — б. т. е. абд + харис: Әбдіқарыс. Әбдіқарыс Айдаровтың... бірқатар дастан-толғауларын атауға болады («Қ. С. Э».).
عبد الحكيم(‘абд-ул-хаким; ‘абд - қар. عبد; хаким - қар. الحكيم ) — б. т. е. ‘абд + аль+хаким: Ғабдолхакім. Бөкейханов Ғабдолхакім (Ғабдол) Нұрмұхамбетұлы (1896-1938) - белгілі күйші, партия қайраткері («Қ. С. Э».).
عبد الحاق (‘абд-ул-хақ); ‘абд - қар عبد ; хаққ — қар. حاق ) - б. т. е. абд + аль-хаққ: Әбділхақ. Олар - Әбекеңнің кенже ұлы Әбділхақ және немерелері Ақжан мен Ұлан (С. Ақатаев).
عبد الحميد(‘абд-ул-хамид; абд—қар. عبد ; хамид حميد ) — б. т. е. абд+аль-хамид: Абдулхамид. Абдулхамид арқалы домбырашылардан көп үйренумен жүр («С. Қ».).
Әбділхамит. Шарипова Ғайша Әбділхамитқызы (1901—69) — қазақстандық жазушы және аудармашы («Қ. С. Э».).
Әбдіхамит. Сырын сыртқа шығара қоймайтын Әбдіхамит қарттың да перзентіне деген ықыласы бөлекше... («Жалын»).
عبد الحى(‘абд-ул-хай; ‘абд — қар. عبد ; хай — қар. حى ) — б. т. е. ‘абд + аль-хаи: Абдолхай. Елубай, Құрманбек, Қалибек, Серке, Күләш, Абдолхайлар - ел мектебін өткендер, үйрене жүріп жеткендер (Ә. Сығаев).
Әбділхай. Мезгілсіз бұл дүниеден кеттің балам, Ініңе Әбділғазиз, Әбділхаймен (Тұрмағамбет).
Ғабдұлхай. Қайтты ізінше Ғабдұлхай, Жаудан тірі «тіл алып». Сезбей қалды басқалар, Кеткендігін кім алып (А. Тоқмағамбетов).
عبد خاص (‘абд хасс; ‘абд — қар. عبد; хасс — қар. خاص ) — б. т. е. абд + хасс: Әбдіқас. Арызымды оқыған колхоз бастығы Әбдіқас... («Л. Ж».).
عبد خالق (‘абд халик; ‘абд— қар. عبد; халик — қар. خالق ) — б. т. е. ‘абд + халик: Әбдіқалық. Әбдіқалықтың бет-аузы алғашқы күні-ақ шашыраған маймен жылтырап шыға келген де... («Жалын»).
Достарыңызбен бөлісу: |