Зұлқарнай. Хатшының жүрер жолын аңдытып, шабарман жіберіп әлектенген совхоз директоры Зұлқарнай бар (Д. Досжанов).
ذوالكريم (зу-л-карим—мырзалық, шарапаттылық, керемет иесі). Зүлкәрім. Сержант Зүлкәрім он рет разведкаға барды (Ә. Нұрмағамбетов).
ذوالفنون (зу фунун — ғалымдар, ғылымдар иесі; ғылымның бірнеше саласынан хабардар адам). Зүлфүнүн. Шоқпытқа Шаншар баласы Жабайдың Зүлфүнүн деген қызын айттырып алып береді (Ы. Дүйсенбаев).
Зүпнүн. Зүпнүн — ақын Сұлтанмахмұттың анасы («Қ. Ә.»).
ر))
راح (pax— 1) ішімдік; 2) шаттық, қуаныш). Pax. Талаптас жарады,— дейді С. Рахов («Л. Ж».).
راحة (рахат — 1) тыныштылық, дамыл, демалыс; 2) ыңғайлылық, қолайлылық; 3) ауыс. ләззат). Рахат, Рақат. Рахаттың қуанышы қойнына сыймай, жүрегі лүпілдеп қоя берді (М. Гумеров). Рақат атынан баяндалғанмен шығармадағы негізгі кейіпкерлер — Сасан, оның әйелі — Алма және бригадир Ұлғазар
(Т. Дәуренбеков).
راحلة (рахила — жүк артатын інген, мая). Рахила. Барайық, Рахила да бір қуанып қалсын
(А. Смаилов).
راضى (ради — 1) риза, қанағаттанған; 2) сүйкімді, жағымды, ұнамды). Разы. Н. Разиев —
И.В.Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы саяси бөлімі бастығының бұрынғы көмекшісі... («С. Қ».).
راقية (рақиа — дамыған, өркендеген (ел, мемлекет, т. б.). Рахия. Рахия Қойшыбаеваның немесе Рабиға Есенжанованың әндерін ынтыға тыңдаймын (Д. Кішібаев).
رام (рами — 1) лақтырушы, көздеуші; 2) мерген; 3) астр. Мергендер шоқжұлдызы). Рами. «Есім даласы» жөнінде Исмағұл Рамиев былай деп жазды... («Қ. Ә. Т»)
راى (рай — көзқарас; 2) ой, пікір; ақыл). Ендігі жанашырдан жалғыз немере інісі Рай болса, оның жас екенін ойлады, өзі сияқты о да әке-шешесінен жастай жетім қалып, қарт әжесі екеуі өз алдына қос болып, түтін түтетіп отыр (Ә. Нұрпейісов).
Райбай (а-қ). Райбай мен Шоран өзара еңбек жарысына түсті («Л. Ж».).
راية (раиа — жалау, ту). Рая. Жиырмасыншы жылдардағы Торғай комсомолдары арасында сауат ашу мектебін басқарған Рая Домбаева болды (С. Шүкіров).
رياط (рибат — 1) байланыс, қатынас; 2) қамал, қорған, бекініс; 3) керуен сарай). Рабат. Рабат майданнан ауыр жаралы болып қайтқан (Ш. Сәрсенбаева).
ربيعة (рабиа — 1) көктем, көктем кезі; 2) жолдас, құрбы; ашына). Рабиға, Рәбиға. Рабиға Есенжанованың салған әндерін ынтыға тыңдаймын (Д. Қішібаев). Көңілді, кішіпейіл әрі сері, Әндетіп, думанды той жүрген жері. Депутат Рәбиғасын жұрт сүйеді, Қашан да оған дайын үйдің төрі
(А. Тоқмағамбетов). Мен айтам Рәбиғадай еңбек ерін, Еліңде бар ма осындай жеңгелерің (Рамазан).
رجب (ражаб — араб ай жылнамасының жетінші айының аты). Ережеп. Пьеса бастала бергенде бірінен соң бірі шыққан Ережеп, Шақан, Күләндар оқушыны бірден оқиғаға жетелейді («Қ. Ә. Т».).
Ережепбай (а-қ). Молдабаев Ережепбай (1925-44) — Совет Одағының Батыры. Висла өзенінен өту кезіндегі ұрыста Ережепбай қаһармандықпен қаза тапты («Қ. С. Э».).
رحمان (рахман — рақымды, қайырымды, мейірімді, кішіпейілді). Рахман. Рахман әңгіме айтып отыр маған, Көзінде от ұшқыны топырлаған... (Ғ. Қайырбеков).
Бердірахман (қ-а). Бердірахман келгелі ферма жұмысы жанданып сала берді («С. Қ».).
Рақыман. Рақыман ұрпағым, бата бердім. Ақиықтай аспанда заула-заула (К. Әзірбаев).
Рақыманқұл (а-қ). Қозғады жікшілдікті елдегі бай, Көтеріп тыныштықты жүрмеді жай. Көкежан, Рақыманқұл, Сұрбас күйсіз, Қазақшылық бастады баяғыдай (Әріп).
Рахманқұл (а-қ) — Рахманқұл есімінің қысқарған түрі. Раманқұл — драма театрының артисі
(«Қ. Ә».).
Рахманберді (а-қ). Ауыл мәдениеті — азаматына сын,— деді Рахманберді («Л. Ж».).
Рахманқұл (а-қ). Терме өнерлік қазынаны іздеп, зерттеп жүрген Рахманқұл Бердібаев... сынды үлкен ғалымдарымыздың жылы лебізін өз ауыздарынан естіп, газет бетінен де оқыдық (Қ. Қонысбаев).
رحمان شيخ (рахман шайх; рахман — қар. رحمان ; шайх — қар. شيخ) — б. т. е. paxмaн + шайх: Рахманшайық. Рахманшайық — ақын Әріптің баласының аты («Қ. С. Э».).
رحمة (рахма — қайырымдылық, мейірімділік, шапағаттылық). Рахмет. Рахмет — аудандық, облыстық айтыстарға қатынасқан ақын («Айтыс»).
Рахметбай (а-қ). Рахметбай капитанның қолын қағып үлгермегенде, біреуінің зақым болуы да мүмкін еді (Ә. Сәрсенбаев).
رحمة اللـه (рахмат-ул-лаһ; рахмат — қар. رحمة аллаһ — қар. اللـه )— б. т. е. рахмат + аллаһ: Рахматулла. Жуырда Егіндібұлақ селосының тұрғындары белгілі жазушы Рахматулла Райымқұловпен кездесу өткізді («Қ. Ә».).
Рахматолла. Алыстан даңқы жер жарған «Медресе Расулияның» сыртқы көрінісі Сұлтанмахмұтқа қораш, Баяндағы Рахматолла хазіреттің медресесі сияқты ғана көрінді (Д. Әбілев).
Рахметолла. Рахметолла, біздің үйдегі шешеңе мына қалашты бере салшы!—деді (С. Хайдаров).
Рахметулла. Рахметулла ақсақал әлгі оқыстау айтқан домбай сөзін жуып-шаю үшін сөзге күле араласты (С. Бақбергенов).
رحمة على (рахмат ‘али; рахмат — қар. رحمة ; али — қар. على)— б. т. е. рахмат-али: Рахметалы. Еңбек семестріне биыл тың құлшыныспен әзір отырмыз,— дейді Рахметалы («С. Қ».).
Рахмади. Рахмадиев Еркеғали — қазақ совет композиторы («Қ. С. Э.»).
Рахметқали. Рахметқали «алыптың» қолы тарғыл өгіздің кекіліндей бір зор нәрсеге шап ете қалды (С. Хайдаров).
رحيم (рахим — қайырымды, мейірімді, рақымды, кішіпейілді, ізгі ниетті; шапағатты). Рахим. Ең кенжесі Рахим жайлы... небір әсерлі естеліктерді сырғып шертті (А. Әбілев).
Райым. Оған жабысқан сәлделі шал Райым еді (Ж. Арыстанов).
Райымбай (а-қ). Совхоздың озат шопаны... Райымбай әрбір жүз саулықтан жүз елу қозы алды
(X. Лұқпанов).
Райымбек (а-қ). Райымбектің арқандаулы аты арқырай кісінеді («Жұлдыз»).
Райымберген (а-қ). Райымберген шырқаған әсем әндер көрермендер көңіліне ұялады
(Ә. Аймағамбетов).
Райымқұл (а-қ). Колхоздағы еңбек адамдарының бейнесін жасаған тәуір шығармалардың бірі —
Р. Райымқұловтың «Жасыл белес», «Түйелі адам» атты повестері («Қ. Ә. Т».).
Рақым, Рахым. Рақым мұны Кәдірбаев, Борсықбаев, Бұқабаев арқылы орындап отырды («Қ. Ә. Т».). Рақым Жандыбаев Абайды зерттеуші әрі жерлесі - Садық Қасиманов секілді кісілердің сөздерін жазып алса, Абайтануға пайдасы тиер еді (Т. Әлімбаев). Институт бітірген Рахым дәрігер болып ауылға баруға тілек білдірді (Ә. Сейілханов).
Рақымбай, Рахымбай (а-қ). Жүгіріп келе жатқан Рақымбай сүрініп кетіп, екі аунап тұрды («Жалын»). Трактордың рулінде Рахымбай отыр (Ш. Сәрсенбаева).
Рақымбек (а-қ). Алдыңғы кабинасында пилот, артқы кабинасында туған ағайым Рақымбек отыр
(Қ. Қайсенов).
Рақымберді, Рахымберді (а-қ). Әскери өмірдің қатал тәртібіне үйренген жауынгерлер таң қылаң бере-ақ сапқа тұрды, — дейді Рақымберді. («Л. Ж».). Рахымберді әуелде бригададан кетпекші болып оқталды («Жалын»).
Рақымқұл, Рахымқұл (а-қ).— Бұл Рақымқұлдың ісі екені анық,— деп ол кесіп айтты («Л. Ж».). Совхозды алғаш ұйымдастырушылардың бірі — Рахымқұл (Ш. Бәтеев).
Рахымтай (а-қ). Айнашты Рахымтай, Ізтай, тағы басқалар келіп құттықтады («Л. Ж»).
رحيم على (рахим ‘али; рахим — қар. رحيم; али — қар. على ) — б. т. е. рахим + али: Рақымғали.— Суайт деп сен біздің Рақымғалиды айт (X. Есенжанов). Рақымғали қайын атасының ісін қуып, үйіне жетіп келеді деп ойлаған жоқ еді (X. Есенжанов).
Рахымғали, Рахимғали. Рахымғалидың ойы дағарадай үй салуға кетті («Жалын»). Менің ағайым Рахимғалиды білетіндер бар шығар-ау!—деп сауал қояды («С. Қ».).
رحيم غازى (рахим ғази; рахим — қар. رحيم ; ғази — қар. غازى )— б. т. е. рахим + ғази: Рақымғазы. Рақымғазы — жүгерішілер звеносының жетекшісі («Л. Ж.»).
رحيمة (рахима — қайырымды, мейірімді, рақымды, шапағатты (әйел). Рахима, Рақима. Қосшығұлдың бір сыдырғы сымбаты, бір сыдырғы кескіні бар Рахима деген қызы бар,— деді Жәмпейіс
(С. Мұқанов). Рахиманың өзін ешкімге басындырмайтын өжеттігі бар екен (Ә. Қалдыбаев). Кәрім мен сол жағында отырған Рақима қосыла сөйледі (Ғ. Мүсірепов).
Рахимаш (а-қ) — Рахима есімінің еркелете айтылу түрі. Ол қайдағы бір нәрселерді айтып, Рахимаштың ішек-сілесін қатырған-ды (Ү. Әдібаев).
رزاق (раззақ — өмірге ризық беруші). Разақ. Үйіне көптен күткен сыйлы қонақ Разақ келіп жатыр («Жалын»).
Оразақ. Оразақов Естөре — Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген дәрігері («Қ. С. Э».).
رسول (расул — елші). Расул. Расул мектепті өте жақсы бітіріп, университетке оқуға түсті
(«Л. Ж».).
رسيل (расил — 1) жіберілген; 2) елші; 3) сүйемелдеуші) Рәсіл. Геологтармен Рәсіл әңгімелесті
(«Л. Ж».).
Рәсілбек (а-қ). Жасына жетсе де, арыны қайтпаған Рәсілбек ақсақал сырлы сөзін сырнайға қосып, тыңдаушыларды бір желпіндіріп тастады (Қ. Сейдеханов).
رشاد (рашшад— 1) саналы, саналылық); 2) естілік, ақылдылық; 3) ақиқаттық, шындық жолға түсу). Ришад, Ришат. Шындап келгенде... Ришад бұл жолы ойлаған жерден шықты (Ғ. Мүсірепов). Ришатқа қала өмірі әуелде жат көрінген («Л. Ж».).
رشيد (рашид— 1) саналы, есті, ақылды; 2) ержеткен, ересек; 3) тура жолмен жүруші;
4) жүректі, батыл, батыр). Рашид. Рашит. Рашид ғылыми жұмысқа шындап ден қойды («Л. Ж».). Жолға шыққандағы мақсатым — Рашит Жанғозин бастаған ер жігіттердің кім екенін, он үш пе, он алты ма, қанша екенін анықтау (С. Бақбергенов). Рәшит: Рәшит даланың саф ауасын кеуде кере жұтты («Л. Ж»).
رشيدة (рашида — 1) дұрыс, түзу, таза, саналы, есті, ақылды; 2) бойжеткен). Рашида, Рәшида. Қоянды жәрмеңкесінде енді үш ай жүрсе де қынжылатын Рашида жоқ (3. Ақышев). Шыңғыстың құшағына кірген Рәшиданың бір айтқалы... («Жалын»).
رضاء (рида — 1) молшылық, қанағаттылық, рахаттылық; 2) разылық). Риза, Рза. Ақыры Риза сөзін аяқтаған соң, Сұрша оның тыныс алу мүшелерінің жұмыс атқару қабілетін тыңдап шықты («Л. Ж».). Қарулы екі жас жігіт — Әли мен Рза ірі қара кісінің екі қолынан ұстады (Ә. Нұрпейісов).
Ризабек (а-қ). Қан майданда бірге болған жерлесіміз Ризабек Смағулов... (Ә. Бектасов).
Ырзабай (а-қ). Ырзабай Мәскеудегі түсті металдар және алтын институтын 1952 жылы озат бітірген (Ж. Тілеков).
Ырзабек (а-қ). Ырзабек — ісіне тындырымды механик (С. Хайдаров). Өмірде ең оңайы - біреуге білгішсініп ақыл айту,— дейді Ырзабек («Л. Ж».).
رضوان (ридуан — 1) молшылық; қанағатшылдық; 2) ризашылық; 3) діни. жаннат). Ризуан. Өнерсүйгіш қауым Ризуанды айрықша қадір тұтады (М. Сатыбалдиев).
رضية (радийа — 1) жағымды, ұнамды (әйел); 2) риза, разы; 3) сүйкімді, сүйікті (әйел). Разия Рәзия. Бейімбет Әлім мен бай қызы Разияның арасындағы адал махаббатын суреттеп, сүйіскен екі жастың жау қолынан қаза тапқанын көрсетеді («Қ. Ә. Т».). Сартайдың шешесі Рәзия — адуындау әйел
(Т. Дәуренбеков).
رعنا (pa сна — сүйкімді, шырайлы, әдемі). Рағына, Рағна. Бөленді алғыс сезімге, Рағна, Құлай, Мараттар... (М. Божанов). Рағынаның отары қыстан күйлі шықты («Л. Ж».).
رفعة (рифа — биік мәртебелі). Рифхат. Марат үлгісімен Рифхат, одан кейін Рәшид, одан Фарид ауыл шаруашылық техникумын бітіріп, арнайы білім алып шықты (Қ. Аманжолов).
رفيعة (рафиа — 1) биік, зор; 2) атақты, ақсүйек (әйел). Рапия, Рәпия. Жаны қысылған Рапия басы ауған жаққа қашты («Л. Ж».). Рәпия атын ойпаңдау жерге тұсап қойды («Жалын»).
رفيق (рафик — 1) серік, серіктес, жолдас; 2) дос; 3) көңілдес). Рафик, Рапих. Жақсы онда, Рафиков жолдас, бізді ұмытпа,— деді (Ғ. Қалемов). Қабылов Мәдениет Рапихұлы — қазақ архитекторы («Қ. С. Э».).
رفيقة (рафика — жолдас, құрбы). Рафиқа. Нұртазина Рафика — қазақ совет педагог-методисі, Қазақ ССР-і мектебіне еңбек сіңірген мұғалім, Социалистік Еңбек Ері («Қ. С. Э».).
رقية (рукиа — 1) жалбарыну, сиқыр, арбау; 2) асқан сүйкімділік, еріксіз тартатын күш). Ұрқия. Саудагер Рақмет пен Ұрқия деген кемпір Жалбыр туралы хабарды Алшынбай, Ақтандарға жеткізумен әуре («Қ. Ә. Т».).
رمضان (рамадан — араб ай жылнамасының тоғызыншы айының аты). Рамадан. Үй қожасы әйелдің ұлы Рамаданның маған көрші бөлменің бір студентке жалға берілгенін айтқаны есіме түсе кетті («Т. С».).
Рамазан. Рамазан ат-көлігін сайлап, дайын отыр («Жұлдыз»).
روح اللـه (рух алла; pyx — روح 1) рух, жан; 2) елес; 3) өмір; аллаһ — қар. اللـه) — б. т. е. рух + аллаһ: Рухолла. Рухолла — совхозымыздың агрономы («Л. Ж».).
روحية (рухийа — 1) рухани күй; 2) рухани бейне, рухани кейіп, рухани сапа). Рухия. Рухия — совхоз кітапханашысы болып көптен бері істеп келеді («Л. Ж».).
روضة (рауда — 1) бақша, гүл бақшасы, көгал; 2) ауыс. пейіш, жаннат). Рауза. Шықты Рауза. Қош! Қош! Рауза! (І. Жансүгіров ).
رئيس (раиис — басшы, төраға; әкім). Райыс, Райс. Райыс атты салт мініп келді де, мені қамшының астына алды (С. Мұқанов). Райс бастаған жігіттер шөп шабуға шықты («Л. Ж».). Райысхан
(а-қ). Райысхан — жалпақ бет кісі («Жалын»).
رئيسة (раииса — ханым, ханшайым). Раиса. Раиса қаладан келеді деп күткелі үш күн болды
(«Л. Ж».). Райса. Райса тәжірибелі сыршыдан көп нәрсені үйренді (С. Ералиев).
ريحان (райхан — хош иісті өсімдік, гүл). Райхан. Доғар, қиял, өлмеймін мен, Әлі талай жыр айтамын. Жеңілем бе, ажалға мен, Аңсап күтсе, Райханым! (Ә. Сәрсенбаев).
(ز)
زائد (заид — 1) өсу, көбею; 2) артық; 3) үлкен, шамадан тыс). Заид, Заит. Кітапты оқып шыққан соң, Сәлімбай, Оспанкүл, Заид сияқты күш-жігерін ел үшін сарп еткен, тіпті қыршын өмірлерін қиған азаматтарға тәнті болып отырып... (М. Сқақбаев). А. Заитов — жылжымалы-механикаландырылған колоннаны бастап келді («С. Қ.»).
زائدة (заида— 1) өсу, көбею; 2) артық; 3) үлкен, шамадан тыс). Заида. Заида шын мәнінде жаңа өмір жыршысы бола білді (Қ. Әбілев).
Зайда Зәйда. Иісбайдың өзіне қамқорлана сөйлегеніне біраз бойы кеңіп, Зайдаға қарады (С. Бегалин). Зәйдә әпкемді сағындым,— деді бала («Л. Ж»).
زبرجد (забаржад — жасылдау түсті жылтыр асыл тас). Зүбәржат. Алатауым, мен үшін жыр басысың, Сендей алып, тегі, көп тумасы шын!..— дейді Зүбәржат... («Қ. Ә».).
زبيدة (зубайда — жалқы есім). Зұбайда. — Зұбайда байғұс анау бір жылы қызын Алматыдағы жетімханаға апарып өткізген екен («Қ. Ә».).
زليحة (зулайха — жалқы есім). Зұлайха. Зұлайха шопандық қызметке жүрек қалауымен келді
(«С. Қ».).
Зылиқа, Злиқа. Зылиқасын көрсе де, Жүрек енді ашылмас (С. Торайғыров). Злиқа Балзияның жанындағы жайдақ орындыққа жалпиып отыра кетті (Д. Досжанов).
Зылиха, Злиха. Үй қожасының әйелі Зылиха қолы епсекті жан көрінеді («Л. Ж».). Рахмет, Злиха! Мен қызымның атын Злиха қоям,— деді шопан (А. Бектұрғанов).
زمان (заман — уақыт, кезең, мезгіл, дәуір). Заманбек (а-қ). Сол-ақ екен есіктен артынып-тартынып Заманбек кірді (Е. Әзімбаев).
زمزم (замзам — 1) мол, көп; 2) Меккедегі Қағба жанындағы құдықтың аты). Зәмзәм. Зәмзәм пәтерінен таңертең ерте шықты («Л. Ж».).
Зәмзәгүл (а-қ). Зәмзәгүл қасындағы қыздарды бастап, үйге кірді («Жалын»).
زَهرة (заһра — 1) түр, түс; 2) гүл; 3) сұлулық). Зере. Бұл өңірдегі ағайын Зере отырған үйді жатсынған жоқ (М. Әуезов).
زُهرة (зуһра—1) жарқын; 2) сұлулық, көркемдік; 3) Шолпан жұлдызы). Зуһра, Зуһра, Шәрбану, Жанбике — ел мектебінен өткендер, үйрене жүріп жеткендер (Ә. Сығаев).
Зәуре. Батрақ Досан, ауылдың партия ұйымының секретары - Орынбай, жергілікті Советтің председателі - Зәуре, аудандық партия комитетінің хатшысы Махмұдовтар — жаңа заманның, жаңа типті, озық идеялы адамдары («Қ. Ә. Т».).
Зәурехан (а-қ). Зәурехан мұны жақсы түсінді (М. Мәжитов).
Зәуреш (а-қ). Зәуреш комсомол-жастар бригадасының мүшесі (Қ. Қалдыоразов).
Зура. Зура мен Сафуа тату өсті (Р. Әбутәліпов).
Зухра. Бұрын көз алдында үлбіреп тұрып алатын Зухра бейнесі де бірте-бірте көмескі тартқандай
(Ә. Кекілбаев).
زهى (заһи — 1) жайнаған, жарқыраған, жанып тұрған; 2) өте жақсы, жарқын, тамаша). Зағи. Құрманбаева Зағи (1903-75)— Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі («Қ. С. Э».).
زياد (зиад — көп, мол; өте, тым жақсы). Зият. Зият биік төбенің басына шығып, атынан түсті («Жалын»).
Зиятбек (а-қ). Зиятбек желі басында жүр екен («Жұлдыз»).
Зиятхан (а-қ). Смағұл ағайдың Зиятхан деген баласы сол жылы мектепті бітірді («Л. Ж».).
زيادة (зиада — мол, көп; өте, тым жақсы). Зияда. Зиядаға қарағанда, қыз басымен бұл ашықтау, сөзуарлау (3. Иманбаев).
زيتون (зайтун — бот. жылы жақта өсетін сарғыш түсті жемісті ағаш және оның майлы жемісі). Зейтін. Зейтін Ақышев — қазақ совет жазушысы («Қ. Ә».).
زيتونة (зайтуна — 1) бот. зайтун ағашы, оның жемісі; 2) жалқы есім). Зәйтуна. Сол жылы күзде Зәйтуна — «Құрмет белгісі» орденімен наградталды (Б. Мұқаев).
زين (зайн — 1) әшекей; 2) сұлулық, әдемілік; 3) жақсы). Зейін. Сейілге Зейінмен бір рет барып, Қиялдаған бір қызды көргені анық (Ж. Боранбаев).
زين العد دين (зайн-ул- ‘абд-дин; зайн — қар. زين ; аль-‘абд — қар. عبد; дин — қар. دين) –
б. т. е. зайн + аль-абд+дин: Зейнелқабиден. Зейнелқабиден — Қисатайдың баласы, кекеш, насыбайшыл еді («Қ. Ә».).
Зейнелғаби. Иманбаев Зейнелғаби — қазақ жазушысы («Қ. С. Э».).
Зейнілғабиден. Тілегін қабыл етті сол бір кезде, Дейтұғын Зейнілғабиден бала туды (Құдайберген).
زين العرب (зайн-ул араб; зайн — қар. زين ; араб — қар. عرب) — б. т. е. зайн+аль-араб: Зейнелғараб. Екі адамның бірі — Зейнелғарап еді (Қ. Әбілев).
زين اللـه (зайн-ул-лаһ; зайн-қар.) زين ; аллаһ — қар. اللـه ) — б. т. е. зайн+аллаһ: Зейнулла. Саф Зейнуллин — қызыл командир («Қ. Ә».).
Зайнула. Зайнула табысты еңбек етіп келеді («С. Қ».).
Зейнел. Зейнел сыпайы сөзден әнтек асыңқырап сөйлейін десе, аяғын аңсыз қақпанға басып алатындай көрінуші еді (Қ. Тайшықов).
Зейнолла. Қабдолов Зейнолла — қазақ жазушысы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор («Қ. С. Э».).
زين النبى (зайн-ул-наби; зайн — қар. زين ; наби — қар. النبى)— б. т. е. зайн+ан-наби: Зейнелнәби. Шаукенің өндірістегі алғашқы танысы Зейнелнәбидің тұрмыс-тірлігі мүлдем қызық
(О. Сәрсенбаев).
زينب (зайнаб — 1) толық, артық; 2) жалқы есім). Зейнеп. Зейнеп Қошқарбергенқызы (1881-1913) — қазақ халық ақыны. Зейнеп 1895 жылы Қоянды жәрмеңкесіне жиналған жұртты ақындық дарынымен таңқалдырып, ақын атанды («Қ. С. Э».).
Ақзейнеп (қ-а). Нұрлан Ақзейнептің кәстөмі түгіл, суретін де ұстатпайды» дегісі келіп еді, бала мен ана арасын алшақтатқандай болғансын, тиылып қалды (Ж. Молдағалиев). Ал Қабыкен мен Ақзейнеп болса, өмірлерінің жаңа белесіне қадам басар алдында туған қаласын бір аралап шығуды ниет етіпті (А. Сатаев).
زين عادل (зайн адил; зайн — қар. زين ; адил — қар. عادل — б. т. е. зайн + адил: Зинәділ. Зинәділ сол уақытта мақтанды кеп, Мақтанып айғай салып шаттанды көп... (Нұрила). Зейнеділ. Шудағы Зейнеділ әпкесі келіп жатыр екен («Жалын»).
زين على (зайн али; зайн — қар. زين ; али— қар. على) — б. т. е. зайн + али: Зейнеғали. «Талаптыға нұр жауар» дегендей, Зейнеғали жұмысын жанын сала атқарды. («С.Қ.»).
زين نور (зайн нур; зайн — қар. زين; нур — қар. نور) — б. т. е. зайн + нур: Зейнұр. Зейнұрдың бұрынғы күйеуінің Назгүл атты қызы бар (Ә. Әбішев).
زينة (зайна — 1) әдемілеу, безендіру, әшекейлеу; 2) иллюминация (әр түрлі жарықпен жайнату);
3) ауыс. сұлулық). Зинат. Зинат — ерен еңбегімен көрініп жүрген жан («Л. Ж».).
Достарыңызбен бөлісу: |