Тұрапбай (а-к,). Тұрапбай өзге әріптестеріне үлгі көрсетіп келеді («Л. Ж».).
تربية (тарбиа — 1) өсіру; 2) даму; 3) білім; 4) әдептілік, сыпайылық; 4) ауыс. үйрету, тәлім беру). Тәрбия. Өз еркімен емес, қонақтарының ауқыметімен кеңеске алданып қалған Тәрбия ас даярлайтын ыңғай көрсетті (С. Мұқанов).
تسليمة (таслима — құттықтау, сәлемдесу). Тәслима. Тәслима сабақтан шыға салып, кітапханаға жүгірді («Жалын»).
تشديد (ташдид — күшею, күшейту, нығайту). Тәштит. Бекеннің еркіне салса, Тәштиттің Қамзасы дегендікіне қонбақ (С. Мұқанов).
تعليم (та ‛лим — оқу, білім, тағлым; шынығу). Тағлим. Мені туған елдің ыстық лебі өзіне қарай тартып әкелді,— деді Тағлим («Л. Ж».).
Тәлім. Тәлім жақында цех бойынша комсомол ұйымының секретары болып сайланды (А. Байтанаев). Кімнен сұрасам екен! Осындағы тарихшы ғой, Тәлімге барсам ба екен?— дейді Әбекең (Т. Қажыбаев).
تقاوى (тақауи — тұқым, ұрық). Тахауи. Ахтанов Тахауи — қазақ совет жазушысы («Қ. С. Э».).
Тақауия. Әкесі Мәңкінің шешендігі, оған қоса шешесінің ақындығы, ағасы Көппай мен Тақауияның қиссашылдығы...— жас Ілиястың дүние есігін ашқан алғашқы өмір мектебі болған («Қ. Ә. Т».).
تماشى (тамаша — ғажап, ерекше жақсы). Тамаша.— Айналайын, Тамаша! Жаным менің!—деді Сарықыз (М. Қаратаев).
تنزيلة (танзила — 1) төмендету, кеміту (бағасын); 2) алу (есеп амалы); 3) кіріс (пайда); 4) өңдеу, безендіру, зейнеттеу). Тәнзила. Тәнзила жеңешем өкпесін әлсін-әлсін ұстай ентігіп жетті (« Жалын»).
تنزية (танзиа — 1) ақтау; 2) айыпсыздық, тазалық, адалдық). Тәнзия. Зия мен Танзия деген қыздар да солардың ішінде (А. Егеубаев).
توآم (тауам — егіз). Тауман*. Көзіне тамшы жас келмей қыстығып қалған Тауман ауыр ойдан айыға алмай қойды (С. Досжанов).
توبة (тауба — өткендегі қатесін түзету үшін шүкіршілік ету). Тобағұл (а-қ). Тобағұл — халық арасынан шыққан, орысша жап-жақсы сауаты бар ақын (Ж. Бейсенбаев).
توبة قابل (тауба қабил; тауба — қар. توبة ; қабил — қар. قابل) — б. т. е. туба + қабил: Тобақабыл. Ол қыздың өз әкесі Тобақабыл, Алысқа байлықпенен шашқан дабыл (Мансұр).
توتيا (тутиа — көзге жағатын дәрі, сүрмелейтін бояу). Тотия. Армия штабының жанындағы ерекше бөлім қызметкері Тотия Тойбағарова жасаған ерліктер қандай! (Ә. Нұрмұханова).
توفيق (тауфиқ—1) келісу, тату болу, тыныштық орнату; 2) көмектесу, жәрдемдесу; 3) табыс). Тауфиқ. Құлкынсәріде Тауфиқтың тракторының тарылдаған даусынан шырт ұйқыдан шошып оянды
(«Л. Ж».).
Таупық, Таупиқ. Таупық комсомол жиналысына асығып келеді («Л. Ж».). Жалғыз жиені жас өспірім Таупиқты құдайдың құтты күні шырылдатып сабайды да жатады (Б. Аманшин).
توكل(тауаккул — 1) батылдық, бел байлағандық, қайраттылық: 2) өзіне сенушілік). Тәуекел. Тәуекел, Медет, Байтөрелер мұның бүгінгі «ақ түйенің қарны жарылар» қуанышына келмей отырғаны тағы бар (Қ. Мұхаметқалиев).
ث))
ثابت (сабит — табанды, тұрақты, берік, тайсалмайтын). Сәбит. Мұқанов Сәбит (1900—73) — қазақ совет жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, 1920 жылдан СОКП мүшесі («Қ. С. Э».).
Сәбитбек (а-к,). Ақкөлдік Сәбитбек көш бастады (Қ. Есмұратов). Сәбитхан (а-қ). Сәбитханға жолығып, әңгімелесу сәті де түсті (И. Қарымсақов).
ثانية (саниа — екінші (қыз бала). Сания, Сәния. Санияның бұл жерде істеп жүргеніне де бес жылдың жүзі болыпты («С. Қ».). Сәния жеті жүз елу саулықты бірге бағатын (С. Бақанов).
ثرى (сари—бай). Сари*. Халқым келді қамалап, Сайра тілім мүдірмей. Ақын болсаң, Сариев, Жауап берші мүдірмей (К. Әзірбаев ).
ثمر (самар — 1) ұрық, жеміс, мәуе; 2) өнім; 3) пайда; 4) нәтиже; 5) ауыс. ұрпа). Самарбай (а-қ). Самарбай боз жорғаның үстінде былқып келеді («Жұлдыз»).
Самархан (а-қ). Самархан теріс қарап бүгежектеп, естілер-естілмес міңгірлейді де қояды
(Б. Аманшин).
Самарат — самардың көпше түрі. Самараттың орнына Қиналған барады,— деді ол (Ғ. Мүсірепов).
ثور (саур — 1) өгіз, бұқа; 2) астр. торпақ шоқжұлдызы; 3) күн жылнамасының екінші айына сәйкес келетін сәуір айының аты (22 сәуір — 21 мамыр). Сәуірбай (а~қ). Сәуірбайдың сөзі отырғандар арасында көп қоштау тапты (С. Асанов). Сәуірбай ата қонысқа ауылдан тамақ, сусын әкелген (С. Омаров).
Сәуірбек (а-қ). Бақбергенов Сәуірбек — қазақ совет жазушысы («Қ. С. Э».).
(ج)
جابر (жабир — 1) сынықшы, оташы; 2) күшпен қатал билеуші, мейірімсіз билеуші). Жебірбай (а-қ). Олар — Жебірбай мен Оспан (Ы. Дүйсенбаев).
جامع (жами —1) жинаушы, біріктіруші, қосушы; 2) толық, маңызды, мағыналы сөз; 3) алқалы жиналыс). Жәми. Жәмидің жақсылығын айтам, мақтағанда ел ішкен асын жерге қояды (С. Омаров).
Жәміш — Жәми есімінің еркелете айтылған түрі. Елемес екеуміздің анадағы бір түнде Жәмішпен кездесіп сөйлескенімізді біліп қойған біреулер ағаш аттың басына мінгізіп, әр түрлі өсек таратып жүр
(С. Омаров).
جانحة (жаниха — анат. қабырға). Жаниха. Жаниханың жаны қалғаны артық (С. Бақбергенов).
جاهد(жаһид — ықыласты, ынталы, ыждағатты, тырысушы). Жаһид, Жахит. «Жұлдызды жонда» қуаныш-реніші, ашу-сабыры аралас Айна, сөзге де, іске де шапшаң Қабен, ақкөңіл, адал Дүмбай, қуақы-қунақ Жаһид, залым Игілік, Зәуірлер бар... (Т. Тоқбергенов). Екінші айналымда А. Жахитов Қ. Сағадиевпен шықты (Н. Жүнісбаев).
جبار (жаббар — 1) алып, құдіретті; 2) балуан, батыр). Жапар. Жатқан жараланып Жапар екен, Батырдың жалғыз інісі — емес бөтен (К. Әзірбаев).
Жапарбек (а-қ). Жапарбектің сырбаз мінезі жұртқа ұнады ( «Жалын»).
Жаппар. Жаппар — Шапиғатпен айтысқан ақын («Айтыс»).— Ерте кезде, Теміртаудың түбінде, Тұрған екен Жаппар деген бір мерген (С. Бегалин),
Жаппархан (а-қ). Қамажай-Жаппархан желілерінде шұбалаң-қылық, ұқсастық көп (Қ. Керейқұлов).
Көпжаппар (қ-а). Көпжаппар — ұзындыққа секіруден мектеп чемпионы («Л. Ж».).
جبار (ал-жаббар — құдіретті, қуатты, күшті). Әлжаппар. Әлжаппар Әбішев — қазақ совет жазушысы («Қ. С. Э».).
جبار على (жабар+ ‛али; жаббар — қар. جبار; ’али — қар. على ) — б. т. е. жаббар+ али: Жаппарәлі. Жаппарәлі — орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі («Л. Ж».).
جباس (жаббас — 1) сылақшы, сылаушы, 2) жалқы есім). Жабас. Кемелбекті қинамаңыз,— деп бір жағынан Жабас та сөз қыстырды (Қ. Сатыбалдин).
Жаппас. Жаппас Қаламбаев (1909-70)—Қазақ ССР-і өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, атақты қобызшы («Қ. К».).
Жаппасбай (а-қ). Ширығып тұрған Жаңыл өзіне қарай құшағын жая бергенде, Жаппасбайды қос жұдырығымен өңменінен түйіп жіберіп, шалқасынан түсірді (Т. Ахтанов).
جبرائل (жабраил — жалқы есім). Жебірейіл. Бауырым Жебірейіл сонда бесікте еді, — дейді Ақыш апай (Т. Жұртбаев).
Жәбірәһил. Жәбірәһил бұдағы асқан батыр, Еш сөзді естімеген мұндай тіпті. Тістегенде ернінен қан сорғалап, Қабанша қырылдаған үні шықты («Дастандар»).
جبل (жабал — тау). Жапал. Бүбітай жайғасып отырғаннан кейін Жапалдың мойнына асыла кеп ерке-наз етті (А. Байтанаев).
جزيرة (жазира — 1) арал; 2) ауыс. кең, байтақ,). Жазира. Жомарттың қыздары — Жазира мен Назира (Қ. Зәкенов). Жазираға өткеннің бәрі ой мен түстей... (М. Сүндетов).
Жазираш (а-қ) — Жазира есімінің еркелетіп айтылу түрі.— Шай іш, Жазираш. Тарыны сүтке жібітейін бе, жоқ шайға салып ішесің бе? (М.Сүндетов).
جزل (жазл — 1) мол, көп; 2) үлкен, зор; 3) тілмәр, шешен). Жазылбек (а-қ). Қызы бар Ұлбай деген Жазылбектің, Сөйлесе құрбысымен әзілге епті. Бір күні хат жазыпты Сегіз салға, Өкпе-наз әзіл айтып азды-көпті (Әшім).
جعفر (жа ‛фар — 1) жылға, өзеншік, кішкене өзен; 2) жалқы есім). Жағыпар. Бригададағы тәжірибелі маманның бірі Жағыпардың жастарға айтар ақыл-кеңесі мол («С. Қ»).
جلال (жалал — 1) улылық; 2) әсемдік, асқан әдемі, жарқын). Жалал. Сәт сапар!—деді Әмина Жалалова («С. Қ».).
Жәлел. Оларды жас инженер Жәлел қарсы алды (М. Қаратаев).
جلال الدين (жалал-уд-дин; жалал-қар. جلال ; дин-қар. الدين )—б. т. е. жалал + ад-дин: Жәлеледин, Жәлелидин. Жәлеледин мәз болды (О. Сәрсенбаев). Жалелидиннің спортпен айналысқанына екі-үш жылдың жүзі болды («С. Қ».).
جليل (жалил — 1) үлкен, алып; 2) ұлы, сәулетті, даңқты; 3) атақты, ақсүйек, қадірлі, құрметті). Жалил. Жалил бұлардың тұсына келгенде тракторын тоқтатып, жерге түсті («Л. Ж».).
جمادى (жумада — ай жылнамасының 5- айы). Жұмат. Шанин Жұмат Тұрғанбайұлы (1892-1938) — қазақ совет режиссері, драматург, актер, ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР халық артисі, 1920 жылдан КПСС мүшесі («Қ. С. Э»).
جمال (жамал — 1) сұлулық, көркемдік; 2) сүйкімділік). Жамал. Қара көз — қазақ қызы аты Жамал, Өрнектеп кестелейді ақ орамал... Кестелеп ақ жібекке түсірді гүл, Гүліне отыр қонып мұңды бұлбұл
(Ә. Тәжібаев).
Айжамал (қ-а). Айжамал колхоз кеңсесіне анталаған көпшіліктің қоршауында қалды («С. Қ».).
Жамалхан (а-қ). Мәжіліске бас инженер Жамалхан шақырылды (М. Сқақбаев).
Жамалбек (а-қ). Жамалбек мектепке жеткенде, қоңырау да соғылды («Жалын»).
Күнжамал (қ-а). Күнжамал деген жеңгең бар, балаларымыз бар,— деді Биаға (М. Хакімжанова).
جمال الدين (жамал-уд-дин; жамал-қар. جمال; дин-қар دين .) — б. т. е. жамал + ад-дин: Жамалатдин. Таспадан таралған Тапал ақыннан Жамалатдин (А. Тоқмағамбетов).
Жамалиддин, Жамалидтин. Жамалиддин — Қостанай уезі, Обаған болысының қазағы, «Русско-киргизская школда» заведующий (С. Торайғыров). Жамалидтин сапа жайлы қызықтыра әңгімеледі
(Ә. Әбілқасымов).
جمالى (жамали — 1) әсем, сәнді, сұлу, көркем, сүйікті, шырайлы; 2) эстетикалық (көркемдік). Жамали, Жәмәли. Жамали аз кідірістен кейін қайта сөйледі («Жалын»). Жамели, Жәмели. Әнтекей арбакеш атын қораға доғара салып, үйіне кірместен, «Жамелиге барып келейін!»—деп кеткен еді
(Д. Әбілев). Гүлнәр мен Жәмели кері бұрылып, Сережаның үйіне қарай беттеді («Л. Ж»). Жәмәли ақсақалдың үйіне келдік (Д. Шоқпарұлы).
جمان (жуман — 1) інжу; 2) ауыс. сұлу). Жұман. Жұман бай екеуін екі айырып жіберді
(Ғ. Мүсірепов). Секілді Жұман қартқа ол бір жұмбақ, көңілін көтергендей жұлдыз бен бақ (Ғ. Орманов ).
Байжұман (қ-а). Баян, Байжұман және басқалар биыл екі мың саулықтың төлін түгел аман сақтады (О. Еркінбаев).
Жұбан. Жұбанов Құдайберген Қуанұлы (1899-1938) — қазақ совет тіл білімінің негізін салушылардың бірі («Қ. С. Э».).
Жұбанбай (а-қ). Ешнияз сал, Жұбанбай, Жүйрігі еді олардың, Сылап, сипап наштаған (Тұрмағамбет).
Жұманбай (а-қ). Жұманбай өтінішін орындауды сұрап отыр («Л. Ж.»).
Жұманқұл (а-қ). Жұманқұл кілт жуасып, жанында тұрған орындыққа отыра кетті («Л. Ж».).
جمان على (жуман ‘али; жуман — қар. جمان; али--қар. على ) — б. т. е. жуман+ али: Жұбанғали. Елдің алды болып Жұбанғали сөз сөйледі («С. Қ.).
جمعة (жума — мұсылманша аптаның 5- күні аты). Жұма. Танымайтын жігіттердің арасында Жұма мен Зейнегүл жекпе-жек қалды (С. Мыңжасарова).
Байжұма (қ-а). Дина Нұрпейісова атақты күйшілер Дәулеткерей, Байжұма, Түркеш күйлерін астана жұртшылығына ала келді (Ғ. Бейсенова). Байжұма — ХVІІІ-ғасырдың аяғында өмір сүрген халық күйшісі («Қ. С. Э».).
Жұмабай (а-қ). Шығады айқайласам оттың лебі, Көрінед байқағанға сөздің дәмі. Ақыны Обағанның, Жұмабайым, Келдің бе айтысуға іздеп мені (Темірбек).
Жұмабек (а-қ). Жұмабек деген ақсақал бізді Қорқыт бабаның қабірі жатқан қорымға ертіп барды
(Б. Алдамжаров).
Жұмабике (а-қ). Жұмабике бөлмеде жалғыз отыр («Жалын»).
Жұмагүл (а-қ). Жұмагүл мінезі ашық, жайдары жан екен («Л. Ж».).
Жұмағұл, Жұмакүл. (а-қ). Қанырағы түтеп келген Жұмағұл пора-порасы шығып шай ішіп отыр
(«Л. Ж».).
Жұмакелді (а-қ). Жұмакелді жақтырмағандай қабағын тыржита береді («Л. Ж».).
Жұмағыз, Жұмақыз (а-қ). Жұмағыз ауылға қайтқанша асықты («Жалын»).
Жұмасұлу (а-қ). Жұмасұлу күндегі жұмысын атқарып жүр (Ә. Тәжібаев).
Жұматай (а-қ).— Қазеке,— деді Жұматай көңілденіп (Ө. Қанах ин).
Жұмахан, Жұмақан (а-қ). Жекен Жұмахановтың сергек сезім сырларын нәзік, шебер шертетін қызықты хикаяларын айтар едік (С. Досанов).
Жұмаш (а-қ). Жұмаш трактордың көлеңкесінде кітап оқып жатыр екен («Л. Ж.»).
جمعة عادل (жұм‘a ‘адил; жум‘а — қар. جمعة ; адил — қар. عادل ) — б. т. е. жума + ‘адил: Жұмаділ. Жұмаділов Қабдеш — қазақ совет жазушысы («Қ. С. Э».).
جمعة على (жум‘а ‘али; жума — қар; جمعة; али-қар. على) — б. т. е. жум‘а + ‘али: Жұмалы. Жұмалиев Қажым (1907-68) — қазақ совет әдебиет зерттеушісі, жазушы («Қ. С. Э».).
Жұмағали. Жұмағали Саин (1912-61) — қазақ совет поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, партизандар қатарында болып, шайқаста үлкен ерлік көрсеткен азамат ақын («Қ. Ә. Т».).
جمعة غازى (жум‘а ғази; жум’а — қар. جمعة; ғази — қар. غازى) — б. т. е. жум‘a+ғази: Жұмағазы. Ағам басты төр алдындағы Жұмағазы ақсақалға ұсынды (С. Омаров).
جمعة مراد (жум‘а мурад; жум‘а — қар. جمعة; мурад-қар. مراد) — б. т. е. жум‘а +мурад: Жұмамұрат. Ойлашы, қалай ғана жырламассың, Ұстазды алғыс алған ұрпақтардан. Әлмәмбет, Жұмамұрат, Жәлкен, Шәріп, Еш адам қызметінен кір таппаған ( Файзолла).
جمعة نظر (жум‘а назар; жум‘а — қар. جمعة; назар — қар. نظر )— б. т. е. жум‘а + назар: Жұманазар. Жұманазар тырсиып, қыр көрсетіп отыр («Жалын»).
جمعية (жамиа — 1) жиынтық, жинақ, 2) бәрі, барлығы, бүкіл, жалпы). Жәмиға. Бұлар келсе, Жәмиға асыға күтіп отыр екен («Л. Ж.»).
جميلة (жамила — 1) әдемі, сұлу, сүйкімді, шырайлы; 2) шапағатты, сыпайы). Жәмила. Білмегенді кешірерсіз сезім болса, Жәмила, және де жаз сөзің болса, Аз өмір, ақыл қысқа, арман іште, Ақыл-ес аңғарарсың көзің болса (Аймағамбет).
جنة (жаннат — бау, бақ). Жаннат. Қойыңда толып жатыр осындай мін, Зәрсіз ғой дос көңілмен айтылған сын. Үйінде Жаннат дейтін шопан қыздың Үюлі жатыр екен жабағы жүн («Қисса»).
Жанат, Жәнет. Жанаттың қыр мұрыны шешесіне келсе де, түрінің ақтығы, дене сымбаты мүлде өзгеше (Ғ. Мұстафин). Совхозда Жәнет секілді ерен еңбек озаттары бар («Л. Ж.»).
جوزاء (жауза — астр. Егіздер шоқжұлдызы). Зауза. Анау Зауза қатынның баласын өзіме бер
(Ә. Сәрсенбаев).
جوهر (жауһар — 1) істің мәні; 2) зат, нәрсе, материя; 3) қымбаттылар, құндылар, қымбат тастар). Жауһар, Жаухар. Көңіл орнында, бұзылған жоқ, жүрек аңсайды. Жауһардың жүзінен өпкісі келеді... (А. Байтанаев). Құбылай Арғынқызы Жаухар ханымның айтқанын екі қылмайды (І. Есенберлин).
ح))
حاتم (хатим — 1) жомарт, мырза, қолы ашық, сақы (сахи). Әтем.— Әтемов біздің заводқа көктемде келді («Л. Ж.»).
حاتم طاى (хатим таи — жалқы есім). Атымтай. Атымтай атының қан-сорпасын шығарып, күн бата жетті («Жалын»).
حاج (хаж — 1) берілген атақ; 2) кісінің атына қосылатын құрметті қосымша). «Серке» газетінің редакторы Хажы Ибрагимов деген кісі болған («Қ. С. Э».).
Әжі. Мынау тұрған Әжі деген Қызылжарды құртқан, қу тұяқ байдың баласы,— деді Жақан
(І. Жансүгіров).
Әжібай (а-қ). Әжібай көп тәжірибе, көп іс көрді, Бұзықтық мінезінен сотқа да енді. Көңіліне соның бәрі ғибрат болып, Залымдық баяғыдай қылмайды енді (С. Торайғыров).
Әжібек (а-қ). Үйдің төбесінен құлаған Әжібек аяғы сынып, үйінде жатыр екен («Жалын»).
Әжіхан (а-қ). Мен бұл пьесаларда Шернияз және Әжіхан рөлдерін атқардым (Қ. Бекхожин). Әжіханға кетіп бара жатырсың ба?—деп сұрады (С. Асанов).
Қажыбай (а-қ). Қажыбайдың осынша шаруаны қалай тындырғанына қайран («Жалын»).
Қажыбек (а-қ). Қажыбек — қазақтың халық әндерін келістіре орындады («С. Қ».).
Қажытай (а-қ). Қажытай атын алдырып, аулына қайтуға ыңғайланды («Жұлдыз»).
حاج احمد (хаж ахмад — Ахмет қажы)— б. т. е. хаж + ахмад: Қажиахмет. Қажиахмет бүгін отарын күндегіден ерте өргізді («С. Қ.»).
حاج اكبر (хаж акбар; хаж — қар. حاج ; акбар — қар. اكبر )— б. т. е. хаж + акбар: Хажыакпар. Хажыакпардың орындаған рөлі өте шынайы шықты (Л. Ж».).
حاج على (хаж ‘али; хаж — қар. حاج ; ‘али — қар. على ) – б.т.е. хаж + али: Әжіғали. Әжіғали мен Жапалақты оят! — деді қарауыл (X. Есенжанов).
حاج عمر (хаж умар — Омар қажы) — б. т. е. хаж + умар: Қажықұмар. Қуандықов Қажықұмар (1927-71)— қазақ совет театр сыншысы («Қ. С Э».).
حاج قبول (хаж кабул; хаж — қар. حاج; кабул — қар. قبول) — б. т. е. хаж + кабул: Әжіқабыл. Күннің шаңытқанынан секем алған Әжіқабыл отарын қыстауға карай беттетті («С.Қ.»). Қажығали. Атын каңтарып, Қажығали тастың үстіне шықты («Жалын»).
حاج محمد (хаж мухаммад — Мұхаммед қажы) — б. т. е. хаж + мухаммад: Қажымұқан, Хажымұқан — Хажымұқамедтің қысқа түрі. Қажымұқан Мұңайтпасов (1871-1948) - қазақтың атақты балуаны, классикалық күрестің асқан шебері («Қ. С. Э»).
حاج مراد (хаж мурад; хаж — қар. حاج; мурад — қар. مراد ) — б. т. е. хаж + мурад: Қажымұрат. Шалқақ кеуделі, кіл мықты жігіттердің ішінде, құрамдағы жалғыз қазақ жігіті — Қажымұрат Нұрғазин
(«Л. Ж»).
Әжімұрат, Әжмұрат. Биік төбенің басына шыққан Әжімұрат айналасына көз тастады («Жұлдыз»).
حارث (харис— 1) егінші, дихан; 2) арыстан). Харес. Сарыбаев Шамғали Харесұлы (1893-1958) — қазақ совет педагогы, қазақ тілі методикасының негізін салушылардың бірі («Қ. С. Э».).
حاضر (хадир — даяр, әзір; бар, қолдағы, нақтылы). Әзірбай. Кенен Әзірбаев — қазақтың белгілі әнші-композиторы, ақыны, Қазақ ССР-інің көркемөнеріне еңбегі сіңген қайраткер (Р. Бердібаев).
حافظ (хафиз — 1) қорғаушы, сақтаушы (кітаптарды); 2) жадында жаңа сақтаушы). Хафиз. Мақажанов Хафиз Жаңабайұлы — медицина қызметкері, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген дәрігері
(«Қ. С. Э».).
Абыз. Абыздың ойшылдығын, оттылығын актер жақсы берді (А. Тоқпанов).
Абызбай (а-қ). Абызбай — Өскеменнің В. И. Ленин атындағы қорғасын-мырыш комбинатына келді (Б. Аманов).
Ғафиз. Алыстан келген қонақтарға Ғафиз бір тоқтысын сойып тастады («Жалын»).
Қапез. Қапез Мағрипаның соңына жарық алып түсті (М. Хасенов).
حافظة (хафиза — 1) ес, қатер; 2) естелік, естелік хат). Хафиза, Қапиза. Хафиза кенже ұлын ерте келіпті («Қ. Ә».). Бұл Ораз ағай мен Қапиза жеңгей... (X. Есенжанов).
حاكم(хаким — 1) басқарушы, бастық; 2) губернатор). Әкім. Қойлардан қозы әперді артығымен Сейіт, Әкім, Боранбайдай шопандарым (Аманжол).
Әкімбай (а-қ). Әкімбай сияқты шопандардың тілегі де сол (Ж. Бұралқиев). Мақпал Әкімбай туралы ойға қалды (Ө. Қанахин).
Достарыңызбен бөлісу: |