Бар жақсылықтың басы – тіл. (Махмұд Қашқари)
Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз. (Жүсіп Баласағұни)
Қазақ тілі, зерттеушілеріміздің барлығы да бір ауыздан бұл тілді ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі деп таниды. (П.И.Мелиоранский)
Қазақтардың тілі – түпкі түрін – түркі сипатын сақтап қалған тіл.
Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешен, әсіресе, сөз сайысына келгенде олардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып сөйлейтін тапқырлығы таңғалдырады. (В.В.Радлов)
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл. (А.Құнанбаев)
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бишарасы. (А.Құнанбаев)
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. (А.Байтұрсынов)
Ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, сары далада үдіре көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұрады. (М.Жұмабаев)
«Тіл дегеніміз» – қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры. (Б.Момышұлы)
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті. (Ғ.Мұстафин)
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! (Қадыр Мырза Әли)
Өзге тілде сайрау қауіпті емес,
Өзге тілде ойлау қауіпті. (Қадыр Мырза Әли)
Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады. (Н.Назарбаев)
Дауға салса – алмастай қиған, сезімге салса – қырандай қалқыған, ойға салса – қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! (Н.Назарбаев)
Дыбыстар әлемі
тапсырма. Төмендегі сөздерде у дыбысының дауыссыз болатынын жазып талдаңыз.
Қуыршақ, қауын, уыз, сурет, әупілдек, керуен, уақыт, сусын, ауа.
тапсырма. У дыбысының жазылуы мен айтылуына талдау жасаңыз.
Су, сурет, суу, жуық, уақыт, қуырдақ, ояну, уайым, уық, улы.
тапсырма. Дыбыс пен әріп саны бірдей емес сөздер ойлап жазыңыз.
тапсырма. Дауысты дыбыстарды , дауыссыз дыбыстарды белгіле.
Керік, батпырауық, жейде, торсық, ірімшік, көкөніс, әткеншек, түлкі, ұлу, суретші, жазғытұры, киім.
тапсырма. Берілген сөздерді оқып жазыңыз.
бФаФлФмФұФзФдФаФқ ФғФаФрФыФшФкФеФр ФмФеФкФтФеФпФ
тапсырма. Жоғалған әріптерді табыңыз.
Мен_ң _н_м бар. Аты – А_д_н . Ол к_шкентай. _н_ м с_рет
_алады. Мен _н_ме к_тап о_имын. Мен інімді жа_с_ к_рем_н.
тапсырма. Берілген әріптермен бірнеше сөз жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |