тапсырма. Адам не істейді?
тапсырма. Мақал-мәтелдің жалғасын табыңыз.
Ұяда ... Ұшқанда ...
Көп ... Терең ...
Ата көрген ... Ана көрген ...
Істі ... Икемді ...
Туған жер ... Туған ел ...
Жақсы бала ... Жаман бала ...
тапсырма. Қимылдың өту сипатына көңіл аударыңыз. Қимылдың басталуын, қимылдың жалғасуын, қимылдың аяқталуын білдіретін етістіктерді табыңыз.
Қатты шыққан дауыстан зәреміз ұша бастады.
Үніміз шықпай отырмыз. Жаңбыр толастамай жауып тұр.
Жаңбыр таң ата тоқтады. Жарқыраған күнді көріп қуандық.
тапсырма. Жануарлар мен олардың дыбысталуын байланыстырыңыз.
Сиыр боздайды
Жылқы мөңірейді
Түйе шәуілдейді
Түлкі ұлиды
Қасқыр кісінейді
тапсырма. Табиғатқа байланысты сөздердің қолдануына мән беріп, дұрыс байланыстырыңыз.
Таң
|
туады
|
Қыс
|
келеді
|
Ай
|
атады
|
Көктем
|
шығады
|
Күн
|
сөнеді
|
Жаз
|
түседі
|
Жұлдыз
|
шығады
|
Күз
|
туады
|
тапсырма. Өздік диктант.
Заттың атын білдіретін 5 сөз жазыңыз.
Заттың сапасын, түр-түсін білдіретін 2 сөз жазыңыз.
Заттың қимылын білдіретін 3 сөз жазыңыз.
тапсырма. Мәтіннен қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңыз. «Көктем туды» деген тіркестің мағынасын түсіндіріңіз.
Наурыз – жылдың әрі көктемнің бірінші айы. Оны жыл басы деп санайтын халқымыз «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше құрметтейді. «Наурызнама» думаны, «Наурызкөже» дәстүрі осы айда жасалады.
Күн ұзарады. Оны қазақтар «Ұзын сары» дейді. Бұл жуанның созылып, жіңішкенің үзілетін кезі болғандықтан, дәмді, қуатты тағамдарын халық осы кезге әдейі сақтап отырады.
Наурызда күн мен түннің ұзақтығы теңеледі. Халық көктем туды деп айтады. Яғни жақсы күн туды, төл туды деген ұғымды білдіреді.
тапсырма. Мәтіндегі «жаз шықты» деген сөздің айтылуына мән беріп, түсіндіріңіз.
Маусым – жаздың алғашқы айы, кейде отамалы деп те аталады. Бұл атау жер отының молайып, нәрленіп, малға жұғымының артуына байланысты шыққан. Маусымда шөп шабылып, мал азығы дайындалады. Яғни, халық тілімен айтқанда жаз шықты деп атаймыз. Бұл шөп шықты, мал өріске шықты деген сөзге орай айтылса керек.
тапсырма. Халық неліктен «күз келді» деп айтады?
Қыркүйек – күздің бірінші айы. Бұл – мал шаруашылығына орай шыққан атау. Қыркүйекте халық қыс қамын ойлай бастайды. Халық күз келді деп айтады, яғни жайлаудан «мал келді, суық келді» деген мағынада айтылады.
тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, сұрақ қойыңыз. «Қыс түсті» тіркесінің мағынасын түсіндіріңіз.
Желтоқсан – қыстың бірінші айы. Жел және тоқсан сөзінің қосындысынан шыққан. Ежелгі түріктер бұл айды жел айы деп атаған. Қыс күшіне еніп, боран болады. Халық тілінде қыс түсті деп айтылады. Бұл қиындық түсті, қар түсті деген ұғымдарды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |