Қазақ тіліне



бет4/18
Дата27.12.2023
өлшемі0.67 Mb.
#488177
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
xasanova (1)

Сөз ғажабы





  1. тапсырма. Бірнеше мағынасы бар сөздердің астын сызып, олардың мағынасын анықтаңыз.

Бауырсақ, ара, қоңыз, қой, сусын, қара, мектеп, қабырға, алма, көрші.





  1. тапсырма. Тура оқығанда да кері оқығанда да бір мағына беретін сөздерді тауып жазыңыз.



Үлгі: қырық, қызық, қысық ...



  1. тапсырма. Оңнан солға қарай оқысың да,солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөздерді жазыңыз.



Үлгі: қазақ, нан, көк, ата, қақ, ...



  1. тапсырма. Қарамен жазылған сөзді мәндес сөзбен алмастырыңыз.

Дастанға сол бөлмеге бас сұғудың өзі қиын болды.




-тапсырма. Қарамен жазылған сөздің орнына мәндес сөзді тауып жазыңыз.

Қаныш бұл хабарды шапшаң жеткізді.





  1. тапсырма. Мәндес сөздерді табыңыз.

Жарық – қараңғы даңқ – атақ семіз – арық дүние – мүлік





  1. тапсырма. Төмендегі сөздердің мәндес сөздермен қатарын толтырыңыз.



Үлгі: Сұлу әдемі –әсем көрікті нұрлы

Құрметті, ертеден, қолғабыс, мықты, зәулім.



  1. тапсырма. Берілген сөздерді ауыспалы мағынада қолданып, сөз тіркесін құрап жазыңыз.

Маужыраған, өткір, тәтті, алтын, суық.





  1. тапсырма. Бірінші бағандағы сөздердің екінші бағаннан антонимдік жұптарын табыңыз.

Дос Жомарт


Ақылды Әлсіз
Өнерлі Қатыгез
Сабырлы Салмақты



  1. тапсырма. Мақалдарды антонимдермен толықтырыңыз.

Ашу – ....., ақыл – ...... .


... сөз алтын, ... сөз көмір.



  1. тапсырма. Мақалды дұрыстап жазу үшін қарамен жазылған сөз орнына антонимдерін қойып, мақалды қайта жазыңыз.



Аз қорқытады, таяз батырады.



  1. тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерінің қандай мәнде айтылғанын түсіндіріп жазыңыз.

Төбе шашы тік тұрды. ------------------------------------------------------- ---


Қас пен көздің арасы. --------------------------------------------- --- --- ---
Жым болды. ------------------------------------------------------------
Ала жібін аттамау. ------------------------------------------------------------



  1. тапсырма. Фразеологиялық сөздікті пайдаланып, төмендегі сөздердің баламасын жазыңыз.

Көз ілмеді, зеку, ат-тонын ала қашты, мұрнын көкке көтерді, сағы сынды.



  1. тапсырма. Мақал-мәтелдерді аяқтаңыз.




  1. Өмір – үлкен ... .

  2. ... – алтын қазына.

  3. Ұстаздан озар.

  4. Күш – білімде, білім - ... .

  5. ... – ғалым, тілсіз ... .




  1. тапсырма. Мақалдардың жалғасын табыңыз.

Мақал – сөз ...


Басқа пәле ...
Түсі игіден ...
Ер жігіттің екі сөйлегені – ...
Әлін білмеген ...
Ырыс алды – ...
Мақал ... сәнін келтіреді.



  1. тапсырма. Жұмбақтардың шешуін табыңыз.




  1. Өзінше ноян, Қорқақ кім...




  1. Алмастан тыным, Шабады ...

  2. Бата алмас түлкі, Үсті тікен ...




  1. Айбат шегер алыстан, Аң патшасы ...




  1. тапсырма. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

Қара шаңырақ


Қазақ отбасында кенже бала (ұл) – шаңырақ иесі. Кенже бала – жанұядағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже бала әке-шешесімен тұрады. Кенже бала – қара шаңырақ иесі. Қара шаңырақ – үлкен үй, әке- шеше үйі. Қара шаңыраққа осы жанұяның барлық балалары,
туыстары келіп тұрады. Әке-шеше қара шаңырақты кенже ұлына береді.



  1. тапсырма. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерге сипаттама беріңіз.

Қазақтың отбасы


Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке шаңырақ иесі. Жанұя мүшелері әкені тыңдайды. Жанұяда ананың да орны ерекше. Әке де, балалары да ананы сыйлайды. Қазақ отбасында қыздың да орны ерекше. Қызды төрге отырғызып, құрметтейді. Қазақ отбасында балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын айтып отырады.



  1. тапсырма. Мәтінді оқып, үлкен адамдардың (әжең, әкең, анаң, т.б.) «айналайын» деген сөзді айтуының мәнісін түсіндіріңіз.

Айналайын


«Айналайын» деген сөзде аналық мейірімнің кіршіксіз таза сыры бар. Ол жанына балаған баласын ғана сүйсінерлік қылығы үшін, қызықты тілі үшін, талпынған талабы үшін ғана «айналайын» дейді. Сол баланың сотқарлығын көргенде, қатал сөздермен тыйым салады.



  1. тапсырма. Мәтінді оқып, мақалда берілген ойды түсіндіріп беріңіз.

Әке – асқар тау.


Ана – сарқылмас бұлақ. Бала – жағасындағы құрақ.



  1. тапсырма. Өз үй-ішіңіз туралы жазыңыз.

Тізбекті ел





  1. тапсырма. Төмендегі сөздердің түбірін тауып, жұрнақ арқылы қандай сөздер жасалғанын анықтаңыз.

Өндіріс, өнім, өну, өндірді.





  1. тапсырма. Схемаға сәйкез сөз ойлап жазыңыз.

Түбір Түбір + жұрнақ Түбір + жалғау Түбір + жұрнақ + жалғау





  1. тапсырма. Ережені толықтырып жауап беріңіз. Мысалмен дәлелдеңіз.

Түбір сөзге жұрнақ қосу арқылы жасалған сөзді дейміз.


Сөздердің одан әрі бөлінбейтін бөлшегін дейміз.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша аталады.



  1. тапсырма. Берілген сөздерге жұрнақ жалғап, туынды сөз жасаңыз.

Баспа, бәсеке, бөл, ғарыш, куә, қалам, біл.





  1. тапсырма. Суретті сөздерге тиісті жалғауларды жалғап жазыңыз.

а) -ның, -нің
... көзі қара. киімі әдемі. ә) -дың, -дің
... қолы жақсы. ... тамағы дәмді.
б) -тың, -тің
... терезесін аш. ... іші таза.

  1. тапсырма. Өлеңді тиісті жалғауын қойып аяқтап жазыңыз.

Біз әдепті бала... Айтқан тілді ала... Нанға кетсе ана... Үйде өзі... қала...





  1. тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойып жазыңдар.

Оның ат... – Сәуле. Сәуле он бір жас... . Ол Орал қаласында тұра... . Сәуле биыл төртінші сыныпта оқи.... . Оның ермег... – сурет салу. Сәуле... достар... көп. Ол бос уақыт...да сурет сала..., достар...мен кездесе... .





  1. тапсырма. Сөздерге жалғанатын тиісті жалғауларды белгілеңіз.



Жіктік
жалғауы

-мын

-ді

-сың

-мін

-сің

-іңіздер

әкел-е



















аш-а



















ойна-й



















жүгір-е



















отыр-а






















  1. тапсырма. Сөздерге жалғанатын тиісті жалғауларды белгілеңіз.




Жалғаулар

-ны

-ді



-пен

-лер

-мын

әке



















қала



















көре



















оқушы



















кітап



















суретші



















  1. тапсырма. Күрделі сөздерді түріне қарай ажыратыңыз.



Сөздер

Біріккен

Қос

Қысқарған

Тіркесті

Көзбе-көз













Балмұздақ













Ақ сақалды













Қолғап













Құрал-сайман













Жүз елу сегіз













ҚР













Бүгін
















  1. тапсырма. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет