Көшбасшы болғым келеді
Көшбасшы деген ұғымға тоқталар болсам,ол – көшті бастаушы әрі басқарушы.Көшбасшы – ол,біріншіден,барлық адамдар сияқты қарапайым тұлға.Ол өз ортасында басқалардан ерекшеленіп,айрықша көзге түседі.Ол қабілет пен дарынын қолданып , оны шыңдай түсу үшін еңбектенеді.Көшбасшы болу кез-келгеннің қолынан келе бермейді деп ойлаймын.Себебікөшбасшы бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін төзімді, басқалардың ойымен санаса білетін сабырлы,білімді адам болуы керек. Адамның көшбасшылық етуі оның осы ұғымды қалай түсінетіндігіне де байланысты.Астарына көп мағына сыйғызып тұрған «көшбасшы» атауын арқалап жүру және сол атаққа лайықты қызмет ету оңай болмаса да, адам үнемі тек алға ұмтылуы керек. Қазіргі қоғам өте білімді,жан-жақты, ізденімпаз көшбасшыларды талап етеді.Осы тұрғыда мен Елбасын үнемі өзіме үлгі тұтамын.Елін сүйген,елі сүйген Елбасын сөз бастаған шешен,ел бастаған көсем,саңлақ шыққан сарабдал саясаткер,әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға,қажырлы мемлекет қайраткері деп айтар едім.Алғырлығы мен көрегендігі,ептілігі мен тектілігі,батылдығы мен өжеттілігі,мейірімділігі мен қайырымдылығы қатар жүретін , өз тағдырын халқының тағдырымен үнемі байланыста ұстайтын көшбасшы деп білемін.
Қазіргі заман – білім мен ғылым заманы.Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры.Біз - осы заман түлектеріміз.Ертеңін ойлайтын,болашаққа үмітпен қарайтын ел болғандықтан , Елбасымыз шәкірт біліміне ерекше көңіл бөліп отыр.Еліміздің келешегі біздер болғандықтан, алдымызда үлкен жауапкершілік күтіп тұр.Ендеше,Елбасының үмітін ақтап, сол кісінің жолын жалғастыратын көшбасшы болуға тырысайық.
Мақсат – жетістіктің желкені
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауынан алынған осы нақыл маған үлкен ой салды. Шынында да, орынды мақсаттар ғана жетістікке жеткізеді. Сол себепті мен болашақ мамандығым ретінде мұғалімдікті таңдадым.Осы арманыма жету үшін ҰБТ-ға аянбай дайындалып жатырмын.”Болашақ жастардың қолында”демекші,біз,жастар, болашақ үшін қадам басып, ата-бабаларымыз аманат етіп кеткен осындай кең-байтақ даланы көркейтіп, қорғауға, елімізге адал қызмет етуге міндеттіміз. Бұған дейін халқымыз көп қиындықты бастан кешіп, ең басты жетістік – тәуелсіздікке қол жеткізді. Халқымызға көп шығын әкелген сұрапыл соғыстың аяқталғанына келесі жылы 70 жыл толғалы отыр. Осынша жыл өтсе де, сұрапыл соғыссалған қайғы-қасірет әлі де санамыздан кетер емес. Ол – үлкен тарих. Тарих болғанда да, ерлік пен асқақ рухтың көрінісі. Төтеннен келген, тажалдай төнген сұм соғыс майдандағы жауынгерлер мен тылдағы тілекшілердің бәрін де сынға салды. Бірақ Әлия,Мәншүк,Нұркен Әбдіров сынды саңлақ ұлан-қыздары бар елдің отаншылдық сезімі орасан күш көрсетіп, жалғызынан айырылған аналардың көз жасы құрғады. Осы соғысқа менің атам да қатысып,елге аман-есен оралды.Отанына оралғаннан кейін талай жыл мемлекетке қызмет еткен.Балалық шағымда менің үлгі тұтар тұлғам болған атамның тілегі «Еліміздің таңы тыныш атсын» еді.Ата-әжелерімнің қызықты әңгімелерін естіген мен де алдыма үлкен мақсат қойып, оған жету үшін елімнің аспанының ашық болуы мен дұшпанының қашық болуын қалаймын. Азғантай жетістіктерімнің желкеніндей болған сол бір мақсат мені осы күнге дейін жетелеп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |