Алғашқы күні Бүгін білім күні. Әсел мектепке жиналды. Киініп айна алдына келді. Өзін тәртіпке келтіре бастады. Өзіне-өзі қарап ұзақ тұрды. Бантигінің байлауын шешіп, қайта байлады. Содан соң қуанышы қойнына сыймай, сөмкесін асынып, сыртқа шықты.
Уақытын өткізіп алғанын енді аңғарды. Жүгіре басып мектепке келді. Алғашқы күні сабаққа кешігіп қалғанына қатты өкінді. (47 сөз)
Жоспар.
Білім күніне әзірлік.
Әселдің сабаққа кешігіп қалуы.
Күз келді Т. Мұратұлы Күз келді, сары күз келді, Тау ызғарлы, түз желді. Тыраулатып аспанда, Тырналарын тізді енді.
Пісті бидай, тары да, Ел риза барына.
Түстік жаққа бет алды, Құстар көші тағы да.
Боз торғайлар өлеңді,
Азық етті жолына.
Қарлығаштар жөнелді,
Қайырылмастан соңына.
Жоспар.
Күз келді.
Астық пісті.
Құстардың қайтуы.
Сәруардың добы Әкесі Сәруарға доп сатып әперді. Оның қуанышында шек болмады. Сәруар добын құшақтап далаға шықты. Ойнап жүрген балалар көріп қасына келді. Допқа қызыға қарады.
Сәруар допты ортаға тастады. Балалар екіге бөлініп, футбол ойнауға кірісіп кетті. Сәруар доп қуғандарға қосылып, көңілденіп жүгіре жөнелді. Балаларға ойын қызықты болды. (46 сөз)
Жоспар.
Сәруардың қуанышы.
Балалардың футбол ойнауы.
Мейірім Сабақ түстен кейін басталатын. Күздің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Мектепке жайбарақат келе жатқам. Бір үйдің бұрышынан өте бергенде, үрейлене жылаған баланың даусын естідім. Қасына барсам, басы үлкен, құлағы салпиған қара күшік кішкентай қыз баланың жолын бөгеп алған. Шәуілдеп жүргізер емес. Күшікті куып жібердім. Қыз бала жылағанын қойып, риза болды. (50 сөз)
Жоспар.
1. Үрейлі дауыстың естілуі.
Қыздың күшіктен қорқуы.