Батыр қоян
Әдетте, ор қоянды қоркақ дейді. Бұл жолы ол қорқақтығын көрсетпеді. Бірде қояндар мекеніне жуандау келген улы жылан жақындай бастады. Осы кезде ана қоян жыланға қарсы шауып, тырнап, тістелей берді. Орнынан тырп еткізбеді.
Жылан сәл қозғалса болды, ол тарпа бас салады. Ақырында жыланды өлтіріп тынды. Сөйтіп, көжектерін аман сақтап қалды. (49 сөз)
Жоспар.
Ор қоян қандай?
Жыланның жақындай бастауы.
Қоянның батырлығы.
Ақтөс
Ақтөс — кішкентай күшік. Ол кішкентай үйшікте тұрады. Оның басы ақ, мұрны қара. Алдыңғы аяқтары ак, артқы аяқтары қара.
Ол ауладан кішкентай үш балапанды көрді. Олар сары және үлпілдек. Ақтөс балапандармен ойнағысы келді. Ол балапандарды қуды, балапандар қашты. Олар шиқ-шиқ етеді. Сол кезде тауық оларды көрді. Ол Ақтөсті тістеп алды. Ақтөс арс ете қалды. Енді Ақтөс балапандармен ойнағысы келмеді. (54 сөз).
Жоспар.
Ақтөс кандай күшік?
Аулада болған оқиға.