-ал, -ел- ыл, -іл, -л. “Ар” тұлғасы арқылы (р~л сәйкестігі негізінде) жіктеле келе, өзіндік арнайы сөзжасамдық сема үстеп, туынды сөз жасауға қабілетті болған СТТ. Қазіргі тілдік дамуда себепші негіз бен -ал, -ел, -ыл, -іл, -л жұрнағының құрамы сіңісіп, бір негіз ретінде танылады. Мысалы: жоғал, сығыл, қысыл, тарыл, діріл, сырыл, ұял, теңел, жеңіл, т.б.
-ық, -ік – көне синкретті жұрнақтың бірі.
Іс-әрекетті орындаушы субъектінің көп болуын, жиылуын білдіретін сема: бірік, молық, кезік, жолық, өшік т.б.
Іс-әрекеттің, қимылдың сипатын, өту жағдайын танытатын сема: зорық, торық, қамық, құнық, сезік, дәнік, т.б.
-сыра, -сіре, -сы, -сі, -сын, -сін тұлғаларының шығу тегі бір болғандықтан, мағыналық қыры да бір-біріне жақын, бір семантикалық өрісте жатады.
-іс-әрекеттің өту амалы семасы: босаңсы, тосаңсы, әлсіре, жетімсіре, ойсыра т.б.
- субъектінің әртүрлі көзқарасын таңбалайтын сема: білгішсі, үлкенсі, адамсын, кісімсін, батырсын, кәрісін, жатсын, ғалымсын, ақынсын т.б.
ІІ) Себепші негізге заттық мағына қосатын сөзжасамдық тұлғалар:
-шы, -ші. Қазақ тілінде аса өнімді СТТ ретінде танылады. Сөз тудырушы тұлға ретінде себепші негізге адамның кәсібі мен қызметіне сәйкес иелік мән туғыза отырып, мынадай парадигмалық байланыстарды айқындайды:
табиғат құбылыстары мен өсімдік атауларынан “кәсіп иесі” мәнін туғызатын сема: ағашшы, орманшы, жұлдызшы, егінші, сабаншы, құсшы, т.б.;
жан-жануарлар, төрт түлік атауларынан кәсіп иесі семасын туғызады: жылқышы, түйеші, атшы, малшы, сиыршы, қойшы, балықшы, аңшы, бұзаушы;
дене бөліктері атауынан “есім” семасын туғызады: басшы, аяқшы, сүйекші, теріші, т.б.
тағам атауынан мамандық иесі семасын туғызады: асшы, бозашы, балшы, етші, т.б.
зат атауларынан кәсіптік сема туғызады: қорықшы, арбашы, бақташы, қоймашы, үйші, тарақшы т.б.
еңбек құралдары атауларының негізінде кәсіп иесі семасын туғызады: қазаншы, садақшы, кетпенші, қалақшы, табақшы, т.б.
жер, ел мағынасындағы жалпы есімдерден кісі семасын туғызады: жерші, елші, қалашы, колхозшы, т.б.
дерексіз атауларға жалғанып, кәсіп иесі семасын туғызады: жыршы, өлеңші, сиқыршы, ақылшы, сыншы, көрші;
қимыл атауларына жалғанып, кәсіп иесі мағынасын туғызады: жазушы, оқушы, тергеуші, барлаушы, жүргізуші, оқытушы, теруші, іздеуші, бақылаушы, тексеруші т.б.
-шылық, -шілік сөз тудырушы тұлғасы құрамы құранды болғандықтан, мағыналық құрылымы да күрделі болып келеді. –Шылық, шілік жұрнағы жалғанған туынды сөз мағынасында құбылыстың молдығы, көптігі семасы “лық” тұлғасы арқылы беріледі: азшылық, молшылық, көпшілік, тоқшылық, баршылық, айшылық, күншілік, тіршілік, т.б. Бұл атаулардың құрамындағы СТТ жеке жұрнақтарға бөлуге келмейтіні, олардың өзінше мағыналық құрылымы қалыптасқан, сіңіскен, ерекше мағына туғызатын тұлға ретінде қалыптасқанын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |