Ќазаќстан экологиоясы



бет11/27
Дата19.05.2022
өлшемі465 Kb.
#457603
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Казакстан экологиясы Сейтхожаев

Марқакөл қорығы
1976 жылы 4 тамызда ұйымдастырылған Марқакөл мемлекеттік қорығы Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Азу жоталарының аралығында жатыр. Осы екі қыратпен көмкеріліп, айдыны күн бетіне шағылысқан Алтайдың ару көлі – Марқа адам қамқорлығына алынды. Бұл тұщы көл теңіз деңгейінен 1500 метрлік биіктікте орналасқан. Оның жалпы аумағы 544 километр, ұзындығы 38, көлденеңі 19 километрге дейін жетеді. Ең терең деген жері 25 метрге жуық. Көлге тұс-тұстан 27 өзен мен бұлақ келіп құяды да, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады.
Марқакөл мемлекеттік қорығының аумағы 71369 гектар. Шалқып жатқан Марқа жағалауы жасыл желек жамылған ну орманға тұнып тұр. Ақ қайың тал, көктерек, үйеңкі, долана, мойыл көздің жауын алады. Тауға таяу және оның баурайында көкке тік шаншылған балқарағай бой түзеді. Жайқалып өскен шөптесін өсімдіктер дүниесі де өте бай. Көлде балықтың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, жергілікті тұрғындар «Қыязыл қашаған» деп атап кеткен майқан немесе қаяз балығы, хариус, талма, теңге балық (пескарь) ойнақ салады. Қорықтың хайуанаттар дүниесі де сан алуан. Мысалы, мұндағы көл айдыны мен оның жағалауындағы тоғайларда сүт қоректілердің 40, құстардың 200-ден аса түрі мекендейді. Биологиялық өнімділігі жағынан біздегі тау көлдерінің бірде-бірі Марқакөлге тең келе алмайды. Өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесінің ерекшелігімен қатар ол жергілікті ауа райын реттеуіш роль жағынан да мағыңызды.


Барсакелмес қорығы
Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтте орналасқан. Аралдың жалпы көлемі шамамен 200-250 км2. қорық 1939 жылы ұйымдастырылған: ондағы мақсат – жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Десе де, соңғы жылдары Арал теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты Аралдың жер бедеріне едәуір өзгерістер енді. Ондағы көлдер кеуіп, олардың орнына үлкен көлемді сорлар пайда болды. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне күшті әсерін тигізіп отыр. Бұрын Аралда жоғары сатылы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Бидайық, жусан, сексеуіл сияқты өсімдік сиреп барады. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. өйткені, мұнда бұл аңды жерсіндіргенге дейін оның бар болған 4-5 ешкісі болатын. Одан кейін бұл жерге ақбөкеннің 6 текесі мен ешкісі жіберілді. Олар оңай жерсініп, жылдан-жылға сандары көбейе береді. Республикамызда қоры азайып кеткен қарақұйрық сияқты бағалы аңдарды көбейту үшін оны осы аралға 1930 жылы жерсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесі табысты болып, бұл жануарлар саны да өсті. 1953-64 жылдар аралығында 19 құлан Түркменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Мамандардың алдында олардың саны өскендіктен Қазақстанның басқа шөлді аумақтарына Маңғыстау және Алматы облыстарында жерсіндіру жұмыстары қолға алында.
Барсакелмес қорығы аса бағалы хайуанаттар: құлан, ақбөкен, қарақұйрықтарды қорғап, олардың санын көбейтудегі мақсатын орындап шықты. Қанаттылардан қорықта – қарабайыр бұлдырық, итала қаз, қарақал, ителгі, бөктергі, бозторғай мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан жұмырбас және жүгіргіш кесірткелерді, ысылдағыш гекконды, қалқантұмсық жыланды ұшырастыруға болады. Көп жылдар бойы қорықта тұяқты жануарларды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жиналған материалдар бойынша 100-ден астам ғылыми еңбек жарық көрді. Арал теңізінің қазіргі проблемеларына байланысты бұл қорықты сақтау, ондағы қазіргі күнде жүріп жатқан табиғи даму процестерді және болып жатқан өзгерістерді ғылыми зерттеу ғалымдардың міндеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет