Алакөл қорығы
Алакөл қорығы Алматы облысының Алакөл ауданының аймағында орналасқан. 1998 жылы құрылған ең жас қорық. Көлемі 73,3 мың гектар. Қорық Солтүстігінде Тарбағатай, шығысында Барлық пен Майлы, оңтүстігінде Жоңғар тау жоталарымен қоршалған. Батыста Балхаш көлі ойысымен шектелсе, оңтүстік-шығысында Жоңғар қақпасына тіреледі. Қорықтың көл бөлігін суы тұщы Сасықкөл, ащылау келген ұялы және ащы сулы Алакөл алып жатыр.
Қорықтың климаты қатаң. әсіресе, қыс айларында «сайқан» және «ебі» атты тұрақты күшті желдер соғып тұрады. Көлде су өсімдіктерінің 22 түрі өседі. Олардың негізгілері, сары дүңгіршек, атқы жапырақ, су тұңғиығы.
Алакөл қорығның фаунасы да сан алуан. Мұнда сүт қоректілердің 28 түрі кездеседі.
Сүтқоректілерден қабан, елік, түлкі кездессе, ал су айдынында құстар жыртылып айырылады. Құстардың 180 түрі тіркелген. Оларды сулы-батпақты, су жағалауында тіршілік ететіндер деп топтауға болады. әсіресе, шағалалары, бірқазандар, жабағайлар, тырналар, көкқұтандар, аққу жиі кездеседі. Мұнда соңғы жылдары ғылымға тіркелген реликті шағаланың орны бөлек. Ол ТМД елдерінің қызыл кітабына енген құс.
Қазақстанда қорықтармен қатар, қорыққорлар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштерінің көпшіліктің экологиялық білімін, мәдениетін, сауатын ашуда маңызы зор.
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймақтары (ЕҚА) туралы жинақталған кесте
|
ЕҚА аттары
Қорықтар
|
Көлемі,
мың Га
|
Қорғайтын нысаны
|
Орналасу аймағы
|
Құрыл-ған мерзімі
|
1
|
Ақсу-Жабағлы
|
85,4
|
Талас Алатауы Ландшафттары.
Өсімдіктері – 1400, сүтқоректілер– 23, құстар–240,
бауырымен жорғалаушылар-9, балықтар – 4 түрі
|
Түлкібас, Сайрам аудандары (Оңтүстік Қазақстан обл)
|
1926
|
2
|
Алматы
|
73,3
|
Іле Алатауы.
Сүтқоректілер - 38, бауырымен жорғалаушылар-4, өсімдіктер – 930, энтомофаунаның –800 түрі бар
|
Талғар ауданы, (Алматы облысы)
|
1934
|
3
|
Барса-келмес
|
30,0
|
Барсакелмес аралы.
Сүтқоректілер – 12, құстар – 202,
өсімдіктердің – 165 түрі,
қазір бәрі азаюда
|
Барсакелмес аралы, (Қызыл-Орда облысы)
|
1939
|
4
|
Наурызым
|
87,7
|
Қарағайлы борлар, дала мен көлдер.Сүтқоректілер – 30, құстар – 230, қос мекенділер – 3, бауырымен жорғалаушылар – 3, балық – 6, өсімдіктер - 687
|
Наурызым ауданы (Қостанай облысы)
|
1959
|
5
|
Қорғалжын
|
258,9
|
Көл экожүйесі. Құстар – 294, сүтқоректілер – 237, қосмекенділер -2, бауырымен жорғалаушылар-3, балық – 11, энтомофауна–288, өсімдіктер-331
|
Қорғалжын ауданы (Ақмола облысы)
|
1968
|
6
|
Марқакөл
|
75,0
|
Оңтүстік Алтай таулы ландшафттары. Марқакөл. Сүтқоректілер – 59, құстар – 250, қосмекенділер – 3, бауырымен жорғалаушылар-4, балық – 4, өсімдіктер - 200
|
Марқакөл ауданы (Шығыс Қазақстан облысы)
|
1976
|
7
|
Үстірт
|
223,3
|
Дала ландшафты. Сүтқоректілер – 27, құстар – 111, бауырымен жорғалаушылар - 30, өсімдіктері - 300
|
Ералы ауданы (Маңғыстау облысы)
|
1984
|
8
|
Батыс Алтай
|
56,1
|
Батыс Алтай таулы ландшафттары
Сүтқоректілер – 28, құстар – 108, өсімдіктері - 145
|
Лениногорск ауданы (Қығыс Қазақстан обл)
|
1992
|
9
|
Алакөл
|
12,5
|
Су экожүйесі. Сүтқоректілер – 21, құстар – 98, қосмекенділер – 2, бауырымен жорғалаушылар – 4, өсімдіктер – 107.
|
Алакөл ауданы
(Алматы облысы)
|
1998
|
Достарыңызбен бөлісу: |