Көміртегі оксиді (СО2) және монооксид (СО). Жалпы отын жаққан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның бірі көміртегі диоксиді – улы емес, ал монооксид улы болып келеді. Ол адамның қанындағы гемоглобинмен қосылып, зиянды қоспа түзіп ауыру туғызады.
Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нәтижесінде, көміртегі оксиді әрбір он жыл сайын 2 процентке өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызады. Ал, жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мұхиттардың көтерілуі, ауа райының өзгеруі, қауіпті циклондар мен цунамилер, шөлейттену, өртттер, т.б) тууына себеп болып отыр.
Бұл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеулері бойынша 2000 жылдары 30 %-ке жетпек. Ол жағдайда жер шарының орташа температурасы 0,1 0С-қа, ал 2050 жылдары екі есеге өсе түсетіні дәлелденген. Осы мәліметтерді компьютерлік жүйе арқылы есептегенде жер шарының орташа температурасы жақын жылдары 1,5-4,5 0С-қа жетуі әбден ықтимал.
Мұхиттардың деңгейінің көтерілуі азаматтар үшін қауіпті проблема. Міне, осының бәрі жылу эффектісінің әрекеті болғандықтан, оның жүру механизмін бәріміздің де білгеніміз жөн.
«Азонның жұқаруы». ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарында атмосфера қабатында азонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антарктида тұсында азонның мөлшері күрт азайып, ол 7 млн.км.2 аумақты қамтыған. Осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында оның мөлшері 50 %-ке жеткен.
Осы жағдайға байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып «азонның жұқару» себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі көзі хлорфторкөміртектес қосылыстар екені анықталыды. Осы химиялық қосылыстар атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезеңіндегі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның жұқару процессі басталып, Космостан келетін зиянды ультракүлгін (УК) сәулелердің еркін өтуіне жол беріп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |