Ќазаќстан экологиоясы



бет15/27
Дата19.05.2022
өлшемі465 Kb.
#457603
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Казакстан экологиясы Сейтхожаев

Табиғат ескерткіштері






ЕҚА аттары
Қорықтар

Көлемі,
мың Га

Қорғайтын нысаны

Орналасу аймағы

1

Шағын шаған терегі саябағы

5014

Соғда, шаған терегі (үйеңкі)

Ұйғыр ауданы

2

Шыңтүрген шыршасы

900

Реликті шырша

Еңбекшіқазақ ауданы

3

Синегор бауы

137

Реликті қарағай

Ұлан ауданы

4

«Құс жолы»

2

Палеонтологиялық

Павлодар қаласы, Ертіс өзені

5

Жаңажол

9

Қарағай, мүк, папоротник т.б.

Жамбыл ауданы

6

Күміс бор

83

Реликті қарағай

Қызылжар ауданы

7

Қарағайлы бор

26

Реликті қарағай

Қызылжар ауданы

8

Сүйіртөбе «Шлем»

2

Геологиялық

Еңбекшілдер ауд.

9

Реликті көл

1

Реликті жер

Еңбекшілдер ауд.

10

Голочья сопка

2

Геологиялық

Еңбекшілдер ауд.

11

Көк мыс

1,2

Жалтыр тастар

Зеренді ауданы

12

Шие түсті мыс

0,5

Жалтыр тастар

Зеренді ауданы

13

Смольная сопка

1

Жалтыр тастар

Зеренді ауданы

14

Сопка «Пожарная»

1

Жалтыр тастар

Зеренді ауданы

15

Сопка «Стрекач»

1,3

Жалтыр тастар

Зеренді ауданы

16

Сопка «Орлиная гора»

3

Гидрологиялық

Володар ауданы

17

Имантау аралы

34,4

Мойыл

Арықбалық ауданы

18

Сопка «Обозрение»

3,8

Жартастар

Арықбалық ауданы

19

Тастағы «Котелок»

3,9

Жартастар

Арықбалық ауданы

20

Реликті ьұйық

2

Жартастар

Арықбалық ауданы

21

өткір төбе

3

Жартастар

Арықбалық ауданы

22

«Екі ағайынды» төбесі

10,5

Жартастар

Арықбалық ауданы

23

Үңгірдегі сарқырама

0,5

геологиялық

Арықбалық ауданы

24

Тесілген төбе

2

Жартастар

Арықбалық ауданы

Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Бұл саябақ табиғат қорғау мекемесінің мәртебесіне, республикалық санатқа ие, экологиялық, рекреациялық, ғылыми жағынан ерекше құнды табиғи, тарихи объектілерді көпсалалы пайдалануға және қорғауға арналған аймақ. Саябақ Қазақстан Республикасы мемлекетінің 1996 жылғы 16 сәуірдегі №416 қаулысы бойынша Алматы облысының Кербұлақ және Панфилов аудандарының аймақтарында құрылған. Ұлттық парк Іле өзенінің терістігінде орналасқан. Көлемі 460 мың гектар. Оның құрамына Жоңғар Алатауының сілемдері: Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулары, Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан, Қатутау, Ақтау жоталары, әйгілі «Айқай құм» кіреді. Паркте көптеген археологиялық ескерткіштер бар. Сақ дәуірінде салынған «Бес шатыр» қорғанының маңызы үлкен. Ежелгі таңбалар мен суреттер салынған үңгірлер мен тастарға бай. Қазақ халқының ұлы ғалымы әрі саяхатшысы Ш.Уәлихановтың мұражайы да осында. Ұлы жібек жолы өткен табиғи аймақ. Паркте өсімдіктер мен жануарлар дүниесі алуан түрлі. Шырша, үйеңкі, тораңғы, қызыл тал, жиде, жыңғыл, сексеуіл, қылша, т.б. өседі. Омыртқалы жануарлардың көптеген түрлері мекендейді. Сүтқоректілерден құлан, қарақұйрық, арқар, таутеке, елік, ақбөкен, жабайы шошқа, қасқыр, түлкі, тас сусары, қоян және т.б., ал құстардан бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл, бұлдырық, т.б., балықтардан: сазан, көксерке, ақмарқа, ақмарқа, табанбалық, т.б. кездеседі. Омыртқасыз жануарлар дүниесі толық зерттелмеген. Паркте қазіргі кезде жан-жақты жабдықталған 17 қорықша бекеті жұмыс істейді. Орталығы – Басши ауылы. Парктің жергілікті және шетелдік туристерге табиғат қорғау жұмыстарын насихаттауда алатын орны үлкен.


«Айқай құм» - табиғат ескерткіші
«Айқай құм» Жетісу жерінде, Іле өзенінің ортаңғы сағасында орналасқан табиғат туындысы. Үлкен және Кіші Қалқан тауларына сән беріп тұрған ерекше табиғат ескерткіші. «Айқай құм» копиясы туралы көп аңыздар, ғылыми деректер бар. «Айқай құм» биіктігі 150 метр, ұзындығы 3 шақырымға жуық сусылдаған құмдардан тұратын тау құмы. Мәселен, желді күні «Айқай құм» шығаратын гуілді 3-4 шақырым жерден естуге болады. Осыған орай, құм төбе өзенінің гуілдеген дыбысымен жолаушыларды еліктіріп, жолынан адастырып, айдала сусыз шөлдерге апарып қырғынға ұшыратып отыратын әйел кескінді мақұлықтың әні-мыс. әрине, бұл қате пікірді көзі ашық жергілікті тұрғындар мойындамаған. «Айқай құм» етегін ертеден-ақ рулар жайлап, қалыпты өмір сүріп, ұрпақтарын жалғастырған. Осы жерлердегі ерте заманғы бейіттер, сым тастар, тастағы әр түрлі өрнектер мен суреттер осының айғағы болса керек.
«Айқай құм» құпиясы қазір ғылыми түрде зерттеліп ашыла түсуде. Ғалымдардың түсіндіруі бойынша «Айқай құм» құпиясына көз жүгіртейік. әртүрлі болжамдар мен тұжырымдар көп. Соның бірі – құмның географиялық және физикалық қасиеті. Яғни, Іле өзені бойындағы кешкі жел мен Үлкен және Кіші Қалқан тауларында соғатын желдің бағыттары үнемі өзгеріп отыратыны байқалған. Соның нәтижесінде ашық жазықта сусылдаған құм түйіршіктері електеніп бірегей түйіршіктеріқұм төбеге айналған. Ол негізінен өте құрғақ бірегей кремнезем қоспасы бар құм шығыршықтарынан тұрады. Сондықтан құм тек желді күндері ғана дыбыс шығарады. Егер құм сусып қозғалса (жел күшейсе) оның шығаратын гуілі де күшейе түсіп, кәдімгі реактивті самолеттің гүрілі сияқты дауысқа ұласады. «Айқай құмның» үнін есту үшін жолаушылар әдейі ат басын бұрып отырған. Жібек жолының өтінде тұрған бұл құпия құм төбе шетелдіктердің де назарынан тыс қалмаса керек. Осы құм төбеге шығып, оның даусын естіп тамашалау адамға ұмытылмас әсер қалдырады. Егерде құм төбеге шыға қалсаңыз, аяғыңыздың астынан ырылдаған дыбысты естисіз. Осылайша құм төбенің басына қалай шыққаныңызды білмей қаласыз. Ал, төбеге шығып, бақытыңызға қарай жел соға қалса құмның сырнайдан да таза үнін естіп, рахаттанасыз.
Қазіргі кезде «Айқай құмды» зерттеу жалғаса түсуде. әсіресе, ТМД ғалымы В.И.Арабаджидің еңбегі зор. Құмның әр жағдайдағы шығатын дыбысы магнитофон таспасына жазылып лабораторияда зерттелуде. Білікті ғалым құмның жоғарғы қабатының астында жел әсерінен пайда болған «құм толқындары» дыбыс шығарады деген қорытындыға келген. Сонда құмның үстіңгі қабаты қозғалып, астыңғы қабатымен жанасқанда үйкеліс тудырып одан «гуіл» пайда болады. Бұл тұжырым әлі де болса зерттелуді қажет етіп отыр. Өйткені, «Айқай құмнан» алынған құм да кәдімгі жағдайда дыбыс шығарады. Оның себебі неде? Ғалымдар осы құпияларды ашу үстінде жұмыс істейді.
«Айқай құм» қазір мемлекеттік деңгейде табиғат ескерткіші ретінде қамқорлыққа алынған. 1996 жылы Талдықорған облысы, Жоңғар Алатауының аң-құсқа, өсімдіктер дүниесіне және табиғат ескерткіштеріне, көне дәуірдің тасқа басылған таңбалары бар сым тастарға мол Алтын-Эмель тау жоталары ұлттық парк деп жарияланды. «Айқай құм» да бұл табиғи-тарихи парктің әсем жерлерінің бірі ретінде оның құрамына енеді. «Айқай құм» Жетісу өңірінің мақтанышы ғана емес, ТМД және шетелдік қонақтардың да тамашалайтын маңызды танымдық-туристік орынға айналары сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет