«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
160
Пленумда ұлттық территориялық межелеуге байланысты баяндаманы Қазақ Орталық атқару
комитетiнiң төрағасы С.Меңдешов жасады [4, 51 б].
С.Меңдешов ұлттық территориялық межелеуге байланысты қазақ комиссиясының
төрағасы ретiнде комиссияның алғашқы құрылған күнiнен бастап атқарған жұмыстарын, талас
тудырып отырған шекаралық аудандарға қатысты қазақ комиссиясының көптеген ұсыныс
пiкiрлерiнiң қабылданбай қалғандарына тоқтала келе: «Комиссияның алғашқы қаулысы
бойынша бiзге өтуге тиiс жер көлемi 900.000 кв. верст болуы тиiс едi, кейiнгi қаулы бойынша
600.000. верстi құрады. Ал бiзге өтуге тиiс халық саны алғашқы қаулы бойынша 2 500 000
адам болса, соңғысы 1600 000 адам болды», [5] – дедi. Пленумға Түркiстан қазақтарының
атынан қатысқан С. Қожанұлы, С. Есқараев, Ж Барибаев және Түркiстан ОАК-тi Қазақ АКСР-
ның өкiлi Т Жүргеновтер ұлттық территориялық межелеуге, Астананы ауыстыру мәселесiне,
ұлттық Республика құру iсiне байланысты өткiр ойларын айтып, осы мәселелердi iске асыру
жұмыстарын жүргiзуге табанды талаптар қойды [5]. Нәтижесінде Түркістан автономиялы
кеңестік социалистік республикасының құрамындағы Сырдария мен Жетісу облыстарының
көп бөлігі Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрамына кіреді. 1922-
25 жылдары Сүлеймен Есқараев Сырдария облыстық партия комитетінің нұсқаушысы бөлім
меңгерушісі болды. Осы уақытта өз алдына шаңырақ көтеріп жатқан туысқан Орта Азия
халықтарының жер-су мәселесін шешуге, шекара мәселесін белгілеуге белсене қатысады.
Халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеніңде партия Сүлеймен Есқараевты жауапты
жерлерге жіберіп отырған. Жоғарыда келтіре кеткеніміздейи Ташкент облыстық төтенше
комитет төрағасының орынбасары, Сырдария облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1921-
25 жылдардағы Түркістан Орталық Атқару комитетінің мүшесі үлкен жауапкершілікті қажет
ететін қызметтер еді [6].
Қазақстанның астанасы – Қызылордаға көшіп келгеннен кейін ол 1925-1928 жылдары
Қазақ АКСР ішкі істер халық комиссары қызметін атқарады. Оған республикадағы кеңестік
тәртіпті нығайтып, оның қалыптастыру ғана емес, Қазақстан милициясын, заң органдарын
ұйымдастырып, оның нағыз мемлекеттік аппарат ретінде жұмыс істеуіне басшылық ету міндеті
жүктелген еді. Бұл қызметте оның қарауында М. Масанчи, А. Розыбакиев сияқты белгілі адамдар
жұмыс істеген [3, с. 62]. Сүлеймен Есқараев бұл уақытта республика партия қайраткерлері
Т.Рысқұлов, О.Исаев, Е.Ерназаровтармен қызметтес болып, партия саясатын жүзеге асырудағы
түбегейлі мәселелерді атқаруда осы азаматтардың тапсырмасын орындап отырған. Сүлеймен
Есқараев жайлы замандасы Жүсіпбек Арыстанов былай деп жазады: «Кішкентайынан жұмыспен
етене болып өскен ол әдетте көтерме сөзбен орынсыз күлкіні жақтыра бермейтін, көбіне тік
қабағын шытып, ойланып, толғанып жүруші. Бірақ оның комсомолдық дарынды жетекшісі Ғани
Мұратбаевпен бірге панасыз балаларды орналастыруда мейлінше мейірімділік көрсеткенін
білетін біз оны «қатал болса, жауға қатал» деп санайтынбыз». Сүлеймен Есқараев 1928 жылы
ұлтшыл ретінде Қазақстаннан қуылып, Орынбордағы өлкелік милиция мектебінің бастығы
болады (1928-1929). 1930-1933 жылдары Мәскеудегі Бүкілодақтық Жоспарлау академиясының
энергетика бөліміне оқиды. Жоспарлау академиясын бітіргеннен кейін ол Қарағанды облыстық
атқару комитетінің төрағасы қызметіне жіберіледі. Бұл колхоз қозғалысының кезі еді. Бұдан
бұрынғы қателіктерді партия түзей бастаған халық шаруашылығының қайта құрылуын аяқтау
кезеңі де осы жылдарға дәл келеді. Ел экономикасын, шаруашылықтардың жағдайын, адамдардың
тұрмыс-тіршілігін көтеруде осы жылдары көптеген жұмыстар жасалды. Замандастары оның
бойындағы қайраткерлік қасиеті осы жылдары ашыла түскенін айтады. 1936 жылдың наурыз
айынан 1937 жылдың мамырына дейін Сүлеймен Есқараев Әділет Халық комиссары және
Қазақстан Республикасының Прокуроры қызметін атқарады [6]. Сүлеймен Есқараев 1936 жылы
Әділет министрлігінен прокуратура бөлініп шыққанда, республика прокуратурасын өз алдына
жеке дербес құрылым ретінде құрып, еліміздің прокуратурасының № 1 бұйрығына бірінші
қол қойды Осылайша ол прокуратура органдары жүйесін құрудың, қалыптастырудың басында
|