Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет109/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. Байжанов С. Өткеннен мұрағат – өркенге ұлағат. – Алматы: Қазақстан, 1998. – 478б.
2. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы: Ғылым, 1998. –208 б.
3. Қазыбаев К. Сұрапыл. – Алматы: Қайнар, 1995. –524 б.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
154
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІН КӨРГЕН ҰРПАҚТАРЫ
Ұ.Н. Жаңбершиева,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің профессоры, филология ғ.к.
Қызылорда қ., Қазақстан
Тарихтың тас кешеуін басынан кешірген қазақ халқында өткен өмірдің естен кетпес 
оқиғаларын беретін деректер көп. ХХ ғасырда саяси жағынан да, әлеуметтік, экономикалық 
жағынан да қазақ елі толық түрде тағдыр алдында бас иеді. Олай дейтініміз, саяси қуғын-сүргін 
құрбандары болған қаншама қазақ тағдырына зұлмат заманның әсері болды.
Өткен тарихымызды бұрмалаусыз, тура қорытудың бірден-бір жолы – халқымыздың 
болашағы үшін күрескен арыстарымызды ұрпаққа таныту.
Қазіргі күні өткен тарихымызды жалтақсыз зерттеп, зерделеуге жол ашылды. Халқымыздың 
мәдени-саяси өсуінде қуғын-сүргінге ұшырап, пәле жабылып,ату,аштан өлу,айдалып кету 
сияқты сұмдықтарды қайта тірілту парызымыз сияқты.
Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық салт-
дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық 
рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»,- деп ұлттық рухты көтеруге айрықша баға береді. Осы 
орайда өткен тарихымызды толық зерттемей, болашақты жасай алмайтынымыз анық.
Қазақ елінде қуғын-сүргін қолдан жасалған, себебі билік басындағылар тақтан түспеу үшін 
білікті зияларды қырып-жоюды жоспарлаған. Тарихи деректерге сүйенсек, қолдан жасалған 
қасірет қазақтың тең жартысын қырғанын білеміз.
1928 жылы «Ірі байлар халықты бұрын қанап, зорлық-зомбылық көрсеткен, байыған ақсүйек, 
шонжарлар кәмпескеленсін» деген қаулы шықты. Ірі байларды қудалаудың негізі Қазақстаннан 
емес Мәскеуден басталды. Қуғын-сүргінге саяси (репрессия) мен аштықты жатқызсақ, білікті 
зиялыларды жапон, неміс тыңшысы деп ұлт зиялылары мен қарапайым адамдарды қудалау 
басталды. Сөйтіп қырып-жою, өлім жазасы, жер аудару, ату сияқты қылмысты істерді қолдан 
жасап, ұлт намысын таптады.
Бұл нәубат 1918-1953 жылға дейін жүргізілгенін тарих көрсетіп отыр. Осы жылдарда қазақ 
елі екі бірдей аштықты басынан өткізді. Сөйтіп қазақ озбырлық саясаттың құрбаны болды. 
Сол кезеңде, жеке адамға табыну дәуірінде алғаш қуғын-сүргін зұлматына халқымыздың 
маңдайалды азаматтары ұшыраған. Алаш зиялылырын «халық жауы» деу тарих парақтарында 
сақталып қалды.А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, Е.Омаров, М.Жұмабаев, 
М.Тынышбаев, М.Шоқай, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, С.Қожанов, О.Жандосов, Т.Жүргенов, 
Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ш.Құдайбердиев сияқты қазақ жұртының зиялы азаматтары «халық 
жауы» аталып, қудаланып, түрмеге жабылып, атылып, зиратсыз қалды. Халқының бақыты үшін 
күрескен асыл азаматтарды озбыр саясат халқына жау етіп көрсеткен. 
Біз сөз еткелі отырған – Құнанбай ұрпақтары да осы саяси қуғын- сүргіннің құрбаны 
болғандар. Солардың бірі – Ә.Бөкейхановпен бірге түрмеге жабылған Абайдың Әйгерімнен 
туған ұлы Тұрағұл. 
1927 жылы Ә.Бөкейханов Кәкітайға хат жазды. Кәмпескеге байланысты Шыңғыстаудан 29 
адам кәмпескеленгендігін хабарлады. Биліктің осы саясаты Шыңғыстау көтерілісіне әкеп соқты. 
Көтеріліс күшпен басылып, 72 адамды түрмеге қамайды. Олардың біразын Түйемойнақ деген 
жерде атады. Солардың ішінде Абайдың Әйгерімнен туған Михайл деген баласы да болады. 
Тұрағұлға келетін болсақ, Шымкентке жер аударылып түрмеге жіберіледі. Сол жерде қайтыс 
болып жерленген. Кейінгі жылдарда бейіттерді бұзып завод салынғанда Тұрағұл сүйегін алып, 
жерлейтін адам болмай, құрылыс астында қалады деп тарихшылар айтып жүр. 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
155
1921 жылы Ақылбайдың ұлы Әубәкірді шонжар тұқымы деп қудалайды. Ол қашып, 
Үржарға, Шымкентке көшеді. Шымкентте Тұрағұл оған көмек бере алмайды, сөйтіп қиындық 
көріп 1934 жылы дүние салады.
Құнанбай ұрпақтарын аштық та айналып өтпеген. Абайдың Әйгерімнен туған Кенже деген 
қызы аштан өледі.
Саяси қуғын-сүргін зұлматына Шәкәрім әулеті де ұшырағаны белгілі. Абайдың үлкен ағасы 
Құдайбердіұлы Шәкәрім көрген қиянат қытымыр заманның салдарынан болды. Шәкәрімге 
тағылған айып ірі бай, қажы, шонжар, болыс болған, ақсүйек, діншіл қажы, аға сұлтан 
Құнанбайдың немересі деп кәмпескеге іліндіреді. 
Шәкәрімді ауыл жиынында қарап, жазықсыз екеніне халық куә болып, босатып жібереді. 
Осы жағдайға налып, елсіз жерде ескі қорада жалғыздан жалғыз тұрып күн кешеді.
Екінші рет «Шыңғыстау көтерілісінен» қашып кеткендерді қуып, жазаламақ болған ГПУ-
дің бастығы Қарасартов Шәкәрімді 1931 жылы, 2 қазанда атып, денесін терең құдыққа лақтырып 
жіберген.
Әкесінің өлімін ұлы Ахат Семей түрмесінде жатып естіген. Сол кезде «Менің әкем» атты 
мақаласын жазуды ойлайды. Кейін мақала жазылады. Мақаласында қиын заманда оққа ұшқан 
әкесі туралы Ахат: «1961 жылы, 26 маусымда Бақанасқа бардым. Әкемді тастаған құдықты 
тауып, жалғыз қазып алдым. Жалғыз тастаған құдықты тауып, жалғыз қазып алдым. Жалғыз 
қалған себебім: біреу болса, ол асығып, сүйектің бір жерін сындырып алар деген ой келді. Бардық 
сүйегін түгел алдым. Тек, оқ бүлдірген екі сүйегі болды. Бірі-оң жақтағы тоқпақ жіліктің басын 
үзген. Екінші атқан оқ төс сүйектің ортасынан өтіп, оң жақ омыртқаның қанатын сындырған», 
– дейді. Міне, Шәкәрімге жасалған озбыр қиянат осындай болған.
Шәкәрімнің отбасы саяси қуғын-сүргіннің толық құрбанына айналады. Әйелі Айғанша 
аштан өлген, баласы Ахат айдалып 14 жылға кетеді. Зият деген баласы Қытайға өтіп кетеді. 
Ғафур атты баласы Семей түрмесінде өзіне-өзі қол салады. Баязиты түрмеден шығып келеді де 
өледі. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ашаршылық оның қайғы-
қасіретке толы салдары кеңес кезіндегі гуманитарлық апат салдары болды» – деп есептеді [1.1].
Елбасы айтқандай, аштық Шәкәрім әулетіне қайғы-қасірет әкелді.
Ауру баласы Абай бейітін құшақтап жатып аштан өлген. Осындай қорлыққа шыдамай қызы 
у ішіп өлгелі жатқанда Абайдың Гүлбадан деген қызы сүт беріп аман алып қалған. 
Ал, Ысқақұлы Ахметбек ұрпақтары түгел айдаудан хабарсыз кеткен. Медғат деген баласы 
1937 жылы ұсталып, 10 жылға айдалған.Үлкен қызы Мүбәрак та айдаудан оралмаған.
Архамды 1932 жылы НКВД ұстап, 4 жылға айдаған. Ысқақ немересі Даниял 1937 жылы 
каторғаға айдалып, сол жақта өлген.
Міне, Құнанбайдың ұрпақтары осындай қуғын-сүргінді басынан өткергенін бүгін тарих 
көрсетіп отыр. Әрбір көзі ашық адамға Құнанбай мен Абайдың, Шәкәрімнің кім екенін 
танытудың қажеті жоқ. Дегенмен, сәл анығырақ айтсақ, Құнанбай өз заманының атақты адамы, 
Қарқаралы округінің аға сұлтаны болса, Абай қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы 
мен мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің асқар шыңы Шәкәрім өз заманының үлкен ойшылы, 
көрнекті тұлғасы екені баршаға мәлім.
Саяси оқиғалардың құрбаны болған ұлт зиялыларымен қатар Құнанбай ұрпақтары да 
осылай тағдыр тәлкегіне түскен. Бұл тұжырымдар бүгінгі таңда Құнанбайдың қуғын көрген 
ұрпақтары туралы жаңаша танып-білуге қаншалықты маңыз беріліп отырғанын айғақтайды. 
Ғалым М.Жүсіпов: «Алаш зиялылары репрессияға ұшырады, кітаптары қамауға алынды, 
атылды, айдалды, бірақ Алаш қағидалары қазақ көкейінде жойылмайды, себебі Алаш зиялылары 
қазақтың жүрегіндегі, сезіміндегі, ойлау қабілетіндегі ұғымдар негізінде Алаш идеологиясын 
жасаған», – дейді [3.104б].


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
156
Империялық озбырлық жүздеген ұлтжанды азаматтардың өмірлерін осылай қасіретке тап 
қылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет